Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 06:56, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылы 21 мамырда қабылдаған толықтырулар мен өзгерістер негізінде № 254 Заңы бойынша 16-баптың 2- тармағына сәйкес заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.Осы заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................3


І-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ........................................................................................6

1.1. Қылмыстық процесте сезік деген ұғымның мәні..................................................................................................6
1.2. Сезіктіні ұстау – мәжбүрлеу шарасы ретінде.....................10
1.3. Сезіктіні ұстау – тергеу әрекеті ретінде.............................23


ІІ-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ...............................................28

2.1. Сезіктіні ұстаудың негіздері................................................28
2.2. Сезіктіні ұстаудың мотивтері..............................................36
2.3. Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі.........................43


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................46


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................48

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-СЕЗІКТІНІ-ҰСТАУ.doc

— 372.00 Кб (Скачать документ)

Заң ұстау мотивтерін осы бұлтартпау шарасының негізділігінің қосымша кепілі ретінде қарастырды. Ұстау мотивтері ұстау хаттамасында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. (ҚР ҚІЖК-нің 139-6. 1-б.) 

Ұстаудың мүмкін болатын мотивтерінің қатарына тұлғаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының қолданудың негізін кейінірек қолдана алатын жағдайлар жатады ( ҚР ҚІЖК-нің 143 б.) Жекелеп айтсақ, ұстау мотивтеріне сезікті бостандықта жүрген кезде.

а) анықтаудан, тергеуден немесе соттан жалтарады;

б) қылмыстық   іс   бойынша  шындықты   анықтауға   кедергі 
келтіреді;

в) қылмыстық әрекетін жалғастырады деген түрлі мәліметтер жатады;

Сезіктіге ұстауды қолдануда түрлі шешімді қабылдау кезінде келтірілген сезіктінің ауырлығын, сезікті тұлғаның тұлғасын, оның жасын, тұрғылықты тұратын жерінің болуы т.б. жағдайлар (Мысалы, соттылығының болуы) ескере отырып, мотивті анализдеу керек (ҚР ҚІЖК- 144-б.).

Сезіктінің ол неден сезіктелетінін білу құқығы әр ұсталғанға ұстау негіздері дереу хабарланатындығымеи, сондай-ақ ол жасады деп сезіктелетін қылмыстың заң квалификациясы түсіндірілуімен кепілденеді. (ҚР ҚІЖК 14.3.).

Е. Г. Жәкішевтің, Т.К. Биятовтың пікірлері бойынша, ұстау мотивтері - ұстау қажеттілігі негіздейтін деректер. С.Т. Тыныбеков ҚР ҚІЖК-сі мен Ұстау туралы ережеде (3 бап) келесідей деп белгіленген деп есептейді: тергеуші хаттамада ұстау мотивтерін көрсетуге міндетті. Сонда ұстау мотивтері дегеніміз не? Тергеуші білмейді және ол түсінікті де, өйткені заң бұл ұғымға түсініктеме бермейді. Заңдылық тұрғысынан ұстаудың мұндай ұғымы принципиалды маңызды мәнге ие, ол сезік фактісімен ұстау фактісі арасындағы байланыстырылушы буын болып табылады.

Бүгінгі күнде ұстау мотиві ұғымы түсіндірілетін жалғыз әрі әлі де әрекет ететін нормативтік акт - Ішкі Істер органдарымен аталған ережелерді қолдану тәртібін реттейтін КСРО Ішкі Істер Министрлігінің бұйрығы. Осы бұйрықка сәйкес ұстаудың мотивтері болып келесілер табылады: қылмыстың алдын алу; тергеу мен соттан жалтару мүмкіндігін ескертуі іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіру мүмкіндігінен айыру.

Бұл жағдайлар мазмұны бойынша бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен мақсаттары болып табылмайтындығын байқау қиын емес. Ұстау мотивтері, сонымен, алдын ала тергеудің қалыпты барысында пайда болатын мүмкін кедергілердің ескертілу қажеттілігін білдіреді.

Мұндай мәжбүрлеу шарасының процессуалдық мағынасына сәйкес келетін ұстаудың мақсаты да осыдан тұрады. Ұстау қолданылуы мүмкін, егер осымен қатар ұсталған тұлга қылмыс жасады деуге негіздер болған болса (ҚІЖК 108 б.) немесе ол қылмыс процесінің қалыпты бағытына кедергі келтірді деген негіздер болған болса (жалтара отырып, қылмыс-әрекетін жалғастыра отырып т.б.) Ал тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау және қамау туралы шешімнің мақсаттары ұстаудың процессуалдық мәнін де, тұлғаға қол сұқпаушылык, конституциялық қағидасына да сәйкес келмейді. Бұл мақсаттар сезіктіні бостандығынан айырмай-ақ та жүзеге асыру мүмкін. Осыған байланысты ұстау қамаудан немесе ерекшеленді деген сұрақ туындайды. Біздің заңмен және тәжірибеде жүзегі асырылып, реттеліп, ұстау-  ол сезіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы түрінде қолданылатын бүркемесінің нысаны.

Мазмұны бойынша оның қамаудан айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы рәсімделуінде, яғни ол прокурордың санкциясынсыз және қандай да бір процессуалдық кепілдіктерсіз қолданылды, мұнда бас бостандығынан айыру туралы айтылса да.

Қылмыстық процесте ұстау институтының болуы және соған белгіленген режимнің болуы басынан-ақ жылдам дереу (экстрный), кейінге қалдырылмайтын жағдайларға негізделген және бұл жағдайдан тыс ұстаудың мәні де, негізде болмайды.

А.Н. Ақпановтың пікірі бойынша алдын-ала тергеу және анықтау органдарының көптеген қызметкерлері дәлелдеуде, мысалы, ұстау жүргізілген кезде, жедел іздестіру ақпарат пайдалану, қолдану мүмкіндігін толық түсінбейді. Ал ұстаудың 4-ші негізі көпшілік жағдайда қолданылмайды деп есептейді.

Кейбір тергеушілер осы негіз бойынша сезіктіні ұстауды қысқартылған түрде түсінеді, яғни олар жедел өкілеті; кейде құжатталмаған ойларға сенеді.

Осыған байланысты 17.04.95 ж. Каз КСРО-ның ҚІЖК-нің 109-бабының 4 пунктісін (қазіргі ҚР ҚІЖК-нің 132-бабының 4-тармагы) бірыңғай қолдану тәртібін белгілеу мақсатында ҚР Бас прокурорының ҚР ҮҚК-нің және ҚР ІІМ-нің №16. 26-95 "Қаз. КСРО-ның ҚІЖК-нің 109-бабының 4-тармақтарын қолдану тәртібі туралы" нұсқауы қабылданған. Онымен сезіктіні жедел іздестіру акпараты бойынша бірыңғай ұстау белгіленген.

Қылмыс жасаған немесе дайындап жатқан тұлға осы нормаға сәйкес "Жедел іздестіру қызметі туралы" заңның 12-бабының 4-тармағында көзделген және кем дегенде облыстық прокурордың санкциямен жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижелері бойынша ұсталады.

Сол заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес аталған жедел іздестіру нормаларына келесілер жатады: пошталық жіберулерді бақылау;    пошта-телеграфтың    байланыс    каналдарында сыртқы белгілер бойынша жедел іздестіру; телефон сөйлесулерді тыңдау; техникалық байланыс құралдарына; компьютерлік жүйелер мен үйлерге ену және оларды зерттеу.

Өзге де жедел — іздестіру шараларын жүргізуге прокурордың 132-бабының 2-бөлімінің 4-ші тармағы бойынша қылмыстық процессуалдық ұстау негізіне енгізе алмайды. Аталған ереже өзге де сөйлесулерге абоненттер арасында секторлық өткізгштік, радио және өзге де сөз ақпаратын берудің техникалық құралдарының көмегімен жүргізілетін сөйлесулер жатады.

Алдын ала тергеу сатысында азаматтардың бостандығын шектеу мәселесін реттеу үшін ҚР 30.03.99 ж. №353-13 РК қабылданған “қылмыс жасады деп сезіктелген және айыпталған тұлғаларды қамауда ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" заң қабылданады.63

Ресейде 1995 жылғы  21 маусымдағы   №103-Ф.З. "Қылмыс жасады деп сезіктелген және айыпталғандарды қамауда ұстау туралы" заң қабылданды.64  Біз осы көзқарастарды қолдаймыз және А.Н. Ахпановпен келісеміз.

ҚР ІІМ. 1993 жылғы 25 наурыздағы №124 бұйрығымен ұсталған және қамауға алынған тұлғаларды уақытша ұстау үшін ішкі істер органдарының изоляторларының жұмысы туралы нұсқау белгіленген. Мұнда қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды қысқа мерзімді ұстаудың тәртібі туралы республикалық ереже қабылданғанға дейін әрекет етіп тұрған 1976 жылғы  13 наурыздағы  №4203-ХІ.65 "КСРО жоғарғы қысқа мерзімді ұстаудың тәртібі туралы ережесі" жетекшілікке алу қажеттілігі туралы айтылған.

С.Т.Тыныбековтың пікірі бойынша, алдын ала тергеудің демократизацияланумен және сезіктінің құқықтарын қамтамасыз ету сұрақтарының өзектілігінің өсуімен байланысты ұстау институтын алып тастап, оның орнына ерекше жағдайларда қолданылатын бұлтартпау шарасы түріндегі сезіктіні қамауға алуды қалдыру қажет. Ал ұстау жылдам әрекет ретінде қылмыстық істі қозғау туралы,  бұлтартпау шарасын таңдау туралы сұрақты шешу үшін тергеу органдарына алып келуімен жедел шара ретінде жүзеге асырылуы тиіс, "ҚР-ның жедел іздестіру қызметі туралы” заңның 11-ші бабында келесідей делінген: "Жалпы іздестіру шаралары болып қылмысты жасаған не жасап жатқан тұлғаны қудалау және оны ұстау жатады”.66

Аталған фактілер негізінде ұстауды қолдану қажеттілігі процессуалдық орган сезікті тұлға тергеуден немесе анықтаудан жалтарады, қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіреді немесе қылмыстық әрекетін жалғастыруда деген тұжырымға келген жағдайда пайда болады. Анықтау органының немесе тергеушінің сенімі бекітілетін фактілер, біз жоғарыда көрсеткеніміздей, шындыққа сәйкес келуі керек. Алайда бұл фактілердің тұжырымдары қандай да бір деңгейде мүмкіншілік сипатқа ие. Мұндағы мүмкіндік дегеніміз — тергеу органдарында бар фактілі деректер жақын болашақта тергеудің қалыпты барысына кедергі келтіретін белгілі бір фактілердің пайда болуы немесе тергеушімен жасалған тұжырымдардың мүмкіндігі, біздің ойымызша, белгілі бір факт шынымен де бар немесе болашақта болатынына толық  сенімнің болуын   талап   етпейді.  Ұстау- сезіктінің болашақтағы жүріс-тұрысын ескертудің құралы болғандықтан толық шынайылықпен айту қиын.

Бірақ әр нақты ұстауды қолданған жағдайда тергеуші, анықтау органының қызметкері олар процессуалдық мәжбүрлеу шарасын неліктен қолданғандығын сезікті тұлғаға түсіндіруі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ ПРОЦЕСУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ 

Бұл шара кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеттеріне жатады, яғни ұстау-шектеу сипаты бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау жарасы, қылмыс жасады деп сезіктелгеи тұлғаға қатысты қолданылатын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Оның мәні - қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны оның жеке тұлғасын анықтау мақсатында, жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында және оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселесі шешу мақсатында қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады.

Ұстау өндірісінің ережелері ҚР ҚІЖК-нің 134, 135, 136-шы баптарында көрініс тапқан. Сонымен қатар "қылмыс жасады деп сезіктелген сезікті тұлғалар мен айыптаушыларды қамауда ұстау тәртібі туралы" заңда да осы тергеу әрекетінің негізгісі ережелері көрініс тауып, бекітілген.

Ұстау өндірісіне белгіленген тек белгілі бір негіздер мен жағдайлар орын алған жағдайларда ғана жол беріледі. Ұстау тек қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларға қатысты және сол жасалған әрекет үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген жағдайларда ғана жүзеге асыру мүмкін және тек алдын ала тергеу орындары, анықтау органдары немесе прокурор ғана тұлғаны ұстау туралы сұрақты шешуге өкілетті.

Жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей, тұлғаны ұстау үшін ұстау негіздері міндетті түрде орын алуы керек.

Осыған сәйкес ұстау негізі дегеніміз — тұлғаны қылмыс жасады деп сезіктеуге негіз беретін фактілі деректердің орын алуы.

Бұл фактілі деректер ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабының 2-бөлімінде көрініс тапқан. Осыған сәйкес қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган негіздердің бірі болған жағдайда:

  1. адам қылмыс жасау кезінде немесе оны тікелей жасағаннан кейін ұсталса;
  2. көрген   адамдар  оның   ішіндс   жәбірленушілер   қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе не ол адам азаматтардың 
    қылмыс жасаған адамдарды ұстауға құқығы тәртібімен ұсталса;
  3. ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе тұратын үйінде 
    қылмыстың анық ізі табылған кезде;
  4. жедел  іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған 
    кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін 
    болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірген адамды  ұстауға 
    құқылы;
  5. адамның қылмыс жасағандығына сезіктеуге негіз беретін өзге  
    де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның 
    тұрақты   тұратын   жері   болмаған   немесе   сезіктінің   жеке   басы 
    анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады (ҚР ҚІЖК — нің 132 бабы 
    3 бөлігі). Яғни, мұндағы өзге де деректер" дегеніміз іс бойынша 
    өндіріс барысындағы пайда болған немесе сезік үшін жеткілікті 
    болатын деректер.

Заң анықтау органдары мен тергеушінің егер заңмен белгіленген жағдайлар мен негіздер болған жағдайдағы олардың тұлғаны ұстауға құқығын айтады. Ал, ұстау құқығы міндет болу үшін осы нақты жағдайлардағы оның қажеттігін негіздейтін мотив болуы керек.

Ұстау мақсаттары - бұл процессуалдық мәжбүрлеу шаралары көзделінетін мақсаттарымен анықталады, ұстаудың мақсаты болып тұлғаның жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану сұрағын шешу болып табылады.

Ұстау хаттамасы, егер оны анықтаушы орган бастығымен бекітілуін талап етеді.

Сезіктіні ұстау кейінге қалдырмайтын сипатқа ие және ол үшін прокурордың санкциясы қажет етілмейді. Ұстау мерзімі 72 сағат, оны ұстауға болмайды.

Кез келген сезіктін ұстау жүргізілген жағдайда да ұстау хаттамасы толтырылуы тиіс. Мұнда ұстаудың негізі мен дәлелдері, ұстау жүргізілген жер мен уакыт (сағаты мен минутын көрсете отырып), тінтудің нәтижелері, сондай-ақ хаттама толтырылған уақыт ұстаулы жүргізген тұлға жөніндегі мәліметтер, сезік келтірілген адамның құқықтары (ҚР ҚІЖК-нің 68-ші бабы, соның ішінде оның қорғаушы шақыру және соның қатысуымен жауап беру кұқығын түсіндіру көзделуі тиіс. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам қол қояды. Ұстау хаттамасы ұсталған тұлғаны (УҰИ-на (ИВС) орналастыруға болып табылады.

Тәжірибеде ұстау көп жағдайларда ұсталғанды жеке тінтумен қатар жүргізіледі. Яғни, ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамда қару бар деп ұйғаруға негіз болған не ол өзінің қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажетті жағдайларда ұсталған адамға дереу жеке тінту жүргізуге құқылы жеке адамды тінту ережелерін негізге ала отырып. (ҚР ҚІЖК-нің 233-ші бабы). Сезіктіні жеке тінту үшін арнайы қаулы шығарылмайды және ол прокурордың санкциясынсыз жүргізіліп, жеке тінтудің нәтижелері жеке тінту хаттамасына толтырылады. Сонымен қатар сезіктіні ұстау кезінде жүргізілетін жеке тінтудің ерекшелігі бұл тергеу әрекет куәлердің қатысуымен жүргізілуі мүмкін жүргізілген ұстау туралы анықтаушы мен тергеуші ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екі (12) сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті. Прокурор жүргізілген ұстау туралы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін ұстаудың зандылығымен негізділігін немесе оны қамаудан босату туралы санкция беруге міндетті.

Ұсталған тұлғаларды қамаудан босату келесі жағдайларда жүргізіледі:

  1. қылмыс жасады деген сезік расталмаса;
  2. ұсталған адамға қамауға алу түріндей бұлтартпау шарасын 
    қолдануға негізі болмаса;
  3. ұстау қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды ұстау тәртібін бұза отырып жүргізілсе, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.

Ұстау кезінен бастап 72 сағаттың ішінде сезіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатады.

Информация о работе Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі