Біріккен кәсіпорынның бірігуінің мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 09:57, дипломная работа

Краткое описание

Соңғы тарау бірлескен кәсіпорынның қаржы жағдайын аудиторлық тексеруге арналған. Себебі кез-келген кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру үшін аудитордың қорытынды пікірін қажет етеді. Бухгалтерлік есеп пен аудит тығыз байланыста жүреді, бірінсіз бірі болмайды. Сондықтан бөлімде аудиторлық тексеру кезінде тексерілетін бухгалтерлік есеп құжаттары, нормативтік актілер, тексеру әдістері, міндеттері, салықтық есептеу кезіндегі ерекшеліктері келтірілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бириккен касипорын.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

Қаржы есеп беру кезінде  біріккен кәсіпорын түсініктеме  жазба хатында мыналарды ашып көрсетеді:

    1. табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер  көрсеті жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін аяқтау тәсілі;
    2. есепті кезең үшін танылған табыстардың  әрбір маңызды түрлерінің сомасын, соның ішінде: тауарлар өткізу, қызметтер көрсету, пайыздар, роялти, дивидендтер нәтижесінде туындайтын табыстарды,олардың ішінде тауарлар  немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбір маңызды түріне  енгізілген табыстар сомасын.

           Біріккен кәсіпорындарда табыстардың  есебі субъектілердің бухгалтерлік  есебі мен қаржы шаруашылық  қызметі есептерінің бас шоттары жоспарындағы алтыншы «кіріс» - деп аталатын бөлімнің шоттарында жүргізіледі.  Бұл бөлімнің шоттары тауарларды және басқа активтерді сатудан, қызмет көрсетуден т.б. операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару  және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл соңында бұл бөлімнің шоттары бесінші «Меншікті капитал» бөліміндегі 5610- «жиынтық табыс (зиян)» шотына апарылып жабылады.

            Біріккен кәсіпорындардың негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 6010 – шотында жүргізіледі. Бұл шотта өнім өндіруші біріккен кәсіпорындардың өздері өндірілген өнімдерін сатудан, орындаған жұмыстары мен көрсетілген қызметтерінен алынатын табыстары есептелінеді.

            Біріккен кәсіпорынның өз меншігіндегі  материалдық емес активтерін сатудан түскен табыстарының есебі 6210-шотта кәсіпорынның негізгі құралдарды сатуы, өткізуі, есептен шығаруы барысында  алған табыстары есептелінеді. Құнды қағаздарды сатуы барысында біріккен кәсіпорынның тапқан табыстарын есептеу үшін бухгалтерлік есеп бас шоттар кестесіндегі 6210-шоты қарастырылған. Кәсіпорынның пайыз және дивиденд түрінде алатын табыстары 6120-шотта есептелінеді. 5450-шотында  валюталар бағамының өзгеруі нәтижесінде оң бағамдық айырмашылықтан алынған біріккен кәсіпорынның табысы есептелінсе, 6230- шотта кәсіпорынға жоғары өкімет органдарынан  қайтарымсыз, тегін келіп түскен заттардан, ақша қаражаттарының және мүліктердің есебі жүргізіледі. Ал біріккен кәсіпорының осы жоғарыда аталғандардан басқа негізгі емес қызметтері болып саналатын  көрсеткен қызметтері мен атқарған жұмыстары нәтижесінде алған табыстары 6230 - шотта есептелінеді.  Кәсіпорынның мұндай табыстарына басқа заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен  материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, ақша қаражаттары, айыппұлдар, өсімақылар және т.б. төлемдер жатады. Сондай-ақ 5430 шотының дебеті мен 6210-шотының кредитінде шығып қалған қаржылық инвестицияларды қайта бағалаудан алынатын табыс сомасы көрсетіледі.

           Біріккен кәсіпорынның басқа заңды және жеке тұлғаларға берген қарыздары мен несиелері үшін алынатын пайыз түріндегі табыстарына, сондай-ақ дивиденд түрінде алынатын табыстарына 2170- шоты дебеттелініп, 6120-шоты кредиттелінеді [26].

          Шығыстар есебі Кәсіпорындардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ  оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы кәсіпорынның шығыстары болып табылады. Біріккен кәсіпорындағы шығыстардың есебі 7000-бас шоттарының бөлімше шоттарында есептелінеді.

7110 және 7210 активті шотының дебетіне сәйкесінше тиісті шоттарының кредитіне кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлеріне есептелген еңбекақы сомасы, сыйақылар сомасы, демалыс уақыттарына есептелген ақылар, бюджетке салық ретінде төленуге тиісті сомалар, бюджеттен тыс мекемелерге  төленуге тиісті сомалар, жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі үшін төленуге тиісті сомалар және басқадай төленетін шығындар сомалары жазылады.

Біріккен кәсіпорынның банк немесе банктен тыс мекемелерден алған несиелері үшін есептелетін  пайызға 7310-шоты дебеттелініп, 4160-шоты кредиттелінеді.

 

 

          2.4 Дебиторлық берешектер мен міндеттемелер есебі

 

Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлттық комиссияның 1996 жылғы №2 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы» - деп аталатын қаулысына  сәйкес «Дебиторлық борыш» иелік  ету құқықтарымен қоса заңды құқықтарына  байланысты актив болып саналады. Бір жылдан астам уақыт бойы  алынбаған дебиторлық  борыштар ұзақ мерзімді активтердегі «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» бабына енгізілуі мүмкін.

Біріккен кәсіпорындардың  дебиторлық борыштарының есебіне мына төмендегі аталған есептілік тіркелімдер (регистрлер, құжаттар) пайдаланылады (қолданылады) №7 Журнал-ордер – 2150 шотының кредиті бойынша, №8 Журнал-ордер – 2170,2180-шотарының кредиті бойынша.

Аталған бөлім 2110,1280 – шоттары жайлы ақпараттарды ашып көрсетеді. 2110-шотта тиеліп жіберілген өнімдер,  атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төленуге тиісті сома есептелінеді. 2110-«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бас шотына қатысты бухгалтерлік есепте сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге, тиеліп жіберілген тауарлар, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу құжаттары ұсынылғанда Дт -2110 Кт- 6210; тиеліп  жіберілген тауарлар, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер байланыста ҚҚС-ны есептелгенде Дт-2110 Кт-3130; сатылған материалдық емес  активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына Дт-2110,1280 Кт-6210; сатылған  материалдық емес  активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша ҚҚС есептелгенде Дт-2110,1280 Кт-3130;  шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына Дт-2110,1280  Кт- 6250; айыппұлдар, өсімақылар есептелгенде Дт-2110,1280 Кт- 6260; сатып алушылардан оларға сатылған өнім, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде Дт-1032, 1031, Кт- 2110; сатып алынған мен дайын өнімдер әртүрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда Дт-6020 Кт -2110; кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына Дт-6030 Кт -2110,1280; қайтарылған тауарлар мен өнімдерге есептелінген ҚҚС сомасы Дт-2110,1280 Кт-3130; шетелдік  валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары бойынша пайда болған жағымсыз бағамдық айырмашылық сомасына Дт-7430 Кт-2110, 1280 корреспонденциялар жазылады.

Қазіргі таңда сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер  үшін уақтылы есеп айырыса алмай  немесе алынуға тиісті сомалардың бір  бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде жиі кездеседі. Жалпы борышкердің белгіленген мерзім аралығында төлем жасай алмау фактісі осы берешек сома  жабылмай қалады.

  Егер сатып алушының  дебиторлық  қарызы  ретінде есептен  шығарылып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл қарыз сомасы өтелінсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады: Дт-1290 Кт-2110. Бұрын есептеген шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметтен түскен табыс есебіне танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте Дт-1011,1012,1031,1032 Кт-6260 жазуы жазылады. 1290 – шот бойынша субъектінің бухгалтерлік есебіне мынадай корреспонденциялар жазылады: күдікті қарыздар бойынша резерв құрылғанда Дт-7210 Кт-1290; күдікті қарыздар бойынша резерв құрылғанда Дт-7210 Кт- 1290; күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен дебиторлық борыштың есептен шығарылуына Дт 7210, Кт 1210. Бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыз күдікті қарыз бойынша жасалынған резерв сомасы алынып тасталып көрсетіледі.

  Мысалы: қандай да бір кәсіпорынның дебиторлық қарызы 200 000 теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50 000 теңгені құрайды – деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезеңінде резерв сомасы 50 000 теңге кезең шығындары ретінде танылады да бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыз сомасы 50 000 теңгеге азайтылып 150 000 теңге (200 000 – 50 000 = 150 000) көрсетіледі.

  1220 – «Еншілес (тәуелді)  серіктестіктердің дебиторлық борышы»  бас шотының 1230 – «Бірлесіп  бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоттарында барлық бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады. 1230 – «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шотын сипаттай келе, бухгалтерлік есептің №15 «Бірлескен қызмет бойынша қаржылық есеп беруде үлестік қатысудың көрсетілуі» стандарттарына «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға» сөзіне түсініктеме берілген. Айтылып өткендей,  «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есептемесінде және біріктірілген (консолидациялық) қаржылық есептемеде өзінің үлестік қатысуын көрсету қажет. Ол пропорционалды біріктіру үшін есеп беретін форматтардың біреуін қолдану негізінде жүзеге асырады.

  • 1220 – бас шоттың бөлімше шоттарына сәйкес бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар үшін есеп айырысу шотынан және басқа субъектілердің шоттарынан төлем жүргізілген уақытта Дт-1230 Кт-1011 бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға кассадан ақша қаражаттары берілген уақытта Дт- 1230 Кт- 1011;
  • сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының пайда болуы Дт-1230 Кт-6210,6250; ҚҚС сомасына Дт-1230 Кт-3130;
  • шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімді бағамдық айырмашылық Дт-1230 Кт-6250;
  • бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының жабылуы Дт-1280,1032,1020,1012 Кт-2130;
  • бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалард<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char"

Информация о работе Біріккен кәсіпорынның бірігуінің мәні