Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновацияльқ экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті

Содержание

КІРІСПЕ
І БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Шығармашылық», «әлеует» ұғымдарының ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.................................................................................................................
1.2 Практикаға педагогикалық технологияларды ендіру арқылы педагог мамандардың шығармашылық әлеуетін көтерудің алғышарттары..............
БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КӨТЕРУ
2.1 Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін педагогикалық технологиялар арқылы көтерудің жолдары ..................................................
2.2 Тәжірибелік жұмыстың нәтижелері .......................................................
Қорытынды..............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру.doc

— 691.00 Кб (Скачать документ)

Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру

 

 

І БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  «Шығармашылық», «әлеует»  ұғымдарының ғылыми әдебиеттердегі  көрінісі

1.2 Практикаға педагогикалық технологияларды ендіру арқылы педагог мамандардың шығармашылық әлеуетін көтерудің алғышарттары

  1.    БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ  КӨТРУ

 2.1   Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін  педагогикалық технологиялар арқылы  көтерудің жолдары 

2.2      Тәжірибелік жұмыстың нәтижелері 

 

  1. Диплом жұмысында қарастырылатын мәселелер

1. Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытудың    теориялық-әдіснамалық    негіздерін    айқындау;    «әлеует», «шығармашылық   әлеует»,   «шығармашылық   әрекет»,   «педагогикалық шығармашылық»     ұғымдарының мәнін анықтау;

2.  Биология мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытудың   әдістемелік  алғышарттарын  белгілеу;

3. Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін  педагогикалық технологиялар арқылы  көтерудің жолдарын  айқындау.

 

  1. Ұсынылатын әдебиеттер

 

  1.  Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін». 19 наурыз, 2004 жыл.//Егемен Қазақстан, 2004 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім-Образование, №1, 2004.
  3. Сәлімбаев О.С. «12 жылдық мектеп жағдайындағы құзыреттілік білім беруді енгізу мәселелері» // «Мектепте құзыреттілік білім беруді енгізу жағдайында педагог кадрларды дайындау» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Тараз, 2006.
  4.   Мұқанбетова Ш.Т. Тұлғаны дамыту - өзекті мәселе // Қазақстан мектебі. – 2005. - №2. – 51-54 бб.
  5. Мұқанбетова Ш.Т. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологияларын қолданудың педагогикалық жағдайлары // «Жоғары оқу орнындағы оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивтік әдістері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. - Орал, 2006. – 335-336 бб.

 

 

  1. Графикалық материалдардың тізімі

 

  1. Кесте 1 -
  2. Кесте 2 –
  3. Кесте 3 -
  4. Сурет 1 –
  5. Сурет 2 –

 

 

 

  1. Диплом жұмысын жазудың күнтізбелік кестесі

 

Іс-әрекет түрлері

Мерзімі

Орындалуы туралы белгі

1

 Зерттеу жұмысының  өзектілігін негіздеу

 қыркүйек

15.09.2010

2

 Диплом жұмысының  тақырыбын бекіту

 қазан

25.10.2010

3

 Дерек көздерін  жинау және әдебиеттерді іріктеу,  оқу, зерделеу, өңдеу

қараша

22.11.2010

4

 Диплом жұмысының  ғылыми аппаратын анықтау

 желтоқсан

06.12.2010

5

 Диплом жұмысыынң  теориялық бөлімін жазу

желтоқсан

20.12.2010

6

 Тәжірибелік-педагогикалық  жұмыстарды ұйымдастыру және  жүргізу

қаңтар

10.01.2011

7

 Дипломдық жұмыстың тәжірибелік  бөлімін жазу

қаңтар-ақпан

07.02.2011

8

 Диплом жұмысын  алдын ала қорғау

 сәуір

16.04.2011

9

Диплом жұмысын қорғау

мамыр

16.05.2011


 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 КІРІСПЕ

І БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  «Шығармашылық», «әлеует»  ұғымдарының ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.................................................................................................................

1.2 Практикаға педагогикалық технологияларды ендіру арқылы педагог мамандардың шығармашылық әлеуетін көтерудің алғышарттары..............

  1.    БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ  КӨТЕРУ 

 2.1   Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін  педагогикалық технологиялар арқылы  көтерудің жолдары  ..................................................

2.2     Тәжірибелік жұмыстың нәтижелері  .......................................................

  Қорытынды..............................................................................................................

 

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................

Қосымша №1

Қосымша №2

Қосымша №3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің  көкейкестілігі: Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

Осы заманғы білім  беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін  осы заманғы мұғалімдерсіз инновацияльқ экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын [1].

Білім - адамзаттың терең  және үйлесімді дамуын бекітетін  құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Осыған орай бүрынғы мәдени тәжірибені жеткізуге бағытталған, үлгі бойынша оқытатын репродуктивті, жеке адамның қызығушылықтарынан мемлекеттік мүддені жоғары коятын білімнен адамның өзін танымның биік баспалдақтарына қарай жетектеп отыратын «өмір бойы» алатын білімге бағытталу жүзеге асырылуда. Білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік карым-қатынастарда өз орынын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс деп есептелінеді.

Модернизациялаудың кұқықтық негіздерін Мемлекеттік «Білім»  бағдарламасы [2], Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының 2010-жылға дейінгі бағдарламасы [3], Қазақстан Республикасы білімді дамытудың 2005-2010-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [4], Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы [5], Қазақстан Республикасы мамандар біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың ережесі мен тәртібі [6], Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім түжырымдамасы [7], Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамыту тұжырымдамасы [8] және де басқа мемлекеттік нормативті құжаттар қүрайды.

Білім саласына жүктеліп отырған осындай міндеттерді  жүзеге асыратын, барлық реформалардың  басты кейіпкерлері мұғалімдер - жаңа формация мұғалімі деп қабылданып, олар: рухани-адамгершілікті, азаматтық  белсенді, рефлексияға қабілетті, шығармашыл, акпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-тұлғалық құзырлылықтары қалыптасқан, әдіснамалық, зерттеушілік, әдістемелік деңгейі жоғары тұлға ретінде сипатталады [9].

  Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби мәнді сапалары мен шығармашылық әлеуетін дамыту үшін осы кезге дейін мамандардың пәндік кәсіби аймақтары аясында қызмет етіп келген біліктілікті арттыру жұмысындағы тәжірибеге түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігі күн санап артып отыр деуге болады. Сондықтан мұғалімдер мен басқа да педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру ісімен айналыса отырған жүйенің де өз жұмысының мазмұнын, құрылымын өзгертіп, жаңа дидактикасын жасау кезек күттірмейтін өзекті мәселелер қатарына жатады.

Біздің ойымызша мұғалімнің білімін көтеру ісі ең алдымен оның өзіне қарай бағытталғанда ғана ұстаздардың өз санасын дамытып, атқарып отырған қызметінің мәнін терең ұғынуы, соған сәйкес өзін - өзі жетілдіру қабілеттерін қалыптастыруды, кәсіби шығармашылықтың биіктеріне жетуді қамтамасыз ететін болады. Бұл мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру жүмысын олардың «дамуының жақын аймағында»ұйымдастыру жағдайына көшіруді және сол арқылы әр педагогты жаңа белеске көтеріп, педагогикалық еңбекті шығармашылық деңгейге шығаруды нәтижелі етеді.

Демек педагогикалық мамандардың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқыту модельдері негізінде білім көтерушінің субъектілігін мойындайтын, оның әлеуетіне әсер ететін, ересектерді оқыту ерекшеліктері ескерілген, біліктілікті арттыру жүйесін күрудың теориялық, әдіснамалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады. Адам бойындағы ашылмаған мүмкіндіктерін жетілдірудің мәні мен маңызы, шығармашылық бастаулардың көзін ашу сияқты көп қырлы, күрделі мәселе өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Зерттеу барысында антикалық дәуір философтары (Гераклит, Сократ), жаңару кезеңінің ойшылдарының (Ж.Ж.Руссо, К.Гельвеций, Д.Дидро, т.б.), субъективті идеализм теориясы өкілдері (И.Кант, Л.Фейербах, И.Фихте, т.б), шығыстың көрнекті ойшылдары (Жүсіп Баласағүн, Әбу Насыр әл-Фараби, Ш.Уәлиханов), ақындар (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров), ағартушылар (Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б.) еңбектерінде адамның жеке басын дамыту, ішкі мәнді күштерін дамытуға ерекше мән берілгендігі анықталды.

Шығармашыл мұғалімнің қалыптасуы сол қоғамдағы білім жүйесінің дамуы жағдайында жүзеге асатын болғандықтан, зерттеу барысында зерделенген Қазақстанның педагогика ғылымының даму тарихы (А.И.Сембаев, Г.М.Храпченков, К.К.Құнантаева, А.Н.Ілиясова, т.б.) [11;12;13,14], жоғарғы білім беру жүйесінің калыптасуы мен дамуы, онда оқу-тәрбие үрдісін үйымдастыру мәселелері (Т.С.Садықов, М.Ә.Құдайқұлов, Т.С.Сабыров, Е.Ө.Жұматаева болашақ мамандарды дайындаудағы тұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы (Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, С.Т.Каргин, Қ.К.Жампеисова, т.б) мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру (Ш.Таубаева, т.б.) мектеп басқару мәселелері (Н.А.Әбішев, К.Д.Қарақұлов, т.б.) [24;25]; кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің дамуы мен ондағы оқу үрдісін жетілдіру (Б.Ә.Әбдікәрімов, А.П.Сейтешев, Б.К.Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, т.б.)  салыстырмалы педагогика мәселелері (А.К.Құсайынов, Қ.Мусин) қазақ этнопедагогикасының негізінде жеке тұлға ның жан-жакты дамуы теориялық-әдіснамалық түрғыдан қарастырылған (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Р.К.Төлеубекова, Ә.Табылдиев, т.б.)  мәселелері кеңінен карастырылады.

Тұлғаның шығармашыл болуына ықпал етудің әртүрлі  аспектілері сонымен қатар тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріндегі, сондай-ақ өз еліміздегі психология мен педагогика саласы ғылымдардың қосқан үлесі мол. 

Дегенмен жалпы және кәсіби білімді дамытуға қатысты  осындай іргелі және қолданбалы зерттеулердің, педагогикалық шығармашылыққа деген жалпы қызығушылықтың болғанына қарамастан, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі анық. Олар: қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мұғалімнің өз кәсіби әрекетінде шығармашыл болуын талап етіп отырғанымен үздіксіз білім жүйесінде бұл мәселені тиімді шешудің ғылыми-теориялық негізі жасалмағандығы; біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағытта жүйенің мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; біліктілікті арттырудың қалыптасқан дәстүрлі тәжірибесінің үстемдігі; мұғалімдердің өзін-өзі дамытуының тетіктерін білмеуі, т.б.

Жоғарыдағы айтылғандардан басқа: мұғалімнің өзінің ішкі мүмкіндіктерін, әлеуетінің ерекшеліктерін білмеуінің, мектеп басқарудағы консерваторлықтың орын алуы, үстаздардың шығармашылық бастамаларын ынталандырудың төмендігінің сияқты факторлар да мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудың нәтижелі болуына кері әсер ететін факторларға жатады.

 Сонымен ғылыми-философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және біліктілікті арттырудьщ нақты тәжірибесін талдау барысында төмендегі қарама-қайптшықтарды анықтауға мүмкіндік алдық: -                                                                 шығармащылыққа   деген   әлеуметтік   қажеттілік   пен   мұғалімнің шығармашылық   әлеуетін   дамытудың   ғылыми-теориялық   негізделуінің жеткіліксіздігі арасындағы;

- қазіргі біліктілікті  арттыруды ұйымдастыру практикасы  мен онда мұғалімнің  өз  шығармашылығын  дамытуының  мүмкіндіктерінің  толық пайдаланылмауы арасындағы.

Бұл қарама-қайшылықтар  педагогикалық теория мен практикада мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытудың түғыры неде, қандай заңдылықтарға  негізделеді; проблеманы тиімді шешудің  педагогикалық шарттары мен тетіктері  қандай деген мәселелерді туындатып, оны теориялық-әдіснамалық және технологиялық деңгейде қарастыруды талап етеді. Бұл зерттеу тақырыбын «Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің  мақсаты: біліктілікті арттыру жүйесінде болашақ биология пәні мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық - әдіснамалық тұоғыдан негіздеу;

Информация о работе Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру