Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновацияльқ экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті

Содержание

КІРІСПЕ
І БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Шығармашылық», «әлеует» ұғымдарының ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.................................................................................................................
1.2 Практикаға педагогикалық технологияларды ендіру арқылы педагог мамандардың шығармашылық әлеуетін көтерудің алғышарттары..............
БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КӨТЕРУ
2.1 Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін педагогикалық технологиялар арқылы көтерудің жолдары ..................................................
2.2 Тәжірибелік жұмыстың нәтижелері .......................................................
Қорытынды..............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру.doc

— 691.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 4- Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі

     Модульді оқытудың дәстүрге айналған сынып – сабақ жүйесіндегі түсіндіру иллюстративті әдістен қандай айырмашылықтары бар?

     Ең алдымен,  оқушы өзінің жеке интеллектін  саналы түрде дамыта отырып,оқу  мазмұнын жіктеп меңгереді, ал мұғалім тек ұйымдастырушы, координатор (үйлестіруші), көмек беруші, бақылаушы міндетін атқарады.

     Модульді  оқытудың көптеген идеялары бағдарламалап  оқытудан алынған. Ол дәстүрлі  оқытудың  жоғары дәрежеде ұйымдастырылған  баламалы түрі.Сабақ үрдісіне модульді біртіндеп енгізген дұрыс.Жоғары сыныптарда модульді оқытуды дәрістік әдіспен ұштастырған өте тиімді. Модульге оқушылардың оқу – таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады.Мысалы, жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істеу, оқытудың қай жүйесінде де модульді пайдаланып,оның сапасын, тиімділігін арттыруға болады.

       Модульді сабақтың жай сабақтан айырмашылығы неде және модульді сабақты өткізу үшін мұғалім не істеу керек?

       Модульді сабақты әзірлеу үшін оның дидактикалық мақсаттарын анықтап, модулдер (ақпараттар блоктарынан тұратын) жиынтығынан тұратын модульді бағдарламаны құрастыру керек. Сызбанұсқа түрінде берсек:

Кешенді дидактикалық мақсат




 

 

             


 

Кіріктірілген (модульдерді  құрастыру үшін) дидактикалық мақсат




 

 


          

Оқу элементтерін құру үшін жеке дидактикалық мақсат


 

Модульдер шартты түрде  үш типке жіктеледі:

                1.Танымдық (ғылым негіздерін оқығанда  қолданылады).

                2.Операциялық немесе іс- әрекеттік (іс - әрекеттердің әдістерін      қалыптастыру және дамыту үшін).

                3.Аралас.

     Модульді  технологиямен оқыту кезінде  кей сабақтарда уақыт тығыз  болып қалады, яғни уақыттың жетіспеушілігі  оның кемшілігіне жатады.

Кейде сыныптағы нашар  оқитын оқушылар топпен жұмыстар істегенде жақсы оқитындардың қалқасында қалып, дұрыс бағаланбай қалады. Сондықтан жеке оқушылармен жұмыс үнемі жүргізіліп отыру керек және Ж.Қараевтың саралап оқыту технологиясының элементтерін  топпен жұмыс кезінде қолдану керек.

  Деңгейлеп – саралап  оқыту технологиясының білім  рейтінгі мен баға мониторингі  «Білім туралы» Заңда көрсетілген  3 – баптың 7-8 пунктеріндегі білімнің  жариялық, әділдік қағидаларын сақтайды. Білім рейтінгі арқылы оқушы  өз білімін өзі бағалай алады.

   Дәстүрлі «5» балдық жүйедегі «2» лік  баға алудан, деңгейлеп- саралап оқыту технологиясындағы «сынақ есепке алу» жүйесі оқушының пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, арттырады. Бір деңгейден екінші деңгейге көтер-ілуге, көбірек ұпай жинауға ұмтылады. Жаңа  технологияларды қолданған кезде оқушылар талдау, жинақтау,салыстыру сияқты танымдық жұмыстар жүргізеді.

    Қазір 9,10,11 сынып оқушыларының арасында  блок схемаларды өз беттерімен  құрастыратын, деңгейлік тапсырмалардың  үшеуін де өз беттерімен ізденіп  орындап келетін оқушылар бар. Бұл жаңа технологиялардың элементтерін қолдануымыздың нәтижесі деп білемін.

