Бюджетный кодекс на казахском

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат

Краткое описание

Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджетный-кодекс-на-казахском.doc

— 909.00 Кб (Скачать документ)

  243-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 
                жылғы атқарылуы туралы жылдық есептер     

1. Республикалық және  жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы  атқарылуы туралы жылдық есеп  мынадай бөлімдерден тұратын бюджет құрылымы бойынша қалыптасады: 
      1) кірістер: 
      салықтық түсімдер; 
      салықтық емес түсімдер; 
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; 
      трансферттер түсімдері; 
      2) шығындар; 
      3) операциялық сальдо; 
      4) таза бюджеттік кредит беру: 
      бюджеттік кредиттер; 
      бюджеттік кредиттерді өтеу; 
      5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: 
      қаржы активтерін сатып алу; 
      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдері; 
      6) бюджет тапшылығы (профициті); 
      7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану): 
      қарыздардың түсуі; 
      қарыздарды өтеу; 
      бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы. 
      2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепке: 
      1) түсіндірме жазба; 
      2) түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі. 
      3. Республикалық және жергілікті бюджеттердің 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есеп қосымшаларымен бірге осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде жасалады, ұсынылады, қаралады және бекітіледі.

49-тарау.  ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР    

  244-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын 
               бұзғаны үшін жауаптылық      

 Қазақстан Республикасының  бюджет заңнамасының бұзылуына  кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жауаптылықта  болады.    

  245-бап. Қорытынды ережелер     

1. Осы Кодекс, алғашқы  ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізілетін 13, 17, 18-баптарын, 19-бабының 5 және 6-тармақтарын, 29, 40, 71, 74, 77-баптарын, 96-бабының 5-тармағының 5) тармақшасын, 156-бабының 3-тармағын, 240, 241, 242-баптарын, сондай-ақ республикалық бюджетке арналған 32-39, 60-68, 79, 84, 85-баптарын және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 114, 115, 116, 117, 118-баптарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 
      Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 125-баптың 2, 3, 4-тармақтарында, 127-баптың 1-тармағында, 129-баптың 1-тармағында, 131-баптың 1-тармағында, 136-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында, 4, 5, 6-тармақтарында, 137-баптың 3-тармағында және 143-бапта көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады. 
      2. Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасы оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс. 
      3. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшін жоятын 7, 13, 17, 21, 22, 29, 37, 76, 79, 82, 95, 101-103-баптарын, сондай-ақ республикалық бюджетке арналған 33, 34, 68-70, 72-75, 92, 93-баптарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат; N 13, 98-құжат; N 16, 129-құжат; N 20, 152-құжат; N 23, 176-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 15-16, 64-құжат) күші жойылды деп танылсын.    

  Қазақстан Республикасының 
      Президенті                                  Н. НАЗАРБАЕВ

 

 


Информация о работе Бюджетный кодекс на казахском