Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
1. Жергілікті
атқарушы органның
2. Жергілікті атқарушы органның концессиялық
міндеттемелерінің лимитін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
165-бап. Жергілікті
атқарушы органдардың концессиялық
міндеттемелерді орындауы
Жергілікті
атқарушы органдардың
10-бөлім. ГРАНТТАР
34-тарау. БАЙЛАНЫССЫЗ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ГРАНТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
166-бап. Байланыссыз гранттар
Байланыссыз
гранттарды тарту, пайдалану,
мониторингін жүргізу және
167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау
1. Орталық мемлекеттік
органдардың донорлардың
2. Байланысты гранттарды тартуға арналған
өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар
жергілікті өкілді және атқарушы органдардың
өтінімдерін ескере отырып, Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын
тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті органға ұсынады.
3. Байланысты гранттарды тартуға арналған
өтінімдерді іріктеуді мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) байланысты грантты тартуға арналған
өтінімнің Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына
сәйкестігі;
2) байланысты грантты тартуға арналған
өтінімнің донорлардың байланысты гранттарды
беру саясатына сәйкестігі негізінде
жүзеге асырады.
4. Байланысты гранттарды тартуға арналған
іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
орган Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекіткен байланысты гранттарды тартуға
арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады.
168-бап. Байланысты гранттарды тарту
1. Байланысты
гранттарды тартуға арналған
өтінімдер тізбесінің
2. Байланысты гранттар беруге арналған
өтінімдерді толтыруды донорлар белгілеген
нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті органның
сұрау салуы негізінде тиісті орталық
мемлекеттік немесе жергілікті өкілді
немесе атқарушы органдар жүзеге асырады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті органмен келісіп алмай донорларға
өтініш жасауға тыйым салынады.
3. Байланысты грантты тартуға өтінімді
донор мақұлдаған жағдайда, оны тартудың
орындылығын тиісті бюджет комиссиялары
айқындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган байланысты гранттарды
тартуға арналған өтінімдер тізбесін
қалыптастырады және оны Республикалық
бюджет комиссиясының қарауына енгізеді,
сондай-ақ оны жергілікті атқарушы органдарға
тиісті бюджет комиссияларының қарауына
өтінімдер енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
үшін жібереді.
4. Байланысты грант туралы келісім республикалық
немесе жергілікті бюджеттер бекітілгеннен
кейін жасалады.
35-тарау. БАЙЛАНЫСТЫ ГРАНТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
169-бап.
Байланысты гранттарды
1. Байланысты
гранттарды пайдалану жеке
2. Мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды
алушылар:
1) байланысты грант туралы келісімде
көзделген өздеріне қабылдаған міндеттемелерді
уақтылы орындауға;
2) алынған байланысты гранттардың нысаналы
және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз
етуге;
3) байланысты гранттардың есебінен сатып
алынған жабдықтар мен материалдардың
балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;
4) гранттардың есебінен сатып алынатын
тауарлар импорты кезінде кедендік ресімдерді
уақтылы жүзеге асыруға;
5) ай сайын бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органға байланысты гранттарды
пайдалану туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған
соң мемлекеттік ұйымдар - байланысты
гранттарды алушылар мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті органға
донордың уәкілетті өкілі және өтінімі
бойынша байланысты грант беру жүзеге
асырылған орталық мемлекеттік немесе
жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың
бірінші басшысы қол қойған байланысты
грантты пайдалану туралы түпкілікті
есепті ұсынады.
170-бап. Байланысты
гранттарды пайдалану мониторингі және
бағалау
1. Байланысты
гранттарды пайдалану
1) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді
және атқарушы органдардың байланысты
гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері
туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуін;
2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді
және атқарушы органдардың байланысты
гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері
туралы есептерді мемлекеттік жоспарлау
және бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органдарға табыс етуін көздейді.
2. Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін
және нысандарын, сондай-ақ байланысты
гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері
туралы берілетін ақпаратқа қойылатын
талаптарды мемлекеттік жоспарлау және
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органдар айқындайды.
3. Байланысты гранттарды пайдалануды
бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды
пайдалану мониторингінің негізінде жүзеге
асырады және:
байланысты гранттарды тартудың орындылығын
бағалауды;
байланысты гранттарды пайдаланудың
жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін
салыстыруды, сондай-ақ олардың республика
мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық
дамуына әсер етуін талдауды;
байланысты гранттарды пайдалануға әсер
еткен әртүрлі сыртқы факторларды бағалауды
және талдауды көздейді.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган оларды бағалау нәтижелеріне
негізделген байланысты гранттарды пайдалану
туралы жиынтық есепті қалыптастырады
және оны есепті жылдан кейінгі жылдың
1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының
Үкіметіне табыс етеді.
11-бөлім. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ
36-тарау. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
171-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер
1. Бюджеттік
кредиттеу бюджеттік кредитті
беру, пайдалану, оған қызмет
2. Кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі
және қарыз алушы арасындағы бюджеттік
кредитті беру, пайдалану, оған қызмет
көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың
құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім
кредиттік шарт болып табылады.
3. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың
жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына,
қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің
залалдарын жабуына, сенім білдірілген
өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін
қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.
