Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 18:13, дипломная работа

Краткое описание

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………
5

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың ғылыми негіздері

1.1
Салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастардың дамуы
8
1.2
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың негізі
19
1.3
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарды дамытудың жолдары
24

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарастарын дамыту мақсатындағы тәжірибе жұмысы

2.1
Биология сабағында СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі ......................
34
2.2
Биология сабақтан тыс уақытта оқушылардың СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі..........................
44
2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
48

Қорытынды………………………………………………………
58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………
59

Прикрепленные файлы: 1 файл

алтынайга.doc

— 675.50 Кб (Скачать документ)

б) Сен тісінді калай күтесің? Тісті күту ережелерін окып, өзің орындайтын ереженің тұсына косу белгісін, орындамайтын ереженің жанына алу белгісін қойып шық. Қосу мен алудың санын салыстыр. Нәтижесінде тісіңці күтуге өзіңе не істеу керегін шеш.

Топ басшысы тапсырманын орындалуына баға береді.

в) Жұмбақтарды шешу.

1. Бір таудын алпыс екі саласы бар, Он екі жанында қаласы бар.

Бау-бақша, түрлі өсімдіктер, Барлығыныңбилеп тұрған анасы бар.          (адамның 62 тамыры, 12 мүшесі)

2. Жиырма баласы бар төртеуі ана, Біреуі ұзын, бірі - қыска, дара - дара Қандайық іске қоссаң ерінбейді,

Білімпаз мамандығы болған сара.(2 аяк, 2 кол, саусактар)

3. Қызыл түлкі ықпайды, Өз інінен  шыкпайды.(тіл)

4.  Көсеуім басы ақ күміс Тапшы кәне көрелік.(саусақ пен тырнак)

5. Сәуле артында жүз ине Десек  сөзді жасырдым 

Тапкыр болсаң тауып көр, Қылығымды асырдым(кірпік)

6.     Күмбір - күмбір қарағым, Қартайғанша жарадың.

Осы айтқан жұмбакты, Дұрыс тапсаң жарадың.(құлак)

  V. Қорытынды. Окушыларды бағалау. ІV. Үйге §40 оқу.

3 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі.

Зертханалық жұмыс №13. Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы, қызметі,күтімі және сілекейдің бөлінуі жайлы түсініктерін  қалыптастыру.

Дамытушылық:оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу.

Тәрбиелік:ауыз қуысының гигиеналық талабы, тіс күтіміне көңіл бөлу. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, жуан-жіңішке сұрақтар, Венн диаграммасы, Синвейн, зертханалық жұмыс, тест тапсырмасы

Сабақтың көркемділігі:

Ауыз қуысында тістердің орналасуы. Тістің құрылысы. Сілекей бездері

І кезең. Қызығушылығын ояту.

Ұйымдастыру

а) амандасу, танысу, топқа бөлу

б) оқушыларды түгендеу

в) сабаққа дайындықтары

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

І топ

  1. Асқорыту мүшелерін атаңыз. Жауабы: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.
  2. Организмнің құрылыс материалы. Жауабы: нәруыздар
  3. Адам денесіндегі судың орташа мөлшері. Жауабы: 60-65%
  4. Ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше. Жауабы: жұтқыншақ

ІІ топ

  1. Ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Жауабы: аш ішек
  2. Организмнің энергия көзі. Жауабы: көмірсулар
  3. Адамға тәулігіне қажет су мөлшері. Жауабы: 1,5-2,5 литр
  4. Ұзындығы шамамен 25 см бұлшық етті түтік. Жауабы: өңеш

(Оқушыларға болжау парағын, бағалау  парағын тарату)

Ой шақыру

  1. 32 қайрақ

Бірін-бірі шыңдайды (тіс)

  1. Қызыл түлкі ықпайды

Өзінінен шықпайды (тіл)

ІІ кезең

Жаңа сабақ

Ауыз қуысына түскен тағамды тістер майдалайды, ұнтақтайды, сілекеймен дымдайды, тіл арқылы қозғайды. Тағам тіл түбіріне ауысқанда жұту рефлексі пайда болады.

Тістер пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс, ит тіс, үлкен және кіші азу тістер деп ажыратылады.Адамның тісінің жалпы саны-32. Үстіңгі және астыңғы жақ сүйектің әрбір жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кішкентай және 3 үлкен азу тістер орналасқан. Сүт тістер саны – 20. Олардың аламасуы 6-7 жаста басталып, 15 жасқа келгенде аяқталады.

 

                               

Ауыз қуысында тістердің орналасуы               Тістің құрылысы

 

Сілекей бездерінде сілекей түзіледі. Адамда үш жұп (шықшыт, жақ асты, тіл асты) бездері және микроскопиялық ұсақ бездер бар.

Сілекей бездері

Топтық жұмыс

1-тапсырма. «Жуан-жіңішке  сұрақтар»

Берілген «жуан-жіңішке сұрақтарынан» тақырыпқа байланысты сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.

Кім?

Не?

Қанша?

Неше?

Қалай?

Не себепті?

Неліктен?

Дүрыс па?

Келісесіз бе?

Анықта?

2-тапсырма. «Венн диаграммасы»

І топ

 

 

 

Күрек Азу


 


 

 

 

 

 

 

 

ІІ топ

            Ауру                             Сау


 


 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма. «Синвейн» (5 жол  өлең әдісі)

Бірінші жол – зат есім, 1 сөз

Екінші жол – сын есім, 2 сөз

Үшінші жол – етістік, 3 сөз

Төртінші жол – сөйлем, 4 сөз

Бесінші жол –  тақырыпқа байланысты синоним, бір сөз

Сергіту сәті

Зертханалық жұмыс №13. Крахмалға сілекейдің әсері.

Мақсаты: сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу.

Керекті құрал-жабдықтар: крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар ыдыс, басына мақта оралған сіріңке.

Барысы:

  1. Сіріңкедегі мақтаны сілекейге батырып алып, крахмалданған дәке ортасына әріп жазыңдар.
  2. Дәкені алақандарыңа алып, 2-3 минут қысып, содан кейінйод ерітіндісіне салыңдар.
  3. Дәкенің қалай боялғанын бақылаңдар.

ІІІ кезең

Қорытындылау

Тест тапсырмасы

1. Асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшық етті мүше

А) аш ішек

В) тоқ ішек

С) соқыр ішек

Д) ұлтабар

Е) өңеш

      2. Астың иісіне  сілекейдің бөлінуі

А) шартсыз рефлекс

В) шартты рефлекс

С) жасанды рефлекс

Д) рефлекс

Е) рецептор

      3. Адамда асқорыту  жолының ұзындығы

А) 3-5 м

В) 8-10 м

С) 15-18 м

Д) 8-15 м

Е) 5-8 м

4. Шартты рефлексті зерттеген  ғалым:

А) И.И.Мечников

В) И.М.Сеченов

С) Х.Досмұхамедов

Д) И.П.Павлов

Е) У.Гарвей

5. Сілекей құрамында су мөлшері 

А) 40-50%

В) 60-70%

С) 98-99%

Д) 20-25%

 Е) 10-15%

6. Ересек адамның тісінің саны

А) 26

В) 28

С) 24

Д) 35

Е) 32

      7. Сүт тістердің  алмасуының басталуы

А) 6-7 жаста

В) 3-4 жаста

С) 10 жаста

Д) 2-5 жаста

Е) 11-12 жаста

     8. Сілемейлі қабықпен  жабылған тамырлары мен жүйкелері  көп қозғалмалы бұлшық  етті  мүше

А) тіс

В) тіл

С) сілекей

Д) ауыз

Е) без

Бағалау

Үй тапсырмасы: «Егер сіз тіс дәрігері болсаңыз, не істер едіңіз?» атты тақырыпта эссе жазып келу

 

 

2.2 БИОЛОГИЯДАН САБАҚТАН  ТЫС УАҚЫТТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ  ӨМІР САЛТЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

Кешенді –ролдік ойын

    «Денсаулықты болжау орталығының тендерін алуға кім лайық?»

Мақсат: СӨС оқуға ынталарын арттыру, валеометрия бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеу және толықтыру, оларда осы білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру, сонымен қатар эксперименттік  педагогикалық құралдардың нәтижесін зерттеу.

Дайындық жоспары:

1. Барлық оқушыларға қызықты, әрі пайдалы мектепішілік  «Денсаулықты болжау орталығының тендрін алуға кім лайық?» атты шараны өткізуге үлес қосқысы келетін сынып оқушыларының ұйымдастыру жұмыстарына қатысуларына болатыны жөнінде хабарлау.

2. Ұжымдық жоспарлауды ұйымдастыру. Нәтижесінде «Денсаулықты болжау орталығының тендрін алуға кім лайық?» атты ойынды өткізуге және ойын ережесінің негізгі авторлары болып табылатын, құрамы әртүрлі сынып оқушыларынан тұратын, ойынды басқарушы топ – тендерді ұйымдастырушы ұйымды құруға шешім қабылданады. Ұйымдастырушы орталықтың мүшелерінің бірінші отырысында тендер жариялау, сайысқа қатысатын орталықтарға қойылатын шарттарды анықтау, тендрге қатысуға ұсыныс берген орталықты тіркеу жөнінде және барлық азаматтарға өз денсаулықтарын алдын ала күту үшін тегін дәрігерлік тексеруден өтуге шақырып үндеу жолдауға, сондай-ақ орталықтың дәрігерлерінің қызметтерін белгілеуге шешім қабылданды.

3. Бірінші кеңес мұғалімдер  мен оқушыларға арналады. Оның  мақсаты- пікірі бар топтың ойын  талқылау және қалада салынатын денсаулықты болжау орталықтарын тіркеу және дәрігерлердің мамандықтарын анықтау. Ойынға қатысу үшін жоғары сынып  оқушыларынан құралған  төмендегідей орталықтар тіркелді: 1) «Үміт» денсаулықты анықтау орталығы. 2) «Доктор МОМ» орталығы; 3) Би класы; 4) Диетикалық тамақтану орыны; 5) Сұлулық салоны; 6) Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету пункті; 7) «Өзін-өзі тану орталығы»; 8) «Баскетбол класы»; 9) Психологиялық кеңес беру кабинеті; 10) «Волейбол класы»; 11)  Мәдени демалыс орталығы; 12) Шейпинг-клуб. 13) Денсаулықты сақтауды насихаттаушылар клубы.

4. Екінші консультация жарнамаға  тапсырыс қабылдап және ұйымдастыру  мәселелерін қарастыратын мұғалімдер  мен оқушылардың арасында болады.

5. Жарнама агенттігінің жұмысын  ұйымдастыру.

6. Азаматтардың денсаулық паспортын дайындау.

7. Мектеп дәлізін жарнамалық  плакаттармен безендіру (ойынға  дейін екі күн бұрын). Жарнамада  жоғарыда аталған мекемелер мен  кеңселердің қайсысына барса  оқушылардың қандай сұраныстары  мен қызығушылықтары қанағаттандырылатыны  жөнінде  баса айтылады.

8.Ұйымдастырушы топтың күн тізбесі  бекітіледі (мекемелердің жетекшілерімен  бірлестікте).

Ойынды өткізу жоспары:

8.30 - паспортты тіркеу столы жұмысының  басталуы;

  9.00 – шығармашылық сабақтың басталуы;

9.20 – анықтамалық бюро жұмысының басталуы;

  9. 40 – қаланың ашылу күніне арналған салтанатты жиналыс;

  9.50 – гимнастикамен айналысу;

  10.00 – «Сұлулық салонының», «Өзін-өзі тану орталығының»,  «Психологиялық кеңес беру орталығының», «Баскетбол класының»,        «Волейбол класының» ашылуы;

10.20 – «Диетикалық тамақтану» орнының, «Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету орталығының», «Шепинг – клуб», «Би класының»; «Мәдени демалыс орталығының» ашылуы;

10.40 – «Денсаулықты жас кезден  сақтауды насихаттаушылар» клубының  отырысы;

11.20 – ойынның барысы мен нәтижесі жөніндегі мәліметтерді жинақтау мақсатымен мұрағат қызметкерлерінің жұмыстарының басталуы;

12.30 - әкімнің қорытындылау отырысы: ойынның нәтижесін шығару, сараптама  жасау;

    18.00 - әкімнің бал кеші.

Ойын барысында мәлімет жинау: тәрбие жұмысының барысын зерттеуге қажетті мәліметтерді жинау үшін әрбір оқушыға олардың қандай орталыққа барғандары және жүргізген жұмыстары жөніндегі белгі қойылатын денсаулық паспорты таратылады. Барлық орталықтың өзіне тән эмблемалары, оқушының орталыққа берген айқындауға мүмкіндік беретін түстері бар: көк түс – жеке денсаулығына берген бағаға, жасаған болжамына  толық көңілі толатынын білдіреді; жасыл –орталықтың қызметіне «жақсы» деген баға беріледі; қызыл – орталықтың қызметкерлері «қанағаттанарлық» деңгейде ғана жұмыс істей алады. Паспорттар ойынның соңында қаланың мұрағатына өткізілді.

Биологиялық-психологиялық тренинг – тұлғаның валеологиялық санасын үйлестіруге бағытталған, әлеуметтік-психологиялық тренингке негізделген валеологиялық білім берудің кешенді түрі.

Биологиялық-психологиялық тренинг төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған: 1) тұлғаның денсаулыққа ғылыми көзқарасын үйлестіру, қалыптастыру және дамыту, ең бірінші денсаулыққа деген дұрыс емес қарым-қатынастарын жою; 2) тұлғаның денсаулық сақтау іс-әрекетін үйлестіру; 3) денсаулықты басқару біліктілігіне, дағдысына үйрету; 4) жеке салауаттанушылық кеңістіктерін кеңейту. Тренинг жүйесі ұстаным бойынша қатысушылардың денсаулықты басқару жөніндегі арнайы білімді талап етпейтіндей негізде құрылады. Әрине, денсаулыққа деген бастапқы қалыптасқан қарым-қатынастары қандай да бір шамада жаттықтырушыға нақты топпен жұмыс жүргізудің стратегиясын және тактикасын таңдауына әсер етеді.

Информация о работе Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту