Дебиторлық берешекті есепке алудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 11:33, реферат

Краткое описание

Дебиторлар – бұл алынған, бірақ әлі төленбеген немесе (АҚШ-та «алынуға тиісті шоттар») тауарлар мен қызметтер үшін ақша қарыз тұлғалар. [19]
Дебиторлық берешек – бұл заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісі алдындағы ақша түріндегі міндеттемелер. Олар бұл шаруашылық субъектілермен 13.11.1996 ж. № 2 «Қаржылық есеп беруге дайындық пен оны ұсыну үшін тұжырымдамалық негіздері туралы» бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның қаулысына сәйкес белгілі бір қарым-қатынасқа түседі. Бұл қаулыда дебиторлық берешек заңды құқықтармен байланысты актив болып табылады деп көрсетіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЙНУР 4 курс.doc

— 490.50 Кб (Скачать документ)

        Дебиторлық берешек шаруашылық  субъект активтерінің маңызды  бөлігі болып табылады. Сондықтан  бірінші кезекте оның құрылымын ұзақ мерзімдегі және ағымдағы деп бөліп талдау қажет. Ағымдағы дебиторлық берешек тереңірек талданады, өйткені ол кәсіпорынның дебиторлық берешегінің маңызды үлесін құрайды. Ол үшін барлық қажет мәліметті 11 кестесінде жалпылауға қажет.

        Көрсетілген деректер бойынша келесі нәтиже жасауға болады, дебиторлық берешек есеп беру жылы ішінде 446 мың теңгеге азайғанын көреміз.

        Сатып алушыларға төленбеген  шоттардың жалпы сомасы 387 мың  теңгеге азайған немесе жалпы  азаю сомасынан 86,7%.

        Лауазымды адамдардың және басқа дебиторлық берешек 59 мың теңгеге азайған және 2012 жылдың соңына барлық дебиторлық берешек сомасынан 13,23% құрайды.

Кесте 11-Дебиторлық қарыз құрылымы және құрамы туралы мәлімет

 

Дебиторлық қарыздың құрамы

2012 жылдың басына

2012 жылдың аяғына

Өзгеріс (+,-)

Мың, теңге

%

Мың, теңге

%

Мың, теңге

%

1. Дебиторлық берешек 

соның ішінде

4784

100

4338

100

-446

100

- өнім, жұмыс және қызмет  үшін

4688

97,99

4301

99,14

-,87

86,77

- лауазымды адамдардың  берешегі және тағы басқа берешек

96

2,01

37

0,86

-59

13,23


 

        «Дебиторлық берешектің құрамы»  бөлімінде кәсіпорынның есеп  мерзімі бойынша сальдосы бар  Бас шоттар жоспарының 3 бөлім  шоттары кіреді. Берілген кестеге  жасалған талдау нәтижелері бойынша  келесіні айтуға болады, дебиторлық берешектің абсолютті мөлшері (сомасы) бойынша, сонымен қатар құрылымы (үлес салмағы) бойынша күрделі өзгерістер болған.

        Дебиторлық берешектің құрылымындағы  өзгерістер шаруашылық субъектінің  төлем қабілеттілігі жоғарлауы  туралы мінездеме береді. 11 кестесінен көрініп тұрғандай дебиторлық берешек құрылымында алынуға тиіс шоттар бойынша, материалдық зиянды өтеу бойынша, талаптар және т.б. бойынша азаюы талданатын объектінің төлем қабілеттілігінің жоғарылауы туралы сипаттайды.

        Дебиторлық берешектің құрамын және құрылымын талдаудың нәтижелерін жалпылағаннан кейін дебиторлық берешектің сапалығын және өтімділік көрсеткішін зерттеу қажет.

        Дебиторлық берешектің сапасы  оны толық сомада алу мүмкіндігін  көрсетеді. Тәжірибе көрсеткендей, дебиторлық берешекке сұраныс көбейгеннен оны алу мүмкіндігі төмендейді. Мұндай талдауды жүргізу үшін 12 кестесінің деректерін пайдалануға болады, мұнда дебиторлық берешектің құрылымы көрсетіледі.

 

Кесте 12-Қалыптасу уақыты бойынша дебиторлық берешектің талдануы

 

Дебитор-лық қарыздың баптары

2012

жыл-

дың басына

2012  жыл-

дың аяғына

С.і. қалыптасу мерзімі  бойынша, мың теңге

Төлеу мерзімі толмаған

1

айға дейін

1-3 айға дейін

3-6 айға дейін

6-9 айға дейін

9-12 айға дейін

Бір жыл-дан астам

Дебиторлық қарыз

Соның ішінде

4784

4338

2173

955

412

260

303

187

48

Ұзартылған

11,72

               

Барлығына %

24,5

19,8

             

 

          Кестенін нәтижесі бойынша есеп  беру жылында дебиторлық берешектің  жағдайы жақсарған. 

        Сатып алушылардың төленбеген  шоттарының жалпы сомасы 446 мың теңгеге немесе 9,1% азайған, аяқталмаған берешек сомасы 26,8% немесе 313 мың теңгеге азайған.

        Сатып алушылардың, тапсырушылардың  және басқа дебиторлардың мерзімі  созылған берешек құрамында талап  етуге мүмкін емес берешек  жоқ. 

        Бұл серіктестіктің пайда болуына байланысты, «Қарлығаш-ТС» ЖШС 2003 жылы құрылған және дебиторлық берешектің талаптық бұрыңғылық мерзімі заң бойынша 2 жылдан кейін өтеді және оны қалыптастыру мерзімдері бойынша берешектің талдауында көрсетуге болмайды. Мерзімі өткен дебиторлық берешектің уақытын таңдау нақты жағдайларға байланысты басқа бола алады. Мұндай мәліметтің көмегімен талдамашы сенімсіз әріптестер санына жиі түсетін сатып алушылар және тапсырушылардың есептік тәртібінің жалпы қарқынын таба алады.

        Дебиторлық берешектің қайтарымдылығын  өткен тәжірибе және ағымдағы  жағдайлар негізінде анықтауға  болады. Бірақ өткен тәжірибе  келешек шығынға бірдей шара  болмауы мүмкін, нәтижесінде қазіргі  уақыттың жағдайларын есепке  алу қажет. Мұнда талдамашыға рәсімдеудің дұрыстылығын және нақтылығын, дебиторлық берешектің қайтарылу мүмкіндігін білу қажет. Қарыздың қайтармау пайызын есептеу бірнеше жылға орташа деректер бойынша жасау қажет, яғни ұзартылған  дебиторлық берешекті талдауда.

        Өтімділік, яғни дебиторлық берешек айналымдылығы оның ақша қаражатына айналу жылдамдығын көрсетеді. Ол келесі көрсеткіштер қатынасымен есептеледі:

Ад.б. = ӨТ/ДБ, мұнда                                                           (1)

ӨТ - өткізуден түскен табыс

ДБ - дебиторлық берешек

        Берілген қатынас «рет» пен  өлшенеді және талданатын уақытта  дебиторлық берешек қанша рет  қалыптасу және қайтарылу мүмкіндігін  көрсетеді.

        2012 жылы «Қарлығаш-ТС» ЖШС-те дебиторлық берешек айналымдылығын талдаймыз.

Ад.б. = 99167/ (4784+4338):2 = 21,74 рет

        Дебиторлық берешек айналымдылығын  күндермен де келесі формула  арқылы есептеуге болады.

Ад.б. = ДБс * К / ӨТ, мұнда                                                    (2)

ДБс – мерзім соңындағы  дебиторлық берешек

К – мерзімдегі күн саны

ӨТ - өткізуден түскен табыс

        «Қарлығаш-ТС» ЖШС-де 2011 жылы және 2012 жылы дебиторлық берешектің айналымдылығын (күнмен) талдадық.

Ад.б.2003 = 4784 * 360 / 76915 = 22 күн

                Ад.б.2010  = 4338 * 360 / 99167 = 16 күн

        Күнмен берілген дебиторлық берешектің айналымдылығы, оны қайтару үшін қажет күндердің орташа санын көрсетеді.

        Кейде бұл көрсеткіш дебиторлық  берешекті өтеу мерзімі деп  аталады. 2012 жылы дебиторлық берешекті өтеу мерзімі 6 күнге азайған, бұл дебиторлық берешекке қатысты жақсы жағдай болып табылады.

        Естен түсірмейтін жай, берешекті  ұзарту мерзімі көп болғандықтан, өтемеу тәуелділігі жоғары.

        Тіркелген келісім-шарт жағдайлары  бойынша есептелген нақтылы   айналымдылықты салыстыру сатушыларға төлемнің уақыттылық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді. Нақтылы айналымдылықтың келісілгендей ауытқуы сатып алушының қаржылық қиындылықтарынан, кәсіпорынның талдамалы және заңды қызметтер жұмысының нашар қойылуынан болуы мүмкін.

        Берешекті өтеу мақсатымен дебиторға ықпал етудің көп қолданатын әдістері: хат жіберу, телефон соғу, ресми түрде бару, берешектерді ерекше ұйымдарға сату.

        Дебиторлық берешектің мөлшерін, есептік құжаттардың және дебиторлардың  санынан тәуелді оның деңгейін  талдау және жалпы әдіспен жүргізуге болады. Бақылаудың және талдаудың жалпы кестесі, ережедегідей өзіне бірнеше этап кіргізеді.

        1 Этап. Дебиторлық берешектің шектеулі  мәнін білдіреді; берешекке жататын  шектеулі деңгейден асатын барлық  есептік құжаттар міндетті түрде тексеруге жатады.

        2 Этап. Қалған меншік құжаттардан  бақылау таңдауы жасалады. Ол  үшін әр түрлі әдістер қолданады.  Оның қарапайым бір түрі n- пайызды  тест (n=10% сияқты бір белгі бойынша  алынатын әр 10-шы құжатты тексеруі, мысалы, міндет пайда болған уақыты бойынша).

        Есеп беруде көрініс тапқан  және таңдаулы деректер бойынша  есептелген дебиторлық берешек  мөлшерінің таңдау қателігіне, мәнділік  деңгейінің шектеулі мәнін тапсыруға  негізделген таңдаудың күрделі  статистикалық әдістері бар.

        Бұл жағдайда таңдау интервалын  аңықтайды (ақша өлшемі бойынша)  және кезекті интервал шегі  түсетін әр есептік құжатты  бақылау және талдауға болады.

        3 Этап. Таңдалған есептік құжаттарда  дебиторлық берешек сомасының  нақтылығы тексеріледі. Негізінен, контрагенттерге құжатта көрсетілген немесе есепте өтетін соманы бекітуге өтініш хаты жіберіледі.

        4 Этап. Табылған қателіктердің мәнділігін  бағалайды. Мұнда әр түрлі шектеулер  пайдаланылады. Осылай Австрияның  ұлттық есептік стандартында есептік және бақылау нәтижесінде анықталған 10% асатын айырма мәнді деп танылады. Егер ауытқу 5-тен 10% ішінде болса, оның мәнділігі туралы шешімді талдамашы (басқарушы, есепші, аудитор) қабылдайды. 5% деңгейден аспайтын ауытқу, мәнсіз деп танылады. Талдау нәтижесін жалпылағаннан кейін олар дебиторлық берешек барлық жиынтығына таралады және қорытынды түрінде есеп беруге сәйкес бөліміне толтырылады (жылдық есеп беру, талдамалы жазу, ішкі аудитордың есеп беруі және т.б.).

        Дебиторлық және кредиторлық берешектерді салыстыру бойынша сұрақ өте көкейкесті. Мұнда талдамашы және есепші көзқарастары қарама-қарсы болуы мүмкін: біріншісі сәйкес келтіру мүмкіндігінен бас тартпайды (негізінен, ерекше коэффициентерді пайдаланумен жасалатын өтімділік және төлем қабілеттілік талдау осы сәйкес келтіруге негізделген), екіншісі – керісінше. Есепші мұндай жағдайларда келесі дәлелдерді келтіреді. Кейбіреулер былай деп санайды, дебиторлық берешек әр түрлі бола береді, кредиторлық берешектен аспаса болды, сондықтан талдауда көңілі осылар арасындағы айырмашылыққа аудару қажет деп есептейді. Бұл көзқарас қате, өткені кәсіпорындар өз кредиторлық берешектерін дебиторлық төлемдерден тәуелсіз өтеу керек. Сондықтан талдауда дебиторлық және кредиторлық берешекті бөлек қарауы керек, дебиторлық айналымнан уақытша ауытқыған қаражат ретінде, ол кредиторлық айналымға уақытша тартылған қаражат ретінде болады.

        Келтірілген дәлелдер өте шынайы. Бірақ әлемдік есептік-талдамалық  тәжірибеде дебиторлық және кредиторлық  берешектерді сәйкес келтіру әдеттегі және кең тараған талдамалық әдіс.

        Ерекше көңілді күмәнді қарыздар  бойынша резервтер деректерінің  талдауына бөлу керек. Экономикасы  дамыған елдерде компаниялар  есеп беруге дайындалу кезінде  резервтерді дебиторлық берешектің  жалпы санына қарастыруды пайыз түрінде есептейді, мұнда варияцияның мәнді болуы мүмкін. Осылай US Steel американдық компаниясы резервті 0,78% нормасында есептейді, Eastmen Kodak, General Electric корпорациялары 3-6%.

 

4.2. Дебиторлық  берешек жағдайын жақсарту шаралары

 

        Әкелінген өнімге уақытында төлем  алу үшін және қарыз пайда  болмауға жол бермеу үшін алдын-ала  төлеу уақытында келісім бағалардан  жеңілдіктер еңгізіледі, дебиторлық  берешекті өтеудің 4 әр түрлі  формалары бар: қарызды банкіге  сату (факторинг); міндеттерді төлеу үшін банктен есеп шотында қаражаттан астам ссуда алу (овердрафт), вексельдерді есепке алу (дисконт). Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдарының бірі дебиторлық берешекті өтеу болып табылады, бұл мәселені шешу нұсқаларының бірі факторинг компаниясы немесе коммерциялық банкпен және кәсіпорын арасында қаржы операцияларды жүргізу.

        Дебиторлық берешекті өтеудің  тағы бір жолы – цессия-келісім-шартты, яғни талапты кешіру және меншік  құқығын беру.

        Цессия – қарыз беруші (цедент) құжатты, онда ол өз талаптарын (дебиторлық берешекті) кредиторға банктен қарызды қайтаруды қамтамасыз ету мақсатымен береді. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорын банктен ссуда алады және сол уақытта цессия-келісім-шартын рәсімдейді. Көбінесе ашық цессия қолданады, ол қарыз алушыға талаптарын ауысуын мүмкін етеді. Мұнда қарыз алушы өз міндеттерін банк қарызгері (цедент) алдында емес, банк алдында өтейді. Осылай, цессия-келісім-шарты дебиторлық берешек мәселесін шешуге, айналымды құралдарын толтыруға және бюджет алдында кредиторлық берешек болғанында өз ресурстармен оралымды икемденуге мүмкіндігі бар, өйткені алынған қарызды өтеу ссудалық шот арқылы жүреді.

        Дебиторлық берешек пайда болуының  бір себебі кәсіпорын және  банк арасында реттеушіліктің  болмауы, ол үлкен қаржылық мәселелерге әкеліп соғады.

        Есептілік – кассалық қызметте  келісім-шарт жасағанда келесі  ойлармен басқарылуы керек:

        Банкпен келісім-шартқа есеп шотта  қалған кәсіпорынның қаражатын  пайдалану үшін төлеу жүргізілу  қателігі туралы айтылуы керек.

Информация о работе Дебиторлық берешекті есепке алудың теориялық негіздері