Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновацияльқ экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті

Содержание

КІРІСПЕ
І БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Шығармашылық», «әлеует» ұғымдарының ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.................................................................................................................
1.2 Практикаға педагогикалық технологияларды ендіру арқылы педагог мамандардың шығармашылық әлеуетін көтерудің алғышарттары..............
БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КӨТЕРУ
2.1 Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін педагогикалық технологиялар арқылы көтерудің жолдары ..................................................
2.2 Тәжірибелік жұмыстың нәтижелері .......................................................
Қорытынды..............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру.doc

— 691.00 Кб (Скачать документ)

Зертгеудің  объектісі:  болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін  көтеру үрдісі.

Зерттеудің  пәні: біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытудың теориясы мен практикасы.

 Зерттеудің міндеттері:

1. Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытудың    теориялық-әдіснамалық    негіздерін    айқындау;    «әлеует», «шығармашылық   әлеует»,   «шығармашылық   әрекет»,   «педагогикалық шығармашылық»    ұғымдарының мәнін анықтау;

2.  Биология мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытудың   әдістемелік  алғышарттарын белгілеу;

  3. Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін  педагогикалық технологиялар арқылы  көтерудің жолдарын  айқындау.

 Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы және диалектика принциптері, тұлға және іс-әрекет теориялары, ізгіліктік педагогика және психологияның тұжырымдамалары, тұлғалық-бағдарлы білім беру ілімі, топ және топтағы қарым-қатынас туралы психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық тұжырымдамалар, диагностикалаудың жалпы әдіснамасы.

 Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, мектептің оқу құжаттарын (мемлекеттік стандарт, бағдарламалар, оқу жоспары, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар), озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, оқу үрдісіндегі оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін бақылау, диагностикалау және талдау, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезең – 2010-2011 жж. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге және жалпы білім беретін мектеп құжаттарына, бағдарлама мен оқулықтарына талдау жасалды. Зерттеу тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды. Теориялық зерттеулер негізінде эксперименттік материалдар дайындалды. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары жүргізілді. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері қорытындыланып, жүйеленді. Ғылыми-практикалық мәліметтер сұрыпталып, тұжырымдар жасалды. Дипломдық жұмыстың рәсімделуі аяқталды.

Зерттеу базасы: Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Алматы  қаласы, №36 Б.Атыханұлы атындағы мектеп-гиназия,  №2 жалпы білім беретін мектеп, №147 мектеп гиназия

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

-  Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытудың    теориялық-әдіснамалық    негіздерін    айқындалды;    «әлеует», «шығармашылық   әлеует»,   «шығармашылық   әрекет»,   «педагогикалық шығармашылық»     ұғымдарының мәнін анықталды;

2.  Биология мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытудың   әдістемелік  алғышарттары  белгіленді;

  3. Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін  педагогикалық технологиялар арқылы  көтерудің жолдары   айқындалды, шығармашылық топ құрылып, оның мақсат міндеттері айқындалды.

Зерттеудің  практикалық маңыздылығы:

-  8, 9 сынып оқушыларына сабақ берген студенттердің сабақ жоспарларының үлгісі жасалды ;

  Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнаулы педагогикалық оқу орындарында, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты мен жалпы орта білім беретін мектептердің білім беру үрдісінде пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  «Шығармашылық», «әлеует»  ұғымдарының ғылыми әдебиеттердегі  көрінісі

 

«Қазақстан Республикасында  білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мұғалімдердің біліктілігін арттыруды жаңа мазмұн мен жаңаша оқыту үлгілеріне көшіру - педагогикалық мамандардың кәсіби дайындығы мен шығармашылық шеберлігін дамытудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.

XXI ғасыр өркениеттің алға басуымен сипатталатын болса, ол әр адамның жаратушылық болмысының нәтижесі. Ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Көптеген зерттеушілердің өркениеттің өзін әр адамдағы шығармашылықтың болуымен байланыстыруы осыдан. Белгілінің шегарасынан тыс ойлай алатын, мәселені шешудің өзіндік, соны жолын таба білетін, заман талаптарына орай өзін саналы түрде өзгерте алатын шығармашыл адамдар қазіргі білімнің идеалы, мүраты. Бұл жағдай білім беру саласының алдына іргелі міндеттер жүктеп, білім сапасын арттырудың жаңа қосымша көздерін іздеуге ынталандыруда.

Жұмысымыздың тірек  ұғымдары болып табылатын «әлеует», «шығармашылық» одан туындайтьш «шығармашылық  әлеует», «даму» түсініктерінің мәнін  ашу мақсатында осы бағыттағы  әлемдік, шығыс, қазақ философиясындағы өрелі ойларға талдау жасалды. Бұдан әрі солардан түйген қорытындыларды сипаттайтын боламыз.

«Әлеует» категориясы  педагогика үшін аса маңызды жалпы  ғылыми әдіснамалық ұғым болып табылады. Адамға қатысты айтылатын бұл ұғымның философиялық сөздіктегі түсіндірмесі адамнъң бойындағы «күш-жігер», «қайрат» деген сөздерімен мағыналас екендігін көрсетеді. Басқаша айтсақ, адамның белгілі бір мәселені шешу, нәтижеге жету үшін жұмсайтын қор, ішкі мүмкіндіктер көзі. Ұғымды ең алғаш тұрмыста қол жеткен нәтижелер мен болашақты екі бөліп қарастыру үшін қолданысқа Аристотель енгізген.

Әлеуеті жоғары мамандар - елестің, интуицияның күшті дамуымен, қалыптан тыс өнімді ойлай алуымен, ойды шығармашылықпен іске асыра  алуымен, шығармашылық әрекет барысында ішкі күштерін жылдам жұмылдыра алушылығымен сипатталатын адамдар.

 Ғылыми жұмысымыздың келесі тірек түсінігі шығармашылықтың – адамның мәні, оның ішкі күштерінің яғни әлеуетінің бастауы, ішкі құрамаларының даму барысы  екендігі айқындалды.

«Шығармашылық» деген сездің мәніне үңілсек, ол адамнъң мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, акыл ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық - адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғарғы формасы. Дегенмен шығармашылықтың объективті және субъективті болатындығы белгілі. Оның алғашқысы ғылымда, зерттеулерде бұрын болмаған жаңалық деп танылса, соңғысы субъектінің өзі үшін жаңалық бол, оны әрі қарай жаңа бастамаларға шабыттандыратынымен сипатталады.

«Шығармашылық проблемалық  сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды  біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық  және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» - деп  түсіндіріледі философиялық сөздікте .

Қазіргі кезде шығармашылық - қоғамның өрлеуі мен тоқырауының индикаторы болып саналады. Бұл мәселені зерттеуде де өрлеулер мен қүядыраулар болғаны белгілі. Өйткені шығармашыл адам догмалар мен стереотиптерден арылған, өзгеше ойлаудың, кез келген мәселені өзінше шешудің сипаты болғанымен, ондай адамның қалыптасу барысында жүртшылық тарапынан әрқалай көзқарастардың болғаны, әлі де орын алып отырғаны жасырын қүбылыс емес.

Философтар шығыс аймақтардың  философиялық жүйелерінде шығыс  адамыньң белсенділігі оның тікелей адамға бағытгалғандығымен ерекшеленетіндігіне ерекше назар аударады. Адам өзін және өз қабілеттерін дамыта отырып, табиғи жүйенің жетілген формасына дейін көтеріледі және адам мен әлем, табиғат заңдылығы мен табиғи ортаның болмысы арасындағы үйлесімділікті сақтай отырып, табиғаттың дамуына өз ықпалын тигізетіндігі айтылады. Осы ойларды тарқата кетуді қажет деп есептейміз.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби тұлғаның өз әрекеті мен оның дамуы жөнінде  сындарлы тұжырым қалдырған - шығыстың ұлы ойшылы. Оның сана (ойлау) туралы ілімінде сана сарқылмайтындығымен сипатталып, ол әлеуеттене отырып, бардың мәнін түсінуге әкеледі деген ой айтылады. Оның «Бақытқа жол сілтеу» атгы трактатында адамның өмірден кеткеннен кейінгі баянсыз бақыты туралы емес, тірі адамның бақыты туралы сөз етіледі. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіруі, қиын жолдардан өтуі тиіс екені көрсетіледі. Сондықтан бақытқа барар жолдардың бірі - адамньщ интеллектуалдық жағынан дамуы екеніне тоқталады. Бұл еңбектегі біз үшін маңызы бар мәселе - ойдың, интеллектінің дамуы логикалық жаттығулар мен сабақтар нәтижесінде жүзеге асады, тек солар арқылы адам айналадағы ақиқатты танып біледі, жетіледі, адамның шығармашылық әлеуеті де жоғарғы ойлау әрекетінде және оны үдайы жаттықтыру барысында іске қосылып, өз өнімін беретіндігі турасындағы тұжырым.

Өз заманында сан  алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» атты дастанында жан-жақты дамыған адамды сипаттауда «толық пішімді» ұғымын қолданып, оған жетудің бірден-бір жолы ғылым мен білім екенін атап көрсеткен. Адамның ақыл парасаты барлық нәрсенің мән-мағынасын түсінуге қабілетті деген пікір айтқан.

Қазақ халқының бүкіл  ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен  орын алатын ұлы ақын Абай Құнанбаевтың біздің зерттеуіміз үшін зор мәні бар ойларының бірі - адамдардың әртүрлілігі және кісілік жайлы пікірлері. Оның «Адам бол» деген шығармасындағы негізгі философиялық ойда адамның өз орнын табуыньң маңыздылығын айта отырьп, әр адам ішкі мүмкіндігін іске қосып, өзін жетілдіре алады және жетілдіруі тиіс екендігі аталып өтіледі. Сонда ғана жаратылысынан өзіне берілген орынға сай келетіндігіне ерекше назар аударылады. Бұл үшін оған жол сілтеу, бағыт беру қажеттілігі оның барлық шығармаларының негізгі лейтмотиві деуге болады. Мысалы ақынның терең философиялық шығармаларының бірі - 1896 жылы жазған «Сенбе жұртқа...» деп басталатын сол дәуірдің жалпы жұртына ғана емес, көкірегі ашық, көзі ояу ойлы жанға арналған өлеңінің негізгі идеясы кісіні биік мұратқа бастайтын, сол мүратқа жеткізетін ұлы күш оның өз бойында дегенге келіп саяды. Онда шын асыл әр адамның жүрегінде, сол асылды таңдаған адам «жүрегінің түбіне терең бойлап», іздегенін тек содан ғана табады деген деген терең де тағылымды философиялық тұжырым жасалған.

Ақын бұл ойының психологиялық сипаттамасын 43 қара сөзінде келтіреді: онда адам баласының екі нәрсемен: тән және жан қуатымен адам екенін, оның ішінде жан қуатын ерекше бөліп атап, әуелде оның кішкене ғана болатынын, ескеріп баққан адам оны үлкейтіп, ұлғайтып, зорайтатынын, ал ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады делінген. Біздің зерттеп отырған шығармашылық әлеует те жан қуатына жататын құбылыс, оның зорайып сол адамның өз қажетіне жарауы тек кісінің сол асылды аршып ала білуі, қаншалықты іске қоса алуына байланысты деген көзқарасымызды білдіре кеткіміз келеді.

Халқымыз аққан жұлдызға балаған ғалым, этнограф, саяхатшы Ш.Уәлиханов  адамды табиғаттың езгеруіне байланысты өзгеретін биологиялық тіршілік деп қарайтын антропологиялык материализмге  қосылмайтындығын атап өтеді. Адам табиғаттың бір бөлігі болғанымен одан айырмашылығы онда (адамда) білім бар. «Білім - миға, жүйкеге әсер ете отырып, адамды өзгертеді. Сондықтан адам білім ала отырып, табиғаттан тәуелсіз бола алады»,  деген пікір білдіреді.

Қазақ ағартушыларының көрнекті өкілі Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен оның ағартушылық шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер болғаны белгілі. Ол уағыздаған «Өнер, білім бар жұрттар» атты өлеңінің басты идеясы халықтың өркендеуі, оның өркениетке ұмтылуы деген насихат еді. Мұндай үндеу егемендікті енді алып жатқан еліміздің қазіргі күнгі де басты ұрандарының бірі болуы тиіс екендігі білімге қатысты барлық мемлекеттік құжаттарда көтеріліп келеді. Шығармашылық - білімді адамдар жететін биіктік. Демек бұл ойлардың өзектілігі жойылған жоқ деуге болады.

Қазақтың рухани мәдениеті  мен менталитетінде өшпес із қалдырған  тұлғалардың бірі - Шәкәрім Құдайбердиев Абай көзқарастарындағы адамдыққа  байланысты ойларды жалғастыра отырып, батыстағы материализм және идеализм сияқты екі анықпен шектелмей, өз жолы үшінші анықты ұсынады.

  Шығармашылық - ең алдымен адам әрекеті. Шығармашылықты әрекет түрінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін көрсетеді және оның өзін белсенді етуге бастайды. Біз зерттеп отырған мұғалімдердің біліктілігін арттыру - арнайы ұйымдастырылған үрдіс, онда педагог белсенді әрекет, әлеуметтік жылдамдық жағдайында болуға тиісті. Мұндай білімдік әрекетте теориялық материал сол білім алушының өз әрекеті арқылы меңгерілуі қажет десек, осы үрдіс үшін ол объект те субъект те болады.

Шығармашылық  әрекет- тұлғаның шығармашылық міндеттерді өз бетінше шешуі: білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай алуы, белгіліден жаңа мәселені көре білуі, объектінің жаңа қызметін байқай алуы, жаңа соны шешімдер қабылдауы. Субъектінің өзінің осы еңбегіне қанағаттануы, жағымды мотивация арқылы даралыққа ұмтылуы. Сол үшін шығармашылық әрекет өз кезегінде шығармашыл тұлға дамытудың, оның шығармашылық әлеуетін өзінің дамытуының маңызды шарты әрі нәтижесі болып табылады.

Шығармашылық - еркін  әрекет ретінде сипатталады. Өйткені  адам өз таңдауында еркін. Шығармашылық әрекет интуицияның орын алып, қиялдың  қанат қағуы, сезімнің жоғарылауы мен  үздіксіз ізденіспен сипатталады. Бұл  жолда ол жеңістің қуанышын, түңілудің кермек дәмін сезу, тоқтаусыз толғаныс пен жалындау, интеллектуалдық, эмоционалдық дарындылықтың қуанышына бөлену сияқты сезімдерді басынан кешеді.

Шығармашылық әрекет мұғалімнің өз еңбегіне қайта бір  ойша оралуы (қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы т.б.) Шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапкыштықка және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдай білу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел буа білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция.

Шығармашылық кәсіби әрекетке дайындықты қалыптастыру идеясы В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, А.И. Кочетов, Н.В. Кузьмина, З.С. Левчук, М.Р. Львова, Н.Д. Никандров, А.И. Пискунов, А.А. Толмачев, В.И. Щербина тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Олар маманның шығар-машылық еңбекке, оның даму шартына дайындық мазмұнын анықтайтын қасиеттердің кең көлемді спектрін ашты. Кәсіби шығармашылыққа дайындық мәселесін талдай отырып, барлық авторлар тек шығармашылық еңбек қана кәсіби ше-берліктің жоғарғы өлшемі екені деген ұйғарымға келді. Кейбір авторлар (А.А. Деркач, Н.В. Кузьмина) «тұлғаның кә-сібилігі» деген ұғым енгізді. Оның көмегімен тұлғаның қарым-қатынасы адам қасиеттерінің кіріктірілуі және кәсіби әрекеттің жүзеге асырылуы қарастырылады.

Информация о работе Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру