Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 18:13, дипломная работа

Краткое описание

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………
5

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың ғылыми негіздері

1.1
Салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастардың дамуы
8
1.2
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың негізі
19
1.3
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарды дамытудың жолдары
24

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарастарын дамыту мақсатындағы тәжірибе жұмысы

2.1
Биология сабағында СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі ......................
34
2.2
Биология сабақтан тыс уақытта оқушылардың СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі..........................
44
2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
48

Қорытынды………………………………………………………
58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………
59

Прикрепленные файлы: 1 файл

алтынайга.doc

— 675.50 Кб (Скачать документ)

3. «Қатысу» технологиясы  бойынша кешенді пәнаралық мазмұндағы іскерлік ойындар.  Қажетті ақпаратымен дайындалған пакеті бар жұмыс. Көп жағдайда оның нәтижесі жұмыс тобының мүшелерінің арасында рөлдері бөлінген топтық жобаларды дйындау болып табылады. Ереже бойынша, ең кем дегенде бірдей тапсырма орындауда бәсекелесетін үш төрт топ болуы керек.

4. Әлемнің түрлі  елдеріндегі денсаулыққа кері әсер ететін экологиялық-экономикалық проблемаларды шешу жолдары. Баспада жарияланған мақалалар, радио-телехабар, интернет сайттары бойынша шолу түрінде сабақ өткізу.

5. «Дөңгелек  стөл» отырысы, ол экологиялық, денсаулық сақтау, жеке өмірді салауаттанудыру проблемаларды, тұжырымдамаларды және т.б. маңызды құжаттарды талдауға арналады.

6. Оқырманадық  конференция СӨС арналған кітаптар жөніндегі пікір алмасуға арналады

СӨС деген ғылыми көзқарасты қалыптастыруда ғылыми әдістермен қатар  ғылымының бейнесін көрсететін жеке валеологиялық (денсаулықтың қорын сандық және сапалық анықтау, олардың төмендеуінің алдын алу, олардың қалыпты жағдайдан ауытқу себебін айқындау) әдістермен таныстырудың маңызы зор екені белгілі. Валеологиялық әдістердің мәні мен анықтамасы  таныстырылып, оларды оқушылардың меңгеруі үшін өз беттерінше осы әдістермен жұмыс жүргізулеріне  арнайы тапсырмалар беріледі. Мысалы, «Тыныс алу жүйесі қызметін зерттеу» тақырыбы бойынша төмендегідей тапсырма беруге болады:

  1. Әдеттегідей дем алыңыз. Мұрныңызды қолыңызбен қыса отырып, демді ішіңізде ұстап тұра алғаныңызша ұстап тұрыңыз. Ұстап тұрған уақыт мөлшерін жазып алыңыз.
  2. Әдеттегідей демді шығарыңыз. Мұрныңызды қолыңызбен қыса отырып, демді ұстап тұра алғаныңызша ұстап тұрыңыз. Ұстап тұрған уақыт мөлшерін жазып алыңыз.
  3. Үстемеленген жүктеме орындаңыз – 30 секунд бойы дәлізбен (44 м) жүру.
  4. Дем шығару барысында демді ұстап тұруды қайталаңыз. Ұстап тұру уақытын жазып алыңыз.

Нәтижелерді өңдеу және тұжырымдау: Төмендегі мәліметтерді пайдалана отырып, өзіңіздің тыныс алу жүйеңіздің қызметі жөнінде қорытынды жасаңыз:

1. 6- 18 жастағы дені сау балаларда  дем алу кезінде демді ұстап  тұру уақыты 16- дан 55 секундқа дейін ауытқиды;

2. Дені сау оқушылардың дем  шығару кезіндегі демді ұстап  тұру уақыты 12-13 секунд.

3. Денеге үстемеленген жүктемемен  салмақ салуда дем шығару кезінде  демді ұстап тұру уақытын 50 пайызға  дейін ғана азайту қалыпты жағдай болып  есептелінеді.

Оқушылардың жалпы танымдық әрекеттерін басқаруда проблемалы тәсілдерден басқа да қолданылатын әдістемелік тәсілдердің үш түрін көрсетуге болады:

І. Қабылдау кезеңінде оқушылардың әрекеттерінің белсенділігін арттыратын және оқып отырған материалға қызығушылығын тудыруға мүмкіндік беретін тәсілдер.

1. Оқу материалының мазмұнына  қызықты дәйектерді, тарихи деректерді, мәліметтерді қосуды ұсынатын жаңалық тәсілі:

а) Өтеубойдақ Тілеуқабылұлының ұсынысы бойынша Жәнібек хан жеті атаға дейін қыз алыспауға жарлық жасаған. Оның негізгі себебі не?

б) Ел аузында айтылып жүрген мысал әңгіменің бірі: ертеде бір кісінің баласы қатты ауырып, сол аурудан қаза табады. Баласының өліміне қатты қайғырған әкесі оның денесін сойғызып, дәрігерлерден  ауруының себебін анықтап берулерін сұрайды. Дәрігерлер оның асқазанынан қатып қалған  бармақ басындай қатты, қап-қара затты алып береді. Әкесі баласының өліміне себепші болған қатты заттан пышаққа сап жасап алады. Мал бағып жүріп, бір күні дем алу үшін, бір шоқ жалбыздың үстіне отырған әке, пышағын сол жалбыздың үстіне қоя салады. Біраз уақыттан кейін пышағын қайта іздеген ол, пышақтың сабының еріп кеткенін көрген. Сол уақытта баласының ауруының емі  жалбызға байланыстылығын білген ол: «Жалбыздың жоқтығынан, жалғызымнан айрылдым», - деп баласын жоқтаған екен. Жалбыздың қандай қасиеті бар? Баланың асқазанынан алынған бармақтай, қап-қара зат не болуы мүмкін?

ІІ. Оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезеңіндегі әрекеттерінің белсенділігін арттыру тәсілдері:

1. Эвристикалық тәсіл. Оның мәні  мұғалімдердің оқушыларға проблемалы  емес (яғни  ол жөніндегі түсінігі  бар), қиын сұрақ қоюы және ойға  жетелейтін сұрақтар арқылы оның  жауабына әкелуі: а) тиімді тамақтану дегеніміз: біршама калориялы тамақты пайдалану ма,  әлде әртүрлі қоректік заттарға организмнің қажеттілігін ескеру ме?(Оқытылатын материал: тиімді тамақтану ережелері).

2. Сократ тәсілі - мұғалімнің әңгімелесу сабағын талас мәселені талдауға негіздей отырып құрастыруы. Әңгіме барысы оның пікір-талас сипатты болуына бағытталуы қажет. Ежелгі грек философы Сократ өзінің әңгімелесуін осы ұстаным негізінде құрастырған. Сократтық тәсіл оқушылардың өздерінің пікірлерін дәлелдей алу және негіздей алу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

а) Не себепті адамдарда 8 сағаттық ұйқы «брондалған» уақыт деп белгіленеді?

 б) Не себепті аш  қарынға немесе тойып тұрып  дене жаттығуымен айналысуға  болмайды?

3. Ізденушілік тәсіл. Оқушыларға өздері жүргізген бақылаулар, тәжірибелер немесе әдеттегі мәліметтерді талдау негізінде өз беттерінше танымдық тапсырмаларды шешуге, қорытындылар жасауға мүмкіндік беру:

  а) 2003 жылдың 22 сәуірі күні, 1984 жылы 29 ақпанда туылған адамның биоырғақтылығы қандай болады? Адамдардың биоырғақтылығының «қатерлі» күндерін есептеу не үшін қажет (қаралатын мәселе: биоырғақтылық)

ІІІ. Алған білімдерін қолдана алу кезеңіндегі танымдарының белсенділігін арттыру тәсілдері.

1.Модельдеу тәсілі.

2.Кескіндеу тәсілі.

Биология пәнін оқытуда түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, оқытудың әр түрлі формаларын ұйымдастыруға болады. Салауаттану туралы биология сабағында оқыту тәжірибесінде денсаулықты ғылыми негізде басқару жөніндегі негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды толық түсіндіруде және ең бастысы негізгі мәселелерді бөліп қарастыру, бұрын алған білімдерін еске түсіру, одан кейін жаңа теорияны ашу, қажетті әдебиеттермен таныстыру, сонымен қатар, практикалық жұмыстың ерекшеліктерін көрсетуде лекция-сабақ, семинар-сабақ түрлерін өткізуге мүмкіндік бар.

Оқушылардың эмоциялық қызығушылықтарын арттыратын сабақ түрі  – ойын сабағы. Дәстүрлі ойын әдістері салауаттанушылық білім беру тәжірибесінде кеңінен пайдаланылады. Ойын барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері толығымен ашылады. Биологиялық ойындар – оқушылардың ерекше әрекеттерін іске асыруға негізделген, мотивтерінің, қызығушылықтарының және эмоциялық берілулерінің жоғары деңгейіне жеткізетін  білім беру формасы.

СӨС қалыптастыруға арналаған ойындардың бірнеше түрлері бар: жарыстыру ойындары, рөлдік ойындар, валеологиялық-психологиялық тренингтер.

Жарыс ойындары – бұл оқушылардың СӨС жөніндегі білімдерді, дағдыларды және іскерліктерді меңгеруі мен демонстрациялаудағы белсенділіктерін арттыруға негізделген ойынның түрі.

Жарыс ойындардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: аукцион – конкурсы; жобалар конкурсы, сөзжұмбақтар конкурсы, марафон конкурсы, валеологиялық викториналар.

Аукцион – конкурсында – жарысқа қатысатын оқушылардың қандай да бір проблеманы кім өте жақсы білетіндіктеріне жарыстыру үшін тақырыптық   сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Жоғары біліктілігі бар жүргізуші  тапсырманы жариялап, ұтысты көрсетеді. Мысалы, аукционға «Дәрілік өсімдіктер» тақырыбына сәйкес оқушыларға дәрілік өсімдіктерді атау ұсынылады.

- Жалбыз, - деп бір оқушы айтуы  мүмкін.

- Жалбыз, бір! -  деп жүргізуші  балғамен столды ұрады,

- Жалбыз, екі! ..

- Түйме шетен! ..

Жүргізушінің балғасы столды үш рет ұрмайынша, осылай ойын жалғаса береді, ал дұрыс жауап берген соңғы оқушы ойынның жеңімпазы болып есептелінеді.

Денсаулықты қорғау, нығайту бойынша жобалау конкурсы. Проблема алдын ала хабарланады (Мысалы, «Жаман әдеттен арылу», «Демалысты тиімді ұйымдастыру», «Қоршаған ортаның тазалығын сақтау» тақырыптарына). Келісім бойынша жобаны 2-3 адамнан тұратын топ немесе жеке адам ұсына алады. Жобаны қорғау ғылыми ортаны бейнелеу жағдайында, регламентті сақтау: баяндамаға – 7 мин, оппоненттерінің сөйлеуіне  - 5 мин,  аудиториядан айтылатын пікірлерге - 2 мин. уақыт бөлу жағдайында өтеді. Әділқазылар алқасы жеңімпазды анықтап, тиісті ұтыстарын береді.

    СӨС тақырыбындағы сөзжұмбақ конкурсы оқушыларға анықтамалық және энциклопедиялық әдебиеттерді қарауға мәжбүр етеді. Конкурс жеңімпазы мектеп ішілік «Не? Қайда? Қашан?» ойынына қатысуға жолдама алады.

Марафон - конкурсы оқушылардың станциялар–кезеңдерінен («Спорт мектебі», «Көз дәрігерінің бөлмесі», «Тіс дәрігерінің бөлмесі», «Психологтың бөлмесі» және т.б.) тұратын «маршрут» бойынша жүріп өтулеріне негізделген. Әр бір станцияда оқушылар тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап береді және сәйкес ұпайларын  жинайды (жетон түрінде). Көп ұпай жинаған топ жеңіп шығады. Жеке жеңімпаздарды да анықтауға болады.

Рөлдік биологиялық ойындар  - әлеуметтік мазмұндағы валеологиялық әрекеттерді модельдеуге негізделген биологиялық ойындар типі. Бұл ойындар оқушыларды ақиқат өмірдің жағдайларына жақындатады. Рөлдік ойындарды өткізу, болашақ «мамандарға» қажетті білім аясында өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беретін алдын ала дайындықты қажет етеді. Рөлдік ойындардың бірнеше түрлерін ұйымдастыруға болады: «Денсаулық сараптамасы», «Сот үрдісі», «Денсаулықты болжау орталығының тендерін алуға кім лайық?».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. БИОЛОГИЯ КУРСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ  ӨМІР САЛТЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРЫН  ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСЫ

2.1 БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА СӨС ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

  СӨС туралы ғылыми көзқарасты биология сабағында қалыптастырудың әдістемесін нақты тақырыптар бойынша береміз.

Сабақтың тақырыбы: Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырыптың өзектілігін аша отырып, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының жалпы сипаттамасын, ауруға әкеп соқтыратын себептері, даму механизмдерін, морфологиялық өзгерістерін түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды – өз ойын анық, дұрыс, дәл жеткізуге үйрету. Тақырыптан керекті, маңыздысын реттеп ала білуге үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін, ізденіспен жұмыс істеуге жұмылдырып, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын туғызу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау және ойын технологияларын пайдаланып топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: анатомия, физиология, гистология, латын тілі, патологиялық физиология, ішкі аурулар, терапия, денешынықтыру, экология, фармакология, қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: муляж, тонометр, фонендоскоп, бүктемелер, тестер, тілсіз суреттер, логикалық сұрақтар, компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, видеоматериалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі –Оқушылардың сабаққа қатысуын, сыртқы пішіндерін, көңіл күйлерін, дайындықтарын тексеру.

Жаңа сабақ.

Жүйкелік-гуморальдық реттелудің маңызы. Жүрек және қан тамырлары кызметнің жүйке жүйесі арқылы және гуморальдық түрде реттелуі — канайналымның қалыпты болуынын негізгі себептері. Симпатикалық жүйке жүйесі жүректің бұлшық етінің жиырылуынын жылдамдығын, күшін, жылу өткізгіштігін, қозуға түсуін жақсартып отырады. Ал парасимпатикалық жүйке жүрек бұлшық етінің бүл неізгі төрт касиетіне кері әсерін тигізеді. Мысалы, симпатикалық жүйке жүйесінің көбірек қозуынан жүректін соғу жылдамдығы   (75 реттен артык,  минутына  100   рет) жоғарылайды, оның миокард жұмысына оттек мөлшерден артық пайдаланылады да, баска мүшелерге (өсіресе жүйке жүйесіне) оттек жеткіліксіздік зиянды.

Рецепторлардың бұл химиялык, өзгерістерге сезімталдығьшан пайда болған акпарат сопақша мидағы канайналым-ның жүйкелік орталығьша жетіп, талданады. Мұндағы жүйке орталығында туған тітіркеніс парасимпатикалык жүйкенің қозуын жоғарылатып, жүректің соғу жылдамдығын қалыпты деңгейге тү-сіреді. Ал парасимпатикалык жүйке жүйесі өте қозып кетіп, жүрек-тің соғу жылдамдығы баяулап кетсе, онда ол туралы ақпарат жұлынның арқа бөлігіндегі симпатикалык жүйке жүйесінің жүйкелік орталығына келіп, жүректің жүмысын көтереді. Бұл екі жүйкенің әсері биік таулы өлке тұрғындарының қанайналымынан, жүрек жұмысының ерекшеліктерінен байқалады. Оттектің үлестік қысымы төмен тау биіктігінде парасимпатикалык. жүйкенің козуьі симпатикалык. жүйкеден жоғары болуынан оттекті тиімді пайдалануға организм бейімделеді. Жүректің соғуы жазық жердің тұрғындардан баяу, бірақ бір жиырылғанда, қанды қолқаға молырақ айдап отырады. Бұл жүректің жұмысының өтмділігінің жоғары екенін көрсетеді.

Қанның құрамындағы гормондар (мысалы, адреналин), минерал-ды иондар жүректің жұмысына, қан тамырларына гуморальдық әсерін тигізеді. Кальций иондары жүректің симпатикалык, ал калий иондары парасимпатикалык жүйке жүйелері сиякты әсерін тигізеді. Адамның өмір ағымының қалыпты жағдайдан ауытқуы әр түрлі жүрек, қан тамырлары, қанайналым ауруларының пайда болуына әсер етеді.

Информация о работе Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту