Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 18:13, дипломная работа

Краткое описание

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………
5

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың ғылыми негіздері

1.1
Салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастардың дамуы
8
1.2
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың негізі
19
1.3
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарды дамытудың жолдары
24

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарастарын дамыту мақсатындағы тәжірибе жұмысы

2.1
Биология сабағында СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі ......................
34
2.2
Биология сабақтан тыс уақытта оқушылардың СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі..........................
44
2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
48

Қорытынды………………………………………………………
58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………
59

Прикрепленные файлы: 1 файл

алтынайга.doc

— 675.50 Кб (Скачать документ)

Жүрек пен қан тамырларының қызметімен бүкіл организмнің қызметі байланысты болады. Ал жүрек пен қан тамырларының кызметі организмнің ішкі мүшелерінің қальшты жұмысына тікелей байланысты. . Қанайналым мүшелерінін қызметі қаңқа бұлшық еттерінің механикалық әсерінен жақсарып отырады. Бұл белсенді дене кимылы кезінде байкалады. Техниканың, көліктің дамуы дене қимылының жеткіліксіздігше, яғни гиподинамияға (грекше gypo — аз, dynamis — күш) себепші болдызеді.

ІІ. Білім деңгейін бекіту

Сұрау ойын технологияларын қолдану арқылы өткізіледі. Білім алушылар екі топқа бөлінеді.1.«Жүрек» тобы. 2.«Қан тамырлар» тобы.

Қазылар алқасы әр кезеңнен кейін «5» ұпайлық жүйемен бағалайды.

Бағалау парағы

 

Топтың атауы

«Сәлемдесу»

«Ойқозғау»

«Ойлан, ізден тауып жаз»

«Сергіту сәті»

«Рөлдік ойын»

«Логикалық сұрақтар»

1

Жүрек

           

2

Қан тамыр

           

 

 

Сайыстың 1 кезеңі   «Сәлемдесу»

  Мақсаты: Сәлемдесу арқылы бір-бірімен қарым қатынас орнату.

 Шарты: Әр топ өзінің атауымен, ұранымен таныстыру.

Сайыстың 2 кезеңі  «Ой қозғау»

    Мақсаты: Тақырыппен байланысты өткен терминдерді қайталау.

    Шарты: Тақтада берілген термин сөздің анықтамасын жылдам, мүдірмей айту. Берілген жауаппен салыстыру.

 

Термин сөздер

жауаптары

Ангиоспазм

қан тамырларының тарылып қалуы

Гипертрофия

тканьдардың шектен тыс үлкеюі

Гипоксия

қандағы оттегі мөлшерінің азаюы

Дилятация

жүрек ет қабатының  әлсіреуі нәтижесінде кеңеюі

Инфаркт

қан келмей қалуына байланысты пайда болған некроз ошағы

Кардиосклероз

жүректе дәнекер тканьның өсіп кетуі

Миокардит

жүрек  миокардының  қабынуы

Некроз

Өлі еттену, тірі организмнің клеткалары мен тканьдарының өлуі

Тромбоз

қанның қан тамырының ішінде немесе жүрек қуыстарында ұйып қалуы

Тромбоэмболия

тромбтың немесе оның бір бөлігінің үзіліп түсіп қанмен айналып жүруі  эмболға айналуы


 

Сайыстың 3 кезеңі  «Ойлан, ізден тауып жаз»

    Мақсаты: Берілген аурудың анықтамасын, этиологиясын, патогенезін, патологиялық анатомиясын, өлу себептерін  түсіндіру.  

    Шарты: Әр топ басшылары тақтада көрсетілген ұяшықтарды қалауымен ашып, ондағы жасырылған тақырып бойынша топпен кластер құрастыру. Оны қорғау. Ойлануға  5 минут уақыт беріледі.

                             

                                                   


                       


                                                                           


                     


                  





 

 


 

Сайыстың 4 кезеңі  «Сергіту сәті»

     Мақсаты: Білім алушылардың ойлау қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

     Шарты: тақтада әр топқа  кез келген мүшенің морфологиялық өзгерістері суреттелген төрт қатар жұмбақ жасырылады.    

                  Жұмбақтың жауабын табу.

 І.Жүректің  сырқатында  кездеседі,

    Камерасын кеңейтіп, ауыруын  тездетеді.

    Әлсіз етіп бұлшықетін  болбыратып,

    Бір аңның белгісіндей  күй кешеді.

                                     жауабы: «Жолбарыс жүрек»

ІІ. Әлсізденіп күннен-күнге барады,

     Түсі қоңыр-сары, түсіп  кеткен қабағы.

     Тіндері аурудың әсерінен,

     Жұмсарып қамырдай  боп қалады.

жауабы: «Қаз бауыр»

ІІІ. Өз бетімен жұмыс

Сайыстың 5 кезеңі «Рөлдік ойын»

     Мақсаты: Алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

     Шарты: Алдын ала  берілген тапсырма бойынша әр топ белгілі бір ауруға   дайындап келген көріністерін көрсету. Сол  ауру жайында дайындап келген презентацияларын баяндау.

Сайыстың 6 кезеңі  «Логикалық сұрақтар»

     Мақсаты: Білім алушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

     Шарты: Әр топтың топ басшылары шығып, үстел үстіндегі бірнеше карточкаларды таңдап, ондағы қойылған сұрақтарға топпен жауап береді. Ойлануға 5 минут беріледі.

1.Атерсклероз гипертониялық  аурусыз кездесе береді, ал гипертониялық ауру атеросклерозсыз кездеспейді. Осымен келісесіз бе?

Жауабы: Келісемін. Қан қысымының жоғары болуы артериялардың қабырғасына тығыздығы төмен липопротеидтердің инфильтрациясына әкеледі. Бұған дәлел ретінде өкпе гипертензиясы кезіндегі, өкпе сабауының атеросклерозын   айтуға болады.

2.Миокардта басқа қаңқа  бұлшықеттері сияқты паразиттер  кездеуі мүмкін  бе?

Жауабы: Кездеседі. Трихинеллалар. Олар жүрек ауру сезімін тудырып, тондарын бәсеңдетіп, ЭКГ-да өзгеріс тудыруы мүмкін. Егер паразитке қарсы ем қолданбаса, жүрек жетіспеушілгінен болған өлімге әкелуі мүмкін.

3.Фиброзды перикардит  кезінде жүрек «Сауытты жүрек»  деп аталады. Келісесіз бе?

Жауабы: Келіспеймін. «Түкті жүрек» деп аталады. Ал «Сауытты жүрек» фибринге бай экссудат дәнекер тінге айналып, оған кальций тұздары шөгіп қалған кезде дамиды.

4. Жүрек, аурудың әсерінен  үлкейіп кететінін білеміз, ал жүректі кішірейіп кетуі мүмкін бе?

Жауабы: Мүмкін. Жалпы организмнің ашығуы (истощение) кезінде кездеседі.

ІV. Қорытындылау

Сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаз топ анықталады.

VІ. Үйге тапсырма: «Ревматизмдік аурулар». 

1.Ревматизмдік аурулар: клинико-морфологиялық  сипаттамасы.                  2.Ревматизм: этиологиясы және патогенезі, патологиялық анатомиясы.

3.Ревматоидты артрит: анықтамасы, буындардағы өзгерістер, асқынуы.

V. Бағалау (бағалау парағы бойынша)

  Үйге тапсырма

1-тапсырма

1.  Есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6 л қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта жөне 1 тәулікге қанша мөлшерде қан айдайды?

Жауап:

60 х 6 = 360 рет, яғни 1 сағатта 360 рет.

360 рет х 24 сағ. = 8640 литр, яғни 1 тәулікте 8640 литр қан айдайды.

2. Мына берілген жаттығуларды  орындап көрсетіңіз.

Екі қодды темен түсіріп, екі аяқтың арасын ашып, 1-2 дегенде қолды жоғары көтеру (аяқ үшымен көтерілу) 3-4 дегеңде қалыпты жағдайға келу. 4-5 рет қайталау керек.

3.Көп нүктенің орнына төмендегі сәйкес келетін жауаптың нөмірін қойыңыздар.

1. Гипертония ауруының басты белгілері.......

2. Ревматизм ауруының белгілері.......

1. Ауру адамның ұйқысы қашады.

2. Журек қақпақшаларының  кішіреюі немесе үлкеюі.

3.  Бас пен көкжелкенің тартып ауруы.

4. Буындардың сырқырап ауруы.

  2-тапсырма.

Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минута 70 рет жиырлатын болса, 1 тәулікте қанша рет соғады?

      60∙70 = 4200 рет.    4200 ∙ 24 = 100800

      1. Жүрек инфарктсінің белгілері

  2 Перикардит ауру;

1.Журек қабының кеңеюі?

2. Журек бұлшықетінің қаңсырауы.

3. Журек кабынын icmvi.

4. Жүрек тамырларының ішкі қабатында қанның ұюы.                                       3-тапсырма.

1. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы ек-і рет  өтеді тәуліпне қанша рет өтеді?                                                  

Жауап.

60 мин х 2 = 120 рет, яғни 1 сағ. - 120 рет.

120 х 24 = 2880 рет, яғни 1 тәулікте - 2880 рет.

2.  Мына берілген жаттығуларды орындап көрсетіңіз.

Екі қолды желкеге қою, аяқты бір үстап, он жакқа иілу, 2-3 жамбасқа иілу, осылай 4-5 per қайталау.

3.  Көп нүктенің орнына төмендегі  сәйкес келетін жауаптың қойыңыздар.

1. Қолқаның коарктациясының (тарылуы) белгілері.....

2.  Ботали өзегі «артериялық  ашық өзек» ауруы белгілері.......

1. Тарылган өзектен қанның өте алмауы.

2. Журектің тез тозуы.

3.  Екі артерияның  бір-бірімен қан алмасуы.

4.  Өкпені қанның жуып  кетуі.

Тапсырмалар орындалып, жауаптары тексерілгеннен кейін жеке оларға сурақтар қойылды.

1. Адамды іштен ұрғанда неге бірден жығылады?

2.  Қанның құрамы қаншаға бөлінеді?

3.  Жүректің сызбанүсқасын сызып, құлақшалар мен қарыншаны көрсетіңіз.

4.  Сіздің басыңыз ауыра ма? Ол неліктен деп ойлайсыз?

 

 

      2 сабақ

Cабақтытың тақырыбы: Ас қорытудың маңызы. Тістің  құрылысы.                                                                                       

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға ас қорыту, тағамдық  заттардың құрамы жайлы түсік  қалыптастыру; тістің құрылысы және олардың ас қорыту маңыздылығымен танысу.                                  

Дамытушылық: Оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу.                                        

Тәрбиелік:  ауыз қуысының гигиеналық талабы, тіс күтіміне көңіл бөлуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: ізденіс.                                  

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, тірек-сызба, стерженді моделі. Сызба, «Ас қорыту мүшелері», лестірме материалдар   «Тістің құрылысы» сурет сызбасы.

Сабақтың әдісі: СТОэлементі,бес шумақ өлең, шаршы.             

Сабақтың барысы:  І.    Ұйымдастыру бөлімі.

                                           ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру

                                           ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

                                           ІV.  Бекіту.

        1. Үйге тапсырма беру
        2. Қорытынды. Бағалау.

ІІ.Оқушылар шаршыда берілген  тапсырмалар бойынша тыңдайды.

Кубизм әдісі:

1.  Атаңыз (мақал-мәтел)  2.Шешіңіз (жұмбақ) 3. Ой-толғау (темекі зияны), 4.Талдау(тыныс алу мүшелерінің аурулары) 5.Салыстыру (алкоголдің зияны). Жұппен, топпен ой бөлісіп, бір оқушы жауап береді. Темекі, туберкулез, денсаулық сөздеріне бес жолды өлең жазу тапсырылады. Мыс: темекі улы, зиянды, уландырады, ауыртады. Не деген жағымсыз-никотин.

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру. Халқымыздың «Тән ләззаты-саулығында, жанның ләзаты білімінде»деген нақыл сөз бар.Денсаулық-адам өмірінің негізі, ал білім ақыл-ойдың дамуы. Адам денесі сау болып қалыптасу үшін салауатты өмір сүруі қажет.

Мағананы ажырату: Адам организмнің қалыпты өсіп, дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай-дұрыс тамақтану.Қоректік заттар- клетканың өсіп дамуы үшін, тіршілікке қажетті энегияның көзі.

Мұғалім: Қоректік заттардың құрамына ақуыз, май. Көмірсулар, минералды заттар және витаминдер кіреді.

Тапсырма: Әр топ заттар бойынша тапсырма алады да, оқулықтан 2 мин. Ішінде өздеріне берілген бөліктерден өз түсінгенін айтады.  Дәнтермен жұмыс: Қоректік аттардың сызбасын сызады.

2.Ас қорыту жүйесіне қандай мүшелер жатады? (тақтадағы сызбадан) . Ас қорыту деп қорктік заттардың күрделі түрінен жай түрге, суда еритін, қанның құрамына жеңіл өте алатын күйіне айналуы. Ас қорыту- өте күрделі процесс,ас қорыту жүйесі ас қорыту жолынан және бездерден тұрады.Тағам тіспен тіл арқылы ұнтақталады.

3.Тістің құрылысы. Сызба нұсқа  арқылы танысу(дәп. сызу).  4. Адамның  денсаулығы оның барлық мүшщелерінің  бір қалыпты жұмыс істеуіне  байналысты.

Оқушылар жұмысы тыңдалады.

1. Саутіс- денсаулық кепілі.  3. Тіс ауруларын еидеу.  4. Тіс күтімі.

2. Кариес- тіс жегісі.  5. Қазақ  ырымдары.

      ІV.  Бекіту.

Топпен жұмыс «Сөздерді орналастыр» Әр топқа тістің мүсініне жазылған  үлестірме беріледі.

1. Тісті қатты заттардан қорғайды-----------------------------(креуке)

2. Тіс түбінде қантамырлар және  және-----------------бар.( жүйке)

3.Тістің ақ бөлігі------------------ деп  аталады. (креуке)

4. Креуке неден бұзылады? 

А) көп тәті жесе;

Б) сүйек кеміргенде;

В) ыссыдан салқын ішсе немесе керісінше.

5. Тістің құрылысы? (1-кіреуке, 2-дентин, 3-мойын, 4-ұлпа, 5-жүйке тамырлар жолы).

Информация о работе Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту