Туристік өлкетану негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 09:31, дипломная работа

Краткое описание

Курстың міндетіне жататындар: а) туристік экскурсиялық бағдарламалар қүрастыру үшін қажет өлкетанулық ақпараттардың негізгі көздері туралы білім беру; б) студенттерді өз бетінше әртүрлі өлкетанулық ақпарат көздерімен жүмыс жасай білуге үйрету; в) өлкетанулық білімді туристік бизнесте қолдану мақсатында жүйелеу және іздеу дағдысын қалыптастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Туристік өлкетану.doc

— 650.00 Кб (Скачать документ)

Кіші аймақ деп әкімшілік ауданды, қаланы, кентті атаймыз. Түған өлке терминін туристік әдебиетте облыс не болмаса көлемі бойынша шағын республиканы атайды. Мысалы Алматы қаласының тұрғындарына тұған өлке боп Жетісу өңірі және Жамбыл облысының бір бөлігі табылады.

Ал өлкені жан-жақты зерттеу дегеніміз оның:

  1. Табиғатың барлық элементтерінің (геология, жер бедері, топырығы, климаты, сулары, өсімдік және жануар дүниесі) бір-бірімен байланыстылығы, шиеленісуі. 
  2. Тарихы және демографиясы (қалалар этнографиясы, және ауылдар, топонимика т.б.).
  3. Экономикасы мен табиғи орта мен шаруашылығының байланыстылығы.
  4. Мәдени және рухани өмір, халықтың творчестволық әрекеті (қол өнері, фольклор, архитектура т.б.)

Түрі бойынша өлкетану салалық (тарихи, табиғи-географиялық, этнографиялық, фольклорлық) және комплексті – географиялық болып бөлінеді.

Табиғи-географиялық өлкетану аймақтың ауа бассейнін, жерін, су ресурстарын, жануар және өсімдік әлемін  зерттейді.

Тарихи – жазба, заттай қалған ескерткіштерді, археологиялық қазбаларды, әдеби және архивті деректерді, құрылыс және сәулет ескерткіштерді зерттейді.

Этнографиялық – нақты микроауданның халығының әрекетін, дәстүрін, киімін, үй жиһазын, құрал-жабдықтарын зерттейді.

Фольклорлық (неміс тілінен «халақ») – декоративті» туындыларды, қөркем өнерін және халықтың ауыз творчествосын, салтын зерттейді.

Комплексті географиялық өлкетану табиғи және әлеуметтік құбылыстарды барлық  байланыстарымен бірге зерттейді. Бұнда негізгі тәсіл боп ақпарат жинау, оны жүйелеу жатады.

Комплексті өлкетану бір қатар ғылыми пәндердің жиынтығы, бірақ географиямен өте тығыз байланысты. Өлкетануды «кіші география» деп қарастыруға болады.

Мәдениет және рухани өмір, халықтың творчестволық әрекеті (қол өнер, искусство, фольклор, сәулет өнері).

Құрылымы бойынша өлкетану мемлекеттік, қоғамдық және мектептік боп бөлінеді.

Мемлекеттік өлкетану республикалық, облыстық, аудандық өлкетану мұражайларымен, қітапханаларымен, ғылыми-зрттеу мекемелерімен   жүргізіледі.

Қоғамдық өлкетану туристердің, өлкетану сүйушілер мен, қоғамдық ұйымдар (табиғатты, тарихты және мәдениетті қорғайтын қоғамдар) күші мен жүргізіледі.

Мектептік өлкетануды мұғалімнің басшылығымен мектеп оқушылары  жүргізеді. Мектепте өлкетанудың екі негізгі формасы құрылды: бағдарламалы (оқулық) және бағдарламадан тыс (кластан тыс).

Мектептен тыс өлкетану – мектептен тыс балалар ұйымдар – туристік клубтар, үйірмелер, скауттық ұйымдар – туристік жорықтар, экскурсиялар, оқушылардың ғылыми әрекеттері.

Қазақстанда өлкетанулық зерттеулерінің ұзақ және қызықты тарихы бар. Жүйелі зерттеулер 19 ғасырдың аяғында Орыс география қоғамы, Ғылыми Академия, Орыс Археология қоғамының Шығыс бөлімшесі, жаратылыстануды сүюшілер қоғымы бөлемшелерімен жүргізілді.

 Жетісуға 1886-1892 жылдары аралығында  көптеген экспедициялар ұйымдастырылған. Н. Мұстафаевтің мәліметтері бойынша  Орыс географиялық қоғамының  Орынбор, Түркістан және Семей  болімшелерінің мүшесі Н.М.Потанин, Н.М.Ядринцев, Н.М.Бекчурин, И.Алтынсарин, Г.С.Карелин т.б. болған.

Жетісуда өлкетану зерттеулерінің ұзақ және қызықты тарихы бар. А.Е. Қайназарованың  пікірі бойынша Қазақстанда өлкетану жұмыстары XIX-XX ғғ. басталған. Қазақстанда Орыс география қоғамының, Орыс археология қоғамының шығыс бөлімшелері т.б. жұмыс істеген.

Зерттеу мақсатымен Жетісуға көптеген экспедициялар ұйымдастырылады. 1886 жылы А.Н. Красновтың ал  1891-1892 жылдары Н.Ф. Катановтың экспедициялары. Қазақ ауылдарында Г.Н. Потанин және С.Г. Рыбаковтар жұмыс істеді. Осы зерттеулер нәтижесінде қазақтардың этнорафиясы жөнінде еңбектері жарияланды, олар басқа да өлкетанушылармен байланыста болды.

1919 ж. Казвоенкомат жәнінен Тарихи-статистикалық  бөлімі ашалады, болашақта Қазақстанды  зерттейтін қогам болып аталады. 1920 жылы қазанның 15 Казакстанды зерттеу қоғамының ұйымдастыру жиналысы өтеді, бөлімнің бастығы болып А.П. Чулошников тағайындалады.

1932 ж.өлкетанудың Орталық бюросы  негізгі жетекші орталыққа айналады, ол 1937 жылға дейін жұмыс жасады, кейіннен өлкетанулық зерттеулер Совет Одағының география қоғамына беріледі.

 

Бақылау сұрақтары:

    1. «Өлкетану», «туған өлке», «кіші территория» түсініктеріне анықтама беру
    2. Қандай себептен   өлкетанудың түрлері бөлінеді, оларды атап  сипаттама беріңдер?
    3. Қандай себептен   өлкетанудың формалары бөлінеді, оларды атап  сипаттама беріңдер?
    4. Не себептен Ш. Уалиханов қазақтың алғашқы өлкетанушысы болып саналады?
    5. Ресейде өлкетанудың негізін қалаушысы болып кім саналады?
    6. Қазан төнкерісіне дейін Қазақстан аймағын қандай мемлекттік және қоғамдық ұйымдар зерттеді?
    7. Қазақстандағы мектептік өлкетанудың кезеңдерін анықтаңдар.
    8. Кәзіргі күнде Қазақстан Республикасында өлкетану зерттеулері қандай мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен жүргізіледі?

 

 

 

Қазақстандағы өлкетанудың

міндеті мен мақсаты

 

Өлкетану ғылыми пәндердің жиынтығы болып саналады, олар мазмұны және зерттеү тәсілі бойынша мүлдем сәйкес келмейді, бірақ туған өлкені жан-жақты ғылыми түрде зерттейді.

Қәзіргі Қазақстандағы өлкетану зерттеуіндегі әрекеттердің құрылымын түсіну үшін кіші аймақ, туған өлке, түған өлкені жан-жақты зерттеу, өлкетанудың түрі мен формалары, туристік өлкетану сияқты түсініктерді анықтау қажет.

Кіші аймақ деп әкімшілік ауданды, қаланы, кентті атаймыз. Түған өлке терминін туристік әдебиетте облыс не болмаса көлемі бойынша шағын республиканы атайды. Мысалы Алматы қаласының тұрғындарына тұған өлке боп Жетісу өңірі және Жамбыл облысының бір бөлігі табылады.

Ал өлкені жан-жақты зерттеуге оның табиғатының барлық элементтерінің (геология, жер бедері, топырығы, климаты, сулары, өсімдік және жануар дүниесі) бір-бірімен байланыстылығы, шиеленісуі.  Тарихы және демография (қалалар этнографиясы, және ауылдар, топонимика т.б.). Экономикасына табиғи орта мен шаруашылығының байланыстылығы.

Мәдениет және рухани өмір, халықтың творчестволық әрекеті (қол өнер, искусство, фольклор, сәулет өнері).

Құрылымы бойынша өлкетану мемлекеттік, қоғамдығ және мектептік боп бөлінеді.

Мемлекеттік өлкетану республикалық, облыстық, аудандық өлкетану мұражайларымен, қітапханаларымен, ғылыми-зрттеу мекемелерімен   жүргізіледі.

Қоғамдық өлкетану туристердің, өлкетану сүйушілер мен, қоғамдық ұйымдар (табиғатты, тарихты және мәдениетті қорғайтын қоғамдар) күші мен жүргізіледі.

Мектептік өлкетануды мектеп оқушылары  жүргізеді. Түрі бойынша өлкетану салалық (тарихи, табиғи-географиялық, этнографиялық, фольклорлық) және комплексті –географиялық болып бөлінеді.

Табиғи-географиялық өлкетану аймақтың ауа бассейнін, жерін, су ресурстарын, жануар және өсімдік әлемін  зерттейді.

Тарихи – жазба, заттай қалған ескерткіштерді, археологиялық қазбаларды, әдеби және архивті деректерді, құрылыс және сәулет ескерткіштерді зерттейді.

Этнографиялық – нақты микроауданның халығының әрекетін, дәстүрін, киімін, үй жиһазын, құрал-жабдықтарын зерттейді.

Фольклорлық (неміс тілінен «халақ») – декоративт» туындыларды, қөркем өнерін және халықтың ауыз творчествосын, салтын зерттейді.

Комплексті географиялық өлкетану табиғи және әлеуметтік құбылыстарды барлық  байланыстарымен бірге зерттейді. Бұнда негізгі тәсіл боп ақпарат жинау, оны жүйелеу жатады.

Комплексті өлкетану бір қатар ғылыми пәндердің жиынтығы, бірақ географиямен өте тығыз байланысты. Өлкетануды «кіші география» деп қарастыруға болады.

Жетісуда өлкетану зерттеулерінің ұзақ және қызықты тарихы бар. А.Е. Қайназарованың  пікірі бойынша Қазақстанда өлкетану жұмыстары XIX-XX ғғ. Басталған. Қазақстанда Орыс география қоғамыны, Орыс археология қоғамының шығыс бөлімшелері т.б. жұмыс істеген.

Жетісуға 1886-1892 жылдары аралығында көптеген экспедициялар ұйымдастырылған. Н. Мұстафаевтің мәліметтері бойынша Орыс географиялық қоғамының Орынбор, Түркістан және Семей болімшелерінің мүшесі боп Н.М.Потанин, Н.М.Ядринцев, Н.М.Бекчурин, И.Алтынсарин, Г.С.Карелин т.б. болған.

 

 

Лекция № 2

Өлкетану сүйенетін деректер

Лекция жоспары

  1. Өлкетанудың деректерімен принциптері
  2. Өлкетану зерттеулерінің негізгі кезеңдері
  3. Зерттеулер әдістерінің жүйленуі

 

Өлкетану жұмысы – туризм саласына мамандарды дайындаудың ажыратылмайтын бөлігі. Ол өзіне туған жер туралы білім алу, ақпарат жинау біліктілігін қалыптастыру, бақылау әдістерін оқып білу, жиналған ақпаратты анализдеу және өңдеу дағдылықты арттыруды қамтиды.

Өлкетанудың  принциптері : ғылымдылық, жүйелілік, жинақтылық және аймақтылық.

Өлкетанудың деректері: әдебиеттік, картографиялық, архивтік, статистикалық, құжаттық, бақылау.

Өлкетанудың негізгі әдістерінің кезеңдеріне жататындар:

    • түрлі өлкетанулық әдебиеттерді және материалдарды жинау, қортындылау;
    • алдын-ала белгіленгін нүктеде жүйелі бақылаулар жүргізу
    • өлкені зерттеу, жорық және саяхат кездерінде бағытты бақылаулар жүргізу
    • жиналған мәліметтерді өңдеу (карта, график, диаграмма, коллекция, жердің кескінін жасау)
    • жиналған мәліметтерді анализдеу және талдап қорыту

Жалпы өлкетанудың негізгі  әдістері: әдебиеттік, картографиялық, статистикалық, далада арнайы құралдармен бақылау жүргізу, визуалды, салыстырма-тарихи т.б.

Өлкетанылық әдебиет деректерін зерттеу

Қартографиялық деректер

Статистикалық деректер

Құжыттық деректер

Архивтік деректер

Ауыз сөз деректері

Мәдени-тарихи ескерткіштер деректер ретінде

 

Бақылау сұрақтары

  1. «Принцип» дегеніміз не, өлкетанудың принциптері неде?
  2. Түрлі библиографиялық мәліметтермен жұмыс істудің әдістері қандай?
  3. Мемлекеттік архивте жұмыс істеу үшін қандай құжаттар алу қажет?
  4. Статистикалық бюллетеньдерден қандай мәліметтерді алуға болады?
  5. Мәдени-тарихи ескерткіштер деректер дегеніміз не, олар қандай мәлімет береді?
  6. Аймақта өлкетанулық зерттеулер жүргізген кезде қандай әдістер қолданылады?

 

Лекция № 3-4

Физикалық - географиялық зерттеулер

 

Лекция жоспары

  1. Физико-географиялық зерттеүлердің мақсаты
  2. Физико-географиялық зерттеүлердің түрлері
  3. Геологиялық зерттеулер
  4. Геоморфологиялық зерттеулер
  5. Метеорологиялық зерттеулер
  6. Гидрологиялық және гляциологиялық зерттеулер
  7. Зоологиялық және геоботаникалық зерттеулер

 8. Туристік-өлкетану жұмысындағы өсімдік және жануар дүниесін қоргау мәселелері

 

Кәзргі кезде өлкетану жұмыстары, көбінде туристік-экскурсиялық мекемелермен жүргізіледі, олардың іс-әрекеттері жергілікті рекреациялық ресурстарды және экскурсиялық объектілерді пайдалану.

“Туристік энциклопедияда” өлкетану деп мемлекеттің нақты бір бөлігін –жергілікті халық үшін туған жер болып саналатын (облыс, аудан, қала, ауыл) аймақты зерттеуін айтады .

       Өлкетанушылардың зерттеуіне табиғат компоненттері болып табылатын: аймақтың геологиялық құрылысы мен тау жыныстарының құрамы, жер бедері, климат, гидрология, топырақ, өсімдік, жануарлар, ландшафт (аймақтық табиғи кешендер).Физгеографиялық зерттеулер бір неше сатыдан (кезеңнен) тұрады, олар жұмыстың методикасымен түрлі жер туралы ғылымдардың тәсілдерін анықтайды.

  1. Дайындық сатысында әдебиет пен, фонд материалдары мен (болашақта жорыққа баратын аудан туралы) танысады. Картграфиялық материал дайындалады. Өлкетану зерттеулер жүргізу үшін ең қолайлы масштаб 1 сантиметрде 0,5 – 1,5 километр (1:5000, 1: 5000000) Осы дайындық кезінде түрлі бұрын туристік топтармен жазылған отчеттармен, жорық ауданында болған саяхатшылардың материалдарымен, суреттермен, карта кескіндерімен танысу қажет - өте мете “жорық ауданының физика георафиялық шолу” Бұл кезеңде қолданатын тәсілдер: салыстырмалы, анлиз және синтез, картографиялық, бейнелеу  т.б.
  2. Дала зерттеулері кезінде келесі пайдаланылады – маршруттар, профильдер, өзікті бөліктер.
  3. Үшінші сатысында жиналған материалдарды алдын-ала өңдеу кезінде барлық материалдар қарастырылып, жүйеленеді, тау жыныстар, топрақ, өсімдік сипаттамалары комплексті және компонентті карталардың, профильдердің варианттарын құрайды.

Өлкетану зерттеулерінің рекреациялық бағытын еске ала тұрып, карторафиялық тәсілдерді пайдаланған кезде келесі бағыттарды бөліп шығаруға болады.

  1. Туристік ресурсының жеке түрлерін зерттеу
  2. Туристік ресурсының бірнеше ұқсас түрлерін бірге зерттеу
  3. Ресурстардың динамикасын зерттеу
  4. Туристік ресурсқа сапалы баға беру
  5. Туристік ресурстың сиымдылығын анықтау
  6. Туристік ресурсқа әсер ететін факторлары зерттеу (ауарай жағдайы)

Информация о работе Туристік өлкетану негіздері