Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 09:57, дипломная работа
Соңғы тарау бірлескен кәсіпорынның қаржы жағдайын аудиторлық тексеруге арналған. Себебі кез-келген кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру үшін аудитордың қорытынды пікірін қажет етеді. Бухгалтерлік есеп пен аудит тығыз байланыста жүреді, бірінсіз бірі болмайды. Сондықтан бөлімде аудиторлық тексеру кезінде тексерілетін бухгалтерлік есеп құжаттары, нормативтік актілер, тексеру әдістері, міндеттері, салықтық есептеу кезіндегі ерекшеліктері келтірілген.
Қазіргі нормативтік актілер мен кәсіпорын есеп саясатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар нақтылы қолда бар негізгі құралдарды айқындау және оның дұрыс сақталуын бақылау мақсатында мерзім сайын түгендеу жүргізіп отырады.
Бухгалтерлік есептің
тіркелімдерінде немесе
Ескерілмеген объектілерді түгендеу кезінде анықталған бағалау қолданыстағы бағалар мен өндіріс жағдайлары ескеріліп, жүргізілуге тиіс. Түгендеу комиссиясы осы объектілердің қашан салынғанын немесе сатып алынғанын, өндірістік шығындардың қаржылану көздерін анықтап, оны хаттамада көрсетуі тиіс. Негізгі құралдар объектінің негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша инвентарлық тізімдемеге көшіріледі.
Түгендеу сәтінде
кәсіпорынның тыс жерде болған
негізгі құралдар кәсіпорынның
уақытша шыққан сәтке дейін
түгенделеді. Пайдалануға жарам
Тауарлы-материалдық қорлар Өндіріс процесінде еңбек құралдармен қатар еңбек заттары да қатысады. Өндірістік қорлар – бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Біріккен кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлардың есебі №7 «Тауарлы-материалдық қорлардың есебі» БЕС-ына сәйкес ұйымдастырылады, онда стандарт әрекетінің аясы, ТМҚ өлшемдері, ТМҚ өзіндік құны, ТМҚ бағалау, шығысты тану, есеп берудің ашылулары белгіленген.
Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу; құжат айналымының айқын жүйесі және ТМҚ-ды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау; бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру; ТМҚ-ға тұрақты түрде түгендеу жүргізу бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компьютерлендіру қажет.
Біріккен кәсіпорындарда өндірістік қорлар функционалды бағыты бойынша былайша бөлінеді: шикізаттар мен материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, отын (технологиялық, қозғалтқыш (жанармай), шаруашылық (жылу үшін), ыдыс және ыдыс материалдары (қызмет мерзімі мен құына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс, өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық емес ыдыстар), қосалқы бөлшектер, тозған тетіктер мен машиналық жабдықтарды жөңдеуге және алмастыруға қызмет етеді, өзге материалдар, құрылыс материалдары.
Біріккен кәсіпорындардың материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 «Материалдар» бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты, 1312 «Сатып алынған және жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар конструкциялар мен бөлшектер», 1313 «Отын», 1314 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1315 «Қосалқы бөлшектер», 1316 «Өзге де материалдар», 1317 «Өңделетін материалдар», 1318 «Құрылыс материалдары» шоттарында жүргізіледі [19].
Тағайындалған нөмірін, өлшем бірлігі мен бағасы ТМҚ-дың қалдығы мен қозғалысы ескерілетін барлық құжаттар мен тіркелімдерге қояды. Талдамалы есепте материалдық құндылықтар нақты есептік бағалар (келісім, жоспарлы-есептік) бойынша, ал жинақтамалы есеп пен есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша ескеріледі.
Біріккен кәсіпорындарда материалдық ресурстардың нақты өзіндік құны осы ресурстарды жеткізуші ұсынған несиеге сатып алғаны үшін пайыз төлеуді қоса салғанда, сатып алу шығындары, коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстемелер (үстеме ақылар), комиссиялық сыйақылар, тауар биржаларының қызмет құны, кедендік баж, басқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылған тасымалдау, сақтау, жеткізу шығындарына байланысты анықталады.
№7 БЕС-ына сәйкес тарифтің артық төленген сомаларын қайтару үшін сол сияқты түзетулер көлік – дайындай шығындарының сомасынан шегеріледі.
Біріккен кәсіпорындарда қорлардың талдамалы есебі жоспарлы – есептік бағасы бойынша құннан плюс-минус нақты өзіндік құнының есептік бағасы бойынша құннан ауытқуынан құралады. Бұл бағалар субъектінің өзі келісім бағасының негізінде көлік - әзерлеу шығындарының жоспарлы мөлшерін ескере отырып дайындайды. Көлік - әзерлеу шығындары немесе жұмсалған материалдарға қатысты ауытқулар (плюс – минус) материалдық құндылықтардың шығыны келісім немесе есептік бағалар бойынша көрсетілген шоттарға ай сайын есептен шығарылады. Көлік-әзерлеу шығындарының немесе ауытқуларының пайызы олардың ай басындағы қалдығы мен ай ішінде келіп түскендерінің сомасын материалдардың ай басындағы қалдығының және келісім бағасы бойынша келіп түскен материалдардың сомасын бөліп, алынған нәтижені 100-ге көбейту жолымен анықталады. Есептеп шығарылған пайыз бойынша көлік - әзерлеу шығындарын немесе ауытқуларды тиісті шоттарға есептеп шығарады. Материалдар түрлері немесе топтарының шығын көлеміне олар бойынша көлік - әзерлеу шығындарының немесе ауытқлардың пайызын табу керек болса және жеткізушілермен тұрақты байланыс болған кезде бухгалтерлік есептің деректері бойынша өткен айлардағы пайыздың қолданылуы мүмкін.
Біріккен кәсіпорындарда өндіріске есептен шығарылатын материалдық ресурстардың өзіндік құнын №7 БЕС бойынша анықтау ФИФО, ЛИФО, арнайы бірегейлендіру, орташа өлшемді құн, стандартқа баға әдістердің біреуін қолдан у жолымен жүзеге асырылады.
Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу бойынша типтік құжаттар әзерленеді. Оларды уақтылы жазып, дұрыс ресімдеу, үйлесімді ұйымдастыру есеп пен осы қорлардың сақталу, әрі дұрыс пайдалануына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Субъектінің бас бухгалтері дұрыс құжат айналымын, типтік құжаттардың қолданылуын, әзерлеуін ұйымдастырып, олардың жасалу, тексеру және қабылдау кестесін барлық орындаушыларға жеткізуге міндетті. Материалдық қорлардың қозғалысына байланысты барлық операциялар құжаттармен рәсімделеді. Материалдық құндылықтар біріккен саны, сомасы, ассортименті, жиынтықтылығы, сапасы, есептеулер мен жеткізу шартын бұзғаны үшін қарастырылған санкциялардың сомасы белгіленеді [20].
Материалды қоймадан алу үшін жеткізушіге немесе көлік ұйымына және өкілетті тұлғаға бухгалтерияда сенімхат беріледі.
№2А нысанындағы материалдық құндылықтарды алу номерленген және тесіп байлаған, берілген сенімхаттар есепке алу журналында тікейтін біріккен кәсіпорындар қолданады. №2 нысанындағы сенімхатты қолданған кезде оларды беру және алу туралы деректер сенімхаттың түбіртегінде тіркелінеді және №3 нысандағы журнал жүргізілмейді.
Материалдық құндылықтардың келіп түсуі мыналармен рәсімделеді:
Шығыстар материалдық түрде былайша рәсемделеді:
А) №8 нысандағы лимиттік-шектеу картасы өнімді әзерлеу кезінде жүйелі түрде тұтынылатын қорларды босатуды рәсемдеу;
Б) материалды алмастыруға арналған №10 нысанындағы акт-талап қорлардың белгіленген шектен тыс мөлшерде босатылуын есепке алуға арналған;
В) материалды босатуға арналған №15А нысанындағы жүкқұжат – талап қорлардың субъект ішіндегі қозғалысын және өз кәсіпорынның басқа аумақтарда орналасқан шаруашылықтарына, сондай – ақ өзге ұйымдарға босатылуын есепке алу үшін қолданылады;
Г) материалдардың бүлінуі, сынуы, сынығы туралы №7В нысанындағы акт кәсіпорындағы бүлінудің, сынудың нәтежесінде бағасы кемуге немесе есептен шығаруға тиісті қорларды есепке алу үшін пайдалынылады;
Д) машина құрылысы кәсіпорындарының әзірлеу цехтарында, тоқыма, аяқ киім және өнеркәсіптің басқа салаларында пайдаланатын қаптама карталары.
Қойма шаруашылығының жақсы
Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық зат белгі белгіленеді. Басшының бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдық жауапкершілік шарты жасалады. Материалдың қоймадағы есебін тікелей осы адамдар жүргізеді. Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі үшін әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін. Олар: сандық – сомалық есеп әдісі; сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс, материалдық есеп беру әдісі.
Қоймадан тізім бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала жинақталғаннан кейін таксалауға беріледі. Таксалаудан кейін құжат деректері кәсіпорындарда белгіленген есептік топтар бойынша топтастырылады. ТМҚ-дың кірісі мен шығысы бойынша жүретін, материалдардың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомосте әрбір топ бойынша сомалық өлшеммен көрсетіледі: өткен айдағы ведомоске алынған ай басындағы қалдық, құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша ТМҚ-дың шығысы, құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша ТМҚ-дың шығысы, есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық көрсетіледі.
Жүкті қабылдаған кезде жетіспеушілік анықталған болса, онда шығын сомасы акт негізінде Дт-2160 Кт-3310 болып жазылады. Бұл орайда «Г» бағанада актінің нөмері көрсетіледі. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі шотты төлеуге келіскенге дейін анықталса, онда шағым сомасын шотты төлеуге келіскен сомадан кемітеді. Мұндай жағдайда жеткізушіге шағым жасау жөніндегі операциялар №6 журнал – ордерде көрсетілмейді. Есепті айда келіп түскен, фактураланбаған материалдық құндылықтар фактураланғандарға ұқсас түрде №6 журнал – ордерде әрбір жеткізілім бойынша жекелей көрсетіледі. Жүкті қабылдауға арналған акт фактураланбаған жеткізілімдерді №6 журнал – ордерге жазуға негіздеме болып табылады. Бұл орайда «А» және «Б» бағандарында тіркеу нөмері мен шот нөмерінің орнына «Н» әрпін осындай жеткізілім қойып шығады [21].
Материалдардың өндірістегі жұмсалуына алдын ала бақылау кезінде материалдарды өндіріске босату әзірленген лимиттер бойынша жүзеге асырылады. Есепті айға материалдар шығысының лимиті материалдардың жекелеген түрлері бойынша белгіленген шығыс нормасын орындалған жұмыстардың жоспары көлеміне көбейту жолымен анықталады. Материалдарды шектен тыс босату немесе материалдың бір түрін басқасына алмастыру жеке құжатпен, яғни жүқ-құжатпен рәсімделеді. Материалдың өндірісте пайдалануын одан әрі бақылау үшін нормадан ауытқуды рәсімдеу құжаты, топтамалар бойынша қаптау есебі, инвентарлық әдістері қолданылады.
Құрылыста кезекті бақылау №29 нысанындағы «Өндірістік нормамен салыстырғандағы негізгі материалдардың шығысы туралы есеп берудің» деректері бойынша жүзеге асырылады.
Құралдардың жағдайын жылдық есеп беруде объективті түрде көрсету үшін жылына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Бұған қоса, оны материалдық жауапты тұлға ауысқан кезде істі қабылдаған күні, құндылықтардың ұрлау, бүліну белгілері болғанда, өрт және табиғат апаттардан кейін жүргізіледі. Түгендеудің негізгі мақсаты ТМҚ-дың нақты қолда барын натуралды және құндық өлшемдерін босатылуының, салмақ және өлшем құрал-саймандарының дұрыстығы, ТМҚ-дың қозғалысы есебін жүргізудің тәртібі тексеріледі.
Түгендеу тексерудің көлеміне қарай жалпылама және талдамалы, уақытына қарай – уақтылы және аяқасты болып бөлінеді. Кәсіпорынның басшысы оның орынбасары немесе бас бухгалтері түгендеуді ұйымдастырады және оның жүргізілуіне басшылық жасайды. Басшының бұйрығымен тағайындалған өкілетті адамдардан тұратын комиссия түгендеу жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
ТМҚ - дың артықшылығы мен кемшілігінің құнын бағалаумен бірге есептік тіркелімдер де келтіріледі. ТМҚ-дың сақталу кезіндегі барлық кемшіліктер мен артықшылықтар бойынша, сондай – ақ ысыраптар бойынша материалды жауапты адамның жазбаша түсініктемесі беріледі. Бұл түсініктемелер түгендеу нәтижелері бойынша шешім қабылданған кезде мұқият тексеріледі.