Тұтынушылардың психологиялық талаптарына сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 16:28, дипломная работа

Краткое описание

Туризм нарықтық қатынас жағдайында экономика саласындағы қарқынды дамып келе жатқан сала ретінде табыс көзінің бірі болып табылады. Туристік индустрияның дамуы, одан түсетін қомақты валюталық кіріс экономиканың әртүрлі секторына белсенді түрде әсер етуімен қатар туристік индустрияны қалыптастыруға ықпал етеді. Туризм саласына әлемдік ұлттық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әрбір 16-шы жұмыс орны тиесілі. Туризм индустриясын дамытушы күш – туризмнің инфрақұрылымы, оның алғы шарттары болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

gotovyi.docx

— 393.58 Кб (Скачать документ)

1) Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;

2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;

3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;

4) Сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;

5) Қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.

Есте сақтаудың тиімді әдісі қажетті материалдарды  жаттап алу. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін мнемоника (жаттап алу  амалы) деп атайды. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз жүзеге асады. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Адам оған өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртады. Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғанды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық пайда болады. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады. Бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ ұмытылған нәрсе бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты — адамның әр түрлі іс-әрекеттері. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек. Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психология және нейропсихология бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан зерттеу қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. 

       Есте сақтау — жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі — адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

      Ақпаратты есте сақтау – бұл ес қабілеті, ал жаттап алу оқытумен тығыз байланыста.  Психологтар бұрыннан  адамдар қалай жаттайды және жаттаған неліктен көп нәрселерін ұмытатынын түсіндіруге тырысқан. Бірақ біреуі де бұл сұраққа жауап таба алмады. Бір теорияға сәйкес, адам бір нәрсені үйренгенде, бір қатар физикалық өзгерістер болады екен. Мида жетелеген іздер қалады. Сәйкесінше есте қалған нәрсе немесе іздер, миды тастап кете алады немесе уақыт өте келе өшіп қалады. Қандай да болсын уақиғаға деген сіздің қатынасыңыз да, есте қалғанға, жоқ ұмытуыңызға ықпал етеді. Негізі адамдар жағымсыз, қынжылтатын нәрселерді ұмытып, жақсыларын есте сақтайды екен. Ми әр түрлі тапсырмаларды жаттай алады. Жоғары ұйымдасқан ми қиын тапсырмаларды да жаттауға қабілетті. Қарапайым миға оқыту анайы нәрсе. Адамдарда ақыл-ой қабілеттілік көрсеткіші өте жоғары. Біз ес дейтін мидағы ақпарат қайда және қалай сақталады? Біз айтып өткендей, ғалымдар оны түсіндіре алмады. Адам миының құрылысы күрделі. Адам миының қыртысы – бұл алдыңғи мидың бүгілген, кіржиген, шатасқан үлкен бөлігінің жоғарғы жағы.

Адам өзі куә болған окиғаларды, көргендерін, естігендерін, оқығандарын есте сақтайды. Есте сақтау адамның психикалық үдерістерінің  бір көрінісі. Есте сақтау аркылы бұрынғы  окиғалар мида жинақталады, қорытылады және қажет кезінде қайта пайдаланады. Есте сақтау арқылы адамзат тарихында  мындаған жылдар жинақталған білім  мен тәжірибелер еске түседі. Әрбір  адамның есте сақтау қабілеті өзіне  ғана төн. Есте сақтаудың 2 жолы бар. Оның бірі - ойланбай есте сактау, екінші мәнісіне түсініп есте сақтау.Ойланбай есте сақтау - белгілі бір мәліметтердің мағынасына мән бермей, тек жаттап алу. Бұл бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде жүзеге асады. Жаттанды деректер ұзақ уақыт есте сақталмайды, оның тек уақытша ғана мәні бар. Мәнісін түсініп есте сақтау кезінде адам сол деректердің мәніне терең талдау жасайды. Сол арқылы оқығандарын терең түсінеді, ұзақ уақыт есте сақтайды.

Қорыта келе бұл тарауда  тұтынушы ретінде туристің ақпаратты  қабылдау мен өңдеудің психологиялық  аспектілерін теория негізінде қарастырдық. Ол аспектілер: тұтынушы назарын тарту, ақпаратты қабылдау мен түсіну және есте сақтау болып табылады. Тұтынушылар назарын аудару зейінмен тікелей байланысты болып келеді. Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады. Ақпаратты қабылдау мен түсіну бұл адамзаттың қоршаған ортамен тікелей қарым – қатынаста екенін көрсететін құбылыс. Адам дүниеге келесімен -  ақ сан түрлі ақпараттармен жұмыс жасайды. Ақпарат бұл айналадағының бәрі. Адам ақпаратпен жұмыс істеу нәтижесінде дамиды, алға қарай ұмтылады. Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі.

3 «HOLIDAY TOUR» ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ МЫСАЛЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖАСАУ

 

 

3.1 Туристік өнімді нарыққа енгізу барысында сауалнама жасау

 

Қазіргі кездегі тұтынушылар талаптарына әсер ететін факторларды анықтау үшін сауалнама жасадық. Психология пәнінде адамдарды зерттеу үшін тікелей емес жанама сұрақтар қойылып олардың жауаптары сұрыпталады. Біз өз кезегімізді осындай тәсілдерді пайдаланып көрдік (Қосымша). Тұтынушылар талаптарына психологиялық сараптама жасау үшін жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша мынадай үрдістер байқалды. Сауалнамаға 70 респондент қатысты. Сауалнама нәтижелері (Кесте 1):

 

Кесте 1.

Сауалнама нәтижелері

 

Сауалнама сұрақтары

Респондент жауабы

Респондент саны

1

2

3

1 Сіз  шет елге соңғы үш жылда шет елге немесе еліміздің аумағында саяхат жасадыңыз ба?

Иә

55

Жоқ

15

2 Қандай мақсатпен саяхат жасадыңыз?

А) демалу, көңіл көтеру

37

Б) іскерлік мақсатпен

15

В) діни мақсатпен

10

Г) басқа

8

3 Сіздің ойынызша, сізге саяхат жасауыңызға не кедергі болды?

А) Турөнім бағасы

8

Б) Уақыттың жетіспеушілігі

3

В)  Денсаулық жағдайының шектеулігі

2

Г)  Отбасының өмір циклі

2

Д)  Қызығушылықтың болмауы

0

Е)   Қорқыныш пен қауіпсіздік

0

4 Сіздің турды сатып алуыңызға не әсер етті?

 

 

 

 

 

1

А) Әдемі жасалған жарнама

10

Б) Сапалы қызмет

8

В) Демалыс ұзақтығы

7

Г) Үлкен түсілім (скидка)

18

Д) Үрдіс мода

3

Е) Елдің ауқаттылығы

5

Кесте 1 жалғасы

2

3

Баска

4

5 Сіздің бюджет жағдайыңыз турды қандай бағада сатып алуға мүмкіндік береді?

А) 500-1000$

15

Б) 1000-1200$

20

В) 1200-1700$

15

Г) 1700-2200$

5

6 Сіз әлемнің қай бағытында  саяхаттағанды қалайсыз?

А) Еуропа (Испания,Италия,Франция)

15

Б) Азия (Турция,Қытай,БАӘ)

25

В) Оңтүстік Шығыс Азия (Тайланд,Вьетнам,Үндістан)

25

Г)  Өзіңіздің нұсқаңыз

5

7. Сіз саяхаттардан әсер аласыз ба?

Иә

49

Жоқ

6


 

Тұтынушылар жалпы сыртқы шығу туризіміне көп көңіл бөледі, халықтың туристік белсенділігі біртіндеп  қалпына келуде. Клиенттік базаны кеңейту мақсатында туристік фирмалар  ұсынылатын өнімдердің құрылымын жетілдіріп, кеңейтуде, сондай-ақ туристік бизнестің  ерекшелігін ескере отырып, клиенттерді  саяхат жасауға тарту үшін қызмет көрсетудің жеке тәсілін қолдануда  керек. Респонденттердің жасы он сегізден алпыс жас аралығында болды. Қызметтері әр түрлі мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер, студенттер және дәрігерлер. Олар 10 сұрақтан тұратын сауалнама қатысып, біздің зерттеулерімізге өз үлестерін қосты. Сол сауалнама арқылы біз туристердің талаптарын анықтауға тырыстық.

Тұтынушылар алыс жақын шет  елдерде соңғы үш жылда саяхат жасаған туристер санының пайыздық мөлшерін көре аламыз (Сурет 3).  Саяхат жасау мақсаттары әр түрлі, демек  уәждемесіне әсер еткен факторлар  сан алуан.

Талдау жасалып отырған  кезеңде туристік саяхаттарға сұраныстың ұлғайғанын атап өткен тұтынушылар үлесі 78%-ды, ал қалғандары 22% құрады. Бұл ретте мұқият жүргізілген талдаудан туризм саласының дамып келе жатқан оң бетбұрысын көре аламыз.

Респонденттердің жетпіз сегіз пайызы соңғы үш жылда шет елде және еліміздің аумағында саяхаттағандарын айтты. Ал қалған жиырма екі пайызы саяхат жасамаған екен. Ондай жағдайдың болуына өте көптеген себептердің барын айтты. Ол себептерге бірінші тарауда турды сатып алуға әсер ететін факторлар жатады. Көбінесе ол сыртқы факторлар болып табылады. Егер ол факторлардың әсері аз болса,онда елімізде және шет елге саяхаттаушы тұтынушылардың саны артады. Сол үшін турфирмалар ұсынатын өнімдерді ұсынғанда осы факторларға көңіл бөлу керек деген ұйғарымға келдік.

 

Сурет 3.  Шет елге саяхат жасағандардың пайыздық мөлшері

 

    Клиенттердің қандай мақсатпен саяхат жасағандарын есептегенде, басымдылық демалу, көңіл көтеруге тиесілі болды (54%). Ол саяхат жасағандардың тең жартысын құрайды.  Екінші орында іскерлік мақсатпен жасаған туристер алады (21%). Респонденттердің жауабы бойынша көп клиенттер іскерік мақсатпен саяхат жасағанда туристік іс-шараларға да қатысады. Ал діни мақсатта респонденттердің (14%) саяхат жасаған. Ал қалған (11%) басқа мақсатпен саяхаттаған. Тұтынушылар әр түрлі мақсатта саяхат жасаған екен. Елімізде туризмнің даму қарқынының, соның ішінде шығу туризм жоғары үдерісін сурет 4 көреміз.

 

 

Сурет 4.    Саяхат жасағандардың  мақсаты

 

    Тұтынушылардың жарнамалық ақпараттарға деген көзқарасын білу үшін және олардың саяхат жасау уәждемесіне әсерін білу үшін қойылған сұраққа алынған жауаптан, көпшілігі үлкен түсілімге мән беріп қарайтынын білдік (Сурет 5). Себебі, тұтынушылар өздерінің қаржылық жағдайының саяхаттары үшін нашарламауын ойлайды. Сондықтан түсілімдері бар тупөнімдерге қызығады. Бірақ одан кейін суреттеріне қарайды. Яғни туристердің саяхат жасау уәждемесіне психологиялық тұрғыдан талдау жасасақ оларға жарнамалар әсер етеді екен. Тұтынушылардың көпшілігі туристік жарнамалардың баспасөз құралдарында және көшеде орналасқан билбордтарда адамды қызықтыратын жағымды ақпараттарымен берілетініне көз жеткіздік. Себебі, жақсы жасалған жарнама туристің назарын аударуға көп себебін тигізеді. Жарнамадан кейін туристер қызмет сапасына коп көңіл бөледі. Сонымен қатар, демалыстың ұзақтылығы да кейбір туристер үшін маңызды екенін байқадық. Үрдіске еліктейтін респонденттер аз болды. Психологиялық талдаулар жасау көп уақытты қажет ететін зерттеулер. Қазіргі таңда алынып отырған ақпараттар адамдардың көңіл күйі, демалысқа деген сұранысына байланысты. Егерде елімізді немесе көрші елдерде саяси жағдай өзгеріп тұрақсыздық басталса туристер саны күрт азаяды. Себебі барлық жағдайда адамдардың саяхат жасау уәждемесіне барлық ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

 

 

Сурет 5.   Турды сатып  алуға әсер еткен жағдайлар талдауы

 

Респонденттердің қаржылық жағдайын анықтаған кезде мына нәтижеге жеттік. Сауалнамаға қатысқан халықтың әлеуметтік жағдайы орташа екенін байқадық. Себебі, олар таңдаған тур бағалары орташа баға болып табылады. Оны  Сурет 6дан көре аласыздар. Суретте  көрсетілгендей респонденттердің 27 пайызы 500-1000$  және 1200-1700$ ақша көлемінде, 30 пайызы 1000-1200$, 10 пайызы 1700-2200$ ақша көлемінде  тур сатып алуға мүмкіндіктері  бар. Осы нәтижелерді қорыта келе мынаны айтуға болады: Қазақстанның туристік нарығына орташа бағалы турларды көп ұсыну керек, сол кезде турларға деген сұраныс артады.

 

 

Сурет 6. Тұтынушылардың қаржылық жағдайының көрсеткіші

 

        Сіз әлемнің қай бағытында саяхаттағанды қалайсыз? деген сұраққа респонденттердің көпшілігі Азия (Турция,Қытай,БАӘ) және  Оңтүстік Шығыс Азия (Тайланд,Вьетнам,Үндістан) деген нұсқаларды белгіледі. Оның себебін түсіндіре кетсек, бұл мемлекеттер біздің идеологиямызға, менталитетімізге және салт-дәстүрімізге жақын болып келеді. Сонымен қатар, бұл елдерге турлардын бағасы Еурапа елдеріне қарағанда арзанырақ болып келеді. Сондықтанда біздің тұтынушыларымыз осы елдерге саяхат жасағанды ұнатады, қалайды. Ал басқа елдерді атаған бес респондент адам аяғы баспаған жерлері бар елдерге барғысы келетінін айтты (Сурет 7).

 

 

Cурет 7. Тұтынушылардың  саяхат жасаудағы қалайтын бағыттары

 

Сіз саяхаттардан әсер аласыз ба? Деген сұраққа саяхаттаған 55 респонденттің  49 иә және 6 жоқ деп  жауап берді. Психологиялық тұрғыдан бұл жауаптарды қорытындыласақ, әсер алмаған туристер өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмағанын айтуға болады. Ондай жағдайға себеп болған: қызмет сапасы немесе дұрыс ұйымдастырылмаған саяхат болуы мүмкін.

Дегенмен де жанұя мүшелерінің, соның ішінде балалар үшін ата-ана  шешім шығарады. Тұтынушылардың туристік ақпараттарға мән беріп қарауының  өзі белгілі бір дәрежеде психикасына  сигнал беріп, оны саяхат жасауға  итермелейді. Сондықтан болар көпшілік тұтынушы саяхат жасауға тырысады. Айта кететін жайт әлде де болса  саяхат жасауға турлардың бағасы кедергі болып тұр.Тұтынушылардың саяхат жасауы үшін біріншіден ақпараттар, сонымен қатар физиологиялық, психологиялық  факторлар әсер етеді. Саяхат түрлері  туристік уәждеменің  жіктемесін  жасауға мүмкіндік береді.

1) Денсаулығын күту;

2) Спортпен айналысу;

3) Оқу;

4) Өзін-өзі көрсету мүмкіндігі;

Информация о работе Тұтынушылардың психологиялық талаптарына сипаттама