Оқушылар  модульді технологиямен  өткен сабақтар туралы өздерінің  ой пікірлерінде былай дейді:

       -  модулді технологиямен берілген  сабақтар маған өте ұнайды. Әсіресе диалог сабақтары әр түрлі ойындармен өте қызықты өтеді. Сыныпта бір –бірімізбен пікір алмасу маған ұнайды. (Мамиев Асет 10 «А» сынып)

    • көпшілік болып ой бөліскенде мен өз ойымды ұялмай еркін айта аламын. (Құрманғазиева Дина 8 «Б» сынып)
    • әр тақырыпты диалог сабақтарда біз бірнеше рет  талдаймыз ,бұл маған ұнайды (Ұзақпай Аяулым 10 “Б”)
    • сабақ көңілді өтеді (Суханбердиев Қуаныш 8 “А”)
    • мен осындай сабақтан жақсы түсінемін т.б.(Кокенова Аида 9 “А”)

Жеке тұлғаның танымдық қабілетін,танымдылық үдерістерді (есту,көру,жазу) дамытуға бағытталған, нақты жүйелігі бар технология  М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы». Бұл технология баланы өзін танытуға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қарайды, оқушы ғылыми көздерді оқулықты пайдаланады. Модульдік технология формаларын пайдалана отырып оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, қаралып отырылған мәселеге өзіндік көзқарасын, пікірін айтуға, оны дәлелдеуге ұмтылады, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді. 

Қазақстан – 2030 бағдарламасында: «Егеменді еліміз даму, өркениеттің сара жолына түсіп, оның биігіне көтерілуі үшін өзінің экономикалқ, саяси жүйесімен бірге рухани интеллектуалдық қуатын одан да бетер жетілдіріп молайтуы шарт» делінуі ұлтымыздың кемелді келешегі үшін оқу-тәрбие үрдісінің маңызын көрсетеді.

 Келесі қарастыратынымыз, оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы бойынша жүмыс жасау үшін әр мұғалім өз пәні бойынша төмендегідей құжаттар әзірлеу керек:

1. Күнтізбелік жоспар.

2. Тақырыптық жоспар

3. Тақырыпты  өз бетімен меңгру үшін қажет  үш кезеңдік тапсырмалар мен әдістер тізбегі.

Оның ішінде алғашқы екі кезеңі технологияның синектикалық бөлімінің талабына сәйкес (өз бетімен білім алуы үшін), үшінші  кезеіңі технологияның нәтижеге бағытталған бөлімінің талабына сәйкес (алған білімдерін бақылап,

қатесімен жұмыс  жасап, бағалау үшін) үш деңгейлк тапсырмалардан тұрады 

       Аталған технология бойынша күнтізбелік  жоспарды жасау барысында ең  алдымен барлық тақырыпты  модульге бөлу керек.

 Модуль дегеніміз не? Модуль – ол  үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан тұратын тарау. Оның ерекшелігі, әрбір тарау, немесе модуль үш қорытынды сабақпен аяқталады:

- деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс (модуль бойынша олқылықты анықтау) – ішкі бақылау, негізгі журналға бағасы қойылмайды;

- коррекциялық жұмыс (модуль бойынша олқылықты жою);

- деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы – сыртқы бақылау, бағасы негізгі журналға қойыдады.

Бұл үш сабақ  не үшін керек? Дәстүрлі оқыту бойынша бақылау жұмысына бір сағат беріліп, одан кейін қатемен жұмысқа сағат бөліне бермейтін. Мұндай жағдайда оқушыда өз біліміндегі кемшіліктерді қаншалықты

 жойғанын  дәлелдеуге мүмкіндік болмаған. Сондықтан бұл технология бойынша  міндетті түрде бақылау жұмысына  дайындық ретінде бір сағат өзіндік жұмысқа және бір сағат коррекциялық жұмыстарға бөліну керек.

 Бұл екі  сағатты бағдарлама бойынша берілген  жалпы сағат көлемінен мазмұны  бір-біріне жақын тақырыптарды біріктіру арқылы шығаруға болады. Егер сағат саны шектеулі болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа

және жарты  сабақ коррекциялық жұмысқа бөліну керек.

Технология  талабы бойынша әрбір тоқсан 6 қорытынды  сабақпен аяқталу керек: 3 сабақ тоқсандағы соңғы  тарау бойынша, 3 сабақ тоқсандағы барлық модуль бойынша. Ал әрбір оқу жылы 9 қорытынды сабақпен аяқтау керек:

3 сабақ соңғы  тарау бойынша, 3 сабақ соңғы төртінші  тоқсан бойынша, 3 сабақ жылдық  қорытынды бойынша.       «Үшөлшемді  әдістемелік жүйе»  педагогикалық технологиясы бойынша сабақты өту барысы төмендегідей болуы шарт

      І кезең (5-7 минут)

       а) Ұйымдастыру;

       б) Үй жұмыстарын тексеру: (кеше өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу керек болған) оларды аяқтау дәрежесі тексеріледі. Бұл жерде үздік оқушылар сабақтың басында өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді, немесе оқушылар бірбірімен дәптерлерін ауыстырып, мұғалім айтып тұрған жауаптармен салыстырып плюс немесе минус белгілерін қояды. әр оқушы плюс белгісі қойылған тапсырмалардың балын  мұғалімге айтады. Ол әрбір оқушының балын тақтада үнемі ілулі тұратын “ашық журналға” тіркеп қояды. Соңынан сабақ арасында, қолы босаған сәтте, кеше сыныпта алған ұпай санына қосып, дәстүрлі журналға тиісті бағасын қояды;

в) „Көпір“  тапсырмалары (үйге берілген болатын) тексеріледі. Бұлар өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар. Бұл технологияның бір ерекшілігі: өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді. Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған сұраққа жауап білмесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уақыт жоғалтатын еді. Екіншіден, егер мұғалім жүйелі түрде өткенді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды талап етіп отырса, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да дайындалып келуге мәжбүр болады, нәтижесінде әрбір оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады.

1-кезеңде төмендегідей  және басқада интерактивті әдістерді   қолдануға болады: сұрақ-жауап әдісі; немесе “Ассоциациялар қатары”, мысалы: мұғалім тақтаға тақырыпты жазады, оқушылар тақырыпқа байланысты ассоциацияларды дәптерлеріне жазады. Мұғалім парақтарды жинап, оқушылармен талдап, нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы жасалады. Мұғалім бұл әдіс арқылы оқушылардың білімі туралы түсінік алады. Басқада интерактивті әдістерді қолдануға болады.

      ІІ кезең  -технология бойынша синектикалық  бөлім-  (20-25 минут)

а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. Бұл жерде мұғалім әдеттегідей сабақты өзі түсіндіруден бастамайды, ол 5-7 минуттық өзіндік топтық жұмыс ұйымдастырады. Мысалы, оқушыға зерттеушілік әдістің алгоритмі

 бойынша  іріктелген сұрақтарға жауап  беру ұсынылады. Олар төмендегідей  ретте қойылу тиіс: Теорияны  меңгеру үшін:

1. «Білу» мақсатына  сәйкес Не? қашан? қай жылы? қайда?  ...құрылымы қандай? Аяқта, формуланы жаз, т.с.с.

2. «Түсіну» Сұрақтар  түрі: Неге? Неліктен? Себебі? түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер,

3. «Талдау» талда,  салыстыр, айырмашылығы неде? 

4. «Жинақтау»: Классификация  жаса, қорытынды шығар т.б.

Сұрақтарға  жауап беру үшін оқушылар алдымен  өз бетінше мәтінді (жаңа тақырып  бойынша) оқиды, жауап табады.

Немсе оқулықтағы мәтінмен жұмысты төмендегі әдістер бойынша ұйымдастыруға болады.

“Дана үкілер”  техникасы

1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы  тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге  жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

2. Маңызды өмірлік даналық мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

3. Таныс және таныс емес, мәтіннен сізге алдында таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

4. Иллюстрациялық бейнелеу. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура, т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.

5. Үлгі боларлық қорытынды. Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға болады ма?

6. Талқылауға аранлаған маңызды тақырыптар. Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

б) Мұғалім оқушылармен  бірге жоғарыдағы топтық жұмыстың нәтижесін  талдайды (8-10 мин.).

Негізгі мақсат – ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Жоғарыда айтқандай, мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылардың өздері күш салып, қаншалықты меңгергендерін

қадағалайды. Ол тек көмектеседі, қосымша фактілер береді, қажет болса өзі түсіндіреді, демек мұғалім оқушылардың танымдық қызметін тек басқарады, бағыт-бағдар береді. Негізгі әдіс-тәсіл – проблемалық оқыту (диспут,

дискуссия, оқыта  үйрету ойындары т.б.) Сабақтың бұл бөлімінде төмендегі тәсілдерді қолдануға болады.

ІІІ кезең (кері байланыс)- технология бойынша 

нәтижеге бағытталған  бөлім 

(12 минут + 3 минут қортынды  шығаруға арналады).

 

      Бұл кезеңнің негізгі мақсаты:  деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы 2-ші кезеңде

алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету  және оқу жетістіктерін 12-ұпайлық  рейтинг жүйесі

бойынша әділ бағалау  болып табылады. Оқушыларға стандарт көлеміндегі үш деңгейлік тапсырмалар  ұсынылады.

      1-ші деңгей – оқушылық (өнімсіз-репродуктивтік деңгей–мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды. Бүл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттерін жасайды:

а) екінші кезеңде  қарастырылған ұғымдарды, ережелерді, анықтамаларды  т.б. фактілерді білу талап етіледі. Койылатын сұрақтар  түрі: Не? қашан? қай жылы? қайда?  ...құрылымы қандай? Аяқта, формуланы жаз, т.с.с. Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық, тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады, б) үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы – біліктілігі анықталады. 

  Жұмысты  барлық оқушы міндетті түрде  1-ші деңгейді орындаудан бастайды. 1-ші деңгейге баға бірден қойылмайды, “сынақтан өтті”, “сынақтан  өтпеді” деп бағаланады. “Сынақтан  өтпеді” деген ұғымның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады. 1-ші деңгейдің барлық тапсырмасы дұрыс орындалған жағдайда сынақ тапсырылған болып саналады. Егер бір тапсырмасы болсын орындалмаса, сынақ есептелінбейді. Бұл жағдайда оқушы барлық тақырыпты емес, тек қатемен орындаған

Информация о работе Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру