Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2014 в 18:13, дипломная работа

Краткое описание

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………
5

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың ғылыми негіздері

1.1
Салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастардың дамуы
8
1.2
Оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамытудың негізі
19
1.3
Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарды дамытудың жолдары
24

Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салт туралы ғылыми көзқарастарын дамыту мақсатындағы тәжірибе жұмысы

2.1
Биология сабағында СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі ......................
34
2.2
Биология сабақтан тыс уақытта оқушылардың СӨС туралы ғылыми көзқарасты қалыптастыру әдістемесі..........................
44
2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
48

Қорытынды………………………………………………………
58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………
59

Прикрепленные файлы: 1 файл

алтынайга.doc

— 675.50 Кб (Скачать документ)

Темекіге қарым-қатынастарын айқындайуға берілген сұрақтар бойынша  топта ер балдардың – 22,5 %, қыз балалардан – 100 % - «ешқашан» темекі шекпегендерін білеміз. Кестеден айқын болып отырғаны, топта ер балдардың 77,5 % «құрамында қара майы мен никотині аз темекілерді» пайдаланамыз деп жауап берді.

 Бұл мәселеге қатысты (құрамында қара майы мен никотині аз темекілерді шегемін деген жауаптары бойынша) топтағы жалпы оқушылардың 77,5 % дұрыс емес қарым-қатынас қалыптасқан деп тұжырым жасауға болады.

Жүйке жүйесіне зор әсер ететін фактордың бірі – ұйқы. И.П.Павловтың және оның шәкірттерінің зерттеулері бойынша анықталғаны, ұйқының негізгі физиологиялық мәні оның бас ми қабықшаларының клеткаларын артық күштен сақтауы. Қалыпты түнгі ұйқы уақытында организмнің барлық жүйесіне әсер ететін физиологиялық тепе-теңдік қалпына келеді. 8 сынып оқушылардың ұйқыны дұрыс ұйымдастыруға қарым-қатынастарын көрсететін бұл сұраққа оқушылардың жауаптары  төмендегідей (5 кесте).

      

кесте 5

 «Тәулігіне қанша уақытыңыз  ұйқыға кетеді?» деген сұраққа  берілген жауаптың нәтижесі

                Жауаптар

 Оқушылардың  саны

%

6 сағаттан кем

 

56,3

6-7 сағат 

 

29,1

8 -9 сағат 

 

14,6


 

5-кестеден көріп отырғанымыздай сұраққа жауап берушілердің -  56,3 % тәулігіне  «6 сағаттан кем», ал 29,1 % - «6-7сағат» уақыт бойы ұйықтаса, «8-9 сағаттан кем емес» уақытын  ұйқыға арнайтын оқушылар үлесі – 14,6 % құрайды.

Барлық адамдарға ұйқыға қажетті уақыттарын дәл анықтау мүмкін емес, себебі ол әркімнің ұйқыға деген қажеттіліктерінің әр түрлі болуларына байланысты. Орташа есеппен тәулігіне 8-9 сағаттық ұйқы қалыпты көрсеткіш ретінде белгіленеді. 8 сынып оқушыларының ұйықтау режимін сақтай алмауларын олардың салауатты өмір салтының басты шарттарына деген дұрыс емес немесе теріс қарым-қатынастарының бір көрсеткіші деп білеміз. Сондықтан, топ оқушыларының – 85,4 %-да ұйқыны  ұйымдастыруға дұрыс емес қарым–қатынас қалыптасқан деп тұжырым жасай аламыз.

Салауатты өмір салтының бір шарты - таза ауада демалу. Адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты таза ауада демалудың қажетті мөлшері бүгінгі күні анықталған, мысалы 7-10 жастағы бала күніне таза ауада 3 сағаттан кем, ал 11-14 жастағы бала таза ауада 2,5 сағаттан кем болмаулары керек. Соның ішінде, 15-18 жас аралығындағы оқушылар тәулігіне 2 сағаттан кем емес уақыттарын таза ауада демалуға арнаулары қажет. Бұл шарттың орындалмауы денсаулыққа кері әсерін тигізетіні де белгілі, мысалы таза ауада демалу уақытының қан құрамындағы қызыл түйіршіктердің құрамына  әсер ететінін ғалымдар дәлелдеп отыр. Біз зерттеп отырған 8 сынып оқушыларының таза ауадағы демалысқа қарым-қатынастарының көрсеткіштері 6 кестеде беріледі.

 

кесте 6

  Эксперименттің басында «Тәулігіне қанша уақытты таза ауада серуендеуге арнайсың?» сұрағына берілген жауаптардың нәтижесі

                Жауаптар

Оқушылардың  саны

%

1 сағаттан аз

23

57,5

1-1,5 сағат

11

27,5

2 сағаттан кем емес

6

15


 

8 сынып оқушыларына берілген сауалнама, бақылау және шығарма жаздыру, әңгімелесу нәтижесі оларда қалыптасқан денсаулыққа эмоциялық–құндылықты қарым-қатынастарының деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді, қорытынды көрсеткіштерінің жинақталған мәліметі 7 кестеде беріледі.

 

кесте 7

Эксперименттік және бақылау топтарының денсаулыққа эмоциялық- құндылықты қарым-қатынастарының бастапқы деңгейінің нәтижесі

 

Деңгейлері

Топтары

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

саны

%

саны

%

Жеткіліксіз (төменгі)

11

55

9

45

Жеткілікті (орташа)

6

30

8

40

Қажетті (жоғары)

3

15

3

15


 

Денсаулыққа құндылықты қарым-қатынасты диагностикалық зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, бақылау (45%) және эксперименттік топтардың (55%) оқушыларының басым бөлігінде СӨС туралы ғылыми көзқарастың төмендігінің салдарынан болатын дұрыс емес, теріс қарым- қатынас қалыптасқан  деп қорытынды жасауға болады.

Тестілік тапсырмалар негізінде эксперименттік және бақылау топтарының СӨС туралы сауаттылықтарының бастапқы деңгейін диагностикалық зерттеу жұмысының қорытындыланған нәтижесі 8 кестеде  көрсетілген.

 

кесте 9

Оқушылардың салуатану  негізері бойынша сауаттылықтарының бастапқы деңгейін диагностикалық зерттеу жұмысының  нәтижесі

 

Деңгейлері

Топтары

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

саны

%

саны

%

Жеткіліксіз (төменгі)

13

65

12

60

Жеткілікті (орташа)

5

25

5

25

Қажетті (жоғары)

2

10

3

15


 

    9 - кестеден айқын болып отырғаны, эксперименттік топта сауаттылықтың «жеткіліксіз, төменгі деңгейіне» ие оқушылар үлесі – 65 % құраса, бақылау тобында – 60 %. СӨС туралы ғылыми негіздегі білімдерінің «жеткілікті, орташы деңгейіне» эксперименттік топ пен бақылау тобында бірдей– 25 % ие. «Қажетті, жоғары деңгейге» эксперименттік топ бойынша оқушылардың – 10%, бақылау тобында оқушылардың – 15 % жетіп отыр.

CӨС туралы ғылыми көзқарастағы оқушының бір көрсеткіші – оның СӨС ұстану әрекетіндегі белсенділіктері. Оқушылардың СӨС әрекетіне белсенділіктері - денсаулықты басқару әрекетін саналы орындау, ғылыми білімді тәжірибеде қолдана алу қабілеті. Ойлау әрекетінің қатысу дәрежесіне байланысты іскерліктің екі үлкен: ақыл-ой және практикалық топтарын ажыратсақ, олар: денсаулыққа әсер етуші факторлар мен денсаулықтың арасындағы себеп–салдар байланысын тани отырып, денсаулықты салауатты өмір салтының ұстанымдары негізінде басқару бағдарламасын құрастыру және алғашқы дәрігерлік көмек көрсете білуге дайындықтары.

8 сынып оқушыларының СӨС-на белсенділіктерінің деңгейін анықтау мақсатында, оларға әрекеттерін төмендегідей арнайы сұрақтар негізінде өз-өздерін бағалау сауалнамасы ұсынылды:

    - нашақорлыққа, шылымға  қарсы акцияларға қатысу;

    - қоршаған ортаның тазалығын  сақтау акцияларына қатысу;

    - өзінің күн тәртібін  ұйымдастыру;

    - денсаулық сақтау, нығайту  және қалыптастыруға бағытталған  әрекеттері;

    - достарын салауатты  өмір салтын ұстануға насихаттау.

Оқушылардың СӨС ұстану белсенділіктері 12 - кестеде берілген бағалардың бес баллдық шкаласы бойынша айқындалады.

8 сынып оқушыларының қалыптасқан СӨС ұстану белсенділіктерінің жалпы деңгейін айқындау үшін берілген сауалнамалық әрбір сұраққа қойылған бағаның жиынтығын, сұрақтар бойынша берілген барлық СӨС ұстанудағы әрекетке қойылатын ең жоғарғы баллдың жиынтығына оқушының жинақтаған баллдарының жиынтықтарының пайызбен берілген қатынасы деп алдық.

 

кесте 10

Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстану әрекеттегі белсенділіктерінің  деңгейін бағалау шкаласы

Салауатты өмір салтын ұстану белсенділікттерінің қалыптасу деңгейлері

Балл

І деңгей - белсенділік үнемі байқалады және өте айқын

4

ІІ деңгей - белсенділік жиі және күшті байқалады

3

ІІІ деңгей - белсенділік кей жағдайларда байқалады және өте анық емес

2

ІV деңгей – белсенділік өте нашар және сирек байқалады

1

V деңгей - белсенділік мүлдем байқалмайды

0


 

Біздің жағдайымызда ең жоғарғы баллдың жиынтығы 20-ға тең (әрбіреуіне 4 баллдан берілетін 5 әрекет түрі бар). СӨС ұстану әрекетіндегі белсенділік деңгейлерінің пайыздық өлшемдері  13 - кестеде беріледі.

кесте 11

8 оқушыларының СӨС ұстану белсенділіктерінің қалыптасқан деңгейлерінің шкаласы

   СӨС ұстану белсенділіктерінің деңгейлері

Белсенділік қалыптасуының тиімділік пайызы (%)

Жеткіліксіз (төменгі)

34 %- ға дейінгі

Жеткілікті (орташа)

35-68 %

Қажетті  (жоғары)

69 %- тен жоғары


 

Эксперименттік зерттеу жұмысының бастапқы кезеңінде, 8 сынып оқушыларында қалыптасқан СӨС ұстану белсенділіктерінің деңгейлері бойынша алынған мәлімет 14- кестеде беріледі.

  

кесте 12

Эксперименттік зерттеу жұмысының бастапқы кезеңіндегі 8 сынып оқушыларының СӨС ұстану белсенділіктерінің деңгейлерін анықтаудың нәтижесі

                

Деңгейлері

Топтар

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

саны

 

саны

%

Жеткіліксіз (төменгі)

10

50

9

45

Жеткілікті (орташа)

7

35

8

40

Қажетті  (жоғары)

3

15

3

15


 

  12 - кестедегі көрсеткіштер бойынша, қалыптасатын СӨС ұстану белсенділіктерін айқындалған деңгейлеріне сәйкес эксперименттік және бақылау топтарындағы оқушыларды жіктегенде: бақылау тобында оқушылардың 45 %, ал эксперименттік топ бойынша оқушылардың 50 % жеткіліксіз (төменгі) деңгейлері анықталды. Жеткілікті (орташа) деңгейге  эксперимент тобы бойынша оқушының (35 %), бақылау тобы бойынша оқушының 40 % жеткен. Қажетті (жоғары) деңгейге бақылау және эксперименттік топ оқушыларының да 15 % ие.

 Өзіндік бағалаудың алынған нәтижесі сарапталып, эксперименттік зерттеу жұмысының бастапқы кезеңінде, эксперимент және бақылау топтарының  оқушыларында қалыптасқан СӨС ұстану белсенділіктеріне берілген бағаның жеке сипаты айқындалды.

Осы эксперименттік зерттеулердің бастапқы айқындаушы кезеңінің нәтижесі бойынша төмендегідей  қорытынды жасаймыз:

  • эксперименттік және бақылау топ бойынша оқушыларда өз денсаулықтарын дұрыс басқаруға дұрыс қарым-қатынас қалыптаспаған;
  • екі топтың оқушыларының СӨС туралы ғылыми білімдерінің деңгейлерінің бастапқы кезеңінде айтарлықтай айырмашылық жоқ;
  • эксперименттік және бақылау топ оқушыларында  СӨС ұстану белсенділіктері бірдей төменгі деңгейде қалыптасқан.

Информация о работе Биология курсында оқушылардың салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарастарын дамыту