4. Бюджеттік кредиттер мынадай талаптар
сақталған жағдайда беріледі:
1) салық берешегінің болмауы;
2) қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша
міндеттемелерді орындауды қамтамасыз
ететін жағдайының болуы;
3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік
кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
172-бап. Бюджеттік кредиттеу принциптері
Бюджеттік
кредиттерді беру мынадай:
1) бюджеттік кредитті кредит шартына
сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін
қайтарымдылық;
2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен
қамтамасыз ететін жағдайының болуын
көздейтін қамтамасыз етілу;
3) бюджеттік кредиттің берілгені үшін
қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін
ақылылық;
4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді
көздейтін мерзімділік принциптеріне
сәйкес жүзеге асырылады.
173-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдері
Бюджеттік
кредиттер мынадай өлшемдер
1) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы
іске асырудың
экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
2) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын
іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
3) қарыз алушының Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын өлшемдерге сәйкес
кредиттік қабілеті.
174-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектілері
1. Кредитор, бюджеттік
бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы,
соңғы қарыз алушы және сенім
білдірілген өкіл (агент) бюджеттік
кредиттеу субъектілері болып
табылады.
2. Бюджеттік кредиттеу субъектілерінің
құқықтары мен міндеттері осы Кодекске
және Қазақстан Республикасының
басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес
кредиттік шартпен және (немесе) тапсырма
шартымен айқындалады.
175-бап. Кредитор
1. Қазақстан
Республикасының бюджеттік
2. Республикалық бюджеттен бюджеттік
кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының
Үкіметі кредитор болып табылады.
Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті
атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан
кредитор ретінде әрекет етеді.
3. Жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттеу
кезінде тиісті жергілікті атқарушы орган
кредитор болып табылады.
4. Кредитор осы Кодекске және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік
кредит беруді қамтамасыз етеді, кредит
шарты талаптарының орындалуын бақылауды
жүзеге асырады.
176-бап. Бюджеттік
кредиттеу субъектісі ретіндегі
бюджеттік бағдарламалардың
әкімшісі
Бюджеттік
бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру
кезінде кредиттік шарттың тарабы болып
табылады және:
1) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған
ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді
(агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;
2) бюджеттік кредиттердің нысаналы және
тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға
қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингін
жүзеге асырады.
177-бап. Қарыз алушылар
1. Бюджеттік
кредитті алушы, негізгі
2. Мыналар:
1) мамандандырылған ұйымдар - банктер,
банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ акцияларының
бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық
холдингке, не Қазақстан Республикасының
резиденттері болып табылатын ұлттық
басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар;
2) жергілікті атқарушы органдар;
3) шет мемлекеттер;
4) жеке тұлғалар қарыз алушылар бола алады.
178-бап. Түпкілікті қарыз алушылар
1. Мамандандырылған
ұйым оған кредитор немесе
қаржы агенттігі айқындаған
2. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын,
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғалар түпкілікті қарыз
алушылар бола алады.
3. Түпкілікті қарыз алушыларды іріктеуді
және кредиттеуді бюджеттік бағдарламаның
нысаналы мақсатына, сондай-ақ өздерінің
кредиттік саясатына сәйкес мамандандырылған
ұйымдар жүзеге асырады.
179-бап. Сенім білдірілген өкілдер (агенттер)
1. Тапсырма шартының
негізінде кредитордың (
2. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың
(сенімгердің) тапсырмасы бойынша мынадай
іс-әрекеттерді орындай алады:
1) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету;
2) қарыз алушылармен есеп айырысу;
3) бюджеттік инвестициялық жобалардың
қаржыландырылуы мен іске асырылуына
мониторинг жүргізу;
4) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне
мониторинг жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес берешекті өндіріп алу;
6) қарыз алушы-жеке тұлғаларды анықтау
және олармен кредиттік шарттар жасасу.
3. Банк, банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе
акцияларының бақылау пакеті мемлекетке
немесе Қазақстан Республикасының резиденттері
болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық
басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім
білдірілген өкілдер (агенттер) бола алады.
4. Қаржы агенттігін қоспағанда, сенім
білдірілген өкілді (агентті) бюджетті
атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе
бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан
Республикасының мемлекеттік сатып алу
туралы заңнамасына сәйкес айқындайды.
5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті
бюджет қаражаты есебінен сенім білдірілген
өкілге (агентке) тапсырмаларды орындағаны
үшін сыйақы төлеуді жүзеге асырады.
Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырмаларды
орындағаны үшін төленетін сыйақының
мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.
37-тарау.
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ ТАЛАПТАРЫ
180-бап. Кредиттік шарттың негізгі талаптары
1. Кредиттік
шартта бюджеттік кредиттің
1) берудің мақсаты;
2) мөлшері;
3) валютасы;
4) мерзімі;
5) игеру кезеңі;
6) сыйақы ставкасы.
2. Бюджеттік кредиттің негізгі талаптары
және қарыз алушылардың санаты кредитордың
шешімімен белгіленеді.
3. Кредиттік шартқа қосымша талаптар,
оның ішінде бюджеттік кредитті беру тәсілін
айқындайтын талаптар, бюджеттік кредитті
өтеу және оған қызмет көрсету графигі,
бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
енгізіледі.
181-бап. Бюджеттік кредиттің мерзімі
1. Қарыз алушы
бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын,
оған қызмет көрсететін және
оны өтейтін уақыт кезеңі бюджеттік
кредиттің мерзімі болып табылады.
2. Бюджеттік кредиттің мерзімі бюджеттік
кредиттің қаражатын кредитордың шотынан
аударған кезден бастап есептеледі.
3. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне
қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
2) орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін;
3) ұзақ мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.