Дебиторлық берешекті есепке алудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 11:33, реферат

Краткое описание

Дебиторлар – бұл алынған, бірақ әлі төленбеген немесе (АҚШ-та «алынуға тиісті шоттар») тауарлар мен қызметтер үшін ақша қарыз тұлғалар. [19]
Дебиторлық берешек – бұл заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісі алдындағы ақша түріндегі міндеттемелер. Олар бұл шаруашылық субъектілермен 13.11.1996 ж. № 2 «Қаржылық есеп беруге дайындық пен оны ұсыну үшін тұжырымдамалық негіздері туралы» бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның қаулысына сәйкес белгілі бір қарым-қатынасқа түседі. Бұл қаулыда дебиторлық берешек заңды құқықтармен байланысты актив болып табылады деп көрсетіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЙНУР 4 курс.doc

— 490.50 Кб (Скачать документ)

        Қарызға өткізу пайызымен әдісіне  қарағанда керісінше дебиторлық  берешекті болжаудың өтеу мерзімдері  бойынша әдіс дебиторлық берешектің  таза өзіндік құнын есептеуге қажетті күмәнді қарыздарға соңғы қалдықты есептеуге мүмкіндік береді. Күмәнді қарыздарға резервтік ағымдағы қалдығы қажет қалдыққа сәйкес келу үшін бухгалтерлік хаттау көмегімен жаңартылады. Күмәнді қарыз берілген корректировка сомасына дебеттеледі.

        Резервтік күмәнді қарыздарға  қажетті қалдығын есептеу үшін  пайдаланады:

  1. жалпы дебиторлық берешек негізделген бірлік қиыстырылған ставка
  2. әр алынуға тиіс шоттар мерзіміне негізделген бірнеше ставка. [12]

        Екі әдіс – таза өткізуден  қарызға пайызы және дебиторлық берешек өтеу мерзімі бойынша әдістер – бірге пайдаланады, әр қайсысы бір – біреуін толықтыру үшін. [37]

        Күмәнді берешекті есепке алудың  екі әдісі бар:

        тікелей есептен шығару әдісі

        резерв әдісі

        Тікелей есептен шығару әдісі – нақты шоттар сенімсіз деп танылғаннан кейін, шығындардың есептелу әдісі. Бұл әдіс бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда жақсы болып табылмайды, өйткені сенімсіз қарыздар бойынша шығындар тауарлар немесе қызметтер сатылу кезіндегі есептік мерзімде емес, ал белгілі болған есептік уақытта есептелінеді.

        Қазіргі уақытта ұйымдардың көбісі  резерв әдісін пайдаланады, мұнда  хаттама жазу арқылы қаржылық  мерзім соңында алдын – ала  сенімсіз қарыздар бөлігінің  бөлімін келтіреді. Күмәнді қарыздар бойынша жалпы сомма бағаланады және осы сомма бухгалтерлік баланста дебиторлық берешектен алып тасталу және қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесі есеп беруінде шығындар ретінде көрсетіледі. [29]

        Көптеген шет елдер есепке  алу жүйесіне тән айырмашылығы (қазір Қазақстандық бухгалтерияда) шоттар жиынынан көбінесе 2 шот қолданылады: «Алынуға тиісті шоттар» және «Төленуге тиісті шоттар». Біріншісі дебиторлық берешекті, ал екіншісі – кредиторлық берешекті есепке алуға арналады. [12]

        Айтып кететін жай, бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарында №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берулердің негізгі ашылуы» (П.16.5) дебиторлық берешек есеп беру уақытынан 1 жыл ішінде алынатын статья бола алады, яғни:

  ағымдағы активтерді сатып алу үшін аванстық төлемдер;

  алынуға тиісті  шоттар;

  негізгі шаруашылық  серіктестік немесе еншілес серіктестіктер  арасындағы операциялар нәтижесінде  пайда болатын дебиторлық берешек;

  акционерлік қоғамдардың  лауазымды адамдарының дебиторлық  берешегі, басқа да дебиторлық берешек.

 

    1. Зерттеу әдістемесі

 

        «Кіріспеде» диплом жұмыс тақырыбының  көкейкестілігі, зерттеу объектісі  және заты, жұмыс мақсаты көрсетілген.

        Бірінші бөлімде - әр түрлі  афторлардың көзқарасы бойынша  дебиторлық берешектің экономикалық мәні қаралған. Топтастыруда ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есеп қаулысы негізінде және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша, әр түрлі кәсіпорында әр түрлі көзқарастар және өндірістік қызмет негізінде топтасу және дебиторлық берешек есепке алу және талдау әдістері туралы жазылған.

        Екінші бөлімде «Қарлығаш-ТС» ЖШС жарғысы негізінде «Жауапкершілігі шектелген серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктесті» Заңына, ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпорынның құқықтық саясаты көрсетілген. Сондай-ақ мұнда «Қарлығаш-ТС» ЖШС-тің баланс негізінде мүліктік жағдайына және 2010-2011-2012 жылдар аралығына қаржылық есеп берудің сипаттамалары берілген.

        Үшінші бөлімде «Дебиторлық берешек  есебінің жағдайы» ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары және Бас шоттар жоспары негізінде кәсіпорында алғашқы және жиынтық есепке алуы көрініс тапқан. Осы бөлімде әр түрлі авторлардың, шет елдер тәжірибесінен алынған ғылыми есепті жетілдіру жолдары жазылған, берілген кәсіпорында есепті жетілдіру үшін нақты ұсыныстар жасалған.

        Төртінші бөлімде – «Дебиторлық  берешекті талдау».

        Дебиторлық берешектің құрылымы  және құрамы, өтімділік, яғни дебиторлық  берешек айналымдылығы бойынша  талдау жасалған. Осы бөлімде  дебиторлармен есептесуді жақсарту шаралары көрсетілген.

        Соңғы бөлімде «Қорытынды» есепті  және кәсіпорынның жалпы экономикалық  жағдайын ұйымдастыру бойынша  нақты қорытындылар келтіріледі және «Қарлығаш-ТС» ЖШС-де дебиторлық берешекті есепке алу және оны талдаудың жетілдіру жолдары берілген.

        Зерттеу процесінде келесі әдістер  қолданылған:

салыстырудың статистикалық  – экономикалық әдістері

өзгерістер әдісі 

талдау және басқа  әдістер.

 

 

 

 

 

 

 

 

2. «ҚАРЛЫҒАШ-ТС» ЖШС-НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

 

2.1. Құқықтық жағдайы

 

        «Қарлығаш-ТС» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі 30.05.2001 жылы Қостанай облысының Әділет басқармасымен тіркелген.

        Жауапкершілігі шектелген серіктестік  Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес заңды тұлға болып табылады, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі ақтау негізінде, жеке мүлкі бар, өзіндік балансы және несиелік мекемелерде шоттары, атауы жазылған мөрі, фирмалық банктер және басқа реквизиттері бар.

        Жауапкершілігі шектелген серіктестік  өз міндеттері бойынша жауапкершілік атқарады. Қатысушының меншік қарыздары бойынша жауапкершілігі жоқ. Қатысушы серіктестіктің міндеттері бойынша жауап бермейді және оның қызметімен байланысты шығындардың тәуекелділігі серіктестіктің жарғы капиталына салынған салым құны көлемінен аспауы керек.

        Серіктестіктің негізгі мақсаты  пайда табу. Қызметтің негізгі  түрі қызмет табысының негізгі  түрлерін түсіру , қолданыстағы заңға  қайшы келмейтіндей қызметпен  айналысу.

        Бұл кәсіпорын негізінен көмір  өндірумен, оны сатумен айналысады.

        Қаржылық және өндірістік есеп, салықтық есеп, ішкі бақылау және  аудит ЖШС ҚР-ның Президентінің  «Бухгалтерлік есеп» жайлы жарғысымен  басқарылады.

        ЖШС-тің мүлігі баланста көрсетіледі.  Серіктестік мүлік меншік құқығы  бойынша иемденеді.

        ЖШС-тің мүлік қалыптастыру көздері:

              Қатысушының жарғы капиталына  салымдар

              Қызметтен алынатын табыс

              Заңды актілермен тыиым салынбаған  басқа көздер.

        Серіктестік қатысушысы серіктестік  мүлігіне қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдай алады.

        ЖШС қызметін қамтамасыз ету  үшін қатысушылар салымдары арасында  жарғы капиталы қалыптасқан, мөлшері  66000 теңге.

        Жоғарғы орган – Құрылтайшы, ол  серіктестік қызметі туралы сұрақтарды  шешуге құқылы.

        Құрылтайшының ерекше қызметіне жататындар:

              Серіктестік жарғысының өзгеруі

              Орындаушы органның қалыптасуы

              Жылдық қаржылық есеп беруді  бекіту және таза табысты үлестіру

              Ішкі ережелерді бекіту

              Жойылу және өзгеру туралы шешім қабылдау

              ЖШС-тің мүлігіне қосымша салымдар  енгізу туралы шешім қабылдау.

        Орындаушы орган  - директор болып  табылады.

        Директор өзі құрылтайшы бола  алады немесе келісім – шарт  бойынша 3 жылға алынған адам.

      

2.2. Капиталдың  құнын және құрылымын бағалау

 

        Меншік капитал – барлық міндеттемелерді  алып тастағандағы кәсіпорын  активтерінде алынатын меншік  иесі мүддесі. Субъектінің меншікті, жарғы, төленбеген, қосымша төленбеген, резервті капиталдардан, тартылмаған табыстан және жиынтық табыстан тұрады.

        Өндірістік не басқа коммерциялық  қызметпен айналысатын әр субъект  нақты капиталға ие болуы керек.  Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға  қажетті капитал материалдық  құндылықтардан және ақша қаражаттар жиынтығынан, қаржылық салымдар және құқықтар мен басымдылықтардан иемденуге қажет шығындардан тұру керек.

        Бухгалтерлік есепте капиталды  шартты түрде активті және  пассивтілігі бөледі. Активті капитал  субъектінің мүлігінен және міндеттемелерінен тұрады, яғни оған берілген субъектінің оқшауланған шаруашылық объектісі ретінде иемденетін құралдар жатады (негізгі құралдар, материалды емес активтер, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, тауарлы материалдық қор, ағымдағы есептесудегі құралдар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, ақша қаражаты жатады). Пассивті капиталдың мүлік көзімен сипатталуы және қарыз капиталдарынан тұруы 2 суретте көрсетілген.

               

Экономикалық субъектінің  мүлік көздерінің қалыптасуын топтастыру

 

Экономикалық субъектінің мүлігін қалыптастыру көздері


  


 

Меншікті капитал




 

 


 


 

Тартылмаған табыс

 

Резервті капитал

 

 

Қосымша төленген капитал


 

 

 

 

Алынған капитал

 

 

Төленбеген капитал




 

 

 

 

 

Қарыз капиталы





 


 

 


 


 

 

Ұзақ мерзімді қарыз капиталы

 

 

Қысқа мерзімді қарыз  капиталы



Шегерілген салықтар




Ұзақ мерзімді несие




Жабдықтаушы мен мердігерлерге  қарыз




Жұмысшыларға қарыз




Қысқа мерзімді несие  және қарыз 




Басқа қысқа мерзімді міндеттемелер




 


Сурет 2

       

        Субъектінің меншікті қаражаты қалыптастырудың негізгі көзі – жарғы капиталы. Қолданыстағы ережелерге сәйкес жарғы капиталы мөлшері жарғы құжаттарында тіркелген көлеміне сәйкес келу керек.

        Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  маңызды деңгейде қаржылық ресурстарды  активтерге салу дұрыстығынан және мақсаттылығынан байланысты. Қызмет ету процесінде кәсіпорынның активтер мөлшері және құрамы тұрақты өзгеріп тұрады.

        Қаржылық жағдайды талдауды мәліметтері  бойынша кәсіпорын мүлкінің құрамы  және құрылымын зерттеуден бастайды. Баланс кәсіпорын мүлкі өзгеруінің жалпы бағасын беруге, оның құрамында айналымы (мобильді) және айналымнан тыс (иммобильді) құралдарды бөлуге, мүлік құрылымының өзгеруін зерттеуге мүмкіндік береді.

        Мүлік құрамы және құрылымы  өзгеруінің талдауы кәсіпорын мүлігінің барлығын немесе оның бөлек түрлерінің салыстырмалы және абсолютті азаюы немесе көбеюі мөлшерін бекітуге мүмкіндік береді.

        Кәсіпорын мүлкі құнының өсуі  себептерін талдап, инфляция әсеріне  есепке алу қажет, оның жоғары  деңгейі баланстық есеп берудің номиналдық деректерінің нақты да маңызды ауытқуына әкеліп соғады. Құрылымдық өзгеріс көрсеткіштері әр мүлік түрінің жиынтық активтер жалпы өзгеруінде үлесін көрсетеді. Олардың талдауынан келесі нәтиже жасауға болады: қандай активтерге қайта тартылған қаржылық ресурстар салынған немесе қандай активтер қаржылық ресурстардың кему себептерінен азаяды.

        Талдамалық есеп 1 кестесінде көрсетілген.

Информация о работе Дебиторлық берешекті есепке алудың теориялық негіздері