Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 18:13, дипломная работа
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.
КІРІСПЕ…………………………………………
5
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың ғылыми негіздері
1.1
Салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастардың дамуы
8
1.2
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың негізі
19
1.3
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарды дамытудың жолдары
24
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарастарын дамыту мақсатындағы тәжірибе жұмысы
2.1
Биология сабағында СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі ......................
34
2.2
Биология сабақтан тыс уақытта оқушылардың СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі..........................
44
2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
48
Қорытынды………………………………………………………
58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………
59
Тренингті жаттығуларды жаттықтырушы топта қалыптасқан нақты жағдайға сәйкес пайдаланады. Әдетте, төмендегідей стратегия пайдаланылады: бастапқыда денсаулыққа қарым-қатынастарын өзара әрекеттестіктің перцептивті тәжірибесін кеңейтуге бағытталған жаттығулар ұсынылады. Содан кейін, салауаттану эмпатияларын қалыптастыруға, табиғи объектілермен салыстыруға ынталандыру үшін жаттығулар ұсынылады.
Мектеп оқушыларының валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі сынып жұмыстарын толықтырушы және онымен біртұтас жүйе құрайтын сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды да қамтиды.
І. Денсаулықты басқару бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар денсаулыққа қатысты мәселелерді іс жүзінде шешуді қамтамасыз етсе тиімді болады. Практикалық іс-әрекет барысында оқушыларда денсаулыққа деген жауапкершілікпен қарау қарым-қатынастары қалыптасады. Сонымен қатар, оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарау қажеттіліктерімен қатар, денінің саулығына қуанышы, сезімі дамиды да, оған деген дұрыс емес қарым-қатынастары жойылады. Әдіскерлер сыныптан тыс жағдайдағы салауаттану мазмұндағы қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлерін жасаған. Сыныптан тыс жұмыстар, оқушылардың ойын әрекеттерін қамтып, конференцияларға қатысуын, халықаралық көлемдегі – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні (7 сәуір), Қоршаған ортаны қорғау күні (5 шілде), Туберкулезге қарсы күн (24 наурыз) және т.б. акцияларына қатысуларын қарастыратын кешенді тақырыптар шегінде өткізіледі.
Сыныптан тыс уақытта өткізілетін қоғамдық пайдалы валеологиялық мазмұндағы жұмыстардың негізгі түрлері:
СӨС мерекесі – белгілі бір атаулы күнге арналған, валеологиялық мерекелердің жиынтығы болып есептелінетін валеологиялық білім беру формасы. Олар: Дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау күні; Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні, Туберкулезге қарсы күн және т.б.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні 7 сәуірде аталып өтеді. Бұл мерекені мектеп басшылары және дәрігерлердің келісімдерінің негізінде «дөңгелек стол» немесе оқушылар арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастыруға болады. Дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау күні БҰҰ-ның шешіміне сәйкес (1972), 5 шілдеде аталып өтеді. Алайда, бұл мереке оқушылардың жазғы демалысына сәйкес келуіне байланысты, мектептерде дұрыс ұйымдастырылу бағдарламасына ие болмай отыр. Соған байланысты Дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау күні жазғы демалыс лагерьлерінде белсенді табиғат қорғаушылардың ұйымдастырумен аталып өтеді (Мысалы, Нептун күні секілді). Бұл мерекені атап өту үшін шартты түрде мектеп басшыларының келісімі мен қыркүйек айында немесе мамыр айында өткізуге болады. Бұл күні оқушыларға Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабы» және ҚР «Қоршаған ортаны қорғау заңдарына» байланысты мерекелік шаралар ұйымдастыруға болады. Балалардың денсаулықты нығайту қозғалыстары – оқушылардың өз еріктерімен сыныптан тыс валеологиялық әрекеттерін ұйымдастыратын және үйлестіретін валеологиялық білім беру формасы.
Денсаулықты нығайту қозғалыстардың мүшелері әртүрлі акциялар (темекіге, нашақорлыққа қарсы) ұйымдастырады, денсаулық қорғау шараларына, денсаулыққа ғылыми көзқарастар білімдерін насихаттауға, денсаулықты сақтауға, нығайтуға, қайта қалпына келтіру жұмыстарына белсенді араласады.
Оқушыларға арналған «Жас морждар», «Семіздікке қарсы», «Қоршаған ортаны қорғаушылар», «Қызыл крест» «Жасыл ел» қозғалыстарын ұйымдастыруға болады.
Қазіргі кезде спорт мектебі, математика мектебі және т.б. деп атау әдетке айналған жағдайда, «СӨС мектебі» ұғымы әдетегіден өзгеше болып көрінеді. Соған қарамастан, салауаттану бойынша білім берудің кешенді сипаты, оның пәнаралық мазмұны пән мұғалімдерінің күшін СӨС мектебі талап ететіндей біріктіруді қажет етеді.
Бұл мектептің өзіне тән негізгі ерекшелігі болады. Ол бірнеше сатыдан тұрады: І. Дайындық бөлімі. ІІ. Негізгі саты. ІІІ. Кәсіби бағдар алу сатысы.
Жоғары сынып оқушылары кәсіби бағдар алу сатысында оқиды. Олар өздерінің мүмкіндіктеріне сәйкес мамандықты таңдау аясында білім алады. Кәсіби бағдар беруге кәсіби ақпарат беру (мамандықтар түрімен таныстыру), кәсіп жөніндегі кеңес беруді (кәсіптің талабына сәйкес адамның қабілеттерін, қызығушылықтарын, бейімділігін, денсаулығын, әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін сараптау), кәсіпке бейімдеуді (адамның мамандықтың міндеттерінің мазмұнына, жұмыс орнының ерекшеліктеріне және ұжымның дәстүрлеріне және т.б. біртіндеп бейімделуі) және мамандық таңдауды (нақты мамандық пен адамның осы мамандыққа қажетті қасиеттерінің ерекше арнайы «тар ауқымдағы» үйлесімділігін салыстыру, яғни іс-әрекетке кәсіби жарамды адамдарды таңдауды) біріктіреді.
2.3 ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
8 сынып оқушыларының өз денсаулықтарына қарым-қатынасын анықтау бойынша жүргізілген диагностикалық зерттеу жұмысы мына бағыттарға негізделген:
8 сынып оқушыларының өз денсаулықтарына қарым-қатынасын анықтау арнайы құрастырылған сауалнамалар мен тестілеу әдістері, әңгімелесу және бақылау негізінде жүргізілді. Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау мен бақылаудың дәстүрлі формаларымен (емтихан, бақылау, тексеру және т.б.) салыстырғанда тест - бақылаудың біршама объективті және сапалы тәсілі. Сондықтан осы әдісті біз оқушылардың валеологиялық сауаттылықтарының деңгейін анықтауда таңдадық. Сауалнама (анкета) оқушылардың мотивті-қажеттіліктерін, тәжірибелік-практикалық қабілеттерінің деңгейін анықтауға қолданылады. Сауалнама жүргізу аз уақытта көп мәлімет алуға мүмкіндік береді.
8 сынып оқушыларының өздерінің денсаулықтарына қарым-қатынастарының дәрежесін және сипатын айқындауға мүмкіндік беретін, Б.А.Ашамарин әдісімен құрастырылған сауалнама (төмендегі сауалнамаға қараңыз) ұсынылды. Ұсынылған сұрақтар жанама сипат алады, яғни оқушыдан төмендегідей сұрақтар негізінде мәлімет алуды мақсат етеді:
Оқушылардың ұстанатын өмір салттары төменде берілген сауалнама бойынша жүргізілді:
«Өз өмір салтыңды тексер»
Өзіндік бақылау кестесі
Бағалау шкаласы:
Үнемі – 2 ұпай;
Кейде – 1 ұпай;
Ешқашан – 0 ұпай.
р/н |
Жеке адам өмір салтының құрама бөліктері |
Бағалау шкаласы | ||
Үнемі |
Кейде |
Ешқашан | ||
І |
Тамақ ішкендегі әдеттер 1.Күнделікті әртүрлі
тамақтарды ішемін: жемістер мен
көкіністер, ірі тартылған ұннан
жасалған нан, бүтін дәндерден
дайындалған ботқа, майсыз ет, сүт
өнімдері бұршақ тұқымдылар 2. Мен тамақ ішкенде майлар мен холестерин мөлшерін шектеймін (соның ішінде майлы ет, жұмыртқа, май, кремдер, бауыр сияқты субөнімдерді); 3. Мен құрамында қанты бар өнімдерді, кондитер өнімдерін, лимонадтар т.б.- дан аулақпын |
|||
ІІ |
Дене шынықтыру жаттығулары 1.Мен салмақтың көбеюі немесе азаюын болдырмай, тиімді болуын қолдаймын. 2.Арнайы спорт секцияларында
немесе үйде белсенді 3. Тек дене шынықтыру сабағында ғана айналысамын. 4. Дене шынықтырумен ешқандай да айналыспаймын |
|||
ІІІ |
Темекі шегу (ескерту: егер ешқашан темекі шекпеген болсаң өзіңе 10 ұпай жазып келесі бөлімге көш) 1.Мен темекі шегуден аулақ жүремін. 2.Мен тек құрамында қара майы мен никотині аз темекілерді шегемін. |
|||
ІV |
Ұйқыға бөлінетін уақыт 1.6-7 сағат 2. 6-7 сағаттан кем емес 3. 8 сағаттан кем емес 4. 9-10 сағат |
|||
V |
Тәулігіне қанша уақыт таза ауада демаласың 1. Мен 1 сағаттан кем емес
уақытымды таза ауада дем 2. Мен 1-1,5 сағат таза ауада дем аламын 3. 2 сағаттан кем емес |
Оқушылардың салауаттанудан теориялық білімдерінің деңгейін анықтау мақсатында жабық түрдегі (жауаптың арасынан бірнеше дұрыс жауаптарын анықтау) тестілік сұрақтар ұсынылды. Бұл сұрақтар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып толық емес орта мектептің бағдарламасы бойынша дайындалды, яғни осы сұрақтарға қажетті білім мен іскерліктер басқа да тапсырмалардың жауаптарына тірек болатын негізді құрайды. Білімдердің деңгейін анықтауға:
Тестілік сұрақтардың жауабы бес баллдық шкала негізінде бағаланды:
- «5» балл – толық дұрыс жауаптарға,
- «4» балл –жеткілікті деңгейдег
- «3» балл – толық емес деңгейдегі жауап бергендерге ;
- «2» балл – жеке ұғымдарды ғана білетіндерге;
- «1» балл – сұрақ бойынша ештеңе білмейтіндерге.
Өз денсаулықтарына
8 сынып оқушыларының өмір салттың бірінші құрамы - бөлігі (тамақтану әдеттері) бойынша берген жауаптарына талдауда, олардың басым бөлігінің (81,9 пайызы) салауатты тамақтану ұстанымын ұстанбайтындары айқындалды. «Сіздің тамақ ішуде қалыптасқан әдеттеріңіз қандай?» деген сұраққа берілген жауаптың нәтижесі 2 - кестеде беріледі.
кесте 2
«Сіздің тамақ ішуде қалыптасқан әдеттеріңіз» сұрағына берілген жауаптың нәтижесі
Жауаптар |
Оқуылардың саны |
% |
1.Күнделікті әртүрлі |
5 |
12,5 |
2. Көңіл-күйіме байланысты (қарным
ашып тұрғанымен көңіл-күйім |
12 |
30 |
3. Тамақ талғамаймын |
23 |
57,5 |
Оқушылардың 12,5 % - күнделікті әртүрлі тамақтарды ішуді «үнемі» қадағаласа, 57,5 % - «тамақты талғамайтындары анықталды.
Өзінің психологиялық күйін басқара алмау, тамақты уақыттылы ішпеу және тамақты талғамай ішу дұрыс тамақтану ұстанымын ұстанбайтындарының көрсеткіші деп есептесек, 8 сынып оқушыларының 87,5 пайызының тамақтануға дұрыс емес қарым-қатынастарының қалыптасқаны айқындалады.
Салауатты өмір салттың ұстанымдарының бірі қалыпты дене салмағын сақтау. Қалыпты дене салмағын салауатты тамақтанумен қатар, дене шынықтыру арқылы сақтауға болады. Экспериментке қатысқан оқушылардың 98 % - «салмақ қалыпты болуы керек» деген тұжырымды қолдағанымен, салауатты өмір салтының екінші құрама бөлігі «дене шынықтыру жаттығуларымен» олардың не бәрі - 15 % ғана арнайы түрде айналысатыны белгілі болды. Оқушылардың «Дене шынықтырумен айналысуға қарым-қатынасын» айқындаушы сұрақтарға берген жауаптарының нәтижесі 5- кестеде беріледі.
кесте 3
«Дене шынықтырумен айналысасыз ба?» сұрағы бойынша берілген жауаптардың нәтижесі
Жауаптар |
Оқушылардың саны |
% |
1. Арнайы спорт секцияларында
немесе үйде белсенді |
6 |
15 |
2. Тек дене шынықтыру сабағында ғана айналысамын. |
18 |
45 |
3. Дене шынықтырумен ешқандай да айналыспаймын |
16 |
40 |
3 кестеде берілген мәліметтерден, дене шынықтырумен айналысуға қатысты қалыптасқан дұрыс емес қарым-қатынасты айқындайтын жауаптардың саны мен дене шынықтыруға және қалыпты дене салмағын сақтап тұруға дұрыс қарым-қатынастағы оқушылардың жауабының санын жинақтай отырып, 8 сынып оқушыларының не бәрі 15 % «арнайы спорт секцияларында немесе үйде белсенді дене шынықтыру, жаттығуларын жасаумен жүйелі айналысатынын», ал 85 % тек дене сабағында немесе мүлдем айналыспайтынын көреміз.
«Сіз темекі шегесіз бе» сұрағына берілген жауаптардың нәтижесі 4 кестеде беріледі.
кесте 4
«Сіз темекі шегесіз бе?» деген сұраққа берілген жауаптардың нәтижесі
Жауаптары |
Ер бала (барлығы ) |
Қыз бала (барлығы) | ||
саны |
% |
саны |
% | |
1.Мен ешқашан темекі |
9 |
22,5 |
100 | |
2. Мен тек құрамында қара майы мен никотині аз темекілерді шегемін |
31 |
77,5 |
- | |
3.Мен таңдамай қолымда барын пайдаланамын. |
- |
- |
- |