Аудиттің
пайда болуы және қалыптасуы
- Аудит мәні мен маңызы
- Аудиттің пайда болуы
- Қазақстанда аудиттің қалыптасуы
Нарықты қатынастағы
шет елдердегі аудиттің даму жолы.
1 Аудиттің мәні мен
маңызы
Аудит Қазақстан Республикасы заңында
белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық
есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі
туралы пікір білдіру мақсатыңда
заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды
есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық
есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын
тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер
мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп
жүргізу мен қалпына келтіру,
ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру,
қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық
талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға
қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың
(аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі
болып табылуында.
Қаржылық
есеп беру аудитінің мақсаты —
аудиторға қаржылық қорытынды есепті
құрудың белгіленген концептуалдық
негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер
бойынша қаржылық қорытынды есептің
дайындалғаны жөнінде қорытынды
беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының
стандартты анықтамасына қарамастан,
аудит мақсаты дегенде аудитордың
алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз
керек.
Нарықтық
қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар,
банктер, сақтандыру компаниялары, көлік
және коммерциялық ұйымдар мүлікті
пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді
орындау, коммерциялық операцияларды
ақша қаражаттары мен инвестициялардың
займын жүргізу бойынша сан алуан
келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға
түседі. Қажетті ақпаратты алудағы
мәмілеге қатысушылар арасындағы осы
қатынастардың нақтылығын тексеру
нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор
ғана дәлелдей алады.
Жеке
және ұжымдық меншік иелері-акционерлер,
жарнашылар (пай иелері), сонымен
қатар кредиторлар өз қызметтерінің
саласында барлық көптеген қаржылық
және шаруашьшық операциялардың заңға
сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік
жазбалармен тоқсандық және жылдық
есептерде дұрыс көрсетілгеніне
өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен
айрылған. Ұйым қызметі мен оның
заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық
тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру,
несие беру, инвестициялау және салық
салу саласында қажетті шараларды
қабылдау үшін қажет, жекелеген
кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары
мен аймақтар бойынша жүргізілетін
аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын
қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу
үшін республиканың мемлекеттік
органдары, министрліктер мен ведомстволар,
соттар, прокуратураға және басқаларға
қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың
мүдделеріне қол жеткізуде болып
табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттін, мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытыңды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі
пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің
акционерлеріне, директорлар кеңесіне,
қызметкерлеріне) басқару шешімдерін
дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар
жоқ объективті (әділ) қаржылық ақпарат
қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның
қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді
(банктер несие берушілер, болашақ инвесторлар,
сонымен қатар қоғам).
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы
мен кәсіпорынды басқару бөлінген
кезде пайда болады. Бірақ осындай
аудитты жүргізуге деген заң
талаптары жоқ кезде де қаржылық
есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар
болады.
Меншік иелену кұқығына негізгі
өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы
есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты
жүргізудің жаңа объектісін құру үшін
өз бизнесін біріктірген кездегідей
деген ескерту болмаған аудиторлық
қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз
етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған
каржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген
есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты
тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға
басшылыққа арналған және оның қызметінің
тиімділігін жоғарылату жөніндегі
конструктивті ұсыныстар дайындауға
мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің
жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит
күшті моралдық ынталандыру болып
табылады. Барлық жазбалар мен есеп
берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады
деп түсіну қызметкерлерді есепті мүқият
және анық жүргізуге, сонымен қатар
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі
туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз
аудиторлар екі негізгі қызметті
орындайды:
- Қаржылық есеп берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.
- Қаржылық есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.
Аудиторлық
қызметтің негізгі міндеті экономикалық
субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін
реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік
есептің жүргізілуін, қорытынды
есепті құруды және пайдаланушыларды
қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды
сапалы тексеруді қамтамасыз етуде
болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды
есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен
дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім
аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық
қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін
ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету
үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік,
зандық және жалпы экономикалық мәселелер
бойынша бағдарламалық қамтамасыз
ету, анықтамалық әдебиет түріндегі
толық ақпараттық база қажет.
Аудиторлық
фирмалардың маңызды міндеттерінің
бірі өз қызметімен қатар кез келген
экономикалық субъект қызметінің рентабельділігін
қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық
жұмыс жоғары біліклілікті, аса көңіл
бөлу мен кәсіпқойлықгы талап
етеді. Әрине, оған осы кәсіп мәртебесіне
сай жоғары ақы төленуі керек.
Сонымен қатар үлкен табыс
пен қызметі көрсетілген тұтынушылардың
көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар
клиенттерді тандамай ала алмайды.
Бұл жерде болашақта аудиторлық
фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді
дұрыс таңдау қажет.
2 Аудиттың пайда болуы және дамуы.
Қазіргі
аудит 19-ғасырдың аяғында кәсіпорынның
жеке заңды тұлға ретінде пайда
болу кезінен бастап өзгерістерге ұшырады.
Бұл меншік құқығын басқарудан бөлуге
әкелді және соның нәтижесінде шешімдерді
қабылдаудың күнделікті процесіне
қатыспаған меншік иелерінің акционерлердің
акционер мен директор бір адам болып
табылатын шаруашылықты жүргізудің
шағын субъектілерінен басқасының
құқығын қорғау қажеттігі пайда
болады. Акционерлер басқарушылар мен
кәсіпорынның оларға бағынатын бухгалтерлері
ұсынатын қаржылық ақпаратқа ғана сүйене
алмайды. Жиі болатын банкроттық
әкімшілік тарапынан болатын
алдау қаржылық салымдар тәуекелін
елеулі арттырды. Қаржылық ақпарат
дұрыстығын тексеру және қаржылық есептемені
дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой бухгалтерлер
шақырылды. Аудиторларға қойылатын
басты талап оның асқан адалдығы
мен тәелсіздігі. Басқа жағынан
кәсіпорынның өз мүлігі мен атқарылған
шаруашылық операцияларын есепке алу,
барлық мүдделі жақтар пайдалана
алатын бухгалтерлік (қаржылық) есептемені
ұсыну міндетті тәуелсіз ведомстводан
тыс қаржылық бақылау-аудит қажеттігін
тудырды. Кәсіпорын қызметін тексеру
заңмен жүктелген салықгық органдар
оны қажет жағдайда өз құзіреті шеңберінде
ғана іске асырады. Сондықтан өзіне
осы міндеттерді алатын арнаулы
басқарма немесе қызметті құру қажеттелігі
пайда болады.
Бухгалтерлік
есеп күрделенуіне байланысты аудитордың
кәсіби дайындығы қажетті шартқа
айналып отыр. Осы кезден бастап
кәсіби аудиторлар қызметіне деген
қажеттілігі өскені байқалады. Аудиторларды
оқыту, аттестациялау және аудиторлық
қызметті реттеуді жүргізетін кәсіби
бухгалтерлік ұйымдар пайда бола
бастады.
Барлық елдер кәсіпорындар мен
ұйымдардың қызметін бухгалтерлік есеп
аудиторларды бақылау келесідей
құрамдар көмегімен іске асырылады:
- салық заңын қамтитын заң;
- бухгалтерлік есеп пен аудит стандарттары, кәсіби органдар білдіретін пікірлер мен түсіңдірмелер;
- қор биржасының талаптары.
Жалпы құқықгық құқық дәстүрлері тән
ағылшын тілді АҚШ пен Австралия сияқты
елдерде негізгі акцент заңға емес қаржылық
есеп стандарттары бюросы (АКДІ) секілді
кәсіби органдар орнатқан стандарттарға
жасалады.
Көптеген еддерде бухгалтерлер
мен аудиторлар топталатын бірнеше
кәсіби ұйымдар бар. Мысалы, Ұлыбританияда
осындай алты ұйым бар.
Көптеген
елдерде аудиторлардан келесілердің болуы
талап етіледі:
(а) сәйкес кәсіби
органға мүше болу;
(ә) практикалық және теориялық
емтихаидарды не кәсіби органдар
не сәйкес үкіметгік департамент
орнататын сәйкес академиялық
және кәсіби біліктілік. Экономика
облысы немесе сәйкес пән бойынша
университет дәрежесі жиі талап
етіледі;
(б) бухгалтерлік
немесе аудиторлық жүйедегі практикалық
жұмыстың жеткілікті тәжірибиесі;
(в) "қажетті
және сәйкес" мәртебе, яғни соңғы кезде
аудитор қандай да бір күрделі қылмысқа,
әсіресе қаржылық тәртіп бұзушылықпен
байланысты қылмыстарға қатысты болмауы
керек.
3 Қазақстанда аудиттің қалыптасуы
Біздің
елімізде аудит дамуы 1987жылы "Инаудит"
акционерлік қоғамы пайда болуынан
басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің
арнайы қаулысына сай құрылған. Оның
құрылуы елімізде аудитты ары
қарай дамытуға зор ықпал етті.
Шаруашылық
есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда
жоғары ұйымдық-құқықтық нысанға ие
болғанымен фирма мемлекетгік бақылау
органы базасында құрылды, ал құрылтайшылары
одақ министрліктері болды.
Бірегей
құрылым ретіңде "Инаудит" сақталмады,
ол бірнеше жеке аудиторлық фирмаларға
бөлініп кетті. Оның себептерінің бірі
фирмада өз фирмаларын құруға және
басқаруға мүмкіндік туған кәсіпқой
мамандар мен нағыз көш бастаушылардың
көп істеуінде болды.
1989-1993 жылдары
КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы
заң актілерін қабылдауға ұмтылыс
жасалды. Бүл кезеңде елде көптеген
коммерциялық ұйымдар, оның ішінде
аудиторлық фирмалар пайда болды.
Соңғылары жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктер ретінде тіркелді.
1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы министрлігінің
бақылау-ревизиялық басқармасы жанында
шаруашылық есептегі ревизиялық
топ құрылды. Содан соң оның
базасында 1990 жылы үкімет шешімімен
алғашқы "Шаруашылық есептегі
аудиторлық орталық" аудиторлық
фирмасы мен оның аумақтық
бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақғалган
тәжірибе, тұрақгы түрде өскен
аудиторлық қызмет көрсету, қандай
да бір дәрежеде әлемдік аудиторлық
практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық
есептегі орталықты "Қазақстан-аудит"
тәуелсіз акционерлік аудиторлық
компаниясына айналдыруға мүмкіндік
берді. Ол республикадағы аудиторлық
қызмет көрсету жөніндегі, меншіктің
жеке нысанына негізделген және
аудитты үкімет атынан жүргізу
құқығы бар лицензияға ие бірінші
тәуелсіз кәсіби компания болып
табылады.
Қазақстанда аудиттың қалыптасуы мен
оның кең танымал болуына "Қазақстан-аудиттың"
сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда
аудиторлық қызмет туралы заң жобасын
жасаудың негізгі дайыңдаушысы және
оның министрліктерде, үкімет деңгейінде
және парламент комитеттерінде талқылануында
бас кеңесші, сонымен қатар Қазақстан
аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының
авторы болды.
1990 жылдан бастап рынокта "Эрнест
энд Янг Сыртқы аудит" БК
пайда болды. Ол орналаскдн
жері және иелігіне қарамастан
олардың өтініштері бірлескен
кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер
жүргізді. Бұл сол кезде "Үлкен
алтылыққа" енген ірі континент
аралық аудиторлық фирма еді.
Қазір
Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін
ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар
мен жергілікті аудиторлық фирмалар
өз қызметтерін дамытуда. Қазақстан
Республикасының Қаржы министрінің
05.04.2001 жылғы №173 "Аудиторлық ұйымдар
мен кредиттік рейтингтік агенттіктер
тізімін бекіту туралы" бұйрығымен
жыл сайын ұйымдар аудитін
жүргізу және кредиттік рейтингті
ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28-ақпанындағы
№290 "Кейбір акционерлік қоғамдар
мен республикалық мемлекеттік
кәсіпорындар (үлттық компаниялар) қызметін
тиімді басқару мен бақылауды
ұйымдастыру жөніндегі шаралар
туралы" қаулысына сәйкес дәлелдеу
мақсатында "ПрайсуотерхаусКуперс"
ЖШС, "КПМГ Жанат" ЖШС, "ЭрнстЭндЯнг"
ЖШС, "ВДО Қазақстан-аудит" ЖШС
(соңғы аудиторлық фирма ҚР Қаржы
министірінің 2004 жылғы 19-шілдедегі
№294 бұйрығымен бекітілген) сияқты аудиторлық
ұйымдар тізімі бекітілген.
- Нарықты қатынастағы шет елдердегі аудиттің даму жолы.
Аудит
жұмысы, нарықты қатынас жүйесінде
дамыған елдерде жедел дамыды.
Мысалы, Ұлыбритания, Франция елдерінде
аудит міндетті түрде жүргізілетін
болды. Оның құқылығын қамтамасыз ету
үшін ол елдерде бірінші болып
аудит заңы қабылдаңды. Ал АҚШ-та аудит
қызметі Британия үлгісінде іс жүзінде
қолданыла бастады. 1896 жылы АҚШ-та аудит
заңы қабылдаңды. Қазіргі кезде, нарықты
қатынас жүйесінде дамыған елдерде
түгелдей заңдастырылған инфраструктуралық
құрылымы бар қоғамдық аудит институттары
бар. Ол елдердің барлығында ерекше мамандандырылған
бухгалтер-аудитор ұжымдары, қоғамдары
бар. Мысалы, Ұлыбритания елінде (1880
ж.) мәртебелі бухгалтерлер институты,
АҚШ-та дипломды бухгалтерлер институты
(1887 ж.), Германияда - аудиторлар институты
(1932 ж.) және аудитор Палатасы, Францияда
сол жылы бухгалтер-сарапшы Палатасы
және сенімді бухгалтерлер ұжымы, есеп
комиссарлары қоғамы құрылған.