Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 19:06, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның әлемдік үрдістерге кірігуі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі осындай өзгерістер өмірдің барлык саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновацияльқ экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті

Содержание

КІРІСПЕ
І БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Шығармашылық», «әлеует» ұғымдарының ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.................................................................................................................
1.2 Практикаға педагогикалық технологияларды ендіру арқылы педагог мамандардың шығармашылық әлеуетін көтерудің алғышарттары..............
БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ КӨТЕРУ
2.1 Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін педагогикалық технологиялар арқылы көтерудің жолдары ..................................................
2.2 Тәжірибелік жұмыстың нәтижелері .......................................................
Қорытынды..............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру.doc

— 691.00 Кб (Скачать документ)

Бұл шығармашылық – адамды дамытады, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың бірі екеніне – дәлел бола алады. Білімнің ізгілік парадигмасы тұрғысынан қарасақ, тұлғадағы шы-ғармашылық басқа адамдарда жоқ немесе аз мөлшердегі жекеліктерді дамытады. Қоғамдық санада шығармашылық іс - әрекеттің негізгі басымдылық ретінде танылуы жаңаша педагогикалық ойлауды білім беру деңгейлерінде мұғалімнің өзін - өзі, өзінің бар күш – қуатын іске қосуға бағытталған шығармашылығын дамытуға жағдай жасауды талап етуде. Мұғалімнің кәсіби шығармашылыққа деген еркіндігі мол деп ресми түрде жарияланып жүргенімен, шеберлікті меңгеріп, шығармашылыққа жету үшін арнайы дайындықтың қажет екені даусыз. Сондықтан әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстардың басты мақсаты – мұғалімнің сұраныстарын қанағаттандыру, тиісті ғылыми – педагогикалық сүйемелдеу арқылы жаңаша жұмысқа деген ұмты-лысына дем беру, өз философиясына, кәсіби бағыттылығына сәйкес техно-логияны таңдап алуына көмектесу болып табылады. Демек, әдістемелік, білім көтеру жұмыстарының сапасын арттыру – кезек күттірмейтін шаруа. Осыған орай республикадағы мұғалімдердің біліктілігін арттыратын институттар жүйесі өз жұмыстарына инновациялық тұрғыдан қайта қарап, мамандардың шығармашылық әлеуетін арттыру бағытында бетбұрыстар жасады. Біліктілікті арттыруды технологияландыру, оның мазмұнының тыңдаушылардың сұраныстарына жауап беруін қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың соңғы мүмкіндіктерін пайдалану жолға қойылып келеді. Мұғалімдердің білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруды жоғарыдағы құрылымнан тұратын әрекеттік негізде жүргізу – олардың кәсіби шығар-машылығын арттырудың басты кепілі. Жаңа білімді танымдық белсенділік арқылы меңгеру білімдік әрекеттер арқылы іске асады. Білімдік әрекеттер – тұлғаның өз өмірін өзгертуге бағытталған әлеуметтік белсенділігі. Білімдік әрекетте мұғалім жаңалықты ашып, оның дамуының диалектикасын меңгереді, «өткен тәжі-рибеге қайта қарап», «оның құрылысын жаңартады», сол арқылы өзін - өзі таниды, табады, айналаны, қоғамдық өмірді өзгерте алатын белсенді субъектілік жағдайына келеді. Қазіргі педагогикалық техноло-гиялардағы жаңашылдықты тану тиімді қолдану барысында мұғалімнің шығармашылық әлеуетіне негіз болатын қасиет – сапалары іске қосылып, танымдық процестерді өн бойына өткізеді. Өйткені кез келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып есептелінеді. Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал, педаго-гикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интуитивті түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының іргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыра алу – сөзсіз, шығар-машылықтың нәтижесі.

Қорыта келе айтарымыз, «шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекет» деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық, әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын дамытады.

 

1.2 Практикаға педагогикалық технологияларды ендіру арқылы педагог мамандардың шығармашылық әлеуетін көтерудің алғышарттары 

 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалау жоғары кәсіби педагогикалық білім жүйесінің функционалды-құрылымдық және мазмұндық өзгертілуін талап етеді. Құрылымдық және мазмұндық ерекшелігі үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде дара тұлғалық бағыттылықта болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің психолого-педагогикалық басылымдарда, үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесі негізінде жобалық семинарлар мен ғылыми-практикалық конференцияларда нақтылануда. Кез келген тәжірибе концептуалдық негізге сүйенеді. 

 Жас мұғалім жұмысының сәттілігі оны қоғамдық-саяси, жалпы білім беру, арнайы, психологиялық-педагогикалық әдістемелік дайындығымен байланыста болады. Жаңадан келген жас мұғалімдердің дайындық деңгейін анықтау үшін біз төрт этаптан тұратын зерттеу жұмыстарын ғалымдардың зерттеу әдіснамаларын негізге ала отырып жүргіздік:

 – жас мұғалімдерден сауалнама, сұхбат;

 – жас мұғалімдердің оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық тапсырмаларды орындау деректері.

  Жүргізілген сұхбаттасудан жас мұғалімдер:

– жоғарғы оқу орнында алынған білімді практикада қолдану әдістемесінің жеткіліксіздігі;

– жас ерекшеліктеріне  байланысты оқушылармен (орта және жоғары буын) тіл табысуда қиналуы;

 –   техникалық құрал -жабдықтарды сабақта пайдалана білмеуі, үлгермеуі;

– кешенді бұқаралық ақпарат құралын оқу-тәрбие жұмысында байланыстыру қиындығы;

 Біз өз жұмысымызда болашақ  мұғалімдердің кәсіби деңгейлі білім беру жүйесінде даярлаудың сапасын арттырудың критерийлерін Н.П.Пучковтың тұжырымдамасына негіздедік. Критерийлердің негізгі нысаны мұғалімдердің кәсіби біліктілік пен білім аясында қажетті сапалардың көрсеткіштерін бейнелеу. Сапалық көрсеткіштер нормативті кәсіби іс-әрекет сипаттамасы мен жалпы кәсіби сәйкестілік деңгейін сараптауға бағытталған. Нормативтік іс-әрекеттер сипаттамасы білім стандартында жалпы негізделіп көрсетілсе, нормативтік кәсіби білім-біліктілік сипаттамасы жеке тұлғаның қатыстылығымен әр-түрлі деңгейде орындалады.

Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында мұғалімнің білім, біліктілік, шеберлік, құзіреттілік, кәсіби табыстылық деңгейлерін анықтауға жүйелі топтастырылған критерийлер тобын пайдалану қажет екендігін көрсетті. Критерийлер тобының жүйелілігін көрсете отырып, мазмұнын ашуға талпыныс жасалды (Кесте 2):

 

Кесте 2 – Болашақ  мұғалімнің шығармашылық әлеуетін  көтеретін критерийлер сипаттамасы


Критерийлер

Белгілері

Сипаттамасы

Объектілік 

 

 

Болашақ  мұғалім педагогикалық  кәсіп талаптарына қаншалықты сай  болса, әлеуметтік тәжіребиеге де соншалықты үлес қосады;

Мұғалімнің кәсіи іс- әрекетінің міндеттерін білім беру жүйесінің талаптарына сай табысты шешу мүмкіндігі;

Субъектілік

Болашақ мұғалімнің кәсіби талаптарды орындауда кәсіби талаптарға қанағаттану табыстылыққа өзін-өзі  бағдарлау 

Болашақ мұғалімнің нәтижеге бағдарлы кәсіби бағыттылығы кәсіби еңбектің жеткілікті деңгейдегі жоғары табыстылы-ғы кәсіби тұрақытылық бірлігі

Нормативтік

Болашақ мұғалімнің стандартты эталондарын меңгеруінен кәсіби шеберлік деңгейіне талпынуы

Кәсіптік нормаларын игеру арқылы еңбектің өнегелі үлгілерін  туындау.

Даралық 

Кәсіби біліктілік дәрежесі тұлғалық өзіндік даралығымен жеке басының сұраныстарын қанағаттандыру жолында кәсіби арнаның қозғаушы күші

Кәсіби құнды нормаларды меңгеріп, кәсіби іс-әрекеттің орындалуында өзіндік ерекше-лігімен, шығармашылығымен өзін жетілдіру нәтижесінде кәсіби сапа дәрежесін көтеру туындайды.

Өзектілік

Бүгінгі күнгі талаптардың межелеріне кәсіби біліктілік деңгейінің талаптары жету-жетпеуінен сапалық дәрежесі

Біліктілік-шеберлік деңгейлері-нің  қалыптасуына қажетті білім-іскерлік-сапа межелері туындайды.

Болжамдық 

Мұғалім жеке өз-басының  кәсіби қалыптасуының шегін бағамдауымен, жалпы өсуінің перспективасын іздеуі, кәсіби диагностика

Болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуының шектерін сипат-тайды; кәсіби-тұлғалық пен әлеуметтік мүмкіндіктері дамытушы- лық, ынталандырушылық дәрежесін туындайды.

Кәсіпке үйрену жарамдылығы

Кәсіби педагогикалық  бейімділігі әлеуметтік тәжірибені қабылдауға дайындығы, қажеттілігін түсіну деңгейі.

Қоғамдық-әлеуметтік жаңалық-тарды, ғылыми-практикалық іс- әрекетте пайдалануға ықыласы кәсіби әрекеттілік туындайды.

Шығармашылық 

Жинақталған тарихи-тұлғалық тәжірибені қайта қарауға, кәсіби біліктілікті шеберлікке жеткізуге ұмтылу іс-әрекетінің дербес шығармашылық дәрежесі.

Өзіндік шығармашылық бағытта  жоғары кәсіби іскерлікті көрсе-ту арқылы беделін көтеру дәрежесі туындайды.

Әлеуметтік  белсенділік

Кәсіби талаптардың  орындалу аясында қоғамның дамуына  үлес қосу деңгейі;

Кәсіпке берілген адалдық  мазмұнымен қоғамды дамытуға, өзгертуге, түрлендіруге қосатын үлесінен туындайды.

Бәсекелестікке қабілеттілік

Білім беру нарқындағы бәсекелестік қатынастарға өз жұмысының әдістері мен түрлерін көрсете отырып, кәсіби құнды сапа дәрежесі

Болашақ мұғалім кәсібінің  ішкі мүмкіндіктерін жарыққа шыға-рып, даралау нәтижесінде дербес шығармашылық ізденіс-тің әрекетінен туындайды.

Сапалық

Мұғалімнің кәсіби іскерлік санасы, сапалық бағана өлшемдері (білім  тереңдігі, жүйелілігі, ойлау әрекет).

Сапа-сандық деңгейінде белгіленуінен мұғалімнің кәсіби білімі-біліктілігі  сарапталатын қорытындылау дәрежесі туындайды.


 

Ұсынылған критерийлер  өлшемінің жүйелік тобы үздіксіз көп деңгейлі білім беру жүйесінде  даярланған  мұғалімнің кәсіби тұлғасының моделі қандай болмақ деген сұраққа  жауап беруге негіз болады.

Сонымен, дамыта оқыту  технологиясы бойынша кәсіби-тұлғалық даралығын табыс нәтижесіне бағдарлы білімдендіру бойынша болашақ мұғалімнің кәсіби әлеуетін дамыту көзделген (Сурет 1).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 – Болашақ  мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту сүлбесі

 

Деңгейлік топтарда саралап оқыту әдісі бойынша іскерлік қабілеттерді дамыту және өздігінен жетілдіру жолдары бағдарланған. Бұндай әдіс-тәсілдерді ықшамды және ұтымды пайдалану мақсатында болашақ мамандардың кәсіби бейімділігін компьютерлік тест технологиясын пайдалану арқылы мамандандыру процесінің тұлғалық-деңгейлік мүмкіндігін қарастырдық. Бұған дейін педагогикалық ғылыми әдебиеттерді талдауымыздан белгілегеніміз болашақ маман даярлауда педагогикалық технологиялар,  кәсіби бейімділікті, қабілеттілікті дамыта деңгейлеп оқыту, өздігінен білім алу сияқты құнды бағыттар дараланып зерттелген. Дегенмен, бүгінге дейін кәсіби педагогикалық даярлау компонентері мен критерийлері нақты жасалғанына қарамастан, мұғалімді дайындау саласында оның практикалық жүзеге асыруы әлі де төмен деңгейде қалып отыр.

Сондықтан, бүгін жоғары оқу орнында педагогикалық технология жүйесінің әдіснамалық талаптарын, салаларын, құрылымын, қолдану деңгейлері мен кезеңдерін саралай отырып, мамандандырудың алғашқы қадамынан оқу-тәрбие үрдісінің педагогикалық шарттарының мәнін, әдістерінің, іс-әрекеттерінің өзара жүйелік бірлігінің моделін құрастыруға талпыныс жасалды (Сурет 2).

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 –  Болашақ  мұғалімдердің шығармашылық әлуетін дамытуда педагогикалық технологиялар жүйесінің әдіс-тәсілдерін пайдаланудың алғышарттары

 

  Біздің пікірімізше, педагогикалық технология жүйесі дегеніміз білімдендіру процесінде мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазірігі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұны, форма, әдіс–тәсілдердің, дидактикалық талаптарының психолого-педагогикалық нұсқауларының жиыны.

 Болашақ мұғалімдерді даярлауда кәсіби-тұлғалық табыс жетістіктеріне жетуге бағдарланған педагогикалық технологиялар жүйесінің моделі 3-суретте көрсетілді.

Сурет 3 – Болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін көтеруге   бағытталған педагогикалық технология жүйесінің моделі

 

Жоғарыда  жасалған,  теориялық зерттеулердің нәтижесі бойынша, біз  ғылыми жұмысымыздың келесі бөлімдерінде шығармашылық тұрғыда  зерттелген кейбір педагогикалық технологияларға  тоқталғанды жөн көрдік.

 

 

  2  Болашақ биологиям ұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытудың белсенді әдістері мен технологиялары

2.1   Биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін  педагогикалық технологиялар арқылы  көтерудің жолдары

 

Модульдік оқыту технологиясының  негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
  3. Оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
  4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы;
  5. Нәтижені бағалау

Оқушыларды оқу мақсатымен модульмен таныстырамын. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын  талапты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп  отыратынын біледі.

Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:

  1. Кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)
  2. Сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)
  3. Қорытынды бөлімі (бақылау, тест)

Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді  шешуге көмектеседі:

    • жалпы білім сапасын жоғарылату;
    • сабақтың тиімділігін жоғарылату;
    • дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;
    • оқушылардың мақсаттарына  жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;
    • жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.

Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе  отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік  береді.

Модульдік технологияға  таладау жасай отырып,  модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруда және оны дамытуға ықпалын төмендегі кесте бойынша көрсеттік.


Информация о работе Болашақ биология пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін көтеру