Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Еңбек ақы – тұрғындардың игілігі мен өмір сүру деңгейін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіш болып табылады. Еңбек ақы мәселесі тек экономикалық емес, ол сонымен қатар әлеуметтік сипат алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030" жолдауында: "Зейнетақымен, жәрдем ақымен және жалақымен толық және мерзімді қамтамасыз ету – ең басты мақсаттардың бірі", – деп көрсетілген.
Жалақы – жұмыскерлердің негізгі табыс көзі болғандықтан, көп экономистер оны жоғары өнімді еңбек етуге үздіксіз қызығушылық тудыратын негізгі ынталандырушы күші ретінде қарастырылады.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................6
1 Жалақының экономикалық теориялық негіздері......................................9
1.1 Жалақы туралы түсінік және оның мәні мен маңызы.......................9
1.2 Жалақының түрлері, нысандары және формалары........................18
1.3 Жалақыны төлеу реті мен шартының ерекшеліктері .....................26
2 Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жағдайын талдау......30
2.1 Қазақстан Республикасының халықтың табысы мен өмір сүру деңгейінің ағымдағы жағдайы......................................................................... ....30
2.2 Қазақстан Республикасының жалақы төлеу көрсеткішін талдау.. .33
2.3 Қазақстан Республикасындағы жалақыны төлеу есебін бағалау....46
3 Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және
оны шешу жолдары................................................................................49
3.1Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің нормтивті–құқықтық базасы...................................................................................................................49
3.2 Еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру бағыттары және оны реттеу..52
Қорытынды ............................................................................................59
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалақының түрлері, формалары және жүйелері (тузетілген).doc

— 477.50 Кб (Скачать документ)

Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардын қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарыктық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.

Кәсіпорын жұмысшысының табысына өндіріс шығындарына кіретін жалақы,  еңбек және әлеуметтік ақшалай төлемдер, пайдадан алынатын сыйақылар, сонымен қатар, кәсіпорын мүлкіне қосқан үлесі мен акцияларына алатын дивидендтер, заттай алатын өнімдер және т.б. табыстар кіреді. Жалақы – материалдық игіліктер мен  көрсетілетін қызметтерді тұтыну қорының бір бөлігі болып табылады. Ол жұмысшыларға еңбектерінің саны мен сапасына және нәтижелілігіне байланысты төленеді.

Нарықтық экономика жағдайында жалақының мәні төмендегі аспектілерден құралады:

  • жалақы -  еңбек нарығындағы жұмыс  күшінің  бағасы;
  • жұмыс  күші  бағасының  материалдық, заттық көрінісі болып тұтыну заттарының бағалары (азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, салықтардың және басқа төлемдердің бағалары); олар жұмыс күшінің ұдайы өндірісін, олардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді (жұмыс күшінің өзінің және оның асырауындағы адамдардың жұмыс қабілетін қалпына келтіреді);
  • жалақы еңбектің саны, сапасы және нәтижесіне байланысты;
  • жалақы ұжымдық еңбектің нәтижесіне де байланысты.

Қазіргі кезде шаруашылықты жүргізуде жалақыны ұйымдастыру төмендегі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:

  • еңбекке қарай бөлу қағидасы (еңбек ақыны, сыйлықтарды және т.б. уақтылы төлеу);
  • өндіріс тиімділігінің артуы негізінде еңбек ақының деңгейін,жағдайын көтеру;
  • еңбек ақыны еңбек нәтижесіне және шығындарына қарай төлеу;
  • жұмысшыларды еңбек тиімділігін арттыруға материалдық жағынан

ынталандыру;

  • еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының өсуіне қарағанда артық

болуы.

Сонымен бірге еңбекке ақы төлеу мөлшері барлық жағдайларда Казақстан Республикасында белгіленген ағымдағы жылдың мемлекеттік бюджеті туралы заңмен белгіленетін минимумнан төмен болмауы керек.

Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен: орталықтанды-рылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады.

Жалақыны реттеудің мемлекеттік орталықтандырылған әдісі қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разряд аралық тарифтік коэффициенттерін , барлық қызметкерлердің еңбегіне  төлеудің «Бірыңғай тарифтік кестесін» , жалақы тарифтерін еңгізу арқылы жүргізіледі . Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады .

Жалақыны номиналды, яғни жалақының ақшалай мөлшері және нақты жалақы, номиналды жалақыға қаншалықты тұтыну заттары мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға болатынын көрсететін жалақы де екіге бөледі:

                                               Ун 

Ур  =  ----------                                                   (1)

      Р 

Ур  - нақты (реальная)  жалақы;

Ун  - номиналды жалақы;

 Р  - тұтыну заттары мен көрсетілетін қызметтер бағасының деңгейі.

Мұндағы нақты жалақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныстың әсері үлкен болады.

Жұмыс күшіне сұраныс  көп болған жағдайда, нақты жалақы деңгейі де жоғары болады, ал еңбек ұсынысы жалақы динамикасына кері пропорциялық әсер етеді. 1 сүретке сәйкес еңбек ұсынысы мен сұраныстары қисығын қосып, жалақының графикалық мөлшерін анықтауға болады [9].

СС1 қисығы ұсынысты сипаттайды, ДД1 қисығы – жұмыс күшіне сұранысты көрсетеді,  ОП1ЕК1 төртбұрышы жалақы мөлшерін анықтайды.

 Е  нүктесі  -  сұраныс пен  ұсыныстың   тепе-теңдік нүктесін көрсетеді.

       


 

 

                                      Д1     С1

 

         

                                                      

                                                          Е

Р1                            Д

     С

 

 

О

                               

                                      

 

Сурет 1.Жалақы мөлшері.

 

Кәсіпорындағы еңбекақының жалпы деңгейі төмендегі негізгі факторларға байланысты:

  • кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижесі, оның рентабельділік деңгейіне;
  • кәсіпорындардың кадр саясатына;
  • аймақтағы, облыстағы жұмыссыздық деңгейіне, қажетті мамандықтардағы жұмысшыларға;
  • кәсіподақ, бәсекелестер және мемлекеттің ықпалы;
  • кәсіпорынның қоғаммен байланыс саясаты.

Еңбекақы -  еңбек кілісім шарты негізінде, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігі. Еңбекақы экономикалық категория ретінде екі жақты сипатта болады, бір жағынан ол жалданған адам үшін - табыс, ал кәсіпорын үшін - өндіріс шығыны болып табылады.

Жұмыс күшіне деген шығындар жалақымен ғана шектелмейді. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсайтын шығындар қатарына сонымен қатар, жұмысшыларды әлеуміттік қорғау шығыстары, тұрғын ұймен қамтамасыз ету және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету шығындары. Еңбекақы,  кәсіпорынның қызметкерлерін жоғары өнімді еңбек уәждемесі мен   ынталандыруды қамтамасыз ететін маңызды құрал.

Еңбекақы қоры - қызметкерлердің жұмсаған еңбектерінің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігінің сомасы болып табылады және құрылымы бойынша әр түрлі элементтерден тұрады.

Еңбекақының жоспарлы мөлшері немесе еңбекақы қоры (ЕАҚ), ірілендірілген немесе сараланған әдістерімен анықтауға болады.

Ірілендірілген жоспарлы еңбекақы қоры  (ЕАҚЖОС) үш тәсілмен анықтауғ болады.

      1. Өнім (қызмет) бірлігіне шаққанда келетін жалақының нормативі негізінде (НЖ):

ЕАҚЖОС = Нж х QI                                    (2)

 мұнда QI - жоспарланған өнім көлемі;

2.Өнім көлемінің өскен әрбір проценттіне келетін еңбекақы қорының өсуінің нормативі негізінде

ЕАҚЖОС  =  ЕАҚ БАЗ +   ЕАҚ БАЗ (Нж х  Ө)/ 100%                    (3)

мұнда  Ө - өнім көлемінің өсуі,

            Н ж – өнім көлемінің өскен әрбір проценттіне келетін еңбекақы қорының өсу нормативі

  1. Жұмысшылардың санына байланысты (СТ) және қосымша табыстары мен есептеулерін есепке алғанда орташа жылдық еңбекақылары (ЕАЖ) бойынша:

ЕАҚЖОС = ЕАЖ х СТ                           (4)

 

Жоғарыда көрсетілген тәсілдерімен, жалпы кәсіпорын бойынша және жеке қызметкерлер тобы мен категориялар бойынша ЕАҚ есептеуге болады.

Жалақыны ұйымдастыру дегеніміз оны құрау, оны төлеу мөлшері мен еңбек арасындағы байланысты қамтамасыз ету, сонымен қатар құраушы элементтердің жиынтығы.

Нарыктық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.

Өмір сүру сапасы оның қасиеттерінің барлық мөлшерін қамтиды және сипаттайды, адамдарға көрсетілген барлық материалдық және жан дүниелік игіліктерге қанағаттануын көрсетеді, қамтамасыз етілуді, өмір жағдайының қолайлығымен, олардың қазіргі талапқа сай келуімен, ауырмау және өмір ұзақтығымен бағаланады.       Бірақ, жұмыскердің еңбек өнімділігін арттыруға әсер ету құралы ретінде жалақы еңбек өнімділігі өсу қарқынына сәйкес өсуі мүмкін, ол пайданың артуына әсер етеді.

Жалақының экономикалық табиғатының мазмұны -  сол табыс есебінен жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін материалдық және рухани қажеттіліктер қанағаттандырылады.

Экономика жағынан  қарастырғанда кәсіпорын  жұмысшыларының  еңбек  тиімділігі  еңбек  өндірісінің  деңгейі және  оның сапасымен анықталады. Еңбек өндірісінің  көрсеткіші  еңбектің  соңғы нәтижелерін  салыстыру  негізінде  көрініс  табады.

Сараланған (дифферициалды) әдісімен еңбекақы қорын (ЕАҚ) өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің категориялары  бойынша жеке және жалпы кәсіпорын бойынша анықтауға болады. Оның құрамы ЕАҚ тарифтік, сағаттық, күндік және айлық  есптеулерінен тұрады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарифтік ЕАҚ  құрамы кесімді-жұмысшылар мен мерзімді – жұмысшылардың еңбекақыларынан тұрады.

Кесімді – жұмысшылардың ЕАҚ орындалған жұмыс көлеміне байланысты кесімді есептеу негізінде  келесі формуламен есептелінеді:

                                ЕАҚ КЕС = P x N x K                                               (5)

мұнда  P - өнім бірлігіне есептелген  кесімді есеп (расценка;

        N - тапсырма бойынша өнім саны (көлемі);

        K - жоспарлы тапсырманы орындау коэффициенті.

Мерзімдік – жұмысшылардың ЕАҚ жұмыс істеу  уақытына байланысты тарифтік ставкалар бойынша келесі формуламен анықталады:

                                   ЕАҚ МЕР = Н x ТОС x K                                         (6) 

мұнда Н - жұмыс көлемі, сағат-норма;

         ТОС - атқарылатын жұмыстың орташа сағаттық тарифтік ставкасы;

         К - жоспарлы тапсырманы орындау коэффициенті.

         Еңбекақы шығынының құрамына немесе ЕАҚ-на кәсіпорынның еңбекке жұмсалған барлық шығындары кіреді.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның бірқатар шығындары не болмаса ЕАҚ-на,  немесе әлеуметтік сипаттағы төлемдер қатарына жатпайды:  іссапар шығындары, жұмысшыларға мәдени-тұрмыстық  қызмет көрсету шығындары, кәсіби дайындық шығындары, мемлекеттік әлеуметтік қорларға міндетті төлемдер және т.б.

Еңбек ақы қоры ай, тоқсан және жылға анықталады. Кейбір кәсіпорындарда еңбек ақы қоры қызметкерлердің жеке категориялары бойынша анықталады. Өнеркәсіпте категориялар бойынша еңбекақы қорына талдау жүргізу барысында жұмысшылардың сағаттық, күндік және айлық (жылдық) жалақылары ескеріледі.

Кәсіпорындарда еңбекақыны  тиімді ұйымдастыру оның жұмысшыла-

рының еңбек нәтижелерін ынталандыруға, дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өнімнің пайдасын және рентабельділігін көтеруге ықпалын тигізеді.

Еңбекақыны тиімді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы нәтижелері мен жұмысшының еңбек үлесінің арасындағы үйлестікті қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемі арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету.

Кәсіпорындар қазіргі жағдайда, өзінің ұйымдастырушылық – құқықтық формасына назар аудармастан, еңбекақының түрлерін, жүйесін және мөлшерін өзі анықтайды. Бірақ, жұмысшылардың жұмсаған еңбегі мен олардың санаттылық біліктілігін толық есепке алатындай нарықтық механизмдер әлі құрылған жоқ. Сондықтан, мемлекет еңбекақының ең төменгі мөлшерін заңды түрде белгілеу арқылы, кәсіпорынның еңбекақыға бағытталған қаражаттарын салық салу арқылы реттеп, аудандық коэффициенттер мен пайыздарды  (солтүстіктік қосылымдар) бекіту арқылы, мемлекеттік кепілді еңбекақыны бекітеді. Еңбекақыны  ұйымдастыру  ұжымдық келісім-шарттар негізінде құрылады, бұл келісім-шарттар, әдетте,  жұмыс беруші мен жұмысшының арасында, кәсіподақтың араласуымен 1 – 3 жылға жасалады. Келісім-шарттарда мынадай сұрақтар реттеледі:  еңбекақының мөлшері мен жүйелері, сыйақылар, төлемдер, қосымша төлеулер мөлшері және бағаның өсуі мен инфляция деңгейіне байланысты еңбекақының өзгеру механизмі, ұжымдық келісім-шарт көрсеткіштерінің орындалуы, жұмыспен қамту, қайта оқыту, жұмысшыларды жұмыстан босату талаптары, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығы, жұмысшылардың еңбегін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмысшыларға берілетін жеңілдіктер.

Еңбекақы мөлшерін анықтаушы элементтердің бірі  - өмір сүру минимумы болып табылады. Ол адамның денсаулығын сақтауға және өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің минималдық құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіш. Адресті бағытталған әлеуметтік саясатты жүргізудің базасы ретінде, еңбек ақының ең төменгі  мөлшерін белгілеуге, жасына қарай зейнетақы мөлшерін белгілеуге, жұмыссыздарға төленетін төлемақы мөлшері мен білімгерлердің шәкіртақысы мөлшерін белгілеуге қолданылады. Еңбекақының ең төменгі  мөлшері бір айда қарапайым жұмысшыға (мамандығы жоқ) ақшалай төленетін еңбекақы, ол қарапайым жұмысты қалыпты еңбек жағдайында орындалады. Еңбек ақының ең төменгі  мөлшері өмір сүру бағаларымен және мемлекеттің экономикалық мүмкіндігімен анықталады.

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың желтоқсанында қабылданған  № 8 – IV «2009 жылға арналған республикалық бюджет» заңына сәйкес, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары