Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 16:43, реферат
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты — аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
1. Аудит мәні мен маңызы
2. Аудиттің пайда болуы
3. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы
Аудит тәжірибесі мен теориясы бойынша стандарт дегеніміз аудиторлық процедураның негізін қалаушы принциптер немесе негізгі ережелер. Стандарт аудит қызметінің көлемін анықтауға, оны іске асыру методикасын және тексерудің нәтижесін бағалауга көмектеседі.
Сонымен қатар стандарт аудиторлардың білімдерін нығайтуға, жұмыстарының сапасын арттыруға және оларды жеңілдетуге әсерін тигізеді. Норманың стандарттан ерекшелігі - олар аудиттің негізгі принциптерін қолданбайды, тек қана бекітілген нормалар бойынша жұмыстар жүргізеді. Бірақта ол норманың дұрыстығын дәлелдей білу қажет. Осыған орай аудиторлар нормадән ауытқуы мүмкін, бірақта оны дәлелдеуге дайын болуы керек.
Аудиторлық жұмыстың стандарты 4 бөлімнен тұрады:
Негізгі постулаттар - ол аудиторлық қызметтің заңдылығы, логикалық принциптер бойынша жүргізілуі, орындалатын жұмыстардың жалпы стандартқа сәйкөстігі.
Негізгі постулаттар көптеген аксиомалардан тұрады.
Жалпы стандарттар - ол аудиторлардың орындайтын жұмыстарының алдына қоятын міндеттері, яғни аудитор жоғары сапалы маман болуы керек, өз жұмысының шебері болуы керек, т.б. Жалпы стандарттың негізгі талаптары: тәуелсіздігі, компонентгілігі, ұқыптылығы т.б.
Жұмыс стандарты - аудиторлық тексеру жүргізген кезде аудиторлардың сүйенетін негізгі ережелері. Оған жататындар: аудиторлық тексеруге дайындық, қажетті ақпараттар жинау, ішкі бақылау жұмысын бағалау т.б.
4-Тақырып. Аудитті құқықтық реттеу
Аудиторлардың кәсіби этикасы
1. Аудитті құқықтық реттеу
2. Аудиттің кәсіби этикасы
3.
Аудиторлық қызметті
4. Аудиторлық білім алу
5. Аудиторлық қызмет туралы заң
Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқтық актілер
Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.
Нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз - бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде (ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б.) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу. 250 "Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде зандар мен нормативтік актілерді қарастыру" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: "Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір зандарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру кабілетінің күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады". Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылык қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту, жалған құжаттарды салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушьшықтар орын алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында аудитті нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдық және нормативтік құжаттар кіреді
Аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары).
Заңдар
мен нормативтік актілер
Қазіргі кезде басшылыққа алынып жүрген заңнамалардың, атап айқанда Қазақстан Республикасының "Азаматтық кодексінің", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің, "Аудиторлық қызмет туралы" заңның, "Лицензиялау туралы" заңның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Егер клиенттің зиян шегуіне әкеліп соқтырған, квалификациясыз (біліксіз) аудиторлық тексеру жүргізу орын алса, онда сот шешімінің негізінде аудиторлық фирмадан төмендегілер өндірідіп алынуы мүмкін:
Алайда, аудиторлық қызметтің Қазақстандық тәжірибесінде шетелдерде болып тұратын, клиенттің шеккен зияны мен аудиторлардың іс-әрекеті арасындағы байланысты соттың дәлелдеуі мүмкін болған шулы сот тексерулері орын алған емес.
Аудиторлық ұйым клиенттің бухгалтерлік қорытынды есебінің барлық маңызды аспектілері бойынша олардың дұрыстығы (сенімділігі) жөнінде кәсіби пікірін қүрастырғаны және оны білдіргені үшін жауап береді.
Кәсіби пікірін құрастыру және оны білдіру кезінде ол Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік құжаттардың талаптарын және аудиттің этикалық нормаларын басшьшыққа алуға тиісті.
Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық кодекстің 229-бабында, сондай-ақ, аудиторды өз қызметінің міңдеттеріне қарамастан жеке басы немесе басқа тұлға, не болмаса ұйым үшін пайда табу және артықшылықта болу мақсатымен өзінің өкіметтілігін асыра пайдаланғаны үшін, сөйтіп басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіргені үшін, егер олардың бұл іс-әрекеті азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделеріне және құқықтарына не болмаса заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне елеулі зиян келтірілген болса, жазалау шаралары қарастырылған.
Әкімшілік жауапкершілік. Аудит - қызметтің лицензияланатын түрі, сондықтан оның "Лицензиялау туралы" заңға сәйкес жауапкершілігі бар. Аталмыш занда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, сонымен бірге лицензиясыз қызметті жүзеге асырудан алынған табысты бюджетке алу түріндегі материалдық жауапкершілік қарастырылған.
Лицензия беруші орган төмендегі жағдайларда лицензияның қызметін тоқтата алады:
Лицензия алушы лицензиялық алымды белгіленген мерзімнің ішінде төлемеген жағдайда, сондай-ақ, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады және жойылған болып есептелінеді.
Қазақстанда аудитордың білім алуы
Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аттестациялауға жоғары білімі бар және экономика, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау-ревизия немесе құқық қорғау салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған, сонымен бірге жоғарғы оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және жоғарыда аталған салаларда соңғы бес жылдың екі жылынан кем емес мерзім ішінде тәжірибе жинақталған тұлғалар жіберілетіндігі айтылған.
Жоғарыда айтылғандардан аудиторлық қызметпен айналысуға қойылатын негізгі талаптардың бірі — аудитордың білім алуы екендігін көреміз.
Аудитор алуға таісті білімінің
негізгі элементтері
Аудиттің сапасын бақылау және аудитті құжаттау.
1. Аудитті құжаттау
230 "Құжаттау"
деп аталатын Халықаралық
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың аудитті нормативтік-қүқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.
Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;
олар
аудиторлық жұмысқа шолу жасауға
және аудитке бақылауды
оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесіңде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны
Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынғаы аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды-пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.
Аудит
практикасында жұмыс
Жоғарыда айтылғандардан жұмыс құжаттары бір уақытта жұмыстың сапасына бақылау жасау құралын бере отырып, жұмыс процессіне жағдай туғызады деген қорытынды пікір айтуға болады.
Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;
жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;
- сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмүнына төмендегі факторлар әсер етеді:
көрсетілетін қызметтің сипаты;
аудиторлық қорытынды есептің нысаны;
клиент бизнесі;
ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;
аудитті орындау процессінде қолданылатын әдістеме.
Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау женілірек болады. Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:
2. Жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар
Жұмыс құжаттары төмендегі
Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың мазмұнында сәйкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойыңдауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек. Клиентті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендегілер болуы мүмкін:
- Келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және т.б. тізімі.
Тексеруші балансты жұмыс құжаттарының «жон арқасы» деп жиі атайды. Себебі ол қаржылық қорытынды есепті құру мақсатында Бас кітаптағы шоттар бойынша қалдықтарды жазу құралы ретінде және баланстың жекелеген шоттары бойынша жұмыс құжаттарының көрсетушісі ретіңде қызмет атқарады.
Жұмыс құжаттарының толық саны (тізімі) әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирмаішілік стандарттарымен анықталуға тиісті.