Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 06:56, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылы 21 мамырда қабылдаған толықтырулар мен өзгерістер негізінде № 254 Заңы бойынша 16-баптың 2- тармағына сәйкес заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.Осы заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес
КІРІСПЕ...........................................................................................3
І-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ........................................................................................6
1.1. Қылмыстық процесте сезік деген ұғымның мәні..................................................................................................6
1.2. Сезіктіні ұстау – мәжбүрлеу шарасы ретінде.....................10
1.3. Сезіктіні ұстау – тергеу әрекеті ретінде.............................23
ІІ-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ...............................................28
2.1. Сезіктіні ұстаудың негіздері................................................28
2.2. Сезіктіні ұстаудың мотивтері..............................................36
2.3. Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі.........................43
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................48
Сезіктіні ұстаудың негіздері бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың негіздерімен тең емес. Ұстау - ең алдымен ұсталғанның қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Егер сезік құпталатын болса, онда бұл тұлғаға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін, ұсталғанды жіберу керек. Біздің ойымызша, оны талқыланып отырған институттың мәнін нақты түсіну үшін бас бостандығынан айырудың жеке түрі ретіндсгі ұстаудың өзіне ғана тән белгілерді көрсету қажет. Бұл белгілер, негізінен келесілерден көрініс табады: біріншіден, ұстау- ол қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны қысқа мерзімді бас бостандығынан айыру. Тұлға УҰИ-на не арнайы соған арналған орындарға орналастырылады. Сөйтіп, ол еркін жүріп-тұру бостандығы мен қатынасу мүмкіндігінен айырылады; екіншіден, ұстаудың маңызды белгісі болып оның кейінге қалдырылмайтындығы табылады; үшіншіден, бұл процессуалдық мәжбүрлеу шарасын анықтау және алдын ала тергеуді жүргізуге өкілетті органдардың прокурордың санкциясынсыз жүргізе алады; төртіншіден, қамауға алу тек осы тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау не оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу, бірақ 72 сағаттан артық емес мерзімге қолдану туралы сұрақты шешуге қажетті уакытқа ғана мүмкін. Қысқа мерзімділігі ұстауды басқа ұстау институттарынан ерекшелеу сұрақтарына арнайы тоқтау керек. Заңда да, сондай-ақ процессуалдық әдебиеттерде де "ұстау" термині әртүрлі мағынада түсіндіріледі. Онда фактілі ұстау туралы да айтылған еді. Ол фактілі және қылмыстық процессуалдық ұстауды нақты айыруға міндеттейді. Сонымен қатар бірқатар процессуалистердің еңбектерінде фактілі және қылмыстық процессуалистік ұстаудың арасында нақты айырмашылықтар келтірілмеген еді. Тәжірибеде ұстаумен алдымен нақты орнында ұстады; екіншіден, полицияға алпи келу және ұстағанды анықтау органның жайында ұстау негізін, онымен жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, оның тұлғасын сипаттайтын мәліметтерді алғанға дейінгі қысқа мерзімі ұстауды; екіншіден, қылмыстық істі қозғау, ұстау хаттамасын толтыру және сезіктіні УҰИ-на орналастыруды түсінеді. Фактілі ұстау дегеніміз - тұлғаны орнында ұстап, қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны анықтау органына немесе тергеушіге мәжбүрлі түрде алып келу. Бірақ бұл қылмыстық - процессуалдық жағдайдағы ұстаудың пайда болуының бастапқы сатысы емес. Осыған қарамастан әдебиеттерде сезіктіні тұлғаны полицияға алып келу кей кездерде ұстаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырады.46 Біздің ойымызша, құқық бұзушының полицияға алып келетін полиция қызметкерлерінің әрекеттері ұстаудың міндетті элементтері ретінде қарастырылуы керек. Сезікті тұлғаны ұстау мен алып келу полицияның кез келген қызметкерімен, сондай-ақ кез келген азаматпен жүргізілуі мүмкін. Бұл әрекеттер, егер олар анықтау қызметкерімен немесе осы тұлғаны ұстау туралы қаулыны орындау тәртібінде жүргізілмесе, бұл ұғымдарды шатастырмау үшін жеткізу деп атау керек. Мұндай жағдайларда полицияға қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғалар алып келгендігіне қарамастан мұндай ұстау әкімшілік құқықтық сипатқа ие және полицияның әкімшілік қызметінің шегініп шықпайды. Мұндай жағдайдағы тиісті органға құқық бұзушыны жеткізу милицияға жүктелген қоғамдық тәртіпті сақтау функциясынан шығып, сол полиция қызметкерлерінің өзінің қызметін жүзеге асыру барысында пайда болады. Кез келген тәртіпке қол сұғушылықты ол әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық орын алған, алмағандығына қарамастан алдын алу міндетімен байланысты болады.47 Сонымен қатар "ұстау" терминінің тағы бір мағыналық мәні бар. Ол -әкімшілік құқықтық сипаттағы ұстау И.И Гуткин заңды зерттеу негіздеріне сүйене отырып, әкімшілік ұстаудың келесі түрлерін көрсетеді: Ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарды заңмен белгіленген мерзімдерде оларға материалдарды полиция бағытыме немесе аудандық судьямен қарау үшін ұстау; әкімшілік құқық бұзушының жасаған тұлғалардың бұзушылықтарының алдын алу үшін, егер басқа әсер ету шаралары — қолданылып болса, сондай-ақ құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып отырып, құқық бұзушылық тұлғасын анықтау үшін 3 сағатқа дейін ұстау:
1) Прокурордың санкциясымсн қабылдаушы — бөлуші (приемник-распределитель), қайыршылық үшін ұсталған тұлғаларды олардың тұлғасын анықтауға, сондай-ақ ол тұлғаларды жүмысқа орналастыру жөніндегі сұрақтарды шешуге кажетті;
Қарт адамдар мен мүгедектер үйіне орналастыру үшін немесе оларға қорғаншылықты белгілеу үшін не заңға сәйкес жауапқа тарту үшін ұстау, бірақ 30 тәулікте көп емес мерзімге ұстау жүргізіледі. Егер қалада немесе ауданда мұндай қабылдаушы-бөлуші (приемник-распределитель) болмаса, мұндай тұлғалар прокурордың санкциясымен УҰИ-да 10 тәуліктен аспайтын мерзімге ұсталуға жатады.48
Процессуалдық әдебиеттерде ұстау тек процессуалдық қызмет ретінде қарастырылады. Ол оның мәнін, қолданудың шарттары мен жағдайларын анықтайтын қылмыстық-процессуалдық заңмен көзделген. Осының барлығы осы институтының қылмыстық процессуалдық табиғатын көрсетеді.
Ұстау институтының мәні туралы айта келе ұстау қылмыстық процестің әрі кейінгі дұрыс барысы үшін жағдайлар құрады, ұсталған тұлғаны, егер оның кінәлігі дәлелденсе, жауаптылыққа тарту үшін жағдайлар құрайтындығын айта кеткен жөн. Ұстау қылмыстардың тез және толық ашылуынша, жасалған қылмыстың "ыстық іздері"бойынша ("горячие следы") дәлелдемелерді тағу мен бекітуге септігін тигізеді.
Ұстаудың мәні оның дәлелдеу процесіне тигізетін әсерін де анықталады. Ұстаумен бірқатар кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеттеріне байланысты. Олардың көмегімен дәлелдемелер жиналады. Мысалы, жеке тінту, киімді қарау, куәландыру және т.б.
Ұстаудың мәні, сондай-ақ ол сезіктіні қылмытық әрекетін жалғастыру мүмкіндігінен айыра отырып, жаңа қылмытың жасалынуынан алдын алады. Мұндай процессуалдық мәжбүрлеу шарасының қолданылуы куәлардың, жәбірленушілердің қылмыстық процестің өзге де қатысушыларының қорғалуын қамтамасыз ету аспектілерінде де өте маңызды.
Бүгінгі кездс тұлғаға қол сұқпаушылықтың процессуалдық кепілдерінің тиімді жүйесін құру үшін міндеті тұр. Бірақ қандай да бір нормативтік-құқықтық акт қабылдамайынша және оның қолданылуына мүмкіндік берілмейінше мұндай жүйені құру мүмкін емес. Осы процесте бізге перспективті болып ұстау институтының дамуының келесідей бағыттары көрінді:
3) қылмыс жасады деп сезіктелген
тұлғалардың процессуалдық
4) ұстаудың заңдылығы мен негізділігіне прокурорлық сот қадағалауының құқықтық негіздерін кеңейту;
Ұстаудың құқықтық реттелуінің дамуының негізгі бағыттарын қарастыра отырып, қолданудың заңдылығы мен негізділігінің процессуалдық кепілдерін дамытуға көңіл бөлу керек.
Осыған сәйкес қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны қылмыстық іс қозғалғанға дейін ұстау мүмкіндігі туралы сұрақты қарастыру керек.
Тергеу әрекеті ретінде сезіктіні ұстау туралы көзқарас, әдетте қылмыстық іс жүргізу заңының қылмыс ізін анықтау жәнс бекіту бойынша кейінге қалдырылатын тергеу әрекеттерінің қатарына жатқызылатындығынан туындайды. Алайда қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген осы әрекеттердің процедураларының анализі олардың елеулі айырмашылықтарын көрсетеді.
Оқиға болған жерді қарау, тінту, алу, куәландыру және жауап алу өзінің заңдық құрамы бойынша дәлелдемелерді жинау үшін бағытталған, ал сезіктіні ұстау қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы ретінде ғана реттелген. Бұл жағдай әсіресе ҚР-ның 30 наурыз 1999 жылғы “Сезіктілерді және қылмыс жасаған айып күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" ҚР-ның Заңының мәтінінде нақты көрсетілген. Дәлеледемелерді жинау тәсілі болу үшін ұстау қылмыстық іс жүргізу заңымен анықталатын әрекеттерді әрекеттерді қамтуы тиіс.49
Сонымен қатар осы әрекеттер туралы нормалар Кодекстің әртүрлі бөлімдерінде орын алған: тексеру, тінту, алу, куәландыру, жауап алу - қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүру әрекеттері туралы бөлімдес, ал сезіктіні ұстау іс жүргізушілік мәжбүрлеу шарасы ретіндс қарастырылған.
Сезіктіні ұстауды тергеу әрекеттері қатарына жатқызушылар оның мәні мынада деп табады: сезіктіні ұстаудың негізі елеулі дәлелдемелік маңызға ие бола отырып, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 134 бабының 1 тармағының талаптарына сәйкес хаттамаға енгізу жатады. Ал бұл ҚР ҚІЖК - нің 122 бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің қайнар көзінің қатарына жатады. Осындай нысанда бекітілген сезіктіні ұстау мән-жайларына қатысты мәліметтер кейбір авторлардың пікіріншс дәлелделік статуска ие болады. Сонымен қатар бұл мәліметтер сезіктіні алдын ала ұстаудың немесе олармен бір мезгілде қолданылатын тергеу әрекеттерінің және дәлелдемелерді жинаудың өзге де тәсілдерінің нәтижесінде алынады. Ұстау хаттамасын шығару кезінде олар тиісті түрде рәсімделуі тиіс. Бұл ұстаудың қажетті талабы оның негізділігінің бірден-бір шарасы болып табылады.
И. М. Гуткиннің ойынша, "ұстау хаттамасында ұстаудың негізін нақты баяндау хаттамасы дәлелдемелік маңыздылығымен емес, қылмыс жасауда сезік келтірілген тұлғаны күзетпен бекіту туралы шешімді негіздеу қажеттілігімен байланысы болып табылады".50 Бұндай жағдайлар сезіктіні ұстау хаттамасы тергеуші немесе анықтаушы өзге қайнар көздерден алынған фактілік мәліметтерге қатысты қабылдаған шешімнің негізіне жүгінетін қаулыға ұқсастырылады. Осы қайнар көздер ғана қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесіндс орын алады. Ал ұстау хаттамасы дәлелдеме ретінде қолданылады. 51
Алдын ала тергеу барысында өкілетті органдармен және лауазымды тұлғалармен жүргізілетін процессуалдық әрекеттер, тергеу әрекеттері делінеді. Мұндай әрекеттерді жүргізу кезінде шешілетін міндеттерге байланысты олар, негізінен, 2 салыстырмалы жеке топтарға бөлінеді:
1) зерттеу сипатындағы тергеу әрекеттері. Оның көмегімен анықтау жүргізетін орган немесе өкілетті тұлға, тергеуші немесе прокурор алдын ала тергеу тәртібінде дәлелдемелерді табумен, бекітуімен және зерттеумен байланысты міндеттерді шешеді. (яғни сотқа дейінгі тәртіпте жүргізілетін әрекеттер);
2) өзгеге де тергеу әрекеттері. Олар, негізінен іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндағы бірінші топтағы тергеу әрекеттеріне келесілері жатады: жауап алу, беттестіру, таныту үшін көрсету, тінту, алу (выемка), оқиға болған жерді қарау, куәландыру, тергеу экспериментін жүргізу, сараптама жүргізу.
Кейде заң әдебиеттеріне мұндай тергеу әрекеттеріне дәлелдемелерді ұсыну сияқты, сондай-ақ, іс бойынша қажетті фактілі деректерді анықтай алатын заттар мен құжаттарды сұратуды да жатқызу керек деген пікірлер кездесіп жатады. Дәлелдемелерді жинау әдістеріне қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстауды да жатқызады. Бірақ бұған қайшы келетін тағы бір пікір бойынша сезікті тұлғаны ұстау - ол процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бірі ғана болып табылады.
Қылмыс жасаған сезікті тұлғаны ұстау кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеті қатарына жатқызады. Оның мәні - қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны, оның тұлғасын қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында, сондай-ақ оған қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану туралы сұрақты шешу үшін қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады.
Сезік бойынша тұлғаны ұстау үшін негіз болып сезікті негіздейтін фактілі деректер табылады. Оларға ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабында көзделген келесі жағдайлар жатады:
1) ол адам қылмыс жасау кезінде не тікелей оны жасағаннан кейін ұсталса;
2) көрген адамдар, соның
ішіндс жәбірленушілер қылмыс
жасаушы ретінде сол адамды тура көрсетсе
не ол адам ұсталатын сол адамда,
оның киімінде, өзінде
не тұратын үйінде қылмыстың
анық іздері табылса;
Сондай-ақ тұлғаны қылмыс жасады деген сезікке негіз беретін өзге де деректер болған кезде ұстау жүргізілуі мүмкін. Бірақ мүндай мәліметтер негізінде ұстауға жер беріледі, тек егер:
Сезіктіні ұстаудың мотивтері болып ол анықтама не тергеуден жалтарады, жаңа қылмыс жасайды немесе іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіреді деген негізді қауіптің орындалуы табылады.
Сезіктіні ұстау - кейінге қалдырмайтын сипатқа ие болғандықтан оған прокурордың санкциясы қажет емес. Ұстау «мерзімі 72 сағатқа дейін. Оны ұзартуға болмайды. Бірақ бұл ереженің де ерекшеліктері (исключительность) болуы мүмкін. Мысалы, прокурордың санкциясымен 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік ұстауға жол берілуі мүмкін. Ол шекара және кеден органдарымен бұзушылықтарды немесе мемлекеттік шекарадан өту ережелерін бұзумен байланысты тексеру жүргізу үшін қолданылады.
Сезіктіні ұстау кезінде міндетті түрде ұстау хаттамасы толтырылуы керек. Мұнда ұстаудың негізі мен мотивтерін, ұстаудың жүргізген тұлға туралы мәліметтер, ұсталғанның тұлғасы жөнінде деректер, оның түсініктемесі мен ұстау жүргізілген нақты мерзім және хаттама толтырылған уақыты көрсетіледі. Ұстау хаттамасы ұсталғандарды УҰИ-на орналастырудың негізі болып табылады.
Тәжірибеде ұстау ұсталғанды жеке тінтумен қатар жүрізіледі. Тінту ҚР ҚІЖК-нің 135, 233 баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Тінту нәтижелері жеке тінту хаттамасында көрініс табады. Жүргізілген ұстау туралы анықтау органы не тергеуші 24 сағат ішінде ұстау хаттамасы толтырылған мезетпен бастап 12 сағат ішінде прокурорды ұстаудың заңдылығы мен негізділігін тексертіп, ұсталғанды қамауға алу туралы не оны босату туралы санкция беруі тиіс. Ұсталғанды қамаудан босату келесі жағдайларда жүрізіледі:
3) ұстау, ұстау тәртібін бұзу арқылы жүргізілсе (134-ші бапта
көзделген) анықтаушының,
тергеушінің, прокурордың
қаулысы
бойынша босатылуға жатады.
Ұстау хаттамасы толтырылғаннан кейін ұсталған "сезікті" мәртебесіне ие болады.
Ұсталғандардың (сезіктілердің) процессуалдық жағдайын сипаттау кезінде олар конституцияға, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге сәйкес олар ұстаудың заңдылығы мен негізсіздігін тек прокурорға ғана емес, сонымен бірге сотқа да шағымдана алатындығын да атап өту керек. Ғылыми негізде тергеу әрекетін дайындау және жүрізуге олардың вербальды және вербальды емес етіп криминалистикалық бөлуі әсер етеді. Бұл топтың элементтері болып тергеу әректтерінің жекелеген түрлері табылады.
Информация о работе Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі