Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 16:43, реферат

Краткое описание

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты — аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Содержание

1. Аудит мәні мен маңызы
2. Аудиттің пайда болуы
3. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аудит.docx

— 140.79 Кб (Скачать документ)

Дамыған елдерде дербес аудитор қызметі  ерекше орын алатын сырттай бақылау, тексеру больш саналады. Шет елдердегі  аудит жұмысының мазмұн-мағынасын, ұйымдастыру принциптерін, бақылау-тексерудегі  қойылатын талаптарын аудиторларды бекіту, тағы басқа да ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, негізінде олардың арасында бірлестік бірдей талап қоюшылық бар екені анық. Сол себептен аудит қызметі халықаралық деңгейде даму алып бірлескен фирма ашу қажеттігіне алып келді.

Аудит қызметінің жедел даму әсерінен шет  елдерде ірі халықаралық ондаған  аудитор фирмалары ашылып, олар барлық Еуропа елдерін қамтитын, аудиторлық қызмет көрсететін мекемелерге айнадды. Қазіргі кезде дүние жүзінің  барлық елдеріне аудит қызметін көрсететін алты аудитор фирмасы бар.

Қазіргі кезде, барлық дүние жүзі елдерінің  экономикасының арасындағы байланыс ерекше тығыз байланыста даму жолына көшуіне  байланысты, бухгалтерлік есептің мағынасының  көтерілуіне сәйкес халықаралық  қоғамдар құрылды. Себебі, барлық елдер арасыңдағы экономикалық байланыс сол елдердегі есеп жүйесінің бір салада болуын, барлық жерде бір жолмеі дамуын талап етеді. Соның нәтижесінде халықаралық бухгалтерлік есеп және аудит стандарты шығарылуда.

Ол  бухгалтерлік қоғамдар мынадай:

1.    Бухгалтерлік  стадарттар   дайындайтын   халықаралық комитет (1973 ж.), оның  құрамына жүз бухгалтерлік қоғамнан 7 елдің өкілі қатысады.

2.  Халықаралық бухгалтерлік федерациясы  (1977 ж.). Оның мақсаты, біріншіден, бухгалтер мамандарының біліктілігін  көтеру, стандарттарды жетілдіру,  даму жолын анықтау. Екіншіден, аудит және есеп туралы халықаралық нормативтік құжаттарды дайындау.

3. Дүние жүзілік мемлекеттер талабына  сәйкес құрылған, өкіметаралық бухгалтерлік есеп және есеп стандарты туралы құрылған – экспорт жұмысшылар тобы (1979 ж.). Бұл қоғамға дуние жүзінің барлық  елдері мүше.  Бұл қоғам жыл  сайын өткізетін  өзінің  сессиясында  қаржы  мәліметі  жағдайындағы бухгалтерлік   есеп   проблемасын   қарастырып,   талдау-зерттеу жасап,  бухгалтераралык әлеуметтік, экономикалық факторлардың әсерін талдайды. Халықаралық деңгейде бухгалтерлік есеп процесін үйымдастыру мәселелерін, халықаралық бухгалтерлік термин сөздіктерін құрастырады.

 

2-Тақырып.  Аудит мазмұны, функциясы және аудит түрлері

1. Аудит пәні, міндеттері

2. Аудиттің функциялары

3. Аудит түрлері

4. Аудиттің негізгі қағидалары

1. Аудит пәні, міндеттері

Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол ілімнің басқа салалардағы  ілімнен айырмашылығын, оның ездеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау  үшін қажет.

Тану  теориясына байланысты қандай да ілім болмасын, оның-пәні объективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның  пәні өндірістік қатынасқа, экономикалық заңдарға бай-ланысты болса, аудит  те, барлық экономикалық ілімдер сияқты, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қатынастарын дамыту процестеріне негізделген. Бірақта, олар сол процестердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін  ғана қарастырады.

Сонымен, аудитгің пәні дегеніміз, шарт бойынша  және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік (қаржылық) отчетты талдау, т.б. шаруашылық жұргізуші  субъектілердің орындаған жұмыстәрының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде обьективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған  есеп саясатына, нормативтік актілерге  сәйкестігіне көңіл белу.

Осы келтірілген аудит пәнінін анықтамасы біздің ойымызша барлық талаптарға сай  келеді деп ойлаймыз.

Арнайы  әдебиеттерде, т.б. ілімнің пәні мен  объектілері бірдей деп немесе бір-біріне уйқас деп айтылады, бірақта бұлт үсініктемелер бір-бірімен ұйқас  болғанымен, олардың мағыналары әртұрлі  болады. Сол себепті бұл мағыналарды  ажырата білген жөн. Объекті дегеніміз, сол ілім оқитын пәннің шындығы.

Мысалы, дәрігерлік ілімнің объектісі - адам болып есептелінсе, экономикалық ілімнің  объектісі - мемлекет экономикасы, олардың  салалары. Ал, аудитгің объектісі белгілі  бір шаруашылық жүргізуші субъектілер (кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік  қоғамдар, жеке кәсіпорындар, бірлескен  кәсіпорындәр т.б.).

Аудит объекгілеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы  жағдайлары.оллардың өндірістік жұмыстары, шаруашылық жұмыстарының экономикасын дамыту жөнінде  және тиімділігі жөнінде ұсыныс беру.

Егер, аудит объектісі болып жоғарыда айтылғандар болса, онда олардың  міндеті болып мыналар есептелінеді: сенімділігі, нақтылығы, отчет көрсеткіштерінің уқыпты түрде тексерілуі, олар-дың  толықтығы, дұрыстығы. Осыған орәй аудиттің міндеті - қаржы нәтижесі бойынша  жасалынған отчетқа (есептілікке) аудиторлық қорытынды беру, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржы нәтижелері бойынша  жасалынған көрсеткіштерінің заңдарға, стандартқа, нормативтерге сәйкестігін  тәуелсіз экспертиза бойынша дәлелдеп көрсету және оның дұрыстығын анықтау. Ол жөнінде Аудиттің Қазақстандық стандартында толық мәлімдеме берілген. Аудиттің Қазақстандық бірінші стандартында былай делінген: "Қаражат нәтижесінің  отчеттарын аудиторлық тексеру жүргізудің негізгі міндеті аудиторлық қорытындының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес жасалынғандығын анықтау"алдында төмендегідей мақсат пен міңдеттемелер қойылады:

  1. Субъектінің  (кәсіпорынның,   акционерлік  қоғамның, фирманың, бірлескен кәсіпорынның т.б.) қаржы нәтижесі жөніндегі отчеттың (есептіліктің) дұрыстығын қамтамасыз ету.
  2. Дұрыс шешім қабылдау үшін керекті мөлшерде қажетті мағлүматтарды жинастыру және оларды бағалау.
  3. Тұрақты түрде субъектілердің экономикалық  көрсеткіштерін талдау.
  4. Бухгалтерлік  есепті  жүргізу және отчет  (есептілікті) женіндегі:   заңдардың,  қаулылардың,  нұсқаулардың дұрыс қолданылуын және іске асырылуын бақылау.
  5. Бастапқы  құжаттардың  белгіленген  нормаға  және нормативке сәйкестігін тексеру.
  6. Клиенттерге бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, салық салу, құқық т.б. жөнінде кеңес беру.
  7. Өз клинттерінің санының көбеюіне және оләрдың нығаюына ат салысу.
  8. Аудиторлық тексеруді жоғары сапада жүргізу.

 

  1. Аудиттің функциялары

Нарық экономикасына көшу кезеңіндегі аудиттің рөлі және оның негізгі функциялары (қызметтері)

Нарық экономикасы  кезінде аудит тәжірибе жөнінде  кәсіпкерлік қызметтердің бір тұрі ретінде басты роль атқарады. Ол төмендегідей функцияларды орындауы тиіс:

  • эксперттік;
  • аналитикалық;
  • кеңес беру;
  • өндірістік.

 

3 Аудиттің түрлері

А.Д, Шеремет лен В,П. Суйцтың  аудит бойынша екінші қайтара  шығарылған оқулығында аудит түрлері  сараланып беріледі. Осы жіктелімге сай аудит төмендегі түрлерге бөлінеді:

 

Аудиттің түрлері

Р/с)  

Критерийлер

                    Түрлері

1

Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты

Сыртқы

Ішкі

2

Заң талаптарына қатысты

Міндетті

Бастамашылық (ерікті)

3

Аудит объектілері бойынша

1- банктік аудит

2-сақтандыру   компанияларының  аудиті

3-биржалар, инвестициялық  институттар мен зейнетақы қорларының  аудиті

4-жалпы аудит;

5-мемлекеттік аудит

4

Тағайындалуы бойынша

1     қаржылық есеп беру аудиті

  1. салықтың аудиті
  2. сәйкестік аудиті
  3. операциялық аудит
  4. арнайы (экологиялық, операциялық және т.б.)

5

Жүзеге асырылу мерзімі бойынша

Бастапқы                                   

Келісілген

6

Тексеру сипаты бойынша

Дәлелдеуші

Жүйелі бағытталған

Тәуекелдікке негізделген  аудит


 

Қазіргі кезге  дейін сыртқы аудит мәселелері арастырылды. Сондықтан бұл тарауда ішкі аудитты  ұйымдастыру мәселелерін қысқаша  баяңдайық. Себебі бұл сұрақ "Аудиттың басқа түрлері" тарауында толығырақ  қарастырылады. Ішкі аудит басқару  есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген  қажетгілік жоғары басшылық барлық басқару  құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда  болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен  ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға  жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру  үшін қажет.

Ішкі аудитордардың белгілі  бір қызметін басшыға немесе директорлар  кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың  тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:

  • активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;
  • жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
  • Ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өндеудін тиімділігін талдау;
  • басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.

Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің  сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын  бақылау да жүзеге асырылады.

Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттың тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар  болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық  катынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы  жоқтығында болып табылады.

Сыртқы аудитты жүргізу нөтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды  жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді.

Заң талаптарына  қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңының "Аудит  және оның түрлері" деген 4-бабында "Аудит  түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады" деп көрсетілген.

Міндетті аудит — тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын  аудиторлық тексеру жүргізу.

Бастамашылық  аудит оны жүргізу шартында көрсетілген  аудитгің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімімен жүргізіледі.

Қаржылық есеп беруді тексеруден басқа  аудиторлық фирмалар басқа да қызметтерді  көрсете алады. "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аудиторлар мен  аудиторлық ұйымдар қаржылық есеп беру аудитінен басқа өз қызметінің профилі  бойынша төмендегі қызметгерді  көрсете алады:

  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық және статистикалық қорытынды есепті құру;
  • Салықтық жоспарлау, бюджетке міндетті төлемдерді есептеу, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметті талдау;
  • қаржылық, салықтық, банктік және басқа шаруашылық заңының мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету;
  • қосымша кәсіби білім беру ретінде бухгалтерлік есеп, салық есебі, қаржы-шаруашылық қызмет аудиті мен таддауына оқыту оқытушылық, ғылыми қызмет;
  • бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту;
  • бағалы қағаздар рыногындағы қызмет;
  • адвокат (қорғаушы) қызметімен байланысы жоқ заң қызметтерін көрсету.

Бухгалтерлік  есепті жүргізу және қалпына келтіру. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" заңға сәйкес бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда есепті келісім-шарт негізінде арнаулы ұйымдар жүзеге асыра алады. Осындай ұйымдардың бірі аудиторлық фирмалар болып табылады.

Кеңес беру. Қызмет көрсетудің бұл түрі салық салу мәселелері бойынша ауызша немесе жазбаша түсініктерді, бастапқы есепті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындығын қосымша кәсіби білім беру ретінде оқыту болып табылады, аудиторлық фирмалар мамандарының лекциялар, семинарлар курсын, "дөңгелек үстелдер" жүргізуді көздейді. Осы мақсаттар үшін аудиторлық фирмалар өз қызметкерлерінен басқа жоғары оқу орындары оқытушыларын, мемлекеттік органдардың бас мамандарын тартады. Лекторлар белгілі бір кезеңде болған заңдағы өзгерістер мен қосьшшаларға көңіл аударып, тиісті нормативтік актілер, стандарттарға түсініктеме беріп, сұрақ-жауапты ұйымдастырады.

Бухгалтерлік  есепті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту. Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға жаппай өту жағдайында қызмет көрсетудің осы түрі аудиторлық фирма үшін аса  өзекті болып табылады. Есепті автоматтандыру жүйесін таңдау, енгізу бойынша қызмет көрсету компьютерде персоналды жұмыс істеуге үйрету, бухгалтерлік есепті жолға қою, оның ішінде қолданбалы бағдарламалар пакетін, техникалық құралдарды таңдау сияқгы қызметтермен тығыз байланысты.

Информация о работе Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы