Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Еңбек ақы – тұрғындардың игілігі мен өмір сүру деңгейін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіш болып табылады. Еңбек ақы мәселесі тек экономикалық емес, ол сонымен қатар әлеуметтік сипат алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030" жолдауында: "Зейнетақымен, жәрдем ақымен және жалақымен толық және мерзімді қамтамасыз ету – ең басты мақсаттардың бірі", – деп көрсетілген.
Жалақы – жұмыскерлердің негізгі табыс көзі болғандықтан, көп экономистер оны жоғары өнімді еңбек етуге үздіксіз қызығушылық тудыратын негізгі ынталандырушы күші ретінде қарастырылады.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................6
1 Жалақының экономикалық теориялық негіздері......................................9
1.1 Жалақы туралы түсінік және оның мәні мен маңызы.......................9
1.2 Жалақының түрлері, нысандары және формалары........................18
1.3 Жалақыны төлеу реті мен шартының ерекшеліктері .....................26
2 Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жағдайын талдау......30
2.1 Қазақстан Республикасының халықтың табысы мен өмір сүру деңгейінің ағымдағы жағдайы......................................................................... ....30
2.2 Қазақстан Республикасының жалақы төлеу көрсеткішін талдау.. .33
2.3 Қазақстан Республикасындағы жалақыны төлеу есебін бағалау....46
3 Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және
оны шешу жолдары................................................................................49
3.1Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің нормтивті–құқықтық базасы...................................................................................................................49
3.2 Еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру бағыттары және оны реттеу..52
Қорытынды ............................................................................................59
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалақының түрлері, формалары және жүйелері (тузетілген).doc

— 477.50 Кб (Скачать документ)

Бұл жүйелермен төленетін сыйақылар  жеке  жұмысшының  жетістікте-рімен байланысты емес, ол фирма жұмысының жалпы нәтижесі негізінде төленеді. Мұндай төлем жүйесі жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасында ортақ мүдденің пайда болуына психологиялық әсерін тигізеді. Пайдаға қатысу жүйесін АҚШ-тың ірі фирмаларының  - 10 % ,  ал Ұлыбританияның - 15  % - ы пайдаланады. Батыс елдерінің біразында пайдаға қатысу жүйесімен қатар, М.Вейцманның «қатысу экономикалары» (экономики участия) концепциясында қарастырылған, капиталға қатысу (участие в капитале)  жүйесі де қолданылады.  Бұл идеяның мәні мынада: «қатысу» бүкіл халық шаруашылығына таратылады, еңбек мотивациясын арттырады,  конъюнктуралық тербелістерге қарсы жалақыны икемді реттеуге қол жеткізеді,  дағдарыстар кезінде инфляция мен  жұмыссыздықтың өршуіне мүмкіндік бермейді. Бұл мәселе нарық қаты-настарын орнатып жатқан Қазақстан үшін де актуальды болып табылады .

Қаржылық қатысу жүйелері жұмысшылар мен кәсіпорынның ара қатынасын жақындатады, жұмыс күшінің тұрақсыздығын жояды, жұмыстан себепсіз қалу жойылады, адам капиталына қосымша капитал жұмсауға мүмкіндік береді. Бұл жүйелердің біздің еліміз үшін кемшілігі мынада, біздің даму жағдайымызда жеке жұмысшыға азғана қосымша табыс бере алады. Сондықтан, еңбек өнімділігінің артуына айтарлықтай үлес қоса алмайды.

Келесі кемшілігі – қаржылық тәуекелді (финансовый риск) кәсіпорын жұмысшысына артып қояды, себебі жұмысшылар табысы экономикалық конъюктура  мен басқа факторларға байланысты екендігі белгілі.

Біздің елімізде қаржылық қатысу жүйелерін банк және сақтандыру бизнесінде, ірі кәсіпорындарда қолдануға болады, себебі жоғары біліктіліктегі әртүрлі жұмыстарды атқаратын бригадаларда жұмысшының жеке  үлесін дәл анықтау қиын. Әрине, Қазақстандағы қаржылық қатысу жүйелерінің, дамыған елдермен салыстырғанда ерекшеліктері бар. Егер дамыған елдерде бұл жүйеде жалақы төлеудің икемді, тиімді жүйесі ретінде қолданса, біздім елімізде олар әлі жекешелендіру үдерістерімен байланысты.

Нарық экономикасы жақсы дамыған елдерде жалақыны реттеудің екі жүйесі қолданылады: орталықтанған мемлекеттік және орталықтандырылмаған.

Жалақыны реттеудің мемлекеттік жұйесі – жалақы қорларының құрылуына, жоспарлануына және реттелуіне жанама тәсілдермен әсер етеді:

  1. Мемлекет  жалақының  ең   төменгі  мөлшерін  белгілейді,  ол  «тұтыну корзинасы» есептерінің негізінде жасалады, әр мемлекеттің жұмысшысының және оның отбасының өмір сүруінің физиологиялық минимумының, яғни өмір сүруге қажетті азық – түлік, өнеркәсіп тауарларының, көрсетілетін қызметтерінің тізімін анықтайды. Бірде – бір кәсіпкер мемлекет белгілеген жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен жалақы төлеуге құқығы жоқ. Көптеген елдерде нашар қамтамасыз етілген тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
  2. Мемлекет әлеуметтік төлем  ақылардың мөлшерін, оны беру тәртібін

белгілейді; орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін  ендіреді; еңбекті қорғау және қаіпсіздендіру саласында нормативтік – құқықтық актілер қабылдайды.

  1. Мемлекет шет елден жұмысшы күшін елге тарту тәртібін белгілейді; көтерілетін салалық коэффициенттерді бекітеді .

Әрине, швед, жапон немесе басқа бір елдің іс-тәжірибесін біздің елге автоматты түрде көшіруге болмайды. Бірақ, оларды зерттеп, талдап, біздің экономикаға қажетті тиімділерін өзгертулермен  енгізуге болады.

 

2.3  Қазақстан Республикасындағы жалақыны төлеу есебін бағалау

 

Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтер түрлері бойынша орташа айлық жалақы көрсеткіштерінің өзгерістері 2002-2005 жылдары бойынша көрсетілген. 

Диаграммалық суреттен көріп отырғанымыздай Қазақстандағы жоғары жалақы алушылар қаржы қызметіндегі жұмыскерлер болса, төмен жалақы алушылар ауыл-шаруашылығындағы жұмыскерлер. Төменгі және жоғары жалақы деңгейлерінің арасы 2002 жылы 6 есе, ал 2003 жылы 6,8 есені құраған.

Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық қызметтер түрлері бойынша орташа жалақы жағдайы сәл өзгеше. Сурет 3 бойынша соңғы мерзімде жалақының көп мөлшерін алушыны бөліп айта алмаймыз. Әйтсе де, Қазақстанның басқа аймақтарындағыдай қаржы саласы жұмыскерлердің жалақысы жоғары. Сонымен қатар транспорт және байланыс жұмыскерлері жалақысы да, ол тұрғындардың тығыздығының жоғарылығымен сипатталады (2004 жылдың 1-қаңтарында облыс тұрғындарының саны – 2150,4  мың адам, соның ішінде 827,7 мың адам қалалық тұрғындар және 1322,7 мың адам ауылдық тұрғындар).

Оңтүстік Қазақстан облысының ерекшелігіне жылжымайтын мүлік нарығының дамуы жатады. Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлы-өнеркәсіпті облысқа жатса да, ауыл-шаруашылығының жалақысы орташа республикалық деңгейден де төмен.

Халықтың өз-өзін жұмыспен қамтуы мен жеке шаруашылығын дамытуын қамтамасыз ету мақсатында, облыс бойынша 435 аз қамтылған азаматтарға

жалпы көлемі 28,6 млн. теңге шағын  несиелер, 478 отбасыға жалпы көлемі 1068,4 га жер, 61 отбасыға 200 бастан аса қара мал берілді.

Жергілікті бюджет қаржысынан 26,4 мың аз қамтылған отбасының 120,6 мың адамына жалпы көлемі 798,1 млн. теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі берілді. Айына бір адамға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің орташа жылдық мөлшері 831 теңгені құрады.

4,3 мың отбасы жалпы көлемі 30,6 млн. теңгенің тұрғын үй көмегін  алды, осыған байланысты тұрғын  үй көмегінің орташа жылдық  мөлшері 757 теңгені құрады.

2003 жылдың аяғында күнкөрістің  ең төменгі шамасынан төмен  табыс табатын халықтың үлесі 20 пайызды, күнкөрістің ең төменгі шамасы 4644 теңгені құрады.

2003 жылы халықтың орташа жан  басына шаққандағы атаулы ақшалай  табысы 60679 теңгені (айына орташа есеппен 5057 теңге) құрады, бұл 2002 жылғыдан 7,9 пайызға артық. Тұтыну үшін айына орта есеппен жұмсалған табыс 4945 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш қалалық жерде 5817 теңгені, ауылдық жерде – 4468 теңгені құрады.

Облыстағы халықтың өмір сүру деңгейінің  жақсарып жатқанына ақшалай табыс деңгейінің салыстырмалы талдауы куә бола алады: жыл сайын халықтың ақшалай табысы орта есеппен 15-20 пайызға артуда және бұл көрсеткіш соңғы 5 жылда 2,5 есеге дейін өскен.

2004 жылы облыстағы зейнетақы  алушылардың орташа жылдық саны 154,2 мың адамды құраған. Зейнетақының  орташа мөлшері 6517 теңгеге жетті, 2003 жылы зейнеткерлер 12079,2 млн. теңге төленеді.

Сурет 7. Оңтүстік Қазақстан облысындағы экономика саласындағы еңбек ақы қорының өсу динамикасы (млрд. тенге)

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 91,4 мың адамды құрады, оның ішінде мүгедектер – 57,5 мың адам, асыраушысынан айрылғандар – 30,4 мың адам, жас мөлшеріне байланыстылар – 3,5 мың адам.

2004 жылы оларға 4974,7 млн. теңгеге  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы  төленді.

Халықтың табиғи өсімінің абсолюттік шамасы 37,2 мың адамды (2002 жылғы деңгейдің 114,5 пайызы) құрады.

2004 жылы көші-қон айырмасының  абсолюттік шамасы 2445 адамды құрады.

2003-2005 жылдарға арналған облыстық  кедейшілік пен жұмыссыздықты  төмендету бағдарламасы, жалпы жұмыссыздықты 2007 жылдың аяғына 75,2 мың адамға дейін, жалпы жұмыссыздық деңгейін 7,4 пайызға дейін қарастырудың жолдарын іздестіруге және мүмкіншіліктерді толығымен пайдалануға бағытталған. Осы негізде халықты жұмыспен қамту деңгейінің көтерілуіне және еңбек рыногындағы тұрақты жағдайға қол жеткізіледі.

 Облыста 2005 жылы, бағалау бойынша, зейнетақы алушылардың саны 152,7 мың адамды құрайды, 2007 жылға зейнеткерлердің саны 150,7 мың адамға дейін төмендейді деп жоспарланады. Орта зейнетақы мөлшері 2004 жылғы 7785 теңгеден 2007 жылы 9132 теңгеге дейін, немесе 17,3 пайызға ұлғаяды.

Мемлекет басшысының  2005 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін көтеру туралы тапсырмасы есепке алына отырып, 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орта мөлшері 6693 теңгені, 2007 жылы – 7379 теңгені және шығын – тиісінше, 7,6 млрд. және 8,5 млрд. теңгені, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы – 7720 және 8392 теңгені, шығын – 129,7 млн. және 171,2 млн. теңгені құрайды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің күрт кемуі мен шынайы жалақының төмендеуі, құнсыздандыру асқақтауы мен жұмыссыздықтың тоқтаусыз өсуі тұрмыс деңгейінің жалпы төмендеуі мен аз қамтамасыз етілген, әлсіз топтардың пайда болуына әкеліп соқты. Кедейшілік деген ұғымның өзі қоғам үшін айқын да қауіпті бола бастады. Сонымен қатар, кедейшілік – тек мұқтаждықтың емес, әлеуметтік шиеленіс пен қылмыстың көзі. Кедейшілік ауру мен өлім деңгейінің өсуіне жол береді. Сондықтан халықтың тұрмыстық жағдайының оңалуы тек тұрақтандыру мен экономикалық өсуге бағытталған ұзақ мерзімді мақсаттың орындалуына байланысты. Еңбек ақы мәселесін зерттеуде номиналды және нақты жалақыны бөліп көрсетуге болады. Номиналды жалақы сағатына, күшіне, аптасына атқарылған жұмысқа төленетін ақша қосындысы. Нақты жалақы – номиналды жалақыға нақты түрде сатып алатын тауарлар мен қызмет көрсетулер сомасымен  анықталады, яғни нақты жалақы номиналды жалақының “сатып алу қабілетін” көрсетеді.

Еңбек ақы көрсеткіштерін қарастыруда және талдауда орташа айлық номиналды жалақы көрсеткіштері қолданылады.

Жалпы республика және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа номиналды жалақының тұрақты өсуін көруге болады.

“Труд в Казахстане” журналының зерттеулері бойынша 2003 жылы республикадағы орташа жалақы 23343 теңгені құраған, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 14% өскен. Оңтүстік Қазақстан облысының статистика басқармасының мәліметі бойынша орташа айлық жалақы 2004 жыл 14965 теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,7% артқан. Қазақстандағы еңбек ақы көрсеткіштерін талдай отырып, келесі қорытынды жасауға болады:  республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Маңғыстау және Атырау облыстарының жұмыскерлерінде, ал ең төменгі Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облысы жұмыскерлеріне тиісті.

 

 

3 Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және    оны шешу жолдары

 

3.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің нормтивті–құқықты  базасы.

 

Қазіргі заманда Қазақстанда еңбек ақы реформасы жүргізілуде – жалақының нарықтық реттеу механизмін құруға бағытталған бірнеше іс-шаралар, ол оны жұмыс күшінің бағасы ретінде қалыптастырады (құнның ақшалай көрінісі). Бұдан ары да еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру жоспарлануда, өйткені қазіргі уақыттағы жүйе жұмыс күші ұдайы өндірісі мен еңбек қатынастарын ынталандыру деңгейін қамтамасыз етпейді.

Қазақстандағы еңбек ақы реформасы жалақыны ұйымдастыру мәселесін ұйымдар мен кәсіпорындарда құқықтарын ұлғайтуға, олардың тапқан қаражаттарын таратуға ықпал етеді. Олардың көлемінің ұлғаюы кәсіпорын жұмыс тиімділігін арттыруға байланысты, ол қоғамдық тұтыну қоры есебінен  төленетін көптеген қызмет көрсетулер құқына енеді. ҚР Үкіметі қызметі бюджеттік саладағы жұмыскерлер мен мемлекеттік қызметкерлер еңбек ақысы саласындағы қолдауға бағытталған.

Еңбек ақы жүйесін реттеудің негізгі элементіне ең төменгі тұтыну бюджетінің қалыптасуы жатады. Ең төменгі тұтыну бюджетінің натуралды-заттық құрылымы тұтыну кәрзіңкесі жүйелі негізінде нормативтік әдіспен қалыптасады. Ең төменгі тұтыну бюджетінің құндық шамасы жұмыскердің және оның жанұясының өмір сүруіне қажетті физиологиялық заттарды қамтамасыз ететін сәйкес тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алудың орташа бағасынан құралады. Ең төменгі тұтыну бюджетінің құндық шамасы негізінде және мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінен ең төменгі жалақы мөлшері қалыптасады.

"Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы" ҚР Заңында жазылған: "жалақы мөлшерін жұмыс беруші бекітеді, бірақ ол ҚР Заңымен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болуы тиіс" (71-бап). Жалақының ең төменгі мөлшері анықталады: "Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген меншік түріне байланыссыз ұйымдарда жолдамалы жұмыс істейтін жұмысшылардың төменгі ақшалай төлеміне кепілденген".

Жалақының ең төменгі мөлшері "Республиканың бюджет туралы" ҚР заңымен жыл сайын бекітіледі. Төменгі жалақыны экономикалық негіздеуде ол денсаулық үшін қалыпты жағдайда орындалатын күрделілігі аз еңбек үшін марапаттау болып табылады.

Төменгі жалақы – еңбек ақы есептеу үшін негіз болып табылады.

Әлемнің барлық елдерінде, әсіресе экономикалық дамудың жоғары деңгейіндегі елдерде төменгі және шеткі еңбек ақы мөлшерлерін  бекіту реттелуде.

Республикадағы 2003-2005жылдар аралығындағы төменгі және орташа жалақы қатынастарының динамикасы көрсетілген, онда соңғы 5 жылда Қазақстан бойынша жалақына орташа есеппен 5 еседен артады.

Қазіргі мерзімде мемлекет еңбек ақының тек төменгі мөлшерін шектейді, ал жоғары шегін шектемейді. Бірақ, бұл мемлекеттік еңбек ақы төлеу деңгейіне әсер етпейді дегенді білдірмейді. Бұл үшін мемлекет жанама әсер ету әдістерін пайдаланады. Ондай әдістердің біріне жалақыға салық салу жатады. 2004 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыскерлер табысына салық салу ставкасы төмендетілген, әрине бұл мемлекеттің экономикалық саясатының жақсы жағы болып табылады және жұмыскерге төленетін жалақының өсуіне әкеледі.

Сонымен, макроэкономикалық деңгейде еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдірудегі мемлекет ролі келесі мазмұнға саяды:

● бюджеттік сала және басқа кәсіпорындар жұмыскерлері үшін тарифтік жүйені жетілдіру;

● төменгі жалақыны бекіту және реттеу, оны тұтыну бюджетіне теңестіру арқылы жұмыс күші ұдайы өндірісін қамтамасыз ету;

● еңбек ақының шеткі мөлшерін салықтар көмегімен реттеу.

 Микродеңгейде жұмыскерлер жалақысын жоғарылатудың негізгі тетігіне кәсіподақ ұйымдарының белсенді жұмысы қамтылады, яғни коллективті еңбек келісімі – құжатын бекіту жатады.

ҚР "ҚР еңбек туралы" заңына сәйкес "коллективті келісім-шарт дегеніміз – құқықтық акт, ол бір немесе бірнеше кәсіподақ ұйымы немесе бір немесе бірнеші жұмыс беруші қол қойылған жазбаша келісім түрінде жазылады".

Коллективті келісім-шарт еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесін, төменгі тарифтік ставка  мен қызметтік жалақы мөлшерін, жеңілдіктер төлеу тәртібі мен мөлшерін, тоқтау негізінде әкімшіліктің қорғау шараларын, көмек көрсету, еңбек жағдайын және т.б. анықтайды.

Коллективті келісім-шарт бір жыл және одан көп мерзімге бекітіледі.

Коллективті келісім-шарттың негізгі қызметттеріне:

еңбек қатынастары екі жағының мүддесін қорғау және оның баланстануын қамтамасыз ету;

еңбек қатынастарын ұйымдастыру және олардың кәсіпорын қызметінің экономикалық нәтижелерімен тығыз байланыта дамуын;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары