Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 18:13, дипломная работа
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.
КІРІСПЕ…………………………………………
5
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың ғылыми негіздері
1.1
Салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастардың дамуы
8
1.2
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың негізі
19
1.3
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарды дамытудың жолдары
24
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарастарын дамыту мақсатындағы тәжірибе жұмысы
2.1
Биология сабағында СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі ......................
34
2.2
Биология сабақтан тыс уақытта оқушылардың СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі..........................
44
2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
48
Қорытынды………………………………………………………
58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………
59
Р.И.Гималетдинованың [6] пікірі бойынша, «өмір салт» ұғымын тек ғана жеке тұлғаның тіршілік әрекеттерінің субъективті экономикалық, саяси, әлеуметтік немесе мәдени жағдайлармен салыстыруға болмайды. Ол ең бірінші, қоғамдағы объективті қылықтар мен іс-әрекеттердің түрлі нұсқаларының бірін өзінше таңдауын сипаттап, адамның белгілі бір тарихи әлеуметтік жағдайда өзінің болмысын, жекелігін дамытуға және оны дәлелдеу үшін оларға арналып жасалған заттарды мәдени және рухани мұраның көп түрін пайдалану тәсілін білдіреді... Өмір салт категориясы – жеке сананың күрделі интеграциясы түрінде түсіндіріледі. Олардың түйісетін және өзара әрекеттесетін орны – адам психикасы.
Ю.П.Лисицын [7] және Х.Қ.Сәтбаева [8] «өмір салт» категориясын:
ұғымдарының бірлігінің
Өмір деңгейі – материалдық және рухани қажеттіліктердің (тұрғындардың нақты кірісімен, үй жайымен, медициналық жәрдем көрсетілу деңгейімен, білімімен және т.б.) өлшемімен сипатталады;
Өмір сапасы – тұрмыс жағдайы, тағам сапасымен, оң жағдайы мен сол жағына жетер қолайлылық оралымымен (комфорт), жұмысына деген «қанағаттанарлық» сезімімен сипатталады;
Өмір стилі - өмір құрылысын жеке адам және әлеуметтік топтың бойына сіңген (стереотиптік) мінез-құлықының қалпын әйгілейді;
Өмір сұранымы – айнала еңбек етіп жатқан адамдар қызметінің, тіршілік мәдениетінің қоғамдық қарқынды өмірінің рет тәртібі .
Сонымен қатар, «өмір салт» адамның әлеуметтік, психологиялық ой-өрісін және еңбек әрекеттерін, қозғалыс белсенділігін, қарым-қатынасын және тұрмыстық өзара қарым-қатынасты [9], әдетті, режимді, ырғақты, өмірлік қарқынын, жұмыстың, демалыс пен қатынастың ерекшеліктерін [10] біріктіреді. Халықтың әр түрлі жастағы және түрлі кәсіби өмір салтының субъектісі болуы мүмкін, бірақ оны алып жүруші жеке тұлға [11].
«Өмір салт» ұғымына берілген анықтамалар бойынша қорытынды жасасақ:
- әрбір адамның өзіндік жеке өмір салтын таңдауында оның тұлғалық мәнді күштері маңызды орын алады;
- өмір салт жеке тұлғаның ойының, сезімінің, қажеттілігінің, ниетінің бейнесін және олардың бірлескен іс-әрекеттерін біріктіреді, сондықтан жеке тұлғаның ұстанған өмір салтының түрі, оның өз денсаулығына деген қарым-қатынасының көрсеткіші;
- жеке тұлғаның өмір салтына оның әлеуметтік және биологиялық мүмкіндіктері, қоғамдағы объективті құбылыстар мен іс-әрекеттерінің түрлері әсер етсе,
- және керісінше, өмір салт әлеуметтік құбылыстарға және қоғамның сипатына әсер етеді.
Өмір салт салауатты және салауатсыз болып екіге ажыратыла отырып, денсаулыққа өз әсерін тигізеді. Денсаулықтың қалыпты күйінің сақталуына, одан әрі нығаюына әсер етуші – салауатты өмір салты.
Салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарас дегенміз яғни денсаулықты сақтауға, нығайтуға ықпал ететін адам әрекеттерінің заңдылықтары туралы түсініктер жиынтығы.
Денсаулықты сақтау және нығайту туралы ғылыми көзқарастың даму тарихы қай кезден бастау алады? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.
С.Я.Чикин [12] түрлі дәуірде өмір сүрген адамдардың санасын, іс-әрекеттерін зерттей отырып, адамның қоршаған ортадан өзін-өзі танып, логикалық ойлай білген уақытынан бастап, оларды денсаулық жөніндегі ойлардың үздіксіз толғандырып отырғаны жайында көптеген деректер береді. Адамзат тарихындағы адамдардың денсаулыққа қарым-қатынастарының даму тарихын қарастыратын бұдан басқада бірнеше еңбектер бар [13; 14]. Соның ішінде, педагогика теориясы мен практикасында салауаттану мәдениеттің қалыптасуы мен даму тарихын М.Минина [14] зерттеп, жүйелеген. Автор, салауатты өмір салты туралы көзқарастың қалыптасуы мен даму жағдайына тарихи сараптама жүргізе отырып, оның қалыптасуының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Осы зерттеудің нәтижесі бойынша, адамдардың денсаулыққа қарым- қатынастарының даму тарихына үңілсек, табиғаттың алдында адамзаттың дәрменсіз уақыты, алғашқы қауымдық кезеңде адамдар өздерінің денсаулық күйлерін мистикалық түсініктермен байланыстырып, денсаулықты сақтау шаралары діни рәсім түрлерімен өткізілгенін білуге болады. Алайда, адам өзінің тіршілігін бақылай отырып, әртүрлі тұжырымдар жасап, денсаулықтың, өмір салттың, тәуекел факторларының, әртүрлі құралдардың емдік және сауықтырушы қасиеттерінің арасындағы себеп-салдар байланыстарын белгілеп отырған. Сол уақыттың өзінде денсаулықтың сақталуы адамның күнделікті өз қажеттіліктерін өтеумен байланысты қозғалыс белсенділіктеріне тәуелділігі белгілі болған. Денсаулық жөніндегі ілім бастапқы уақытта адам организмінің құрылымын, оның әрбір мүшесінің қызметін, оған әсер ететін факторларды, аурулардың себептерін, олардың белгілерін, емдеу жолдарын бақылау және анықтай отырып, әртүрлі құралдардың емдік және сауықтырушы қасиеттерін сипаттау, дене қозғалысы белсенділігінің маңыздылығын анықтау оны іске асыру жүйелерін жетілдіріп отыру негіздерінде қалыптасқан.
Құл иелену қоғамында адамның денсаулығына қатысты ой-тұжырымдар жасалған. Бұл кезде негізінен сауықтыру жүйелерін жасауға көп күш салынған, оған денсаулықты басқаруда біздің дәуірімізге дейін жеткен: қытайдың «Конг - фу» (б.д.д. 2600 ж. шамасы), Гиппократтың «Салауатты өмір салты жөніндегі» (б.д.д. 400 жыл шамасы) еңбектері, үнді халқының «Аюр-Веда» деректері (б.д.д. 1800 ж.), Спартада қалыптасқан сауықтыру жүйелері және қазақ даласында өмір сүрген ғұлама Тілеуқабылұлы Өтеубойдақтың «Шипагерлік Баян» (б.д.д. 4 ж.) жазбасы және т.б. ғалымдардың еңбектері мысал бола алады. Бұл тұжырымдарда негізінен ауруды емдеуге емес, денсаулықты қалыптастыруға, сақтауға және нығайтуға, ал оның қалыпты күйі бұзылған кезде организм қызметінің қайта қалпына келу мүмкіндіктерін пайдалану идеялары қозғалған. Сол заманның өзінде данышпан-ойшылдардың: «Ұзақ, әрі бақытты өмір сүрудің тиімді жолы ауруды емдеу емес, денсаулықты алдын-ала сақтау мен нығайтудың жолдарын игерудің маңыздылығы» жөнінде айтқан құнды пікірлері бар.
Адам туралы ғылымның жаңа бағыттарының бірі – салауаттану, бұл “денсаулық” деген мағынаны білдіреді. Сондықтан салауаттанудың негізгі зерттеу нысаны – адамның денсаулығы. Салауаттану кіріктірілген ғылым болғандықтан, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика, экология және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл ғылымның негізін салушы И. И. Брехман “денсаулық” ұғымына жаңаша мән берді.
Барлық ғылым сияқты салауаттанудың өзіндік даму жолы бар. Салауаттанудың даму тарихы ежелден басталады, әрі ол медицинамен тығыз байланысты. Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Жердің түкпір-түкпірінен жинақталған қолжазба, сурет, әдет-ғұрып, философиялық, діни және көптеген ғылыми мектептердің ізденуі арқылы жетті.
Салауаттану ғылымын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған клиникалық медицина, физиологтар, гигиенистер және басқа ғылым салаларының мамандары, олар салауаттанудың ғылыми тұжырымдамасын құруға өз үлесін қосты.
Қоғам дамуының
барлық кезеңдеріндегі адамның
аурумен күресуі емдеу
Адам және оның денсаулығы – көптеген жаратылыстанушылық (биологиялық, анторопологиялық, физиологиялық, медициналық және т.б.) және қоғамдық (әлеуметтану, философия, психология, педагогика және т.б.) ғылымдардың зерттеу пәні. Тейер де Шарден «Адам феномені» [15] атты еңбегінде адамның өте күрделі, зерттеуге қиын, ерекше құбылыс екенін, оның бір басында биологиялық және әлеуметтік, материалдық пен рухани, жеке тұлғалық пен қоғамдық қасиеттердің жинақталатыны жөнінде жазады. Адам өзінің тегі бойынша биологиялық, мәні бойынша - әлеуметтік құрылым. Адам организмі үйлесімділікте құрастырылған, реттелген жүйе. Адам организмінің құрылымы пирамидалық ұстаным негізінде (Маслоу пирамидасына сәйкес) түсіндіріледі. Оның ірге тасын, яғни ең төменгі деңгейін –дене (грек soma – дене), ортаңғы бөлігін – психика (грекше psych – жан), ең жоғарғы, санадан тыс деңгейін рух немесе рухани қасиеттері (грекше nous – рух) құрайды. Әрбір деңгейі үйлесімділікте, бір-біріне байланысты заңдылықпен құрастырылған. Бір тұтастылықтағы адам организмінің әрбір деңгейі жүйелік ұстанымдарға негізделіп жеке бір жүйе ретінде қызмет атқарады. Әрбір деңгейі жеке қызмет еткенімен, тұтастылықта қызмет атқару ерекшеліктеріне сәйкес, бір-біріне ықпал етіп, біріндегі өзгеріс екіншісіндегі өзгерістерді тудырады, төмендегісі жоғарыдағы деңгейіне бағынышты. Осы үйлесімділік, реттілік сақталса ғана ол сау болып, өзіне тән биологиялық және әлеуметтік қызметтерін толық орындай алады.
Ежелгі үнді елінде медицина саласы біздің дәуірімізден 5000-7000 жыл бұрын дами бастағанына олардың «Аюр-Веда» атты еңбектері куә болады. Үнді елінде төрт бөлімнен тұратын философиялық «йога» ілімі дамыған:
Йога жүйесімен айналысушылар тыныс алуды қадағалай отырып, денені ойлы түрде жинақтап, ой өрісін бір ізге түсіріп, сезім мүшелері мен организмдерді адамның сана-сезімдерімен шыңдайды [16, 8].
Қатаң табиғат жағдайларында өмір сүрген қазақ халқынан тіршілік үшін күрес денесі жағынан күшті, шымыр және шыдамдылықты ғана емес, психологиялық бірқалыптылықты, сабырлықты да талап етті. Осыған орай, Асан Қайғы (ХV ғ), Шал-ақын (ХVІІІ ғ), Махамбет Өтемісұлы (ХVІІІ ғ) және т.б. ойшыл-ақындар «дені сау рухты» тәрбиелеу үшін «денені сауықтырудың» маңыздылығына ерекше мән беріп, баланың денесін шынықтыруға, ерік– жігерін, қатаң тәртібін тәрбиелеуге халықты үгіттеп отырған.
Ғылыми мазмұны тұрғысынан «денсаулық» пен «ауру» құндылығының үш деңгейлік сипаттамасы ұсынылады:
Өз заманында Әбу Әли ибн Сина [18] және Гиппократ [19] денсаулықтың бірнеше қырларының болатынын анықтаған болатын. Гален [20] денсаулық пен аурудың аралығында болатын «үшінші жағдайат» ұғымын қалыптастырды. Бұл ұғымның мәні адам организмінің не ауру не ауру емес, дел сал күйде болуы. Осы «үшінші жағдаятты» зерттеу қорытындыларының негізінде, ғалымдар «организмнің өз бетінше қайта қалпына келу күші» тұжырымдамасын жасады. Медицинаның әлеуметтік, гигиеналық, психологиялық, психопрофилактикалық бағыттарында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі өркениет дәуіріндегі адамдардың денсаулығының нашарлау себептерін анықтап, психогенді және психосоматикалық аурулардың (гипертония, қан тасуы және т.б.) алдын алуда адам организмінің түрлі ауруларға қарсы тұруының ішкі мүмкіндігін жетілдіру жағдайын зерттеу мәселесін алға міндет етіп қойған болатын. Ғалымдардың [21, 10] айтуы бойынша, осы бағытта С.М.Павленко адам организмінің гомеостаздық күйін сақтау және кездейсоқ тітіркендіргіштер әсерінен физиологиялық қызметінің бір түрінің (қан айналымы, тыныс алуы, температураның қалыптылығының және т.б.) бұзылған жағдайында оны қалпына келтіру тетіктерінің заңдылығын зерттейтін «санология» ілімін негіздеген. Санология медициналық «денсаулық» және «ауру» категорияларының мәнін ашуға бағытталған. Санология денсаулықты адамның тіршілік әрекетінің қолайлы жағдайдағы көрінісі, ал ауру – организмнің табиғи тіршілік әрекеттерінің бұзылуына әкелетін қолайсыз, еркіндігі шектеулі
Қазақ тіліндегі әдебиеттерде «Валеология» және «Салауаттану» ұғымдары қатар қолданылып жүргенін байқауға болады. «Валеология» термині қолданысқа денсаулық жөніндегі ғылымды белгілеу мақсатымен 1980 жылы И.И. Брехманның ұсынысымен енгізілген [22, 4]. Латын тілінен алынған «Valeo» орыс тілінде «здравствую», қазақ тілінде «салауат», «салауаттылық» мағыналарына сәйкестігіне байланысты, Валеология – салауаттану ғылымы деп аударылып алынған. Термин басқа тілге аударылғанымен өз мәнін толық сақтайды. Валеология ұғымына берілген анықтамаларды сараптай отырып, бұл ұғымның адам денсаулығы, оны қалыптастырудың, нығайтудың және қайта қалпына келтірудің заңдылықтары, тәсілдері мен тетіктері жөніндегі білімдердің интеграцияланған аясын білдіретінін байқаймыз. И.И.Брехман өзінің еңбегінде [22] денсаулықты сақтаудың тікелей жолын көрсету үшін валеология денсаулыққа қосатын экологияның, биологияның, медицинаның, психолгияның, педагогиканың және т.б. ғылымдардың үлесін «синтездеуі» керек деген ережені негіздеген болатын.
Адам денсаулығы жөнінде сөз қозғағанда, ол адам организмнің жай-күйін бақылап, оның саулығын сақтауды және оны нығайтуына жағдай жасайтын, ауруды сауықтыратын, ауру түрлерін алдын-алуды өз міндеті ретінде қарайтын дәрігерлердің зерттеу нысаны деген түсінік туады. Осы негізде Х.Қ.Сәтбаева, Ж.К.Нәлдібаева т.б. [23], И.А.Аршавский [24] мен И.М.Ворнцов [25] және т.б. ғалымдар валеологияны жеке ғылым ретінде қарастыра отырып, оны медициналық білімдер жүйесіне жатқызады.
Валеологияны «адам денсаулығы және салауатты өмір салты жөніндегі ғылым», - деп атап көрсете отырып, бірқатар ғалымдар, бұл медициналық емес, педагогикалық ғылым деп тұжырымдайды. Ж.Жатқанбаев және т.б. зерттеушілердің пікірі бойынша, валеология – биологиялық ғылым. Валеологияның негізгі бөлігін құрайтын медицинаның өзі биология ғылымына негізделеді [26].
Бұдан бүгінгі күнге дейін, ғылымдар қатарында валеологияның қандай ғылымдар жүйесіне жататындығы, оның жеке ғылым ретінде қарастырылу құқығының бары немесе жоқтығы жөнінде пікір-таластар жүріп отырғанын байқауға болады.
Р.Артамонов [27] және В.В.Колбанов валеологияны идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне сын айтады: «Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез-келген ғылымның дамуына басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан валеологияны жасауда қолданылған, ғылыми тұжырымдаманың қалыптасуына үлес қосқан клиникалық медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың, биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы қатарлы ғалымдары мен практиктерінің рөлін ұмытқанымыз жөн болмас» [28].
Негізінен денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту өзінің мәні бойынша денсаулықты басқарудың практикалық іс-әрекетін білдіреді. Осы негізде Т.К.Мұстафина: «... валеология денсаулықты басқару ғылымы» деп атап көрсете отырып, басқару үрдісінің мазмұнына сәйкес денсаулықты басқарудың үш кезеңдерін көрсетеді: