Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 06:56, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылы 21 мамырда қабылдаған толықтырулар мен өзгерістер негізінде № 254 Заңы бойынша 16-баптың 2- тармағына сәйкес заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.Осы заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................3


І-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ........................................................................................6

1.1. Қылмыстық процесте сезік деген ұғымның мәні..................................................................................................6
1.2. Сезіктіні ұстау – мәжбүрлеу шарасы ретінде.....................10
1.3. Сезіктіні ұстау – тергеу әрекеті ретінде.............................23


ІІ-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ...............................................28

2.1. Сезіктіні ұстаудың негіздері................................................28
2.2. Сезіктіні ұстаудың мотивтері..............................................36
2.3. Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі.........................43


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................46


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................48

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-СЕЗІКТІНІ-ҰСТАУ.doc

— 372.00 Кб (Скачать документ)

Вербальды тергеу әрекеттері (жауап алу, таныту үшін көрсету, беттестіру және т.б.) әңгімелесу негізінде ақпаратты алып жүрушіден алу мақсатында жүргізілуі. Мұндай ақпаратпен алмасудың сөйлесу әдісі жазбаша   мәтіндерімен,   схемаларымен,   суреттерімен,   жест тілімен,  мимикамен  толықтырылуы   мүмкін.   Бұл   кезде  төменде келтірілген міндеттердің барлығы толығымен не жекелей шектеледі:

  1. бастапқы мәліметтерді алу;
  2.   іске бар ақпараттарды тексеруі;

3) сол акпараттарды нақтылау толықтыру;

  1. берілген жауаптардағы қайшылықтарды жою;
  2. жинаған мәліметтерді бекіту;
  3. жалғандықты табу мен әшкерелеуі;
  4. тергеу болжамдарын (версия) тексеру.

Вербальды   емес   әрекеттер   тобына   тергеулік   қарау,    тінту сараптама тағайындау және жүргізу, сондай-ақ ақпаратты жинаудың сөйлесу әдісі басқа әдістер мен тәсілдермен алмасқан кезде жүргізілетін әрекеттер жатқызылған (олшеу, бақылау жоне т.б.)

Вербальды емес әрекеттерді жүргізуге дайындық бір жағдайда заттың ақпарат алып журушіні іздеуді қамтамасыз ету мақсатында жүргізуді; екінші жағдайда оны іздеу үшін де, зерттеу үшін де, үшінші жағдайда тек зерттеу үшін жүргізіледі.

Әр тергеу әрекетінің нәтижесін хаттамамен бекіту керек. Мұнда сол  объект туралы келесідей мәліметтер көрініс табуы мүмкін:

  • объектісін атауы, оның материалы мен із табылған бетінің 
    жағдайы;
  • объектіні табу әдісі;
  • іздің жалпы және жеке белгілері тұрғысынан сипаттамасы;
  • зат пен ізді бекіту, алу және бұзу әдістері көрсетіледі.

Әр тергеу әрекеті оны жүргізуге көмектесетін не кедергі келтіретіндей нақты өмірлік жағдайларда жүргізіледі. Бұған мегеорологиялық жағдайлар, жарық, құрылыстардың сипаты, транспорт құралдарының жүру ерекшеліктері т.б. жатады. Тергеу әрекеті жүргізілетін орны, әдетте тергеушінің еркіне байланысты болмайды. Мысалы, оқиға болған жер, тінту жүргізілетін жер және т.б. Сондықтан, тергеушінің мұндай жағдайдағы міндеті - жұмыс үшін ең дұрыс, ең тиімді вариантын табу.

Кез келген тергеу әрекетінің ерекшелігі - ол қалай болсын солай емес, белгілі бір жоспарға сәйкес, белгілі бір жүйеге негізделіп жургізілуінде. Зерттеуде жүйенің болуы оның нәтижелерінің шынайылығын қамтамасыз етеді, жүргізіліп отырған зерттеудің толықтығын қамтамасыз етеді, алынған нәтижелерді бекітуді жеңілдетеді. Кез келген тергеу әрекетінің нәтижелігі үшін тергеушінің психологиялық дайындығы, оның жұмыстағы сәйкестігіне өзінің сенімінің болуы маңызды мәнге ие болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ 

2.1. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

Ұстаудың   зандылығы    мен    негіздерін    қамтамасыз    етудің процессуалдық құрамының бірі ретінде осы мәжбүрлеу шарасып Іишамылудын. негіздері танда белгіленген. Бұл негіздердің мәні қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны қылмыстық сот өндірісінің мүдделеріне байланысты бұл процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар олар азаматты   заңсыз  бас  бостандығынан  айырудан   қорғай отырып, тұлғаның бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің ойымызша,  кейінге қалдырылмайтын жағдайларда екі шарттың үйлесуі орын алады:

  1. Сезіктіні, егер ол бостандықта қалатын болса, анықтау мен 
    тергеуде  жалтарады,   іс   бойынша   шындықты   анықтауға кедергі 
    келтіреді не болмаса қылмыстық әрекетін жалғастырады деген қауіппен оны дереу оқшаулау қажеттілігі;
  2. Жеткілікті   негіздер   болмағандықтан   немесе оны дұрыс 
    рәсімдеу үшін объективті   бөгеттердің   болуынан   қамауға   алу 
    бұлтартпау шарасын дереу қолдану мүмкін еместігі.

Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінде  ұстау институтының келесідей анықтама берген: қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстау - оның жасалған қылмысқа  қатыстылығын анықтау   және   оған   қатысты   қамау түріндегі бұлтартпау   шарасын қолдану  туралы сұрақты шешу мақсатымен қолданылатын процессуалдық мәжбүрлеу шарасы (ҚР ҚІЖК 321-бап. 1-бөлім).

Жоғарыда келтірілген ұстау институтының анықтамалары осы мәселе бойынша әр түрлі пікірлерден тұрады. Алайда жоғарыда аталғандарды   ескере   отырып   бұдан    келесі   тұжырымдарды шығару болады; ұстау өндірісі үшін міндетті шарт бұл тергеу әрекетінің кейінге қалдырылмайтындығы болып табылады.

Ұстау келесі мақсаттарда қолданылады: ұстау жолымен және кейінгі әрекеттерді (жеке тінту, сезіктіден жауап алу және куәландыру) жүргізе отырып қылмыстық қудалау органының өзіне істің және қылмыстық жағдайлары туралы, сезіктіні бірігіп қатысушылардың тұлғасы жайында қылмыстың мотивтері және т.б. жөнінде маңызды деректер алуына мүмкіншілік туады. Ұстау барысында иесі куәлар анықталады, яғни қылмысты көргендер, жәбірленушілер, заттай дәлелдемелер, сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар құжаттар мен өзгеде деректер табылып жатады. Ұстау сондай-ақ дайындалып жатқан қылмыстардың алдын алудың құралы ретінде де көрініс табады.

Сонымен, ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабының 1-ші бөлімінің мазмұнынан шыға отырып, ұстаудың мақсаттары келесілер екенін көреміз:

Ұсталғанның жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау;

Ұсталғанға қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы тұрақты шешу.

Қылмыстық-процессуалдық ұстауды азаматтарды әкімшілік ұстау мен алып келуден бөліп қарастыру керек.

Әкімшілік ұстау қылмыстық-процессуалдық заңмен реттелмеген.

Әкімшілік ұстаудың негізі  болып әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратын азаматтық әкімшілік- құқық  бұзушылық  жасауы табылады. Әкімшілік тәртіптен тұлға 3  сағаттан  артық мерзімге  ұсталмайды.

Әкімшілік ұстау қылмыстық процессуалдық заңмен реттелмеген-діктен, ол қандай да бір тергеу әрекеттерімен қабаттаспайды.

С.Т. Тыныбеков қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды қысқа мерзімді ұстаудың тәртібі туралы ереженің 1-ші бабында белгіленген ұстаудың мақсаттары "ол ұсталғанның жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау және соған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы сұрақты шешу" деп көрсетеді.52

А.Я. Гиндзбург, А.Р. Белкин ұстауды бірыңғай мақсатпен біріктірілген және қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны қамауға алуға бағытталған, жаққа дәлелдемелер алу үшін және оларды тексеру үшін жеке тінту жүргізу және жауап алу деп ұтады. В.А. Образцов ұстаудың мақсаттары болып ұсталған тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау; қылмыстық әрекеттің алдын алу; анықтау, алдын ала тергеу және соттан жалтаруын ескерту;

  Қылмыстық  ізге  түсу  органы  бас  бостандығынан  айыру  түрінде  жаза  қолданылуы  мүмкін  болатын  қылмыс  жасағандығына  күдңк  келтірген  адамы    мына  негіздердің  бірі  болғанда  сезікті  ретінде  ұстауға  құқылы;

        1. бұл  адам қылмыс  жасау  кезінде  немесе  тікелей  қылмыс  жасағаннан  кейін  үсталған  болса;
        2. өз  көзімен  көрген  адамдар, соның ішінде  жәбірленуші, қылмыс  жасаған  осы  адам  деп  тура  көрсетсе  немесе  басқа  адам  қылмыс  жасаған  адамды  үстап  әкелінген  болса;
        3. бұл  адамның  денесінде  немесе  оның  киімінде, тұратын  үйінде  қылмыстың  айқын  іздері  табылған  болса;
        4. жедел іздестіру  қызметінің  заңға  сәйкес  алынған  материалдарында  бұл  адамнығ  ауыр  немесе  аса  ауыр  қылмыс  жасағандығын  немесе  ондай  қылмыс  жасауға  дайындалғандығын  көрсететін  аңық  деректер  бар  болса.

ҚР ҚІЖК-нің 131-ші бабында сезіктіні ұстау қылмыстық қудалау органдарымен жүргізіледі, егер тұлғаға сол қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген әрекет жасады деп сезіктелген болса делінеді. ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабында тұлғаны қылмыс жасады деп негізді сезіктейтін негіздерді көрсететін фактілі деректердің немесе "дәлелдемелік жағдайлардың" тізімі беріледі.

Олардың қатарына ҚР ҚІЖК ең алдымен келесі жағдайларды жатқызады:

I. Тұлға қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оның жасағаннан кейін ұсталса. (ҚР ҚІЖК 2-бөлімінің 1-ші тармағынан). Тұлға қылмыс үстінде тікелей соны жасағаннан кейін ұсталды деп есептеледі, егер оны аяқталған қылмытгы құрайтын не дереу содан кейінгі кезде әрекеттерді жасау кезінде қылмысқа оқталу кезінде ұсталған болса. (ҚР ҚІЖК-нің 2-бөлімі, 3,4,5-ші тармақшылары).

2. Егер қылмысты өз көзімен  көргендер, оның ішінде жәбірленушілер  қылмыс жасаушы ретінде ол  адамды тура көрсетсе не қылмыс  жасаған тұлғаларды ұстауға азаматтардың  құқығын пайдалана отырып бұл  тұлғаны ұстаған болса. (ҚР ҚІЖК. 132-бабының 2-бөлімінің 2-ші тармағы). Ұстау негіз құрайтын қылмысты өз көздерімен көргендердің көрсетулері деп нақты қылмыс фактісін қабылдаған және оны жасауға солар көрсетіп отырған тұлға қатысты дейтін бір немесе бірнеше куәлардың хабарлауларын түсінеміз. Өзі көрген тұлға не нақты бір адамды көрсетеді. Өз көзімен көрушілердің қандай болмасын болжамдары, затты тек бейнелеп, сипаттауды ұстауға негіз болмайды. ҚР жаңа ҚІЖК-де азаматтардың қылмыс жасаған тұлғаны ұстау құқығы көрсетілген.

Жәбірленуші, сондай-ақ кез келген азаматы қылмыс жасаған тұлғаны оның басқа қол сұғушылықтарының алдын алу мақсатында оны ұстауға құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 133-ші бабы).

Біздің ойымызша, тәртібінде азаматтардың ұстау құқығын пайдаланғанда қайшылықты жағдайлар туындауы мүмкін. Ол жасалған қылмыс үшін жаза ретінде бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстарды жасады деп сезіктелген тұлғаларды ғана ұстауға бостандығымен ескертілген. Сондықтан, сезіктіні ұстау үшін ол осы жағдайда оны ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабы бойынша ұсталған тұлға нақты білуі тиіс, егер онымен ұсталған ескертілген. Сондықтан сезіктіні ұстау үшін, ол осы жағдайда оны ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабы бойынша ұсталған тұлға нақты болуы тиіс, егер онымен ұсталған сезіктінің әрекетінің жазасы ретінде бас бостандығынан айыру көзделген болмаса, ұстау заңсыз болып табылады да ұсталған тұлға келтірілген зиянды өтеуін талап етіп және осы ұстауды жүргізілген тұлғаны жауапқа тартуды талап етіп сотқа жолдана алады.

3. Егер осы тұлғада не кемінде  немесе үйінде қылмыстық нақты 
іздер табылған болса (ҚР ҚІЖК.  132-бап, 2-бөлім 3-ші тармақ). 
Мұндай нақты іздер болады, егер олар сол тұлғаның жасалған 
қылмысқа қатыстылығы  жөнінде  куәландыратын  болса.   Іздердің 
нақтылығы, сөздігі (ясность) оның білінетіндігімен немесе сонымен 
емес, олар сезіктінің осы қылмысты жасады деуін қайшылықты 
әшкерелейтіндігімен анықталады.   Мысалы,  сезіктінің денесіндегі, 
көгерген жерлері, сызат тұлғаға қарсы қылмыс туралы  білдіреді, 
фомка, отмычка, кілттердің түрлерінің болуы, мүлікке, меншікке 
қарсы қылмыстар туралы көрсетеді.

Егер нақты қылмыстық ізі туралы жеткілікті деректер болмаса, табылған іздер олар қаншалықты айқын болмағанымен, ұстауға негіз бола алмайды.

4. Заңға    сәйкес    алынған    жедел    іздестіру    қызметінің 
материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы оның деректер болған 
кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуымен мүмкін 
болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірілген болса (ҚР ҚІЖК. 
132-бап.  2-бөлім. 4-ші тармақ).  Бұған  жасалған  не дайындалып 
жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы алынған әр түрлі 
ақпараттар жатады. Олар телефон немесе өзге де сөйлесулерді заңды тыңдау, техникалық байланыс каналдарынан, өзге де техникалық 
құралдардан ақпараттарды алу, бақылау соның ішінде тұлғаның өмірі 
мен денсаулығына,   қоршаған  ортаға  зиян   келтірмейтін   арнайы 
техникалық құралдарда,   материалдар   мен   заттарды   және   т.б. 
бойынша іздеу және ұқсастыру деген сияқты жедел-іздестіру 
шараларының нәтижесінде алынады. (ҚР ҚІЖК-мің 16 бабы).

Жедел іздестіру қызметінің материалдарында бар деректер шынайы болып, дәлелдемелермен құпталуы тиіс.

Жедел іздестіру шаралары "ҚР-ның жедел іздестіру қызметі туралы" заңның 10-шы бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі. (15.19.94 ж. заң).

Әрине, мұндай деректердің шынайылығы әр жағдайда заң баптарына сәйкес тексеріліп, бағалануы тиіс. 53

ҚР ҚІЖК-не сәйкес ұстау - тұлғаны сезікті деп тануға негіз болатын "өзге де деректер" болған кезде де жүргізіледі.

Бұл әрекеттер де нақты тұлғаны көрсету тиіс. Алайда заң оларда қарастырып отырған баптың 1-ші бөлігінде көрсетілген деректерге қарағанда неғұрлым сенімді деп есептейді.

Сондықтан олар тұлғаны ұстауға негіз бола алады тек егер қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаның сезігін күшейтетін қосымша шарттардың бірі болған жағдайда ғана;

  1. егер бұл тұлға қашуға оқталса;
  2. егер оның тұрақты тұратын жері болмаса;
  3. егер сезіктінің тұлғасы анықталмаса.

Біздің ойымызша, нақты қандай фактілі деректер негіз бола алатындығын анықтап алу қажет.

Ұстауға негіз ретінде "кез келген фактілі деректерді" қолдануға болады деген де пікір бар. Алайда, мұндай позиция қарсылық білдіреді, өйткені мұндай жағдайларда ұстауға негіз ұғымы негізсіз кең мағынада түсіндірілер еді.

Біздің ойымызша, фактілі деректер кейде ұстау негіздері ретінде қызмет ете алады, яғни көрініс таба алады, егер біріншіден, олар тұлғаны қылмыс жасады деп сезіктенуге мүмкіндік берсе; екіншіден, осы процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде сезіктелген тұлғаға қатысты осы шараны қолданудың қажеттіліп туралы шынайы куәландырса.

Информация о работе Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі