Бюджетный кодекс на казахском

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 19:23, реферат

Краткое описание

Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджетный-кодекс-на-казахском.doc

— 909.00 Кб (Скачать документ)

  34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге 
               асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік 
               қызметтер көрсетуді бағытталған бюджеттік 
               бағдарламалар     

1. Мемлекеттік  қызметтер көрсету Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілерімен  және Қазақстан Республикасы  Президентінің актілерімен көзделген  функцияларға, өкілеттіктерге негізделген,  бюджет қаражаты есебінен және  Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. 
      2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді. 
      Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұнының және нәтижесінің сипаттамалары кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету талаптарын айқындайды. 
      Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын орталық мемлекеттік органдар әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
      Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 
      3. Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
      Мемлекеттік қызметтерді алушыларды, оларды көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды және олардың басқа да сипаттамалары көрсетіле отырып, республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылатын тізбесінен тұратын нормативтік құқықтық акті мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін білдіреді. 
      4. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді. 
      Мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнын айқындау кезінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттары пайдаланылады. 
      5. Бюджеттік бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетудің мазмұны көрініс табуға тиіс. 
      6. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.     

  35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге 
               бағытталған бюджеттік бағдарламалар      

1. Трансферттер  мен бюджеттік субсидиялар беруге  бағытталған бюджеттік бағдарламаларға: 
      1) бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер; 
      2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер; 
      3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттік субсидиялар жатады. 
      2. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің бір деңгейінен басқасына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер болып табылады. 
      3. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер, бұл жеке тұлғаларға олардың иелігіндегі табыстарын өсіруге не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шығындардың немесе нұқсандардың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған ақшалай төлемдер. 
      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканың немесе өңірдің дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың басқа да тәсілі болмаған кезде ғана жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер бюджеттік субсидиялар болып табылады. 
      5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.     

  36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік 
               бағдарламалар     

 Бюджеттік кредиттер: 
      1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға; 
      2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға; 
      3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына; 
      4) темен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталады.    

  37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға 
               бағытталған бюджеттік бағдарламалар      

 Бюджеттік  инвестициялар бюджеттен коса  қаржыландыру шартымен, сондай-ақ  заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.     

  38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған 
               бюджеттік бағдарламалар     

 Күрделі шығыстарға, бюджеттік инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны құруға не нығайтуға, күрделі жөндеуді (қалпына келтіруді) жүргізуге және өзге де күрделі шығыстарға бағытталған шығыстар жатады.    

  39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған 
               бюджеттік бағдарламалар     

 Мемлекеттің  міндеттемелерін орындауға бағытталған  бюджеттік бағдарламаларға: 
      қарыз алу шарттарынан туындайтын, уақыттың белгілі бір кезеңінде сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері, хеджирлеу мәмілелері бойынша төлемдер; 
      қарыз алушының қарыз шартында белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын қайтаруы, мемлекеттің қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы; 
      халықаралық ұйымдарға үлестік жарналар; 
      мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша міндеттемелерді орындау; 
      мемлекеттің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен немесе соттардың шешімдерінен туындайтын басқа да міндеттемелері жатады.     

  40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, 
               сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және 
               объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 
               органдардың мемлекеттік органдар мен олардың 
               мекемелерінің шығыстарын сыныптау     

 Барлау және  қарсы барлау қызметін жүзеге  асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың  және объектілердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстары мынадай бюджеттік бағдарламалар: 
      мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға, трансферттер беруге және күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама; 
      бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, бір функционалдық топ бойынша жіктеледі.    

  41-бап. Мемлекеттік тапсырма     

1. Мемлекеттік тапсырма жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаларға мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және басқа да міндеттерді орындауға арналған тапсырыс болып табылады. 
      Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады. 
      2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады. 
      3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасалып, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады. 
      Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады. 
      4. Мемлекеттік тапсырманы, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін және мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаны жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
      5. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

7-тарау.  БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР    

  42-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер     

1. Бюджет процесінде  республикалық, облыстық бюджеттер,  республикалық маңызы бар қаланың,  астананың, аудандардың (облыстық  маңызы бар қалалардың) бюджеттері  арасындағы қатынастар бюджетаралық  қатынастар болып табылады. 
      2. Бюджет процесінде республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қатынастарына жол берілмейді. 
      3. Әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, бюджет процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен өзара қатынастарына жол беріледі. 
      4. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігінің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің біртұтастығына және ашықтығына негізделген. 
      5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне араласуына жол берілмейді. 
      6. Осы Кодекстен басқа, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде, есебінен шығыстар қаржыландырылуға тиіс және түсімдер есептелуге тиіс болатын бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді. 
      Тек осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде ғана шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен басқасына беру жүзеге асырылады. 
      7. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын, темен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі. 
      8. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілер қабылдануынан туындайтын шығындарын өтеу міндетті түрде төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.     

  43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптері     

 Бюджетаралық  қатынастар мынадай принциптерге  негізделеді: 
      1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің, жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы теңдігі; 
      2) аражігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сақталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу: 
      тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төмен тұрған бюджеттерге бекітіледі; 
      мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салық түсімдері және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі; 
      қайта бөліну сипатындағы, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары тұрған бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі; 
      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі; 
      нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі; 
      3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру; 
      4) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірдей деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету; 
      5) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелілігі - мемлекеттік қызметтер көрсетуді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекіту; 
      6) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну деңгейін оны алушыларға барынша жақындату - алушылардың қажеттерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қызметтер көрсетудің атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру.    

  44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары     

1. Бюджетаралық  қатынастар: 
      1) республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында: 
      трансферттермен; 
      бюджеттік кредиттермен; 
      2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында: 
      трансферттермен; 
      бюджеттік кредиттермен; 
      кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі. 
      2. Бюджет деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, дамудың нысаналы трансферттеріне бөлінеді. 
      3. Нысаналы трансферттерді және бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың тек қана нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады. 
      4. Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік қаржылық бақылау органының актісіне сәйкес осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде қайтарылуға тиіс. 
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінгендерін қоспағанда, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін. 
      Облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен бөлінгендерін қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлінген, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін. 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасы ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады. 
      6. Нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнем жасалған жағдайда жергілікті атқарушы органдар үнемделген тиісті соманы жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілген бюджеттік бағдарламалар бойынша олардың нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға құқылы.    

Информация о работе Бюджетный кодекс на казахском