Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Еңбек ақы – тұрғындардың игілігі мен өмір сүру деңгейін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіш болып табылады. Еңбек ақы мәселесі тек экономикалық емес, ол сонымен қатар әлеуметтік сипат алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030" жолдауында: "Зейнетақымен, жәрдем ақымен және жалақымен толық және мерзімді қамтамасыз ету – ең басты мақсаттардың бірі", – деп көрсетілген.
Жалақы – жұмыскерлердің негізгі табыс көзі болғандықтан, көп экономистер оны жоғары өнімді еңбек етуге үздіксіз қызығушылық тудыратын негізгі ынталандырушы күші ретінде қарастырылады.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................6
1 Жалақының экономикалық теориялық негіздері......................................9
1.1 Жалақы туралы түсінік және оның мәні мен маңызы.......................9
1.2 Жалақының түрлері, нысандары және формалары........................18
1.3 Жалақыны төлеу реті мен шартының ерекшеліктері .....................26
2 Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жағдайын талдау......30
2.1 Қазақстан Республикасының халықтың табысы мен өмір сүру деңгейінің ағымдағы жағдайы......................................................................... ....30
2.2 Қазақстан Республикасының жалақы төлеу көрсеткішін талдау.. .33
2.3 Қазақстан Республикасындағы жалақыны төлеу есебін бағалау....46
3 Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және
оны шешу жолдары................................................................................49
3.1Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің нормтивті–құқықтық базасы...................................................................................................................49
3.2 Еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру бағыттары және оны реттеу..52
Қорытынды ............................................................................................59
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................62

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалақының түрлері, формалары және жүйелері (тузетілген).doc

— 477.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны              

 

 

Кіріспе ...........................................................................................................6

1 Жалақының экономикалық теориялық негіздері......................................9

1.1 Жалақы туралы түсінік және оның мәні мен маңызы.......................9

1.2 Жалақының түрлері, нысандары және формалары........................18

1.3 Жалақыны төлеу реті мен шартының ерекшеліктері .....................26

2 Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жағдайын талдау......30

2.1 Қазақстан Республикасының халықтың табысы мен өмір сүру деңгейінің ағымдағы жағдайы......................................................................... ....30

2.2 Қазақстан Республикасының жалақы  төлеу көрсеткішін талдау.. .33

2.3 Қазақстан Республикасындағы жалақыны төлеу есебін бағалау....46

3 Қазақстан Республикасындағы  жалақы төлеу жүйесінің мәселесі  және 

оны шешу жолдары................................................................................49

3.1Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің нормтивті–құқықтық базасы...................................................................................................................49

3.2 Еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру бағыттары және оны реттеу..52

Қорытынды ............................................................................................59

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................62

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Еңбек ақы – тұрғындардың игілігі мен өмір сүру деңгейін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіш болып табылады. Еңбек ақы мәселесі тек экономикалық емес, ол сонымен қатар әлеуметтік сипат алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030" жолдауында: "Зейнетақымен, жәрдем ақымен және жалақымен толық және мерзімді қамтамасыз ету – ең басты мақсаттардың бірі", – деп көрсетілген.

Жалақы – жұмыскерлердің негізгі табыс көзі болғандықтан, көп экономистер оны жоғары өнімді еңбек етуге үздіксіз қызығушылық тудыратын негізгі ынталандырушы күші ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, әміршілік-әкімшілік басқару жүйесіндегі "еңбек ақы еңбектің саны мен сапасына сай болуы қажет" – деген принципті өмірге толық ендіру әлі де жүзеге аспауда. Өйткені, еңбек мөлшерін өлшеу шешілмеген мәселе ретінде қарастырылады. Еңбек саны (мөлшері, шамасы) – жұмыскерлердің жұмсаған физикалық энергиясы мен ойлау қызметінің шамасы. Адамның энергия шығындарын анықтау биологтардың өздеріне де қиын соғуда.

Бұл ғылыми дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасындағы еңбек ақы төлеу мәселесіне, атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысындағы экономикалық салалар жұмыскерлеріне ең    Бұл ғылыми дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасындағы еңбек ақы төлеу мәселесіне, атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысындағы экономикалық салалар жұмыскерлеріне еңбек ақы төлеу мәселесіне арналған.

Өмір сүру сапасы оның қасиеттерінің барлық мөлшерін қамтиды және сипаттайды, адамдарға көрсетілген барлық материалдық және жан дүниелік игіліктерге қанағаттануын көрсетеді, қамтамасыз етілуді, өмір жағдайының қолайлығымен, олардың қазіргі талапқа сай келуімен, ауырмау және өмір ұзақтығымен бағаланады.      

Жұмыстың мақсаты - “еңбек ақы” экономикалық категориясын  зерттеу, номиналды орташа айлық жалақы көрсеткіштерін Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша талдау, сонымен қатар еңбек ақы жүйесін жетілдіру бағыттарын қарастыру.

Нарықтық экономика жағдайында өндіріс тиімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлардың маңызы арта түседі, себебі, бәсекенің күшеюі  кәсіпорындардың өмір сүру жағдайы  мен дамуына  тікелей әсерін тигізеді. Осы факторлардың ішінде алдыңғы қатардағы орындардың бірін – адам факторы алады, яғни экономикалық өсу мен тиімділіктің, бәсекеге қабілеттіліктің негізін  заводтар мен фабрикалар немесе құрал-жабдықтар мен өндіріс қорлары емес, тікелей адам капиталы құрайды.

Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты еңбек ақы және жұмысшыларды әлеуметтік қолдау мен қорғау саласында саясат та өзгеріске ұшырайды. Бұл саясатты жүзеге асырудың көптеген функцияларын мемлекет тікелей кәсіпорындарға артқан, яғни еңбек ақының формаларын, жүйелерін, мөлшерін кәсіпорындар өздері анықтайды. Жұмысшылардың еңбек нәтижесін ынталандыруға көп көңіл бөлінеді. «Еңбек ақы» түсінігі жаңа мазмұнымен толықтырылды және сонымен қатар әртүрлі премиялар, қосымша төлемдер және әлеуметтік жеңілдіктер, ақшалай және натуралды түрдегі барлық ақы түрлерін алып жатыр.

Еңбек ақы мәселелері  тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік жағынан да маңызды болғандықтан, экономикалық теорияда және іс жүзінде ерекше орынға ие. Сол себепті бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде өте актуальды болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында  басты міндеттердің бірі – «жалақы мен төлемдерді, зейнетақыны толық және уақтылы төлеп тұру» екендігін айтқан [1].

Әрбір жұмысшының еңбек ақысы оның жеке қосқан үлесімен және кәсіпорын жұмысының нәтижесімен анықталады. Ол салықтармен реттеледі, жоғарғы шегі шектелмейді. Ал, барлық ұйымдық – құқықтық формалардың жұмысшыларының еңбек ақысының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен және жыл сайын «Республикалық бюджет» заңымен анықталады.

Нарықтық экономика жағдайына көшуге байланысты еңбек ақы жүйесі түгелдей өзгеріске ұщырады. Қазақстан Республикасының 15.05.07  «Еңбек кодексі» заңына сәйкес,  мемлекет  кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне  араласпайды, сонымен қатар, еңбек ақының  мөлшерін, формаларын, жүйелерін  анықтамайды, яғни оны ұйымдастырумен айналыспайды[2]. Мемлекет тек халықты әлеуметтік қорғаумен айналысады. Мысалы, еңбек ақының  ең төменгі мөлшерін қояды, еңбек ақының салық салынбайтын мөлшерін бекітеді, Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысшыларды жұмысқа  қабылдау және жұмыстан шығару тәртібін бекітеді. Сондықтан, кәсіпорындар еңбекті және еңбек ақыны ұйымдастыру жұмыстарын өздері жүргізеді., бұл – олардан белгілі бір білім мен іс – тәжірибені талап етеді. Еңбек ақыны ұйымдастыру және төлеу саясаты кәсіпорынның жұмыс нәтижесіне тікелей ықпалын тигізеді. Еңбек қатынастарының жарғылық заңды түріндегі реттеу, сонымен қатар жұмысшыларға еңбек ақы төлеу облысында кәсіпорын компетенциясына кіретін еңбек ақы шарттары көрсетілген кәсіпорынның ұйымдық келісім шарты болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздерін зерттеу және нақты кәсіпорын мысалында талдау болып табылады. Жұмыстың осы мақсаты алдымызға мынадай міндеттер қояды:

  • еңбек ақының мәнін, функцияларын, қағидаларын ашып көрсету;
  • Қазақстан Республикасының жалақы төлеу жағдайына сипаттама беру;
  • Қазақстан Республикасының жалақы түрлеріне, жүйелеріне талдау жасау;
  • Қазақстан Республикасының жалақыны төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары.
  • Зерттеу нысаны болып, Қазақстан Республикасынның халақтың табысы мен өмір сүру деңгейінің ағымдағы жағдайы

Зерттеу пәні

– кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру туралы мәліметтер, жалақының түрлері, жұмыс  уақытын пайдалануды талдау, жұмысшылардың саны мен жалақы қорын талдау, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – ның соңғы бірнеше жылдардағы негізгі технико – экономикалық  көрсеткіштері.

Дипломдық жұмыс кіріспеден,  үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер  тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері қарастырылады.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының жалақы төлеу жағдайына талдау жүргізілген.

  • Үшінші бөлім  Қазақстан Республикасының жалақыны төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары.

жетілдіру жолдарын қарастыруға арналған.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып, осы мәселеге арналған нормативті – құқықтық актілер, отандық және шетелдік белгілі авторлардың монографиялары,  мерзімдік басылымдар, арнаулы әдебиеттер, сонымен қатар, тәжірибе өту кезінде алынған материалдар табылады.

Жалпы диплом жұмысы кіріспе, үш бөлімнен  кесте мен сүреттен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Жалақының экономикалық теориялық негіздері

 

1.1 Жалақы туралы түсінік және оның мәні мен маңызы

 

Жалақы дегеніміз – атқарылған еңбек үшін материалдық марапаттау формасы, ол орындалған қызметтің саны мен сапасына сәйкес жұмыскерлердің өз қолына түседі және ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Орындалған қызмет көлемі өндірілген өнім мен  қызмет көрсету көлемі арқылы, ал сапасы – дайын өнім сапасына қойылатын талап пен кәсіп деңгейімен анықталады.

“Еңбек ақы” түсінігінің мазмұны экономикалық категория ретінде уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Қоғам дамуының кезеңдеріне сәйкес жалақының бірнеше анықтамасы бар. ХVІІІ ғасырда белгілі ағылшын экономисті А. Слит: "Жалақы – жұмыскердің жалданушыға еңбек үшін төлейтін ақысы", - деп қарастырған. Оның ойынша нарықтағы тауар ретінде өнім (қызмет көрсету) өндіру бойынша процесс ұзақтығы жатса, ал жалақы – ол еңбектің бағасы.

Экономикалық ғылымдардың классигі  Д. Рикардоның айтуы бойынша еңбек кез-келген тауар ретінде табиғи және нарықтық құнға ие. Табиғи құнға ол жұмыскер мен оның жанұясының өмір сүру құнын, ал нарықтық құныға сұраныс пен ұсыныс әсерінен ауытқитын жалақыны санаған.

К. Маркс басқа көзқараст ұсынған. Оның концепциясы бойынша жалақы - “жұмыс күші”  тауар құнының ақшалай көрінісі. Ол еңбектің тауар ретінде бола алмайтынын және оның құны болмайтын ережені көздеді. К. Маркс теориясы бойынша жұмысшы барлық еңбек үшін ақы алмайды, тек қажетті еңбек үшін алады. Жалақының экономикалық табиғатының мазмұны -  сол табыс есебінен жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін материалдық және рухани қажеттіліктер қанағаттандырылады.

Жоспарлы экономика жағдайындағы мемлекттік меншік және әкімшілік басқару жүйесіне негізделген жалақы (Қазақстандағы 1918 жылдан 1991 жылға дейін) – еңбекке төленетін ақшалай төленетін түрдегі материалдық сыйлық.

Нарықтық экономика жағдайында жалақы мәні біршама өзгерді, өйткені өндіріс құрал – жабдықтары тек экономиканың мемлекеттерік секторына емес, сонымен қатар жеке және коллективті кәсіпкерлікке де тиісті. Сонда жеке тұлға капиталының қатысуы арқылы ұлттық табыс пен кәсіпкерлік табысы бөлінеді.

 Егеменді еліміздің Конституциясында “Еңбекке ақы төлеу”  75-  бабында көрсетілгендей “жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегі оның сапасы мен санына байланысты төленеді. Жасына, жынысына, ұлтына байланысты еңбек ақы мөлшерін қандай да төмендетуге жол берілмейді”.

“Қазақстан Республикасының Еңбек туралы”  Заңында (№ 493 – І, 10.12.1999ж)  жалақы  “еңбектің күрделілігі, саны және сапасына байланысты төленетін төлем (табыс)” ретінде анықталады және еңбек келісім-шартына (контракт) сәйкес жұмыскерлерге төленеді.

Сонымен, қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық  жағдайға сәйкес жалақы атқарылған жұмыс үшін төленетін ақшалай сый-ақыға жатады. Тар мағынада алғанда жалақы – белгілі уақыт мерзіміндегі (сағат, күн т.б.) еңбек бірлігін пайдалану үшін төленетін баға.

Жұмыскер үшін жалақы – жеке табыстың басты және негізгі бөлігі. Жалақы әлеуметтік және экономикалық категория ретінде әр жұмыскердің және оның жанұясының тұрмысының игілік деңгейін арттыруда зор роль атқарады. Бұл жағдай еңбек нәтижелерін жақсартуға ынталандырады, еңбек өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Жұмыс беруші үшін оның жұмыскерінің еңбегіне ақы төлеу – жұмыс күшін жалдағаны үшін жұмсалатын шығындар, ол тауар өндіру немесе қызмет көрсетудің өзіндік құнындағы шығындардың бір тармағын құрайды. Сондықтан, ол еңбектің бір данасына жұмыс күші шығындарының үлестік салмағының төмендеу мүмкіндігін қызығушылық тудырады. Бірақ, жұмыскердің еңбек өнімділігін арттыруға әсер ету құралы ретінде жалақы еңбек өнімділігі өсу қарқынына сәйкес өсуі мүмкін, ол пайданың артуына әсер етеді.

Еңбек ақы – нарықты экономика жағдайында келесі қызметтерді атқарады:

ұдайы өндірістік – оның көмегімен жұмыс күшінің ұлғаймалы ұдайы өндірісі жүзеге асады (яғни жұмыскерлердің творчествалық және интеллектуалды еңбекке қабілеттілігі), басқа жағынан капиталдың айналым процесінің ұдайы өндірісі жүзеге асады;

ынталандырушы – жұмыс берушіде өндірістік нәтиже қалыптастырады, жұмыскерде - нәтижелі еңбекке қызығушылық оянады, еңбек ақы еңбек өнімділігі мен жұмыскердің жағдайын жоғарылатуға ынталандырады;

реттеуші – еңбек нарығында еңбек ақы сұраныс пен ұсынысты реттеуші ролін атқарады, сонымен қатар жұмыскер, жұмыс беруші және мемлекет арасындағы қатынасты реттейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жалақы төлеу жүйесінің мәселесі және оны шешу жолдары