Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 06:56, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылы 21 мамырда қабылдаған толықтырулар мен өзгерістер негізінде № 254 Заңы бойынша 16-баптың 2- тармағына сәйкес заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.Осы заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес
КІРІСПЕ...........................................................................................3
І-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ........................................................................................6
1.1. Қылмыстық процесте сезік деген ұғымның мәні..................................................................................................6
1.2. Сезіктіні ұстау – мәжбүрлеу шарасы ретінде.....................10
1.3. Сезіктіні ұстау – тергеу әрекеті ретінде.............................23
ІІ-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ...............................................28
2.1. Сезіктіні ұстаудың негіздері................................................28
2.2. Сезіктіні ұстаудың мотивтері..............................................36
2.3. Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі.........................43
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................48
П.М. Давыдов пен П.П. Якимон ұстауға негіз дегеніміз сол үшін бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделуі мүмкін қылмыс жасады деп тұлғаны сезіктенуге мүмкіндік беретін заңмен көзделген физикалық деректер деп есептеледі.54
А.А. Чувилев ұстаудың негіздері болып сол үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыс жасады деп сезіктеуге мүмкіндік беретін физикалық деректер деп көрсетеді.55
Заң өзге де деректер ұғымының расшиврокасын бермейді. Тәжірибеде "өзге де деректер" деген кезде тергеу органдарына азаматтардан, мекемелеріне ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қылмыстар туралы және соны жасаған тұлғалар туралы келіп түсетін әр түрлі мәліметтерді түсінеді.
"Өзге де деректер" сезіктіні ұстауға негіз бола алады тек жоғарыда аталған шарттардың біреуімен үйлесе отырып, яғни егер тұлға тек қашуға оқталса сезіктінің тұлғасы анықталмаса т.б.
Өте маңызды болып, біздің ойымызша, олардың негізінде ұстау мүмкін болатын деректердің сипаты туралы, сондай-ақ олар алынуы мүмкін қайнар көздер туралы сұрақта өте маңызды болып табылады. Бұл сұрақтар әдебиеттерде даулы болып қалған.
ҚР ҚІЖК-гі "тұлғаны сезікті деп тануға негіз беретін өзге де деректер болған кезде" азаматтарды ұстауға жол береді, ал осы баптың І-ші бөлімінің 4-ші тармақшасы (17 наурыз 1995 ж. толтырылған) жедел іздестіру ақпаратын жеке негізге жатқызады.
Жаңа ҚІЖК-де де, бұрынғы 22 шілде 1957 жылғы ҚазССР-нің ҚІЖК-де де "өзге деректер" деген ұғымының мәні, мазмұны ашылмаған.
Ұстаудың негіздері ретіндегі "өзге де деректердің" алыну көздері мен жолдары жөніндегі әр түрлі пікірдің болуы белгілі бір шекте, біздің ойымызша, қылмыстық процессуалдық заңның жеткіліксіз нақтылығымен түсіндіріледі.
Осыған сәйкес бітіру жұмысын жазушы ҚР ҚІЖК-пің 132-ші бабы редакциясын келесідей етіп өзгертуді ұсынады; осы баптағы үшінші бөліміндегі "өзге де деректердің болуы кезінде" деген сөздерін "өзге де дәлелдемелер мен қылмыстық процессуалдық заңға сәйкес тексерілген дәлелдемелердің болуы кезінде" деген сөздермен алмастыруды.
Жариялы емес жедел іздестіру шараларын жүргізуді ұйымдастыру мен тактикасы "ҚР-ның мемлекеттік құпияларын қорғау туралы" заңына ҚР Үкіметімен бекітілген құпияландыруға жататын мәліметтердің тізіміне сәйкес қызметін, әскери не мемлекеттік құпияны құра алады.
Дискуссиялық және процессуалдық құқықтық әдебиеттерде бірыңғайлық түсініс таппаған сұрақ болып жедел іздестіру сипатындағы мәліметтер қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шаралары туралы шешімнің қолданушының негізіне енгізіле алады ма деген сұрақ табылады.
Заңның жоғарыда аталған ережесімеи ұстаудың негізі ретінде көрініс табатын фактілі деректер, соның ішінде "өзге де деректер" жеделдік жолымен алынуы мүмкін деген тұжырымға келуге болады. Алайда, мұндай процессуалдық емес жолымен алынған деректер олар қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде қолданылуы үшін белгілі бір шарттар қойылады, яғни олар процессуалдық жолмен тексерілуі тиіс.
Кейбір процессуалистер өздерінің заңды ұстау негіздерінің жеткілікті тізімі берілген деген ойда білдіреді.
Бұл топтық көлемде шындыққа сәйкес келмейді. ҚР ҚІЖК-ніц 132-ші бабында тұлғаны қылмыс жасады деп сезіктеуге негіз беретін нақты деректер шыныменде берілген.
Алайда, осы баптың 2-ші бөлімінде қосымша шарттардың болу кезінде "өзге де деректер" бойынша ұстау мүмкіндігін білдіргенде, сезікпен ұстау үшін негіз ретінде қызмет ете алатын жеткілікті шексіз фактілі деректердің тізімі берілмеген және бұл түсінікті де заң тұлғаны қылмыс жасады деп сезіктеуге барлық фактілі деректердің тізімін бере алмайды әр нақты жағдайда бұл деректердің мазмұны ұстауды жүргізетін анықтау органдарымен не тергеушімен анықталады.
Әдебиеттерде осы қарастырылып отырған сұрақтар бойынша екі қарама қайшы көзқарастар бар. Біреулері ұстау қылмыстық іс қозхғалғанға дейін де, қозғалғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін деп есептейді. Мысалы, Бекешко П. мен Е.А. Матвиенко ұстау жүргізудің алдында міндетті түрде қылмыстық іс қозғалу керек деп талап ету мүмкін емес деп есептейді. Олардың пікірі бойынша, егер тұлға қылмыс жасау кезінде не дереу содан кейін ұсталса не оның денесінде, киімінде қылмыстық айқын белгілері табылған жағдайда немесе осы ұстау қажеттілігі туындаған жағдайда ең алдымен бұл тұлғаны ұстау, ал одан кейін барып егер заңмен көзделген негіздер болған жағдайда ғана қылмыстық істі қозғау қажеттілігі туралы сұрақ туындайды.56
Корнуков В.М: “ондайға жол тек ерекше жағдаларда қылмыстық істі қозғауға мүмкіндік болмаса ғана жол берілу керек” деп жазды. "Ал, қылмыстық істі қозғау туралы сұрақ аталған жағдайда ұстау өндірісі жүргізілгеннен кейін шешілуі керек."
Қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстау прокурордың санкциясынсыз қолданылатын тұлғаны бас бостандығынан айырумен байланысты мәжбүрлеу шарасы болғандықтан қылмыстық істі оны қолданғанға дейін қозғау, біздің ойымызша, тұлғаны қол сұкпаушылықтың маңызды кепілдерінің бірі болып табылады.
Біз толығымен ұстау тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана жүргізілуі тиіс деген позицияны ұстанатын авторлармен келісеміз.57 Мұндай позиция біздің ойымызша, бүгінгі күннің рухына толығымен сәйкес келеді, құқықтық мемлекеттің қағидаларына сәйкес және әрекет етіп тұрған заңға толығымен негізделген. Алайда бұл актуалды сұрақ бойынша тәжірибедегі қызметкерлер арасында да бірыңғай пікірлер жоқ.
Қылмыстық істі қозғағанға дейін ұстау туралы мәліметтер:
Сұралғандар |
Қылмыстық іс қозғалмай-ақ ұстау жүргізілуі мүмкін |
Мүмкін емес |
Бәрібір |
50 |
15 |
25 |
10 |
100% |
50,1% |
62,5% |
8% |
Заңда қылмыстық іс қозғалғанға дейін ұстау құқығы көздеу мүмкіндігі туралы мәліметтер:
Сұралғандар |
Ия |
Жоқ |
Бәрібір |
50 |
30 |
15 |
5 |
100% |
48% |
46% |
7% |
2.2. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ МОТИВТЕРІ
ҚР ҚІЖК-нің 139-шы бабының 4-ші баптың мәтінінен ұстау туралы негізді шешім қабылдау үшін заңмен белгіленген жағдайлардың болуы жеткіліксіз, оған қоса мотив қажет екендігі көрініс табады. Сезіктіні ұстау кезінде мотивтің болуын талап ете отырып, заң бұл жағдайда да оның ұғымын түсіндірмейді.
Ал, соның арасында ұстау мотивінің нақты ғылыми негізделген анықтамасының болмауы ғылыми еңбектерде де, сондай-ақ заңда көрініс таппауымен қатар анықтау және алдын ала тергеу органдарының қызметкерлері оны әр түрлі түсінеді және міндетті деп есептемеуі оның мазмұнын дұрыс түсінбеуге алып соқтырады. Сондай-ақ бізбен сұралған тәжірибе қызметкерлерінің 47 пайызы ғана ұстауды жүргізу үшін мотив болу керек деген факт те қауіптендіреді. Хаттамада ұстау мотивтерін көрсету туралы заң талаптары көп жағдайда орындалмайды. Осы мәселе бойынша зерттеу деректері келесідей:
Зерттелген хаттамалар |
Мотивтері көрсетілген жалтаруға бөгет келтіру |
Шындықты анықтауға бөгет жасау |
Жаңа қылмыс жасауға бөгет келтіру |
50 |
10 |
25 |
15 |
100% |
2,9% |
16,6% |
12,9% |
Ұстаудың мотиві деген ұғымнан нені түсінесіз деген сұраққа 100 сұралған тұлғалар әр түрлі жауап береді; 50% сезікті тұлға тергеуге бөгет жасайды, жалтарады не қылмыстық әрекетін жалғастырады дегенді көрсетті; 30 қылмыс жасау фактісі мен сезіктінің әрекеттерінде қылмыс құрамдарының белгілерінің болуын көрсетті; 80% - ұстау негіздерін көрсетсе, 12% тергеушінің берген сұрағына жауап беруге қиналатындығын айтып көрсетті.
Процессуалистердің арасында ұстаудың мотивін түсінуге қатысты бірыңғай көзқарас жоқ екендігін айта кеткен жөн.
Кейбір авторлар ұстау мотивтерін оның мәнімен, мазмұнымен ұқсатады, екіншілері ұстаудың қажеттілігін тудыратын нақты деректер, фактілер, жағдайлар ретінде қарайды.58 Сонымен ұстау мотивтері дегеніміз қылмыс жасады деп сезіктелген тұлға қашуға оқталды немесе тұрғылықты жері жоқ немесе сезіктінің тұлғасының анықталмағандығы жөнінде куәландыратын үшіншілер.59
Авторлардың тағы бір тобы ұстау мотивтерін қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстау қажеттілігімен түсіндірілетін нақты әрекеттер ретінде түсінеді.
Сонымен қатар ұстау мотивімен байланысты сұрақтың нақты шешілуі процессуалдық құжаттарды рәсімдеу үшін маңызы зор.
Ұстау мотивтері, егер оларды психологиялық аспекті деп түсіндірсе, ұстау туралы шешім қабылдайтын тұлғаның әрекеттерін ойша негіздейтін талаптану функциясын атқарады.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізетін тұлға дәлелдемелерді бағалау кезінде оны ішкі сенімі бойынша бағалау еркіндігіне ерекше құқыққа ие. Ішкі сенім — заңмен белгіленген тәртіпте сыртқы әсер етуден тәуелсіз шындықты іздеу, сондай-ақ табылған шындық негізінде әрекетке талпыну (яғни мотив).
Мотиів — ұстауды жүргізген тұлғаның жүріс-тұрысын өзімен -өзі емес, тек мақсатымен тығыз қатынаста ғана айқындалатындығын айта кеткен жөн.
Ұстау мотивтерін осы әрекетті жасау үшін қозғаушы бастау беруші ретінде, ұстаудың тікелей мақсатына жетудің ұмытылысы ретінде және оған жетудің қажеттілігін түсіндірілетін бастаулар ретінде қарастыратын авторлармен біз келісеміз.60
Ұстау сезіктіні:
а) анықтау мен тергеуден жалтару;
б) қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға
кедергі келтіру;
в) қылмыстық әрекетін жалғастыру
мүмкіндігінен айыруға бағытталған.
Бұл ұстаудың тікелей, жақын мақсаты.
Біздің көзқарасымыз бойынша, осы қолданудың бастаулары ретіндегі ұстау мотивтері ұстаудың тікелей, мақсаттарымен тығыз байланысты ұстау қылмыс жасады деп сезіктелген тұлға оны ескерту ұстаудың тікелей мақсаттары болып табылатын әрекеттерді жасайды деп қауіппен түсіндіріледі; яғни анықтау мен тергеуден жалтарады, немесе қылмыстың іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіреді немесе өзінің қылмыстық әрекетін жалғастырады. Басқа сөздермен айтқанда бұлтартпау шарасын тандау негіздері ұстау негіздерінің екінші қатарын құрайды деуге болады.61
Ұстау мотив объективті негізде пайда болатын субъективтік түрткі болып табылады. Ол қылмыстың іс материалдары негізінде, сезікті жағдайда аталған әрекеттерді жасайды деген қауіп туғызатын ақпарат негізінде құрылады.
Сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық заңда оның заңдылығының бір шарт ретінде тергеу әрекетінің мотивіне сілтеме тек ұстауға қатысты ғана айтылатыны өзіне көңіл аудартады. Мысалы, ұстауға "туыстас" шешілуі алдын ала қамауға алуға қатысты заң мұндай талаптар қоймаған. Ол осы шараларды қолданудың негізін анықтауға әр түрлі тұстан келуімен түсіндірілуі мүмкін. Бұлтартпау шарасы ретіндегі алдын ала қамаудың негізі оны қолданудың белгілі бір жағдайларымен, яғни егер сезіктіні тергеу мен соттау жалтарады, іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіреді немесе қылмыстық әрекетін жалғастырады деген жағдайларымен шектеледі. Бұл жағдайларда мотив керек емес. Қысқа мерзімді бас бостандығынан айыру үшін мотивті қажет етпеу неліктен екені түсіндірілуі қиын. Ұстаудың бұлтартпау шарасымен тығыз байланысты, олардың шешетін міндеттері бір екені белгілі ғой. Ұстау -прокурордың санкциясынсыз тұлғаға оған қатысты әлі айып тағылмағанда кейінге қалдырмайтын жағдайларда қолданылатын өзіне бұлтартпау шарасы.
Біздің ойымызша осыған байланысты әрекет етіп тұрған заңға кейбір түзетулер (коррективалар) енгізу керек. Әсіресе, жоғарыда айтқанымыздай, ұстау мотиві мәселені тәжірибедегі қызметкерлер үшін сондай-ақ ұстау кезінде қол сұқпаушылық кепілдіктерін күшейту үшін өте маңызды.
ҚР ҚІЖК-нің 132-бабында көзделген жағдайдың болуы тұлғаға қатысты сезік тудыру және ұстауды жүргізуді бір мезгілде жүзеге асырып, тұлғаны қылмыстық процесс субъектісі сезіктіні жағдайына қоюға мүмкіндік береді. Негіздердің мұндай бірыңғай болуы өзара байланысты болғанымен, бірақ әр түрлі процессуалдық феномендердің шешімін сәтті деп атауға болуы екі талай.62 ҚР ҚІЖК-нің 1321 бабында тізбектелген жағдайлар тұлғаның жасалған қылмысқа қатыстылығын көрсететін фактілі деректер болып табылады. Ұстаудың қолдануды реттейтін баптың барынша нақты редакциясы қажет. Ұстаудың міндетті шарты болып сезік үшін сондай-ақ ұстау үшін негіз сияқты болу керек.
Тұлғаны қысқа мерзімді болсын бас бостандығынан айыру үшін осы шараның қажеттілігіне сендіретін қосымша жағдайлар керек. Сезікті тұлғаны қысқа мерзімді бас бостандығынан айыруға итермелеуші бастаулар ретінде ұстаудың мотивтері көрініс табады.
Заң ұстау мотивтерін осы бұлтартпау шарасының негізділігінің қосымша жағдайлар керек. Сезікті тұлғаны қысқа мерзімді бас бостандығынан айыруға итермелеуші бастаулар ретінде ұстаудың мотивтері көрініс табады.
Информация о работе Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі