Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 18:13, дипломная работа

Краткое описание

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………
5

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың ғылыми негіздері

1.1
Салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастардың дамуы
8
1.2
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың негізі
19
1.3
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарды дамытудың жолдары
24

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарастарын дамыту мақсатындағы тәжірибе жұмысы

2.1
Биология сабағында СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі ......................
34
2.2
Биология сабақтан тыс уақытта оқушылардың СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі..........................
44
2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
48

Қорытынды………………………………………………………
58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………
59

Прикрепленные файлы: 1 файл

алтынайга.doc

— 675.50 Кб (Скачать документ)

1) жеке бас денсаулығы туралы  мәліметтерді жинап, талдау және  оны болжау;

2)  басқару әрекеттерінің бағдарламасын  құрып, оны жүзеге асыру;

3)  басқару жүйесінің тиімділігін талдау [29].

Жеке бас денсаулығы туралы мәліметтерді жинап, талдау және болжау, басқару әрекетінің бағдарламасын құру, басқару жүйсінің тиімділігін талдау арнайы теориялық білімділікті қажет етеді. Осы теориялық білімдер жүйесін: валеософия, валеометрия, валеоүйлестіру бөлімдеріне жіктейді: Валеософия – денсаулық даналығы туралы ғылым; Валеометрия – денсаулық өлшемі туралы ғылым; Валеоүйлестіру – денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту туралы ғылым [29].

  Салауаттану ғылым ретінде мәдениетпен байланыстыратын, ғылымға жаңадан келушілерге жол көрсететін, кез-келген ғылыми іс-әрекеттің пәндік-әдіснамалық бірлігін, тұрақтылығын және қайта өңделуін қамтамасыз ететін қасиеті – реттілігі, яғни ғылыми іс-әрекеттің (немесе әлеуметтік тәжірибенің) жүйеленіп жинақталуы немесе пән болып қалыптасуы. Пән (дисциплина) –  құрылымды ұйымдастырылған және ол дидактикалық бірлік. Тарихи қалыптасқан жағдай бойынша әлеуметік тәжірибе мектепте оқыту мазмұнына «пәнделген» түрде, яғни жеке бөліктерге - пәндерге бөлініп ендіріледі. Әрбір пәннің міндетті түрде өзіне тән зерттеу пәні мен әдісі, дәйектері, ғылыми тілі, болжамы, заңдылықтары, теориялары болады. Әр ғылымның зерттеу объектісінің  (валеологияда – «дені сау адам» идеалының) тұтастылығы дүние  картинасы деңгейінде құрастырылатыны белгілі. 

Дүние картинасы – аналог үлгі. Ол болмыстың сезімде қабылданатын бейнелерінен ғылыми абстракциялардың синтезін білдіреді. Дүниенің картинасы болмысты ол жөніндегі білімді алу үрдісінен ауытқи отырып бейнелейді. Дүниенің картинасы сананың барлық: қарапайым, ғылыми, философиялық, теориялық формаларының қатысуымен жасалып, логика құралдарымен сипаттауға келмейтін бейнелерді қамтиды. Ал дүниенің ғылыми картинасы ақиқаттың теориялық үлгісі, дүниенің тұжырымды сезімдік бейнесі, философиялық категориялардың, ғылыми абстракциялардың синтезі, дүниетанымның бір бөлшегі.

Ғылыми білімдер өлшемдік көрсеткіштер бойынша ажыратылатын бірнеше деңгейі бар тұтас жүйені құрайды. Білім беру мақсаты үшін валеология пәнін зерттеу бағыты, танымдық үрдістер мен білімдерді қолдану сипаты бойынша  эмпирикалық және теориялық, іргелі және қолданбалы түрлеріне жіктеу маңызды.

      Эмпирикалық деңгейде салауаттануылық таным құбылыстар мен үрдістерді суреттеуге бағытталады, ал теориялық деңгейдегі басты міндет сол құбылыстардың, үрдістердің арасында болатын себептер мен мәнді байланыстарды ашу, яғни түсіндіру. Эмпирикалық деңгейдегі білімдердің формасы ғылыми пікірлермен берілетін, эмпирикалық қорытындылар жиынтығы және ғылыми дәйектер.

Теориялық деңгейде білімдер заңдар, ұстанымдар және теориялар түрінде белгіленеді. Эмпирикалық деңгейдегі негізгі зерттеу әдістері бақылау мен тәжірибе, ал теориялық деңгейдің әдістері сараптама, синтез, дедукция, индукция, салыстыру, үлгілеу және т.б. Тарихи жағдайда эмпирикалық таным теориялық білімдердің алдын алады. Мектеп оқу тәжірибесінде  эмпирикалық білімдер теориялық білімдердің пайда болуына дейінгі күйіне сәйкес оқытылуы тиімді. 

       Салауаттану ғылымының эмпирикалық білімдерінің элементтері мектепте оқытылатын адам анатомиясы мен физиологиясы, психология, экология, жаратылыстану, химия, физика, қоғамтану пәндерінің мазмұндарында кездеседі. Бұл білімдер валеологияның теориялық білімдерінің қазіргі таңдағы жиынтығы – валеология курстарында толықтырылады. Теориялық пәннің құрылымы оның негізінде жатқан теорияның логикасымен анықталады. Теориялық пәнді идеалді түрде логикалық мазмұндау – бұл абстрактылықтан нақтылыққа қарай дамыту.

      Салауаттанудың іргелі білімдер жиынтығы – СӨС негізін құрайды. Оларды жіктеудің тиімді негізі – жүйелі тәсіл. Бұл тәсіл осы ғылымдағы жаңа ақиқаттарды қамтудың толықтылығын бағалауға және пәннің пайда болуын болжауға мүмкіндік береді. Салауаттанудың іргелі білімдерін жүйелі жіктеу – оқу пәні ретінде СӨС құрылымын тәртіпке келтіру маңызды дидактикалық шарт болып есептеледі. Салауаттанудың негізгі зерттеу нысаны – дені сау адам    қазіргі ғылымда пирамида ұстанымына негізделе ұйымдастырылған, ашық және белгілі бір кеңістікте – уақытпен қызмет ететін, биоэнергоақпараттық жүйе ретінде қарастырылады. Биологиялық жүйе ретінде адамға тән қасиеттер: өзін өзі ұйымдастыру, өздігінен даму қабілеті, өздігінше өрбу немесе өзіне ұқсас тұқым жалғастыру. Адам жүйе ретінде үнемі өзін қоршаған ортамен ақпарат, энергия және зат алмасып отырады. Оның организмінің өзара байланысты әрекеттестіктер  әртүрлі физикалық, биологиялық, химиялық, әлеуметтік, психологиялық, рухани, экологиялық және т.б. әрекеттестіктердің кешенін біріктіреді. Сондықтан,  адамның үш деңгейіне сәйкес анықталатын  денсаулықтың соматикалық, психикалық және рухани деңгейлеріне қатысты өзара әрекеттестіктер валеологияның іргелі білімдерінің (валеолософияның, валеометрияның, валеоүйлестірудің) зерттеу пәні болып белгіленеді.

Анықтамалар сараптамасы негізінде, СӨС жүйесінде денсаулықты басқару үрдісінің тұтас ғылыми бейнесін құрайтын білімдердің жиынтығын білдіреді деп тұжырымдаумызға болады (Сурет 2).

 


 


Антропология

Саногенез

Валеософия

Валеометрия

Валеоүйлестіру

Адам жөніндегі ілім

 

Организмнің аурумен күресу тетігі мен шамасы жөніндегі ілім

Денсаулық даналығы туралы ғылым

Денсаулық өлшемі туралы ғылым

Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту туралы ғылым




 


 

Сурет 2. Салауаттану негізін құрайтын білімдер саласы

 

Салауаттану ғылымы мәдениет феномені ретінде адам денсаулығының құндылығын және адам мен қоғам үшін оны қалыптастыру, сақтау және нығайтудың маңыздылығын түсінуге бағдарлап, денсаулықты басқару іс-әрекетін меңгеруге мүмкіндік береді.

        1997 жылға дейін  ғылым аясында, салауаттанудың қандай  ғылымдар жүйесіне жататын, оның  жеке ғылым ретінде  қарастырылу  құқығының бары немесе жоқтығы  жөнінде пікірталастар жүріп  отырды. Р.Артоманов және В.В.Колбанов  салауаттануды идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне сын айтады: “Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез келген ғылымның дамуына  басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан салауаттануды жасауда қолданылған ғылыми  тұжырымдаманың қалыптасуына  үлес қосқан клиникалық  медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың,  биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы қатарлы ғалымдар мен практиктерінің рөлін ұмытқанымыз жөн болмас”.

     Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И.И.Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың  және басқа да ғылымдардың  қосатын үлестерін “синтездеп”, денсаулыққа тіке жол салуы  керек деген тұжырым айтады.

В.Д.Санькин және В.В.Зайцев салауаттануды физиологияға, гигиенаға, психологияға, педагогикаға, антропологияға, сондай-ақ адамның физикалық және психологиялық қабілеттіліктерін, олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани денсаулығын нығайту мақсатындағы оларды жетілдірудің тәсілдерін зерттейтін басқа да адам жөніндегі ғылымдарға негізделген, адам денсаулығы және дені сау адам жөніндегі кешенді ғылым деп түсінеді.

Салауаттану негізінен қазіргі таңда қалыптасу сатысында. Қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде салауаттану гигиенамен және саналогиямен жарыса дамыды деуге болады. Салауаттанудың  даму және қалыптасу кезеңдерін зерттеген  еңбектерге сүйене отырып, даму тарихына мына нұсқа бойынша шолу жүргізуге болады.

Салауаттанудың даму кезеңдері.

I кезең – классикалық  кезең адам денсаулығының маңыздылығы, оны алдын ала сақтау қажеттілігі жөніндегі ой-пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Әбу Әли Ибн-Сина және тағы басқа).

II кезең – клиникалық медицина тәжірибелерінің  қорытындысы – адам организмінің ауру түрлерінің, олардың себептері,  емдеу жолдарының зерттелуі, сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.

III кезең – гигиеналық медицина тәжірибелерінің  қорытындысы.  Ауру түрлерінің  алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты әлеуметтік, гигиенелық, психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау және нығайту іс-әрекеттері жүйесін жасау жөніндегі ғылыми түсініктер дамиды.

IV кезең -  саналогия ілімінің дамуы.  Организмнің ауру түрлеріне  қарсы күресудегі мүмкіндіктері мен күресу тәсілдері анықталады.

V кезең – салауаттану – дені сау адамның денсаулығын сақтаудың, нығайтудың заңдылықтарын, тәсілдері мен тетіктерін зерттеу жөніндегі ғылым. Кезінде Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037ж.) өзінің “Дәрігерлік ғылым ережелері” еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің  тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту екенін атап  көрсеткен болатын.

А.А.Семенов салауаттанудың басқа ғылымдардың бір саласы ретінде қаралуының себебін, оның өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді.

Ол ерекшеліктерге:

- салауаттанудың бірнеше ғылымдардың  түйіскен жерінде пайда болуын;

- салауаттанудың денсаулықты сақтау  және нығайту аясындағы кез-келген  ғылымның жетістіктерін губка  секілді өзіне сіңіру қасиеттерін  жатқызады.

Б. Махамбетованың пікірінше, салауаттану – қоғамның денсаулық жағдайын игере алмауына, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін денсаулықтың сақталуына және нығаюына қолданбауынан дүниеге келіп отыр.

Е. Е. Лунина салауаттану жөніндегі ғылыми еңбектерді сараптай отырып, оны медициналық және педагогикаға жіктесе, Е. И. Вайнер салауаттануды қазіргі даму сатысында сараптай отырып, оның жалпы медициналық, педагогикалық, жас ерекшелігі, диференциалды, кәсіби, арнайы отбасылық, экологиялық, әлеуметтік бағыттарын ажыратады.

Салауаттанудың негізгі сатысы тұлғаның даму үрдісіндегі жеке денсаулығы мен  денсаулық мәдениетін тәрбиелеуге қатысты. Сондықтан ғалымдар медициналық және педагогикалық салауаттану арасындағы стратегиялық және тактикалық айырмашылықтары негізінде түсіндіруге көбірек ден қояды. Н. Мырзаханұлының пікірі бойынша педагогикалық салауаттанудың зерттеу нысаны – дені сау адам, дені сау ұжым болса, медициналық салауаттануда болмысы – “үшінші жағдаяттағы” адамдар. Үшінші жағдаяттағы адамдар – бұл не ауру, не сау еместер.

“Салауаттану” ғылымының мазмұнына берілген түсініктемелерді талдай отырып, салауаттану – адам денсаулығын, орны сақтау мен нығайту жолдары жөніндегі ғылымаралық бағыт деп түсінеміз. Оның неізгі міндеті – салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәнін ашу мен оны қалыптастырудың барлық заңдылықтарын зерттеу. Т.Қ. Мұстафина сөзімен айтқанда, “салауаттану – денсаулықты басқыру ғылымы”. Салауаттану – медицина, экология, биология, әлеуметтану, педагогика, психология, физиология, гигиена ғылымдарының ортасынан шығатын  денсаулықты қалай басқарудың заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін нұсқаушы ғылым.

Осылардың ең маңыздысы ретінде жас ұрпақты салауатты өмір салты рухында тәрбиелеудің нақты іс-шараларын ұйымдастыруды қосады. Сондықтан, денсаулықты  қалыптастыру, сақтау және нығайту жолдарын нұсқау арқылы, жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу педагогикалық  салауаттанудың міндетіне жүктеледі.

        Е.Е.Лунина педагогикалық салауаттануды салауатты өмір салтын қалыптастыруға  бағытталған білім беру  үрдісінің субъектілерінің  біріккен іс-әрекетінің жүйесі деп анықтайды.

       Э.И.Вайнер “педагогикалық салауаттану дамуының түрлі жас ерекшелігі  кезеңдеріндегі денсаулыққа  және салауатты өмір салтына орнықты өмірлік мақсат тұрғысынан қарайтын адамды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейді” деп анықтама береді.

Педагогикалық  салауаттану бағытында бүгінгі таңда көптеген ғалымдар  мен зерттеушілер жұмыс жүргізуде, мысалы ТМД елдері бойынша:

- негізгі мектептер оқушылардың  салауатты өмір салты ұғымдарын  қалыптастыруы (А.П.Голобародка және  тағы басқа);

- салауаттану бойынша  білім  бағдарламаларын жасау (Г.К. Зайцев, Н.Б.Колбанов, М.Г.Колесникова және тағы басқа);

- педагогикалық іс-әрекет стратегиясының  салауаттанулық  негізін анықтау (Н.Б.Закарович және тағы басқа);

- физикалық және рухани салауатты  тұлғаны қалыптастырудың шарты  ретінде мектепте  салауаттанулық қызмет жүйесін  ұйымдастыру мәселесі (Л.А.Каратаева және тағы басқа);

- мектепке дейінгі ересек  балалардың  салауаттанулық тәрбиесінің педагогикалық  негізін анықтау (С.А.Корочкина және  тағы басқа);

- қазіргі таңдағы мектеп оқушыларының  салауаттанулық көзқарасын қалыптастыру (В.В.Кожанов және тағы басқа);

- сыныптарда биологияны оқытуда  салауаттанулық біліктіліктері  мен іскерліктерді қалыптастыру  мүмкіндіктері (О.Колоиц және тағы  басқа);

- жаңа типті білім беру мекемелерінде  оқушылар тұлғасының  салауаттанулық тәрбиесінің теориясы мен практикасы Н.Н.Волков және тағы басқа көптеген ғалымдардың  өз зерттеулеріне негіз болды.

Салауатты өмір салтын үздіксіз қалыптастыру ұлттық білім беру жүйесі үлгісінің құрылымына  сәйкес жүзеге  асырылады. Осы негізде Қазақстандағы педагогикалық салауаттанудың бағыттарын анықтауға болады:

- психологиялық-медициналық-педагогикалық  қызметтер;

- балалар денсаулығын сауықтыру  орталықтары және денсаулық мектептері;

- кешенді сауықтыру бағдарламалары;

Информация о работе Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту