Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 09:57, дипломная работа
Соңғы тарау бірлескен кәсіпорынның қаржы жағдайын аудиторлық тексеруге арналған. Себебі кез-келген кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру үшін аудитордың қорытынды пікірін қажет етеді. Бухгалтерлік есеп пен аудит тығыз байланыста жүреді, бірінсіз бірі болмайды. Сондықтан бөлімде аудиторлық тексеру кезінде тексерілетін бухгалтерлік есеп құжаттары, нормативтік актілер, тексеру әдістері, міндеттері, салықтық есептеу кезіндегі ерекшеліктері келтірілген.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызметі туралы шарты. Олардың еліміздің нарықтық жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2009 жылы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша дәлелдей аламыз. Мұнда Республикамызда Ресей, Туркия, Германия, АҚШ, Корея сол сияқты өзге де 18 ел арқылы құрылған 1388 шетел және біріккен кәсіпорындар қызмет атқарады. Сондықтан осы көрсеткіштерге сүйене келе, біріккен кәсіпорындардың еліміздегі ескеріп, дипломдық жұмысымды «Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігі мен аудиті» деп алдым. Себебі бірлескен кәсіпорындар еліміздің экономикасына жыл сайын елеулі өзгерістер енгізіп, қазіргі таңда өзекті болып отыр.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты – біріккен кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп ерекшеліктерінің Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» заңдылығына, ал аудиторлық тексерудің Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңдылығына сәйкес дұрыс жүргізілуін, өзге шаруашылық жүргізуші субьектілерден ерекшелігін, елімізде алатын орнын көрсету болып табылады.
Зерттеу нысаны–Қазақстан Республикасындағы шетелдік және біріккен кәсіпорындар болып табылады. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуында алатын орны ерекше болып табылады.Сондықтан осы бірлескен кәсіпорынды негіз еттім.
Зерттеу пәні – нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасындағы бірікен кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есебін оңтайлы ұйымдастыру және аудит жүргізу.
Зерттеу болжамы – Қазақстан Республикасында қызмет ететін біріккен кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен аудит жүргізуді болашақта оңтайландыру болып табылады.
Зерттеу міндеттері келесідей :
а) біріккен кәсіпорынның бірігуінің мәнін көрсету;
ә) біріккен кәсіпорынның құрылымын көрсету;
б) біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігін көрсету;
в) біріккен кәсіпорынды аудиторлық тексерудің ерекшелігін көрсету;
Мәселенің зерттелу деңгейі ретінде бақылау, салыстыру, материалдарды теориялық және нақты талдау әдістері, синтетикалық топтастыру, корреляциялық әдіс, түгендеу, бағалау, құжаттау, есеп беру бухгалтерлік есептің басқа да арнайы әдістері сонымен қатар жұмысты жазуда нұсқаулар мен ережелер, мерзімдік басылымдар, бухгалтерлік есеп және аудит стандарттары, заңнамалық актілер, арнайы оқу құралдары.
Мәселенің деректік көзі ретінде статистикалық мәліметтер, «Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және аудит стандарттары, Каржылық есептің халықаралық стандарттары,«Қазақстан Республикасындағы бірікен кәсіпорындар қызметі туралы» заңы, өзге де Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері, осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады. Осы жұмыста монографиялық зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық әдістер қолданы Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - есептiк жүйені, сонымен бірге бухгалтерлiк есептің шоттарын жетiлдiру сұрақтарын қарастырған қазақстандық және шетелдiк ғалым-экономистердiң ғылыми еңбектерiн жан-жақты зерттеу жатады. Зерттеу үрдісінде Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық базасы, соның ішінде «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік» туралы Заң, «ҚР аудитоалық қызмет туралы» заңы, ҚР бухгалтерлік есепті реттеу бойынша әртүрлi инструктивтi, әдiстемелiк құжаттар, статистикалық мәліметтер және шоттар жүйесін дамыту мәселелері бойынша халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары және т.б. пайдаланылды.Дипломдық жұмыста зерттеу жүргiзу барысында диалектикалық логика, индукция және дедукция, жүйелiк көзқарас, салыстыру, топтастыру және модельдеу сияқты ғылыми зерттеу әдiстерi қолданылды.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаттарына, қойылған міндеттеріме жету үшін әртүрлі зерттеу әдістері қолданылады. Олар бухгалтерлік есептеу, салықтық есептеу, статистикалық есеп және аудиторлық тексеру әдістері болып табылады. Себебі бұл әдістер түпкі бір мақсатка жеткізеді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы біріккен кәсіпордардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп және аудиттің концептуалды алғышарттарын әзірлеу және маңызды бағыттарын негіздеу болып табылады. Ғылыми жаңалықтың негізгі тұстарына мыналар жатады:
- біріккен кәсіпордардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп және аудиттің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны анықталды;
- біріккен кәсіпордардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және аудит жүргізу әдістерін талдау негізінде қызмет көрсету процесіндегі орны мен мәні дәлелденген;
- зиянды қайтару мақсатындағы бухгалтерлік есеп қызметнің ерекше түрі ретінде, заңды тұлғалардың қызығушылықтарын қорғау жүйесіндегі біріккен кәсіпордардың қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп және аудиттің экономикалық мазмұны дәлелденген;
- халықаралық жетістіктер және шетелдiк тәжірибені ескере отырып қазақстандық біріккен кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп және аудит жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар жасау.
Практикалық маңыздылығы дипломдағы теориялық жағдайлар мен практикалық ұсыныстарды Казақстандағы біріккен кәсіпорындар және оның қызметін жүргізудің қазақстандық және халықаралық тәжірибелерін оқып үйрену негізінде бухгалтерлік есеп және аудит жүйесінің ерекшеліктері туралы түсініктемелерді тереңдетіп жалпылау болып табылады. Біріккен кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін жетілдіру бойынша шаралар кешенін көрсететін дипломның негізгі тұжырымдамалары әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың жұмыс шоттар жоспарын құру және жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Дипломдық жұмыстың материалдары мен теориялық тұжырымдамалары «Бухгалтерлік есептің принциптері», «Қаржылық есеп 1», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Аудит», «Қаржылық бақылау және аудит» пәндерін оқыту кезінде оқу үдерісінде қолданылады, бұл еңгізу туралы анықтамалар мен дәлелденген.
Практикалық базасы ұсыныстарды біріккен кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп және аудитті талдау болып табылады.
Диплом жұмыс құрылымы кіріспе, үш тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады және жалпы көлемі 69-бет.
Алғашқы тарауда екі бөлімшеден тұрады. Мұнда бірлескен кәсіпорынның мәні, Қазақстанда алатын орны, құрылымы берліген. Жоғарыда аталған көрсеткіштерге тоқталмай, басқаларын зерттеу мүмкін емес.
Екінші тарауы бухгалтерлік есеп әдістермен зерттелген. Бұл тарауда бірлескен кәсіпорынның есеп ерекшелігі, яғни материалдық емес активтер мен негізгі құралдар, тауар-материалды жинақтар мен инвестиция, міндеттеме, табыстар мен шығыстар, меншікті капитал мен дебиторлық берешектер көрсетілген.
Соңғы тарау бірлескен кәсіпорынның қаржы жағдайын аудиторлық тексеруге арналған. Себебі кез-келген кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру үшін аудитордың қорытынды пікірін қажет етеді. Бухгалтерлік есеп пен аудит тығыз байланыста жүреді, бірінсіз бірі болмайды. Сондықтан бөлімде аудиторлық тексеру кезінде тексерілетін бухгалтерлік есеп құжаттары, нормативтік актілер, тексеру әдістері, міндеттері, салықтық есептеу кезіндегі ерекшеліктері келтірілген.
Жалпы алғанда
дипломдық жоба қазіргі
1.1 Біріккен кәсіпорынның бірігуінің мәні
Қазақстан Республикасы
заңдылығын соңғы өзгерістерге
сәйкес Қазақстан
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы ірі өнеркәсіптік және қаржылық топтардың және барлық экономика интеграциясының құрылуына әкеледі. Бұл құбылыс банк секторының дамуында анық көрсетілген. Соңғы жылдары коммерциялық банктердің саны күрт төмендеп кетті және оны құрудың әдістерінің бірі банктерді біріктіру болды. Соған байланысты компанияларды біріктіру есебі қазіргі таңда маңызды болып отыр. Осындай баптарда ҚЕХC-на сәйкес біріктіру де негізгі жағдайлары ашып көрсетілген, ал егжей-тегжейлі сұрақтар ҚЕХC -ға тіркелген қосымшада келтірілген.
22 ҚЕХC -на сәйкес компанияның есебін біріктірудің екі әдісі бар: сатып алу және мүдделерінің бірігуі.
Сатып алу-бұл белгілі бір сатып алушы компания сатушы компанияның таза активтері мен операцияларын басқару мүмкіндігін алу арқылы бірігу.
Мүдделердің бірігуі-бұл бірігіп отырған компаниялар акционерлері жақтарының бірді біреуі сатып алушы ретінде анықталмау үшін қауіп пен пайданы бөлудің ұзақ мерзімді келісіміне қол жеткізу үшін оның біртұтас таза активтер мен операцияларының бақылау жүргізу [2].
22 ҚЕСХ-на сәйкес барлық біріккен компаниялардың біреуі екіншісінен бақылауға мүмкіндік алады, бұл сатып алушы компанияны анықтайды. Бақылауға мүмкіндік алу біріккен компанияның біреуі екіншісінің дауыс беру құқы бар акцияларының жартысын сатып алу болып табылады. Бірақ компанияны басқаруда мұндай акция пакетінің мүмкін еместігі көрсетілмеуі керек. Тіпті біріккен компаниялардың келесі компанияны басқаруға сол компанияны дұрыс құқы бар акцияларының жартысына көбін емденбесе, сатып алушы компанияны анықтай мүмкіндігі болады. Егер біріккен компаниялардың біреуі бірігу нәтижесінде мыналарды емденсе:
А) өзге инвесторлармен келісу арқылы дауыс құқы бар акциялардың жартысын емденсе;
Б) жарғымен келісімге сәйкес өзге компанияны жарғылық және ағымдағы саясатын анықтай алса
В) басқа компанияның басқарудың талдамалы органдарын немесе директорлар кеңесі мүшелерінің көбін тағайындау мен араластыру құқығы болса;
Г) басқа компанияның басқарушылық талдамалы органдарына немесе директорлар кеңесі жиналысында жоғары дауыс алу құқығы болса.
Кейбір жағдайларға сатып алушы компанияны анықтау мүмкіндігі болмайды, сондықтан оның мынадай көрсеткіштері болады:
А) бір компанияның құны басқа компанияның құнынан жоғары болады. Бұл жағдайда үлкен компания сатып алушы болып табылады;
Б) ақша қаражатына дауыс
құқы бар жай акциялары алмастыру
жолымен компания біріге алады. Бұл
жағдайда ақша қаражатын беретін
жақ сатып алушы болып
С) біріктіру барысында болатын компанияны басқару кадрларын іріктеуде бір компанияны басқаруда үстем ету мүмкіндігіне әкеледі. Бұл жағдайда үстем етуші компания сатып алушы болып табылады.
Сатып алу әдісін
қолдану өзге активтерді сатып
алу сияқты компанияны сатып
алуда да дәл есептеуге
Сатып алу әдісін қолдануда сатып алу күнін анықтау маңызды. Сатып алу күні компанияның сатып алушыға таза активтері мен операцияларын бақылауға нақты берген күні мен сатып алу әдісін бастап қолданған күні болып табылады. Сатып алынған компания операцияларының нәтижелері сатып алушының қаржылық есептілігін сатып алынған күннен, яғни сатып алынған компания сатып алушының басқаруына нақты өткен күннен бастап қосылады. Қызмет бойынша сатып алу күні компанияның оның қызметінен табыс табу мақсатында қаржы және ағымдағы саясатын басқару құқын алған күн болып табылады. Сатып алушыға басқару қатысушы жақтардың мүддесін қолдау шарттары қанағаттандырлығаннан кейін ғана жүзеге асады. Бірақ бұл операциялар сатып алушының басқаруына нақты өткенге дейін аяқталынып жабылғанын талап етпейді.
Сатып алушы сатып алынған компанияның қорытындысы туралы пайдасы мен зияндарын сатып алған күннен бастап есептілігіне енгізеді және сатып алуды болатын жағымды және жағымсыз іскерлік репутация көлемін, сатып алынған компанияның активтері мен міндеттемелерінің сәйкестілігін баланста көрсетуі қажет. Сатып алу құны оның бастапқы құны бойынша есептелінеді, ал бастапқы құн төленген ақша қаражаты немесе оның эквиваленттеріне, не өзге компанияның таза активін басқаруды сатып алушыға сатып алушыны алмастырған өзге операцияларға сатып алумен тікелей байланысты кез-келген шығындарды қосқанға тең.
Мысалы: А банкі Б банкінің 94% акциясын сатып алады. А компаниясы 01.02.09 жылы Б компаниясының иесіне 500 000 мың теңге төледі. Сатып алу күнгі меншікті капитал құны 550 000 мың теңге құрады.