Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
68-бап. Стратегиялық
жоспарлардың жобалары мен бюджеттік
өтінімдерді қарау
1. Мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі орталық
немесе жергілікті уәкілетті
органдар бюджеттік
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті
орган қарау нәтижелері бойынша стратегиялық
жоспарлардың жобалары мен бюджеттік
өтінімдер осы баптың бірінші бөлігінде
көзделген құжаттарға сәйкес келмеген
жағдайда, оларды бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілеріне пысықтауға қайтарады.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктер
бюджеттік комиссияда қаралады.
Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын
стратегиялық жоспарлардың жобаларымен,
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
немесе жергілікті уәкілетті органдардың
қорытындыларымен өзара байланыста қарайды
және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
стратегиялық жоспарларды бюджеттік комиссияның
ұсыныстарына сәйкес келтіреді және мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті
уәкілетті органға стратегиялық жоспарлар
мен бюджеттік өтінімдердің жобаларын
ұсынады.
69-бап. Заттай нормалар
1. Заттай нормалар
- қажетті материалдық немесе
материалдық емес игіліктерді
тұтынудың немесе пайдаланудың
заттай көрсеткіштері.
2. Заттай нормаларды орталық мемлекеттік
органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
3. Орталық мемлекеттік органдар заттай
нормаларды өзгерту немесе олардың күшін
жою туралы Республикалық бюджеттік комиссияның
қарауына ұсыныстар енгізуге құқылы.
70-бап. Мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметті) өткізуінен
түсетін ақша
1. Білім беру,
орман шаруашылығы, ерекше
2. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу
жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету
тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайды.
71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу
1. Мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган республикалық
бюджет жобасын жасайды және
оны Республикалық бюджеттік
комиссияның қарауына енгізеді.
2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті
нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы
қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей
аяқталады.
3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:
кірістердің, трансферт түсімдерінің,
шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің,
қаржы активтерімен операциялар бойынша
сальдоның, тапшылықтың (профициттің),
тапшылықты қаржыландырудың (профицитті
пайдаланудың) көлемі;
жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері,
айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі
күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік
базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;
жергілікті бюджеттерден республикалық
бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;
республикалық бюджеттен жергілікті
бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың
көлемі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан
кепілдік берілген трансферт көлемі;
Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің
мөлшері;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
кепілдіктер беру лимиті;
мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;
үкіметтік борыш лимиті;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық
міндеттемелерінің лимиті;
басқа да ережелер қамтылуға тиіс.
4. Республикалық бюджет туралы заңның
жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік
сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес
жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша
жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған,
жоспарлы кезеңге арналған республикалық
бюджеттің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар
және кіші сыныптар бойынша баяндалады,
ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік
бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет
тапшылығын қаржыландыру (профицитті
пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші
жылдарына арналған шығыстарда базалық
шығыстар - функционалдық топтар, бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік
бағдарламалар бойынша баяндалады, ал
жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік
бағдарламамен көрсетіледі;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
жіберілетін кезекті қаржы жылына арналған
түсімдердің көлемі;
3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге
жатпайтын кезекті қаржы жылына арналған
республикалық және жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың тізбесі;
4) басқа да деректер қоса беріледі.
5. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық
бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің)
мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде
және процентпен көрсетіледі.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган республикалық бюджет
туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қарауына ағымдағы қаржы жылының
15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.
72-бап. Облыстық бюджет
туралы, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджеттері туралы
мәслихат шешімінің
жобасын әзірлеу
1. Мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі
2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджеттері жобасының
түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау
ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен
кешіктірілмей аяқталады.
3. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық
бюджет туралы, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджеттері туралы шешім
жобасының мәтінінде:
1) бюджет кірістерінің, трансферттер
түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік
кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар
бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының
(профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың
(профицитін пайдаланудың) көлемі;
2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық
маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін
бюджеттік субвенциялардың көлемі;
3) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)
бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік
алып қоюдың көлемі;
4) облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органы резервінің мөлшері;
5) басқа да ережелер қамтылуға тиіс.
4. Облыстық бюджет туралы, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері
туралы шешімнің жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік
сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес
жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша
жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған,
жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің,
республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерінің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар
және кіші сыныптар бойынша баяндалады,
ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік
бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет
тапшылығын қаржыландыру (профицитті
пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші
жылдарына арналған шығыстарда базалық
шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік
бағдарламалар бойынша баяндалады, ал
жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік
бағдарламамен көрсетіледі;
2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті
бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге
жатпайтын, оның ішінде республикалық
бюджет туралы заңда белгіленген, кезекті
қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың тізбесі;
3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерін сатудан
түсетін республикалық маңызы бар қала,
астана бюджеттеріне түсімдер көлемі;
4) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік
бағдарламалары;
5) басқа да деректер қоса беріледі.
5. Облыстық бюджеттердің, республикалық
маңызы бар қала, астана бюджеттерінің
бекітілетін тапшылығының (профицитінің)
мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті
уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық
маңызы бар қала, астана бюджеттерінің
жобасын облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органдарының қарауына ағымдағы қаржы
жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсынады.
73-бап. Ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың)
бюджеті туралы мәслихат шешімінің
жобасын әзірлеу
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
жергілікті уәкілетті орган ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті
жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды
және оны ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына
енгізеді.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті
жобасының түпкілікті нұсқасын қарау
және айқындау ағымдағы қаржы жылының
1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.
3. Кезекті қаржы жылына арналған аудан
(облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы
мәслихат шешімі жобасының мәтінінде:
1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің,
шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің,
қаржы активтерімен операциялар бойынша
сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің),
тапшылығын қаржыландырудың (профицитін
пайдаланудың) көлемі;
2) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) бюджетіне берілетін
бюджеттік субвенциялардың көлемі;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік
алып қоюдың көлемі;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті атқарушы органы резервінің
мөлшері;
5) өзге де ережелер қамтылуға тиіс.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджеті туралы шешімнің жобасына:
1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік
сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес
жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша
жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған,
жоспарлы кезеңге арналған аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджетінің жобасы қоса
беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар
және кіші сыныптар бойынша баяндалады,
ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік
бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет
тапшылығын қаржыландыру (профицитті
пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші
жылдарына арналған шығыстарда базалық
шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік
бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік
бағдарламалар бойынша баяндалады, ал
жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік
бағдарламамен көрсетіледі;
2) жергілікті бюджетті атқару процесінде
секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде
облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық
мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті
қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың
тізбесі;
3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерін сатудан
түсетін аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджетіне түсімдер көлемі;
4) әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы
бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның),
ауылдық (селолық) округтің бюджеттік
бағдарламалары;
5) басқа да деректер қоса беріледі.
5. Кезекті қаржы жылына арналған аудан
(облыстық маңызы бар қала) бюджетінің
бекітілетін тапшылығының (профицитінің)
мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті
уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы
бар қала) бюджетінің жобасын ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті
атқарушы органының қарауына ағымдағы
қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей
ұсынады.
13-тарау.
БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ЖӘНЕ
БЕКІТУ
ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
74-бап. Республикалық
бюджеттің жобасын қарау және бекіту
туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан
Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық
бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде
мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық
дамуының және бюджеттік параметрлерінің
болжамын;
2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларының жобаларын;
3) соңғы есеп берген күнгі мемлекеттік
және мемлекет кепілдік берген борыштың
жай-күйі туралы деректерді;
4) республикалық бюджет жобасында енгізілген
шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме
жазбаны ұсынады.
2. Республикалық бюджет ағымдағы қаржы
жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей,
әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта
өз кезегімен қарау арқылы палаталардың
бөлек отырысында бекітіледі.
3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті
ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін
республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса,
Қазақстан Республикасының Президенті
кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржылық жоспар
туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық
бюджет туралы заңды Қазақстан Республикасының
Парламенті бекіткенге дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің
кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржылық жоспар
туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны
іске асыру туралы қаулысының жобасын
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржы жоспары
кезекті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет болжамының төрттен бір бөлігі
көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан
кешіктірілмей бекітіледі.
Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы
осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге
асырылады.
4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржы жоспары
бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына
арналған республикалық бюджет сол жылғы
1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге
тиіс.
Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық
бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған
республикалық қаржы жоспары ескеріле
отырып бекітіледі.
5. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен
бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің
алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржы жоспары
туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге
бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.