Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновацияльқ экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті

Содержание

КІРІСПЕ
І БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Шығармашылық», «әлеует» ұғымдарының ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.................................................................................................................
1.2 Практикаға педагогикалық технологияларды ендіру арқылы педагог мамандардың шығармашылық әлеуетін көтерудің алғышарттары..............
БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КӨТЕРУ
2.1 Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін педагогикалық технологиялар арқылы көтерудің жолдары ..................................................
2.2 Тәжірибелік жұмыстың нәтижелері .......................................................
Қорытынды..............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру.doc

— 691.00 Кб (Скачать документ)

Жоғары мектеп аясында  жүзеге асатын шеберлік деңгейі, тұлғаның кіріктірілген қасиеттерін зерттеу тұлғалық-түрткілік бағдарға негізделген. Соның ішінде мұғалімнің әрекетінің түрткілік жағына, шығармашылығына басты орын берілетін қасиеттерге баса назар аударылады. Кәсіби түрткі мықты, тұрақты болған сайын, кәсібиліктің көрсеткіштері жоғары болады.

Кәсіби шығармашылыққа дайындық мәселесін шешу тәсілдерін іздеу оның құрылымын анықтаудың алғы шарты. Мысалы, О.Р. Черноусова педагогикалық шығармашылыққа дайындықтың төрт кезеңін көрсетті. Олар сәйкес өлшемдер, әрекет мазмұны, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог қасиеттері негізінде сипатталған негіздік, үйлесімді, шығармашылық, зерттеушілік кезеңдері.

Педагогтің шығармашылық ізде-німпаздыққа дайындығының диагнос-тикасының  негізгі бағыттарын қарастыра отырып, А.И. Кочетов [1] жоғарғы жалпы мәдениет, шығармашылық әрекет көр-сеткішінің тиімділігін және мұғалім шебер-лігінің өзіндік диагностикасын ұсынды.

Жоғарыда айтылғандай, шығар-машылық тұлғаның қалыптасуы тек ішкі ғана емес, сыртқы (объективті) шарттарға да байланысты. Қазіргі заман зерттеушілері оларға әлеуметтік жағдайлар мен олардың болашағын; қазіргі заман ғалымының даму деңгейін; жалпылама білім беру тәжір-ибесінің жағдайы; бағдарлама, оқулық, ұсыныстарда көрсетілген әдістемелік сілтемелер; бір педагогтің немесе педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті мен ұстанымын жатқызады.

Сөйтіп, шығармашылыққа деген жаңа тұжырымдамалық бағдарлар, шығар-машылыққа дайындық түрлерін, фак-торларын, өлшемдерін ажырату бұл  категорияның көп қырлы сипат алғанын көрсетеді. Шығармашылық қазіргі заман адамының өмірдегі әрекетінің маңызы бола бастады.

Қоғам өзінің даму тарихында  адамзат мәнін толық ашып, жүзеге асыратын орасан зор әлеует жинақтады. Өкінішке орай, білім берудің дәстүрлі жүйесі әлі күнге дейін ғылымның абсолюттік шындығына, рационализмді дамытуға ықпал жасауда. Бұл үнемі артқа, бұрынғы білімге оралып отыру деген сөз.

Білім берудегі тоқырауды  талдау адамның шығармашылық және рухани-лылығына бағытталған жаңа білім беру парадигмасын жасау қажеттілігін тудырды. Білім беру тәжірибесіндегі негізгі міндеттер қоғам мен табиғат заңдарын оқытып қана қоймай, «адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі қарым-қатынас ізгілігі мен шығармашылық жаңарудың әдістемесін меңгеруге көмек болып табылады. Бұндай міндетті басты мақсаты адамның шығармашылық әлеуетін дамыту және сақтау болып табылатын инновациялық білім беру ғана жүзеге асыра алады.

Шығармашылық қабілеттерді дамыту бұрын да білім берудің  мақсатты қондырғысы ретінде қарастырылған. Бірақ, бұның өз мақсатына жетпеу себебі білім беру жүйесінің тұлғаның шығармашылық әлеуетін басып тастауында болды.

Бүгінгі таңда өткен  кездің қатесін біліп қана қою  аз. Ең маңыздысы, қай бағыт бойынша  қозғалудың дұрыс, тиімді болатыны. Осындай  бағыттардың бірі инновациялық креативті білім беру. Ол ХХІ ғасыр білімі болып есептелетін педагогикалық-психологиялық білім қорт-пасына негізделген. Инновациялық креа-тивті білім берудің негізгі қағидалары шығармашылыққа дайындалу; техносфера бірліктерін жобалаудан әрекетті жобалауға көшу; шешімдердің көп қырлылығына, өз әрекетіне адамгершілік жауапкерлікпен қарауға бағытталған дүниетанымын қалып-тастыру; тиянақталған білім жүйесін қалыптастыру мақсатында пәнаралық байланысты жүзеге асыру; зияттылық әрекет пен ойлауды дамыту.

Сөйтіп, инновациялық білім беру қалыптасқан жүйеге қосымша болып қана қоймайды. Ол білім беру жүйесі мен әлеуметтік құрылымдарда өз орнын тапты.

Психологиялық сөздікте шығар-машылық – жаңа құндылықтарды, әсіресе материалды және рухани құндылықтарды  құру процесі ретінде анықталынады. Мәдени – тарихи құбылыс бола отырып, тұлғалық және процессуалды психо-логиялық аспектіге де ие.

Шығармашылық – бұл  адамның өмір шындығында өзін - өзі  тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді  шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Шығармашылық психологиялық  тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние  тудыратын әрекет. Ал педагогикалық  тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады.

Американдық психолог Фромм  анықтамасы бойынша шығармашылық дегеніміз  – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті [2].

Тұлғаның өзіне деген  сенімін арттырып және іс - әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге жағдай туғызатын шығар-машылықты  оқытушы.

Жалпы педагогикалық  процесте шығармашылық мәселесі маңызды  орын алады. Озат ұстаз оқушылардың  шығармашылық қабілетін дамыту барысында  оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің  жаңа түрлерін іздей отырып, өзі  шығармашылықты тұлға болып дамиды.

Бұл мәселе белгілі психологтар мен ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубин-штейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Слас-тенин, А.В. Крутецкий, Ю.Л. Львова, республикамыздағы танымал ғалымдар М.М. Мұқанов, Н.Д. Хмель, С.В. Илларионов еңбектерінің өзегі болып табылады.

Педагогикалық еңбекті шығар-машылық процесс ретінде қарастырған В.И. Загвязинский, В.А. Кан – Калик, Н.Д. Никандаровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығар-машылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады.

Тұлғаның шығармашылығы қорша-ған әлемді өзгертіп, жаңа небір құнды-лықтарды құра алатын өзбетті, әрі белсенді тұлға формасы ретінде анықталады.

Қоғамдық маңызы бар  шығар-машылық қоғам мен елдің  процесін анықтайды.

Д.Б. Богоявленская тұжырым-дамасына сай шығармашылық адамның бастамасы бойынша кез – келген іс - әрекет түрінің дамуы мен анықталады [3].

Н.С. Лейтес шығармашылық қабілет-ті зият деңгейінің көрінісі ретінде  тұлғаның тұтастай ойлау қабілетінің  дамуы ретінде сипатталады. Зерттеуде  әр жастық шақтағы шығармашылық қабілеттің өзінше көрінуі қарастырылған.

Е.М. Мазалевская шығармашылық феноменін тұлғаның өзіндік жүзеге асырылуы мен дамуы ретінде түсіндіреді.

А.М. Матюшкин зерттеушілердің (Н.С. Лейтес, Б.М. Теплов, В.А. Крутецкий, Е.И. Игнатьев, Э.А. Голубаева, В.М. Русалов, И.В. Равич – Щербо, А.В. Запорожец, Н.Н. Поддъяков, А.В. Брушлинский, Т.В. Кудрявцев, Дж. Берлайн, Я.А. Понамарев т.б.) жұмыс-тарына сүйеніп, шығармашыл дарындылық тұжырымдамасын шығарған. Автордың пікірінше, дарындылықтың психологиялық құрылымы адамның шығармашылығы мен шығармашылық дамуының негізгі құрылымымен сәйкес келеді [4].

Шығармашылық әлеует – дарындылық негізінің дамуы.

А.М. Матюшкин шығармашылық да-рындылықтың жасанды құрылымын  бөлген, мұнда негізгі құрылымдық бөлік-терге енеді.

А.М. Матюшкин дарындылық, та-ланттылықты шығармашылық іс - әрекеттің ерекшелігімен, шығармашылық туындауымен сипаттайды.

Теоретикалық тұжырымға  сәйкес дарындылық бастысы және оның дамуын тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері  құрайды.

Е.П. Торренс өзінің жұмысын  көп жағдайда Дж. Гильфордтың дивергентті ойлау теориясына негіздеген. Дж. Гильфорд дивергентті ойлауды проб-леманың шешімін табудағы сонылы және ерекше идеяларды құру процесімен байланыстырады.

Шығармашылық ойлауға  қабілет міндетті болып табылады, бірақ адамның шығармашылық жетістігі үшін аса жеткіліксіз жағдай болып саналады.

Көптеген авторлар шығармашыл дарындылық мәселесін зерттеуде  шығар-машылық адамды функциялағанда тұл-ғалық фактор жоғары ролді ойнайды  деген.

Креативтілік нормативті процесс ретінде танылады, яғни барлық адамдарға тән. Креативті жаттықтыруға болады. Психологиялық диагностикалау лабора-ториясымен қатысушылардың шығарм-ашылық ойлауы зерттелінген.

Шығармашылық – пайда  болған міндеттерді әлдеқашан белгілі, болған тәсілдермен шешу үшін талап  етілетіндердің тысына шығатын жоғары түрдегі ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс - әрекет тәсілінің құрамды бөлігі бола тұра, ол шеберлік пен бастаманың міндетті шарты ретінде шығармашылық іс - әрекет деңгейіне дейін көтереді.

Педагогикалық шығармашылық – оқу – тәрбие міндеттерін  мұғалімнің сонылы, жоғары тиімділікпен шешуі, тәрбие мен оқыту теориясы мен тәжірибесін байытуы.

Мұғалім еңбегі – ғылым, педа-гогикалық өнер, таланттылық  сияқты бірліктерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы, дайындығы мен табиғаты әр түрлі балаға білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру – жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.

Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын  жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет - әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәсе-лені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:

1) педагогикалық ойдың  пайда болуы; 2) түпкі ойды талдау; 3) педагогикалық ойды әрекетке  айналдыру; 4) шығармашылықтың нәтижесін  талдап бағалау (В.А. Кан –  Калик, Н.Д. Никан-дров);

1) жаңалықты көру; 2) педагогикалық  өнертапқыштық құрастыру, үлгілеу; 3) жетілдіру (В.И. Загвязинский).

Бұл кезеңдерде қызығушылық, зият, қажетті білімді тез арада  меңгере білу, байқампаздық, ойлау  операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен  өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.

Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағаттануы, оны  орындаудағы дербестігі, жағымды  түрткінің қалыптасуы, тағы басқа  орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл – ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдап алу, көңіл-күйінің бір қалыптылығы, шыдам-дылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік ұстаным. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы үшін әдіснамалық қағидалардың негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады. Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар Б.Г. Ананьев, А.И. Леонтьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский оны төмендегідей сипаттайды. Әрекет – іс – қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекет адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және түрткі, мақсат, құрал, амал – тәсіл, нәтиже, рефлексия. Бұлар психологиялық теорияларда төмендегідей талданады:

Қажеттілік және түрткі – адамның мұқтаждығын өтейтін  заттардың мидағы бейнелеуі. Жеке адамның  өмір сүруге, дамуға мұғалімнің, тәжірибесінің, басқа да әлеуметтік жағдайларының жеткіліксіз болуын сезінуі. Белсенді әрекеттің негізі. Адамды әрекетке ұмтылдыруға негізгі түрткі болатын ниет. Әрекетке тән сипаттарды ажырату үшін ниетті мақсаттан ажырата білу керек.

Мақсат - әрекет арқылы оның жеткісі келетін ақырғы нәтижесінің үлгісі де, ал, ниет – сол нәтижеге жетуге ішкі талпыныс. Мысалы, адам белгілі бір мақсатқа жету үшін оны ниет арқылы орындауы мүмкін. Сондықтан әрекет ниетке талдау беруден басталады және ниет әрекеттің сырын ашатын «кілт» болып табылады. Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы белсенділігі туралы Ю.Н. Кулиткин, А.В. Даринский, тағы басқа атап өткен.

Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, жасампаздығын қалыптастырады. Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ жаңа субъект – субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін - өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі – шығармашылық жағдайында жұмыс жасайтын мұғалімнің әрекеті ең алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің «кәсіби дамуының жақын аймағын» ұйымдастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді. Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың бір түрі ретінде қарастырады (А. Бергсон, В.И. Вернадский т.б.). Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілген қабілеттері мен қажеттіліктеріне орай жасампаздықсыз өмір сүре алмайты-ндығына, ал кейбір адамдарда шығар-машылыққа деген қажеттілік болмай жатса, ол оның азуы деп түсіндіреді. Ғылыми - теориялық еңбектерге талдау жасау тек шығармашылықта, шығармашылық ар-қылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам – қайталанбас, біртуар адам (В.А. Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі шығармашылық «ішкі» «өзін - өзі жасау» және «сыртқы» «қоршаған әлемді өзгерту» жағдайындағы диа-лектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды. Прогрессивті даму үлгісі шеңберінде мұғалімнің шығармашылық әлеуеті: бейімделу, өзін - өзі айқындау және өзін - өзі іске қосу кезеңдерінен тұрады. Бейім-делу кезеңіне шығармашылық әлеуеттің құндылықтары туралы бастапқы білімдерді жинақтау жатады. Бұл кезеңде ойлау стилін және дүниетанымды қайта құру орын алады. Мұғалім әрекетінде болашақ шығармашылыққа негіз болатын өнімсіз бірліктер молаяды. Мұғалімнің шығармашылық әлеу-етінің дамуының нәтижесінде болатын өзгерістер жоққа шығару және сабақтастық қағидаларына сәйкес жүріп отырады. Жаңа құндылықтар жүйесі, ойлау тәсілдері, тұлғаның шығармашылық тәжірибесі бұрынғыны мүлдем жоққа шығармай, соның негізінде жаңалықты тудырады. Бұл – мұғалімнің өзінің педагогикалық әрекетіне өзіндік сыни баға беру, оның бағытын айқындау, қайта құрудың нәтижелі ететін рефлексивтік қабілеттерін дамытудың ең тиімді жолы. Шығармашылық әрекетті жүзеге асыратын субъект – тұлға. Қандай типтегі тұлға шығармашылықта мұратына жетеді десек, ойы ұшқыр, ақылы алғыр болуы керек екендігі ғылымда дәлелденген. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығар-машылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет. Осыған байланысты «адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады» - деген К.Г. Юнгтің сөзін келтіруге болады [5].

Информация о работе Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру