Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 16:43, реферат

Краткое описание

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты — аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Содержание

1. Аудит мәні мен маңызы
2. Аудиттің пайда болуы
3. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аудит.docx

— 140.79 Кб (Скачать документ)

Тестілер жазылған барлық жұмыс құжаттарында тест жүргізгендердің  аты-жөні, сонымен бірге тест нәтижелерінің  қысқаша мазмұны және оның тиімділігі туралы қорытынды болуға тиісті.

Баланстағы немесе табыстар мен  шығыстар жөніндегі қорытынды есептегі цифрларды растаушы кестелерде:

  • жинақтаушы (негізгі) және баланс пен негізгі кестедегі цифрлардың қайдан шыққандығын көрсететін қосымша кестелер болуға тиісті;
  • қосымша және негізгі кестелердің арасында, сонымен бірге жүмыс құжаттарындағы немесе шоттардың өздеріндегі кез-келген цифрларды түсіндіруді оңайлату үшін қосымша және негізгі кестелердің арасында өзара байланыс болуға тиісті;
  • аудитор жылдар бойынша динамикаға қатысты шын ақпараттар алу мүмкін болу үшін өткен жыл бойынша салыстырмалы цифр беруге тиісті;
  • егер шоттарда қорытынды түзетулер (корректировка) жасалған болса, жөнделген болуға тиісті;
  • кестелердегі цифрларды тексеру  үшін өткізілген тестілер көрсетілуге тиісті.

Аудитті өткізу үшін аудиторға  қажет кестелерді клиенттің өзі алдын-ала дайындап қоюы мүмкін. Аудитордың уақыты мен шығынын үнемдеу үшін осы кестелердің көшірмесін пайдалану жөнінде келісім жасалынуы керек, бірақ аудитор олардың сенімділігіне көз жеткізуге тиісті. Егер клиентте дайын кесте болмаса, онда аудитор кестені дайындауды одан сұрауына болады.

 

3. Жұмыс құжаттарының толтырылуы

Аудит аяқталғаннан кейін аудит  жөніндегі директор немесе топтың жетекшісі барлық жұмыс құжаттарын жинақтауға және оларды арнайы бөлімдердің номенклатурасын пайдалана отырьш, картотекаларда топтауға тиісті. Ыңғайлы болу үшін кейінгі (келесі) жұмыста жұмыс құжаттары әдетте екі типке бөлінеді:

  • тұрақты құжаттардың картотекалары;
  • ағымдағы қүжаттардың картотекалары.

Тұрақты құжаттардың картотекасында келесі аудитті өткізу процессінде пайдаланылатын ақпараттар сақталады. Әрбір аудит өткізу жағдайында бұл папканың мәліметтері қайта қаралуға және жаңартылуға тиісті. Тұрақты құжаттардьщ папкалары төмендегі қажеттіліктер үшін жасалынады;

  • клиенттің қаржы-шаруашылық қызметімен танысу үшін жаңа жұмыскерлерді дайын ақпараттармен қамтамасыз етуге;
  • есеп саясаты және есеп процедуралары туралы ақпараттарды сақтауға;
  • ішкі бақылау жүйесінің жұмысына қатысты ақпараттарды қамтамасыз етуге;
  • келешекте өзгермейтін жұмыс құжаттарын жыл сайын жаңадан дайындау қажеттілігін болдырмауға;
  • қайталанатын жағдайларға дайын сілтемелер алуға;
  • клиент бизнесіне қатысы бар ақпараттарды құжаттауға.

Тұрақты аудиторлық папкада: Жарғының және құрылтай келісім-шарттарының, статистикалық карталардың, тиісті қызмет түрлеріне алынған лицензиялар. партнерлармен жасалынған келісім-шарттар, бизнес-жоспарлар, есеп саясаты жөніндегі бұйрықтар, жұмысшы шоттар жоспары, ұсыныс хаттары.

Ағымдағы құжаттардың картотекасы:

жоспарланған  жұмыстар туралы жазу үшін жүргізіледі;

жүзеге  асырылған процедуралармен, жүргізілген тестілермен, жасалынған қорытынды пікірлермен бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар алу үшін жүргізіледі.

Ағымдағы құжаттардың картотекасында аудитордың жұмыс құжаттарының көбірек бөлігі сақталады, сондықтан оларды төмендегі бөлімдерге топтастырылған тиісті номенклатура бойынша болу дұрыс:

қаржылық  қорытынды есепке шолу жасау құжаттары;

аудиторлық  тексерудің жоспары мен бағдарламалары;

нақты тексеру  жүргізу нәтижесі бойынша құжаттар;

арнайы  мақсаттағы құжаттар.

Жұмыс құжаттарын пайдалану.

Меншік құқығы, 230 "Құжаттау" деп  аталатын халықаралық аудит стандартында жұмыс құжаттарының аудитордың жеке меншігі болып табылатындығы қарастырылған. Жұмыс құжаттарының жекелеген бөліктері субъектіге аудитордың өз білгені бойынша тапсырылуы мүмкін, бірақ олар субъектінің есеп жазуларын алмастыра алмайды.

Құпиялықты сақтау. Өзінің практикалық қызметінде аудитор клиенттің құпиялығы бар құжаттарын оның арнайы рұқсатынсыз ашпайды. Біздің шындық өмірімізде, егер ақпарат тек аудиторға қарсы шағымдану болған кезде оның өзін-өзі қорғау мақсатында жария етілген болса, онда аудитордың клиентен рұқсат алуға міндетті еместігі өте қисынды.

Жұмыс құжаттарын сақтау. Аудитордың жұмыс  құжаттарын қанша уақыт сақтауға болатындығы жөніндегі сұраққа ресми жауап нормативтік-құқықтық актілерде немесе қандай да бір ресми құжаттарда жоқ. Көптеген аудиторлар, егер олар сот процессіне шақырылған жағдайда, өздерінің жұмыс құжаттарының болғанын дұрыс көреді. Жұмыс құжаттары "ескерту" қызметін атқарады. Сонымен бірге жұмыс құжаттарын шексіз уақыт сақтау жалпы алғанда қымбат, әрі оның керегі де жоқ. Жұмыс құжаттарының екі жағының да жүзі бар қылыш болуы мүмкін екендігін ескеру керек. Бір жағынан құжаттар, аудитордың кәсіби стандарттарға сәйкес әрекет жасағандығын растайтын дәлелдеулер береді. Басқа жағынан қарағанда кінәліні қорғаушы жақ аудитордың жұмысына сенімсіздік тудыруға әрдайым әрекет жасайды, яғни жұмыс құжаттарын пайдаланады және аудиторға қарсы пайдаланылуы мүмкін сәйкессіздіктерді немесе дұрыс емес жәйттерді табуы мүмкін.

Егер  жұмыс құжаттары жойылатын болса, онда ол аудиторлық фирманың және аудитордың практикалық қызметінің құжаттарын архивтеудің белгіленген жүйесіне сәйкес жүзеге асырылуға тиісті. Өзінің архивтеу жүйесін жасау кезінде аудиторлық фирма заңгерлерінен және сақтандыру компанияларынан ақыл-кеңес алуға тиісті.

 

4. Аудиторлық қызметтің сапасын  бақылау

Бағалау мен тексеруге аудиторлардың  жұмыс құжаттары бар файлдар, фирмаішілік стандарттар, ереже-нұсқаулар мен процедуралар, нақты орындалған жұмыстардың осы ереже-нұсқаулар мен процедураларға сәйкестігі жатқызылды. Тексеру бағдарламасы және тексерілетін құжаттардың шеңбері жұмыс басталғанға дейін тексерілетін субъектілерге хабарланған жоқ. Бағалау нәтижесі Бүкіләлемдік банктің мәскеудегі өкілдігі атынан жазылған хатта хабарланды. Бұл хатта алғашқы бағалаудан тек екі қазақстандық компаниялардың: Тәуелсіз аудиторлық компания "Центраудит-Қазақстан" және "Ержанова и К"-өткендігі хабарланған.

Тексеру жүргізу  әдістемесін, яғни нені және қалай тексеретіндігін  аудитордың өзі таңдауға құқықты  екендігін атап айту керек. Клиент аудиторларға жұмыстардың арнайы бір түрлерін орындауды, мысалы, корпоративтік табыс салығын есептеудің дұрыстығын тексеруді немесе тауарлы-материалдық босалқылар есебіне аудит жүргізуді тапсыруы мүмкін. Бірақ, клиентгің осындай арнайы тапсырмалардьщ нәтижелері бойынша жалпы қаржылық қорытынды есеп жөнінде толық аудиторлық қорытынды есеп күтуі дүрыс емес.

Ірі аудиторлық фирмалардың басқару  құрылымы төмендегілерден тұруы мүмкін:

  • директорлар кеңесі;
  • директор;
  • аудит объектілері бойынша департаменттер  (жалпы аудит, банктік, сақтандыру, зейнет ақы қорларының және басқа қаржылық институттардың);
  • кеңес беру департаменті (салық салу, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша);
  • маркетинг бөлімі, бухгалтерия, ақпараттық, заңгерлік бөлімдер және т.б.

Орташа  аудиторлық фирмалардың ұйымдық  құрылымында төмендегі лауазымды қызмет түрлері болуы мүмкін:

  • фирманың директоры;
  • фирманың аудит жөніндегі директоры (аудит бөлімі);
  • кеңес беру (консултациялық) бөлімі;
  • мүліктерді бағалау, заңгерлік, ақпараттық, шаруашылық және т.б. бөлімдер.

 

  Қорытынды қаржылық есеп  аудитінің  ақпараттық жүйесі

1. Қаржылық есеп беру аудитінің  ақпараттық базасы

2. Қаржылық есеп беру элементтері  аудитінің мақсаты

3. Аудит жүргізудің  тәсілдері

 

1. Қаржылық есеп беру аудитінің  ақпараттық базасы

Экономикалық  субъектінің жағдайын өзгертуде  немесе оны сақтауда бір жолға қойылуына әсер ететін басқаруды қамтамасыз етеді. Басқару ақпаратқа сүйенеді.

Ақпарат — жинау, сақтау, өңдеу объектісі болып табылатын мәлімет. Ақпарат құнына: ақпаратты жинауға басшылар мен солардың қол астындағылардың жұмсалған уақыты, рынокты талдау, пайданылған уақытын төлеу, сыртқы кеңесшілер қызметтерін пайдалану, сонымен қатар нақты шығыңдар жатады.

Желілі және функционалды басшылардың  қатарына жататын бухгалтерлер, қаржылық менеджерлер, экономистер сияқты мамандардың жұмысының табыстылығы, олардың құқықтық, ақпараттық, нормативтік, техникалық және т.б қызметтерін қамтамасыз ету түрлеріне байланысты болады. Ақпаратты қамтамасыз ету осы жүйенің негізгі элементтерінің қатарына жатады.

Басқару — шешім қабылдау деген  сөз. Басқару шешімдерін түсініп қабылдау тек акпарат негізінде ғана мүмкін болады. Сондықтан Наполеон: "Басқару - алдын-ала көре білу" деген. Бұл үшін ақпарат қажет. "Ақпарат" түсінігің сан түрлі анықтамасы бар, оның ең сыйымдысында былай деген: "ақпарат — бұл өзі тиісті саладағы белгісіздікті азайтатын мәлімет".

Қазіргі кезде ақпарат, қоғам дамуының негізгі  ресурстарының бірі ретінде қарастырылады. Ақпарат сан алуан және адам қызметіне байланысты ғылыми, техникалық, өндірістік, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, және т.б. больш бөлінеді. Аудит тиімді басқару шешімдері негізінде экономикалық ақпарат жүйесіне жатады. Жоғарыда аталғандай ол қаржылық есеп берудің нақтылығын дәлелдейді. Сондықтан ақпараттың осы түріне тоқталайық.

 

2. Қаржылық есеп беру элементтері  аудитінің мақсаты

Жоғарыда  айтылғандай, қаржылық есеп берудің  мақсаты экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең көлеміне қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну болып табылады.

3 "Аудиторлық дәлелдеулер"  тарауында "аудитор тексеріліп отырған қаржылық есеп беру нақтылығын дәлелдеу үшін, өзі жинаған дәлелдер жеткілікті екеніне сенімді болу керек" деп көрсетілген. Аудиттағы дәлелдеулер жинау - мақсатты түрде жүргізілетін процесс.

Сондықтан аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:

  • маңыздылық;
  • аудиторлық тәуекелдік;
  • қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.

Алдыңғы тауарларда осы тұжырымдамалардың жалпы  түсінігі, олардың мәні, олардың  аудитті жоспарлау кезінде қолданылуы берілді. Енді қаржылық есеп беру аудиті орындалу тұрғысынан қарастырылады.

Каржылық  есеп беру операциялар мен оқиғалардың  қаржылық нәтижелерін, экономикалық сипаттамаларына сәйкес жалпы категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Осы кең категориялар қаржылық есеп беру элементтері деп аталады. Бухгалтерлік баланстағы каржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты элементтер -активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.

Табыстар мен шығыстар туралы есеп берулерде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалаумен тікелей байланысты элементтер болып табылады.

Концептуадды негіз ақша қозғалысы  туралы есеп беру мен меншік капиталындағы  өзгерістер туралы есеп берулер әдетте табыстар мен шығыстар және бухгалтерлік баланс элементтерінде болған өзгерістер туралы есеп берулердің жекелеген элементтерін көрсетеді.

Аудитор өз пікірін білдіретін қаржылық есеп беруді кәсіпорын басшылығы, оның құрамдас элементтерін шын ұсыну негізінде құрайды. Бұл кезде, басшылық, қаржылық есеп беру белгілі бір категорияларға сай келеді деп дәлелдейді:

  • болуы (әрекет ету);
  • құкықтар мен міндеттемелер;
  • құбылыс;
  • толықтық;
  • бағалау;
  • өлшеу (дәлдік);
  • ұсыну және алу.

Осы категориялардың  сипаттамасы мен мәнін ашу 3 "Аудиторлық дәлелдеулер" тарауында берілген. Бұл жерде кәсіпорын әкімшілігінің дәлелдері бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптеріне тікелей байланысты екенін атап өткіміз келеді. Бұл тұжырымдар әкімішлік шаруашылық операцияларды тіркеу және қаржылық есеп беруді ұсыну үшін пайдаланатын категориялардьщ бөлігі.

Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады. Сондықтан аудитордың басты міңдеті - басшылықтың каржылық есеп беру жөніңдегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.

Аудит мақсатының мәні - аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бір болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайға байланысты әртүрлі болады.

Қаржылық есеп берудің әр элементі үшін аудит мақсатын белгілеп алып, нақты ақпаратты жинау процессін бастауға болады. Аудитор қандай дәлелдер жинау керектігін анықтайды. Ол үшін оған аудитке белгілі бір жолдарды тандау қажет.

Аудиторлық тексеруді жүргізудің жалпы жолдарын дайындау кезінде қаржылық есеп беру әділдігін анықтау үшін пайдалануға болады:

Информация о работе Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы