Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 06:56, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылы 21 мамырда қабылдаған толықтырулар мен өзгерістер негізінде № 254 Заңы бойынша 16-баптың 2- тармағына сәйкес заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.Осы заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес
КІРІСПЕ...........................................................................................3
І-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ........................................................................................6
1.1. Қылмыстық процесте сезік деген ұғымның мәні..................................................................................................6
1.2. Сезіктіні ұстау – мәжбүрлеу шарасы ретінде.....................10
1.3. Сезіктіні ұстау – тергеу әрекеті ретінде.............................23
ІІ-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ...............................................28
2.1. Сезіктіні ұстаудың негіздері................................................28
2.2. Сезіктіні ұстаудың мотивтері..............................................36
2.3. Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі.........................43
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................48
Заң әдебиеттерінде сезіктіні ұстаудың мәніне қатысты өзге де көзқарастар кездеседі, яғни бүл бас бостандығынан айыру түріндегі қысқа мерзімді процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде де, дәлелдемелерді жинауға бағытталган тергеу әрекеті ретінде де қарастырылады. 22
Сезіктіні ұстау превентивтік сипаттағы процессуалдық шараларға жатады. Осы шаралардың қатарына сезіктіні ұстаудың қылмыстық іс жүргізу шарасына баска әкімшілік ұстау, қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеу шарасы ретінде қамауда ұстау, үкімді орындау процесіндегі ұстау шаралары жатады.23
Сезіктіні ұстаудың процессуалдық белгісі оның материалдық құрамына қатысты қызметтік ролін білдіреді. Бұл шара қылмыс жасау фактісі бойынша тек өндіріспен байланысты ғана пайдалану үшін ғана арналған.
Сезіктіні ұстаудың провентивтік сипаттамасы оның қылмыс фактісімен байланысты істі өз өндірісіне алғантұлғаның қалыпты іс жүргізуін қамтамасыз ету үшін шара болып табылатынын білдіреді. Осы белгі бойынша аталған шара қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жазалау шарасынан ажыратылады. Бұл белгі сезіктіні ұстау мақсатының негізінде болады.
Сезіктіні ұстаудың мақсаты – заңда тікелей көзделмеген. Заңда қылмыс жасаған айыпталушыны және сезіктіні ұстау ҚР ҚІЖК- де көздлген мақсаттарда жүзеге асырылады. ҚР ҚІЖК –де бұл мақсатттар туралы тікелей ештеңе айтылмаған. Бұл ұстау мақсаты қылмыс жасауға сезік келтірілген тұлғаларды қысқа мерзімге ұстау тәртібі туралы ережеде көзделген болатын (13.07.1976 жылғы СССР-дің Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Бұйрығымен бекітілген Ереже.) Осы Ереженің 1 бабына сәйкес ұстау ұсталған. Адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін және оған қамаудан ұстау мақсатында қолданылады. Бұл ереже заңды түрде әрекет етпейді. Алайда онда қамтылған норма заңды тәртіпте өзгермеген және доктрина түрінде әрекет етуін жалғастыруда. Оқу және ғылыми әдебиеттерде, ол қандай да бір өзгерістерсіз қолданылады.24 Мысалы, кейбір авторлар қазіргі кезде Ереже нормалары әрекет етпесе де, өзге мақсаттарда ұстауды жүргізу аталған қылмыстық іс жүргізу институтының мәніне қайшы келетіндігін негізді ескереді. 25
Сезіктіні ұстау мақсатының доктриналды анықтамасын бере отырып, кейбір авторлардың оны кеңейте отырып, толықтыруына талпынғандығын ескеру керек. Мәселен, А.К.Трусов ұстау мақсатына қылмыс жасауға сезік келтірілген тұлғалардың жеке басын анықтауды да қосады26, В.С.Чистякова – сезіктіге қылмыстық әрекетті жасауға тергеу мен соттан жасырынуға, ақиқатты орнатуға кедергі келтіруді қосады.27
Мұндай көзқарастар біздің ойымызша, нақты емес деп ойлаймыз. Сезіктінің жеке басын анықтау сезіктінің қылмыс жасауға қатыстылығын анықтаудың бір бөлігі болып табылады және ұстаудың бөлек мақсатын құрамайды. Ал сезіктінің қылмыстық әрекетті жасауына, тергеу мен соттан жасырынуына, ақиқатты орнатуға кедергі жасауына қатысты оны ұстаудың міндеті ретінде сипатталуға, ал осындай ниеттер жөнінде мәліметтер дәстүрлі түрде ұстаудың себебіне жатады.
Құқық қорғау тәжірибесінде доктриналдық көзқараспен бірге сезіктіні ұстаудың тұрмыстық көзқарастарын да кездестіруге болады. Ол сезіктіні айғақ бруге мәжбүрлеу, қылмыс жасауды мойындау, қызметтестіктен бас тартуына жазалау мақсаты үшін ұстау туралы тұржырымдарды қамтиды. Мұндай көзқарастар құқық қорғау органдарының бөлек қызметкерлерінің теоретикалық дайындықтарының шектеулігінен туындайды, заң шарттарының жүзеге асырылуының технологиялық қиындықтарымен, қылмыспен күрес бойынша қызметтің көптеген ұйымдастырушылық және психологиялдық мәселелерімен шартталған.
Ұстаудың мақсаты туралы мұндай көзқарастардың әртектігі ерекше аргументациялауды қажет етпейді. Олардың практикадағы зияндылығы да көззге көрінеді. Әдетте, олар заңды бұзуда, теріс пайдаланудан көрініс табады және әртүрлі ауыр зардаптарға әкеп соғады. Оларды, сонымен қатар, назардан тыс қалдыруға да болмайды. Мұнда тек заң бұзушылықпен күресу туралы сөз болып отырған жоқ. Кейде милициялық “тұрмысқа” байсалды қатынас оны күн ілгері орналастыру талпынысы құқық қорғау тәжірибесінле кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді және олардың алдын алу мен жою бойынша заңдық және ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкесінше шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. “Алдын-ала тергеу мен анықтауға прокурорлық қадағалау туралы” ҚР Бас Прокурорының Бұйрығында тікелей көзделген: “ұстау мен қамауға алуды сезіктіден немесе айыпталушыдан қылмыс жасаудағы кінәлілігін мойындауды таныту құралы ретінде пайдалануға жол берілмейді.”
Мұндай құбылыстардың талдауы айқасушы “тәжірибешілердің” оларды норма мен заң қалыбына енгізудегі жиі кездесетін талпынысын өз уақытында жоюға мүмкіндік береді.
Қылмыстық процестің дұрыс қалпыты барысын қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес ұстаудың барлық мақсаттары ұстауды қолданудың негізінде қосымша факторлар ролін атқара алады деуге де болады. Бұл міндеттер өздігімен ұстауды қолдануды шарттамайды, алайда, басқа міндеттер мен жиынтықта ұстауды қолдану туралы шешіледі. Қолдануға сенімнің құрылуына әсер ете алады. “Бұл шараның мәні- қылмыс жасады деп сезіктілген тұлғаларды, оларды қамауға алу жолымен қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады” деген тұжырымға келген А.С.Сергеев ұстаудың мәнін қысқаша түсіндіреді. 28 Бұл берілген анықтамалар, біздің ойымызша, ұстау институтының мәнін жеткілікті толық ашпайды, өйткені мұнда негізсіз ұстаудың ұстаудың бір белгілері көрсетіліп, "оның мәнін дұрысырақ ашатын басқа белгілсрі ашылмай қалады".29
ҚР ҚІЖК - нің мәжбүрлеу шарасы ретіндс сезіктіні ұстаудың мазмұны бас бостандығынан айырудан тұрады. А.А. Чувилев өзінің ұстауға берген анықтамасында ұстаудың ең жоғарғы мерзімі мен оның мақсаттары білдіреді. Олар қылмыс жасады деп сезік келтірілген тұлғаларды қысқа мерзімді30 ұстау 72 сағаттан аспайтын мерзімде тұлғаның қылмысқа қатыстылығын тексеру және оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу жөнінде сұрақты шешу мақсатында бас бостандығынан айырудан тұрады.31 Қылмыс жасауда сезік келтіру бойынша ұсталғандарға ҚР-ның 1999 жылғы 30 наурызында "Сезіктілерді және қылмыс жасаган айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" ҚР-ның Заңы қолданылады. Осы заң бойынша сезіктінің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ететін, олардың міндеттерін орындауды, сыртқы қамтамасыз ететін, олардың міндеттерін орындауды, сыртқы және ішкі оқшаулауды, қадағалауды, сонымен қатар ҚР ҚІЖК –де көзделген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін режим көзделген. Ұсталған тұлғалар ұсталғандар үшін арналған камераларда, ал өзге жағдайларда өзге арнайы жабдықталған орындарда ұсталады. Ұсталғандар үшін камералар сезіктілер айыпталушылардың уақытша ұстаудың изоляторында жабдықталады. Ұсталғанды қамауда ұстау уақыты жазалау мерзіміне есептеледі. (ҚР ҚІЖК -нің ... бабы).
Сол сияқты осы ережеде бекітілген ұстаудың мақсаттарына негізделе отырып, барынша ашық түрде ұстау ұғымын Б.Н. Григорьев былай береді: "Сезіктіні ұстау дегеніміз - анықтау не тергеу орындарымен кейінге қалдырылмайтын жағдайларда ұсталған тұлганың қылмысқа қатысын анықтау және оны қамауға алу туралы сұрағын шешу мақсатында оны ұсталғандар орнына жеткізу жолымсн тұлғаны бас бостандығынан айырудан тұратын, сондай-ақ процессуалдық санкциямен қамауға алғанға дейін не ұсталған тұлғаны босатқанға дейін бұл шараның қысқа мерзімді бастапқы кезеңі түрінде көрініс табатын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтауға болады.32 Бас бостандығынан айыру күзетте ұстау түріндегі қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасының мазмұнын құрайды. Қамауға ұстау түріндсгі мәжбүрлеу шарасы таңдалған тұлғаларға арнайы бектілген режим қолданылады. Ол ҚР-ның 1999 жыл 30 наурыздағы "Сезіктілерді және қылмыс жасаған айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" Заңында көзделген және мәні бойынша ұқсас болып табылады. Күзетте ұсталатындар ҚР Әділет Министрлігінің қылмыстық атқару жүйесіндегі тергеу изоляторларында ұсталады.
Сезіктіні ұстаудың кідіртілмейтін сипаты. Сезіктіні ұстау тек іс кейінге қалдыруды көтермейтін жағдайда қолданылады. Бұл жағдай мынадай екі шарттың үйлесуімен туындайды:
Егер де осы талаптардың кем дегенде біреуі болмаса, ұстау қолданылмайды, соның ішінде, егер де сезікті жасырынады ақиқатты анықтауға бөгет келтіреді немесе қылмыстық әрекетпен айналысады деген қорқыныш туындамаса, ол бостандығынан айырылуға тиіс емес. Осындай салдардың түсуін болжауға жеткілікті негіздер және нақты мүмкіндіктер болса, қаулы шығарып және прокурордың санкциясымен сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасы - қамауға алу қолданылады.
Бұл байланыс ұстаудың қамауға алуға қатысты бағыныштылық сипатын куәландырады.
Ұстаудың қамауға алудан айырмашылығы. Сезіктіні ұстау мен қамауға алудың бірыңғай мәнімен матасқан сипатын белгілеп және оның айырмашылық белгілеріне көңіл аударамыз. Әдетте ұстау қамауға алудан кезектілігі, сатысы, субъектісі, мерзімі, қолдану тәртібі бойынша ажыратылады. Соның ішіндс ұстау бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолданудың алдында қолданылады, басқа жағдайларда мүмкін болмайды. Сонымен қатар ұстау тек анықтау және алдын - ала тергеу кезінде қолданылатын шара болса, ал қамауға алу қылмыстық процесстің басқа сатыларында қолданылуы мүмкін, яғни үкімнің заңды күшіне енгенге дейінгі кезең аралығында. Сезіктіні ұстауды заң анықтау органы мен тергеушінің өкілеттігіне жатқызса, қамауға алу прокурор да, сот та қолдануы мүмкін. Ұстаудың мерзімі заңмен бекітілген, ол 72 сағаттан аспауы тиіс және ұзартылуға жатпайды; қамауға алудың мерзімі екі айға дейін және бұл мерзім жалпы алғанда бір жарым жылға дейін ұзартылуы мүмкін, кейбір жағдайларда тағы да алты айға ұзартылады.
Қолданудың процессуалдық тәртібіндегі айырмашылык ең алдымен қамауға алу үшін алдын — ала сот шешімінің немесе прокурор санкциясының қажеттілігі. Ал сезіктіні ұстауда мұндай талап жоқ. Ұстау тек сезіктіге қатысты қолданылады, ал қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде айыпталушыға (сотталушыға, сотталған адамға) қатысты, ерекше жағдайларда ғана сезіктіге қатысты қолданылады. Ұстау барысында хаттама толтырылады, күзетпен ұстау қаулы шығарылады; бұл жағдайда хаттама толтыру қарастырылмаған. Ұсталғандарды ұстау үшін уақытша ұстау изоляторы (УҰИ) бар, ал күзетпен ұстау тергеу изоляторында жүзеге асырылады.
Сезіктіні ұстаудың әкімшілік ұстаумен және үкімді орындау процесіндегі ұстаумен ара-қатынасы. Сезіктіні ұстау мен әкімшілік ұстаудың мазмұнына байланысты сыртқы ұқсастықтары бар, ол - екеуі де тұлғаны бостандықтарынан айырумен көрінеді. Алайда олар мәні бойынша ерекшеленеді. Сезіктіні ұстау – қылмыстылықпен күресу аясында қолданылатын және нақты қылмыспен байланысты оған қатысты қылмыстық іс өндірісі шегінде әрекет етудегі қылмыстық мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік ұстау - әкімшілік құқық бұзушылықпен байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында қолданылады.
Жалпы алғанда сезіктіні ұстаудың үкімді орындау процесіндегі ұстаумен қатынасы ұқсас болып келеді, тек олардың әртүрлі мәні бұл шаралардың сыртқы айырма белгілерін келтірудің қажеттілігін көрсетеді (мерзімдері, субъектілері және т.б.).
Алайда кейбір жағдайларды бұл шаралар бір-бірімен шиелінісіп кететін жағдайлар болады. Алғашында ұстау әкімшілік тұрғыдан болып, артынша ол тұлғаның әрекетінде қылмыстың белгілері орын алғаннан кейін сезіктіні ұстау түріндегі мәжбүрлеу шарасымсн ұштасады.
Қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстау - қылмыстық істер бойынша тергеу органдарымен қолданылатын процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады. Ол қылмыстың алдын ала құқық бұзушылардың қашып кетпеуін ескертуге, оның жеке басын анықтауға, жасалған қылмысқа қатысын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл Конституциямен кепілденген адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасын мәнді түрде жанап өтеді.
Петрухин И.Л. қылмыстық процестегі ұстау дегеніміз қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны прокурордың санкциясынсыз және соттың қаулысынсыз қысқа мерзімді бас бостандығынан айыру деп түсіндіреді. Қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға сай тек қана сот үстау мен қамауға санкция бере алады делінген.
Ұсталған тұлғаның құқықтары біршама шектеледі. Ұсталған тұлға жүріп-тұру еркіндігінен басқа тұлғалармен қатынасу құқығынан, мүлікке билік ету еркіндігімен айырылады, хат алмасуы бақыланады, ол тінтіледі.33 ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабына сәйкес келесідей етіп толықтыруға болар еді. Сот, жүргізілген ұстау жөнінде хабарлама алғаннан кейін қамауға санкция беруі тиіс, не ұсталған тұлғаны жіберуі тиіс. Ол дегеніміз ұсталған тұлға бас бостандығынан айырылады, сондықтан оны не жіберу жөнінде оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауды қолдану туралы сұрақты шешу қажеттілігі туындайды. Қылмыстылықпен күрес мүдделері, яғни бүкіл қоғам мүдделері ұстауды қолдану қажеттілігі білдіреді. Адам қылмыс жасағандығына сезіктенуге өзге де деректер болған кезде, ол жасырынуға әрекет жасаған болса не оның түрақты тұратын жері болмаған немесе жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана оны сезікті ретінде ұстауға ьолады. ҚР Конституциясының 16-на бабына сәйкес ерекшелікті көздей отырып қылмыс жасады деген сезік туындаған тұлғаны соттың санкциясынсыз тек 72 сағатқа дейін ғана ұстауға рұқсат береді. Сонымсн қатар ұстау жүргізілген сағаттан бастап 12 сағат ішінде прокурор жөнінде хабарлануы тиіс. Бұл қатаң шараның мұндай болып жазылуының мақсаты - тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделері кепілінің тиімді жүйесін құру, тәжірибеден анықтау және алдын алу тергеу органдарының заңсыз жәнс негізсіз ұстауларын жою болып табылады. Мұндай ұстауларды жүргізу адам құқықтарының негізгілерінің бірі — тұлғаға қол сұқпаушылық құқығының өрескел бұзылуына алып келеді. Алдын алу тергеу органдары өздерінің тәжірибелік қызметінде ұстауды көп қолданады. Сондай-ақ тәжірибеде негізсіз ұстау жағдайлары да орын алып отыр. Алайда, өмір мен қоғамның барлық жақтарының демократизациялануының бастаулымен бұл салаға да жаңа өзгерістер келеді: ұстаудың нақтылығы мен негізділігінн ведомстволық, прокурорлық қадағалау да күшейтілді. Мұндай прогрестің оң да, теріс те жақтары бар. Ұстаудың заңдылығы мен негізділігіне қатаң қадағалауға талаптың өсуімен ұстау кезінде заңдылықтың бұзылуының санын азайту мүмкіндігінен пайда болды. Алайда, сонымен қатар мүмкін болатын теріс салдардан сақтану мақсатында кейбір тәжірибедегі қызметкерлер бұл процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың барлық негіздері мен шараларын қолданудың барлық негіздері мен мотивтері болуына қарамастан одан бас тарта бастады. Бұл сұрақты тәжірибедегі қызметкерлер арасында зерттеу кезінде кейбір прокурорлар ұстауды көрсетті. Ол оның заңға қайшы келетіндігін өзімізде білеміз. Мұндай тәжірибе қылмыстылықпен күресте өте зиянды, өйткені ол соларға қатысты ұстау қолданылмаған тұлғалардың қылмыстық әрекетін жалғастыруы үшін жағдайлар құрайды. Біздің ойымызша, алдын ала тергеу органдарының қызметінде зандылықтың қатаң сақталуы процессуалдық мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде ұстауды қолданудан бас тартуды білдірмейді. Тұлғаның бостандығы қылмыс жасады деп сезіктелген азамат заңмен белгіленген негіздер болған жағдайда ғана ұсталуы мүмкіндігімен кепілдейді. Кез келген ұстауды ақтауға болады, егер ол қылмыстық процессуалдық институтты реттейтін құқық нормаларына сәйкес жүргізілетін болса. Процессуалдық әдебиеттерде бас бостандығынан айырудың жеке түрі ретіндегі ұстаудың құқықтық сипатта анықтауда қарама-қайшылықтар бар. Айтарлықтай, Л.В.Франктың пікіріне көз жүгіртсек, ұстау - ол қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны бас-бостандығынан айыру және ол үшін соған бас-бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.34 Е.М. Клюковтың ойынша, ұстау дегеніміз қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны заңмен белгіленген тәртіпте оны қамағга алу мүмкіндігі сұрағын шешу мақсатында тұлғаны дереу қамауға алудан тұратын процессуалдық мәжбүрлеу шарасы.35 Ұстаудың басқа белгілерінс З.В. Коврига көңіл бөледі. Оның ойынша, сезіктіні ұстау дегеніміз заңмен тәртіп пен негіз бойынша қылмыстың алдын алу мақсатында, тергеуден жалтаруының алдын алу және іс бойынша шындықты анықтауға бөгет келтіруінің алдын алу мақсатында қолданылатын мәжбүрлі түрдегі қысқа бостандығынан айыру.36 Бұл анықтамада ұстаудың басты белгілерінің бірі бас бостандығына айырудың қысқа мерзімділігі көрсетіледі. Сонымен қатар, мұнда ұстаудың мақсаттары да көрсетіледі. Алайда, "тергеуден жалтару" енгізеді. Сонымен қатар қылмыстық әрекеттің алдын алуда бұл процессуалдық мәжбүрлеу шарасын қолданудың жеке міндеті ретінде көрініс табады деумен келісу де қиынға соғады. Қылмыстық процесстің дұрыс қалыпты барысын қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес ұстаудың барлық мақсаттары ұстауды қолданудың негізінде қосымша факторлар ролін атқара алады деуге де болады. Бұл міндеттер өздігімен ұстауды қолдануды шарттамайды, алайда басқа міндеттер мен жиынтықта ұстауды қолдану туралы шешіледі.
Қолдауға сенімнің құрылуына әсер ете алады. "Бұл шараның мәні –қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды, оларды қамауға алу жолымен қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады” деген тұжырымға келген А.С.Сергеев ұстаудың мәнін қысқаша түсіндіреді.37 Бұл берілген анықтамалар, біздің ойымызша, ұстау институтының мәнін жеткілікті толық ашпайды, өйткені мұнда негізсіз ұстаудың бір белгілерін көрсетіліп, оның мәнін дұрысырақ ашатын басқа ұғымдар ұмытылып қалады.38 А.А.Чувилев өзінің ұстауға берген анықтамасында ұстаудың ең жоғарғы мерзімі мен оның мақсаттарын білдіреді. Ол қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды ұстау қысқа мерзімді болып табылады деп есептейді.39 Осыған сәйесс ұстау 72 сағаттан аспайтын қысқа мерзімде тұлғаның қатыстылығын тексеру және оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу жөнінде сұрақты шешу мақсатында бас бостандығынан айырудан тұрады.40 Сол сияқты осы ережеде бекітілген ұстаудың мақсаттарына негізделе отырып, бірақ барынша ашық түрде ұстау ұғымын Б. Н. Григорьев береді: "Сезіктіні ұстау дегеніміз - анықтау не тергеу органдарымен кейінге қалдырмайтын жағдайларда ұсталған тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оны қамауға алу туралы сұрақты шешу мақсатында оны ұсталғандар орнына жеткізу жолымен түлғаны бас бостандығынан айырудан тұратын, сондай - ақ процессуалдық санкциямен қамауға алғанға дейін не ұсталған тұлғаны босатқанға дейін бұл шараның қысқа мерзімді бастапқы кезеңі түрінде көрініс табатын қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтауға болады.41
Алайда бізге ең дұрысы болып И.М. Гуткиннің ұстау ұғымына берген анықтамасы табылады. Оның берген анықтамасында ұстаудың барлық негіздері көрініс тапқан, яғни процессуалдық кейінге қалдырмайтын және қысқа мерзімділік сипаты, мазмұны мен мақсаты; прокурордың санкциясының керек еместігі, ұстауды жүргізугс құқылы органдар. "Ұстау — деп жасады И.М. Гуткин, тұлғаны қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұратын (сағаттармен есептеледі) және алдын ала тергеу және анықтау органдарымен прокурордың санкциясынсыз қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаға қатысты оның сол қылмысқа қатыстылығыны анықтау мен соған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау арасын қолдану туралы сұрақты шешу мақсатындағы заңмен реттелген кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеті.42 Егер ұстаудың мәнін қысқаша айқындасақ, онда біздің көзқарасымыз бойынша оны келесідей етіп көрсетуге болар еді. Ұстаудың мәні — қылмыс жасады деген сезік туындаған тұлғаға қатысты оны уақытша ұстау изоляторына (одан әрі УҰИ) не т.б. ұсталған тұлғаларды арнайы арналған орындарда ұстаудан тұратын тұлғаны қысқа мерзімді бас бостандығына айыру. Сонымен қатар бір қатар процессуалистер ұстауды қысқа мерзімді қамау деп есептейді және ұстау мен алдын ала қамауға алудың арасында тығыз байланыстың бар екендігін көрсетеді. Мысалы, В.А. Стремовский ең көп тараған көзқарас бойынша сезіктіні ұстау – ол анықтау немесе тергеу органдарымен мен Е.А. Матвиенко ұстауды заңмен көзделген негіздер бойынша прокурордың санкциясынсыз жүргізілген қысқа мерзімді қамау ретінде көрсетеді.43 В.А. Похмелкин ұстауды қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны кейінге қалдырмайтын жағдайда прокурордың алдын ала санкциясынсыз сезіктіге сот пен тергеуден жалтаруына кедергі жасау, сезіктіні тұлғаның қылмыстық әрекетінің алдын алу не ескерту мақсатында жүргізілетін қысқа мерзімді қамау деп анықтайды.44 Аталған авторлар біздің пікіріміз бойынша ұстау институтының негізгі белгілеріне өте негізді көрсетеді, бірақ жеткілікті негізсіз оны қамаудың бір түрі ретінде қарастырады. Қылмыстық процессуалдық ұстау - ол қамау емес, ол бас бостандығынан айырудың жеке дара түрі болып табылады. А.Н. Сергеев "қамау дегеніміз қазіргі әрекет етіп тұратын қылмыстық процессуалдық заң бұлтартпау шарасы ретінде алдын ала қамауға алу деп түсіндірсе, онда ұстауды анықтау кезінде "қамау" терминін қолдану тиімсіз, өйткені ол терминологиялық қатысушылықты енгізеді деп есептейді.45 Сезікті ұстау да, қамау да бас бостандығынан айырумен байланысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасының түрлері болып табылады. Сезіктіні ұстауды қолдану тұлғаны қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға міндетті негіз болмайтындығын ескеру қажет. Ұстау-көмекші сипатқа да ие болуы мүмкін, бірақ ол ұстау тек өзіне ғана тән процессуалдық міндеттер мен мақсаттары бар дегенге қайшы келмейді. Біздің ойымызша, ұстау мен алдын-ала қамауға алудың арасындағы басты айырмашылық ұстаудың кейінге қалдырылмайтындығы мен қысқа мерзімділігінде.
Информация о работе Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі