Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:35, реферат
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.
Алымдарды белгілеу де мемлекет тарапынан, жоғарғы өкілді орган шығарган нормативтік қүқықтық актінің негізінде жүзеге асырылады. Дәлірек айтсақ, алымдарды белгілеудің жалпы принциптерін ҚР Парламенті айқындаса, ал олардың нақты ставкаларын әкімшілік — аумақтардың ерекшеліктері мен экономикалық жай — күйлерін есепке ала отырып белгілеу ҚР Үкіметіне немесе жергілікті өкілді органдар — мәслихаттарға жүктелуі әбден мүмкін.
Баждарды белгілеу тек Парламент арқылы, ол қабылдаған заң негізінде жүзеге асырылады. Баж алу объектілері мемлекетгің арнайы мамандандырылған органдары көрсететін немесе жасайтын заңи және басқа да маңызы бар белгілі бір қызметтер болып табылады және сол қызметтерді пайдаланған заңды және жеке тұлғалар баж төлеушілер болып есептелінеді. Баждардың өзіне тән қасиеті ақылы болып келеді немесе біршама - баламалы деген термин қолданылады.
Салықтарды, алымдар мен баждарды, сондай — ақ басқа міндетті төлемдерді алуды тікелей салық органдары жүзеге асырады. Салық органдары ҚР қаржы министрлігінің Салық комитетінің облыстардағы, аудандардагы мемлекеттік салық органдарынан тұрады. Салықтарды алу, яғни төлеу занда, ҚР Үкіметінің, сондай-ақ салық органдарының нормативтік-құқықтық және нұсқаулық актілерінде көзделген мерзімде жүргізіледі. Салық органдары салық төлеушілер мен салық салынатын және салық салуға байланысты объектілердің есебін уақытылы алу нәтижесінде салықтық міндеттемелердің мерзімінде орындалуына жағдай туғызады.
Салықтық реттеу салық салу жүйесінде пайдаланылатын арнаулы тәсілдер мен әдістер арқылы құқықтық негізде жүзеге асырылады.
Салықтық реттеу әдістеріне: салық шегерімдері, инвестициялық салықтық преференциялар, салық демалыстары, салықтық рақымшылық ету, қосарлы салық салуға жол бермеу жөніндегі халықаралық шарттар, салықтық түсімдерді бюджеттер арасында бөлу, тиісті салық ставкаларын таңдау және белгілеу жатады және олар бюджеттік реттеу әдістерімен тікелей байланысты болады.
Ал салықтық реттеу тәсілдері (стимулдары) жеңілдік беру және санкция қолдану жүйелері негізінде пайдаланылады. Жеңілдік беру жүйесі: аванстық төлемдерді жою; берілген өтініш бойынша салықты төлеу мерзімін кейінге қалдыру; белгілі негіздерге қарай салықтық міндеттемелердің салма-ғын жеңілдету сияқты және т.б. әдістерден тұрады. Санкция қолдану жүйесінде қаржылық айыппұлдар, өсімақылар, салық берешегін мәжбүрлеп алу және әкімшілік айыппұлдар көрініс табады.
Мемлекеттің салықтық қызметінің мақсаттары:
Салықтық қызметті жүзеге асыру барысында салықтардың экономикалық мән-жайын білдіретін фискалдық, қайта бөлу, бақылау және реттеуші функциялары да өз рөлдерін атқарады.
Мемлекет атынан жүзеге асырылатын салықтық (салықтық-бюджеттік) қызмет тек құқықтық негіздерге сүйене отырып атқарылады. Салықтық қызметтің құқықтық негіздеріне, бірінші кезекте ҚР-ның Конституциясы, арнайы қаржылық, салықтық зандар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер жатады.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС 16.1. Азаматтық құқық туралы ұғым
Азаматтық құқық ҚР құқық салаларының бірі. Оның орны ең тұрақты, негізгі құқықтық салалардың арасында деп айтуға болады. Азаматтардың (жеке тұлғалардың), әртүрлі ұйымдардың (заңды тұлғалардың) күнделікті мүліктік қарым-қатынастары, бірқатар мүліктік емес қатынастары азаматгық құқық нормаларымен реттеледі. Қазіргі құқық теориясында азаматтық құқықты жеке құқық саласы ретінде тану тұрақтанды. Орыс тілінде бұл арнайы сөз тіркес "частное право" деп тұжырымдалады. Орыс тіліне ол латын тілінен келген, Рим құқығында бүкіл құқықты "ius publicum" және "ius privatorum" етіп болу орын алған, соңғысы жеке құқық деп аударылады. Өз кезегінде бүл арнайы сөз тіркес бөлек тұлғаның мүддесін жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін құқықтық саланы (құқықты) білдіреді.
Өзге құқықтық салалармен реттелетін қатынастардың пайда болу негіздерімен салыстырғанда азаматтық құқықтық қатынастар көптеген негіздер бойынша пайда болады. Осы қатынастар тұлғалар өздерінің құқықтарын, мүдделерін кәдімгі өмірлік жағдайларда жүзеге асырғанда қалыптасады, немесе, егер олардың құқықтары бұзылса сол кезде де пайда болады. Ал, мысалы, қылмыстық құқықтық қатынастар тек белгілі бір құқықтық бұзушылық жасалуына байланысты ғана пайда болады.
Осы айтылғанға негізделіп азаматтық құқықтың анықтамасын берейік. Азаматтық құқық бүл қатысушылар теңдігіне негізделген мүліктік қатынастарды, мүліктілермен байланысы жоқ өзіндік мүліктік емес қатынастарды және мүліктілермен байланысты өзіндік мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық сала. Өзге де құқықтық салалар да сияқты азаматтық құқықтың дербес реттеу нысанасы аталған үш топ қатынастары, реттеудің құқықтық әдісі болып табылады. Азаматтық құқықтың өзге құқықтық салаларға қарағанда өзгешелігінің дәрежесі едәуір қағидаттары да бар.
Біз берген анықтама заңнамаға негізделеді. Азаматтық Кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық зандармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатына-стар мәнінен туындамайды.
Осы қатынастар қандай екенін түсіндіріп кетуге тырысайық. Мүліктік қатынастар азаматтық құқықта үш негізгі типте болып келеді. Ең негізгі бөлініс бұл оларды заттық және міндеттемелік қатынастар ретінде жіктеу. Құқықтық әдебиетте осы туралы тікелей айтылмағанымен үшінші топ ретінде санаткерлік (интеллектуалдық) меншік жөніндегі қатынастарды атауға болады.
Мүліктік қатынастардың пайда болу негіздері көп. Олар әр түрлі мәмілелер, өзге құқыққа сай келетін әрекеттер, құқыққа қайшы әрекеттер, оқиғалар орын алуы себебінен пайда болады. Мәмілелер бүл мүлікті сатып алу-сату, сыйға тарту, мүлік жалдау, сенімхат беру, мүра қабылдау және көптеген басқа мәмілелер.
Пайда болу негіздерінің көптілігіне қарамастан мүліктік қатынастар типіне қарай тұрақты болып келеді. Міндеттемелер туралы айта кетсек, олар тауар беру, жүмыс орындау, қызмет көрсету бойынша міндеттемелерге бөлінеді. Міндеттемелік құқықтық қатынастың негізгі конструкциясы барлық жағдайларда өзгермейді.
Заттық құқықтық қатынастарға бірінші кезекте меншік қатынастары жатады. Өзге де заттық құқықтар және оларға сай келетін заттық құқықтық қатынастар бар. Олар мүлікті шаруашылық жүргізу, мүлікті оралымды басқару, жер пайдалану, кепіл құқығын жүзеге асыру, т.б. жөнінде пайда болады.
Санаткерлік (интеллектуалдық) меншік қатынастары адамдардың ой шығармашылық қызметтерінің объектіленген нәтижелері жөнінде болып келеді. Аталғандай объектілердің қатарына авторлық шығармалар, өнертабыстар, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік өнегелер, т.б. жатады.
Дәстүр бойынша мүліктік қатынастар азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың ең маңызды бөлігі болып есептеледі. Шын мәнінде сол қатынастардың ауқымына қарасақ, осылай болып келеді. Мүліктік қатынастар түрмыстық салада пайда болуы мүмкін. Қазір кең тараған кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз етуде де азаматтық-құқықтық нормалардың рөлі үлкен. Себебі, кәсіпкерлер өзара жасайтын әрекеттердің басым көпшілігі мәнісі бойынша азаматтық-құқықтық. Мемлекет, оның бөлек құрылымдары — әкімшілік аумақтық бірлестіктер кірісетін мүліктік қатынастардың кейбіреулері де азаматтық-құқықтық қатынастарға жатқызылуы мүмкін.
Бірақ мүліктік қатынастардың кең таралуына қарамастан қазіргі азаматтық заңнама мүліксіз қатынастардың реттелуіне елеулі мән береді. ҚР Конституциясында бекітілген адамның ажырамас жеке құқықтарының бірқатары азаматтық құқық нормаларымен нақтыланады және оның нормалары арқылы жүзеге асырылу, қорғалу тетіктеріне ие болады. Азаматтық құқық адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне құқықтарды, жеке бастың құпиясына құқықты, т.б. мүліктік емес өзіндік құқықтарды жүзеге асыруға және оларды қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді. Бүл жағдай-ларда пайда болатын қатынастарды мүліктілермен байланысты емес мүліктік емес қатынастар деп атайды.
Әдебиетте азаматтық құқықпен мүліктілермен байланысты мүліктік емес өзіндік (жеке) қатынастар тобы реттелетіні туралы айтылады. Бұл Кеңес дәуірінен қалған көзқарас. Бұрын қатынастардың аталған тобына ой (шығармашылық) қызметінің нәтижелері жөнінде пайда болатын қатынастар-ды жатқызатын. Қазіргі кезде мүліктілермен байланысты мүліктік емес қатынастардың қатарына тек тұлғаға келтірілген моралдық зиянды өтеу бойынша қатынастар жатқызылуы мүмкін. Осы туралы тікелей ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім) 142 бабының нормасы айтады. Оған сәйкес: "Мүліктік емес өзіндік және мүліктік құқықтар бір мезгілде бұзылған жағдайда мүліктік емес өзіндік құқықтардың бүзылғандығы үшін жәбірленушіге тиесілі өтем ескеріле отырып, мүліктік зиянның орнын толтыру мөлшері ұлғаяды".
Әрине, келтірілген норманьщ мағынасы маман емес адам үшін онша түсінікті емес. Біз осы норманы тұжырымдалу сапасы жағынан да өте жоғары бағалай алмаймыз. Оның мазмұны кең және оны әртүрлі жағынан талқылауға болады. Көп мәселені көтермей мынаны айтайық. Моралдық зиян бүл мүліктік зиян емес. Моралдық зиянды келтірушіде жәбір шеккен адамға оны ақшалай түрде өтеу бойынша міндеттеме пайда болады, бірақ осы міндеттемені мүліктік қатынасқа жатқызбайды. Осы жерде мүліктік емес өзіндік қатынас пайда болады.
Жоғарыда айтылып кеткендей құқықтық сала ретіндегі азаматтық құқықтың тағы да бір ерекшелігі оның өз дербес реттеуінің құқықтық әдісінің болуы. Құқық теориясында реттеу әдісі реттеудің құқықтық тәсілдерінің және амалдарының жиынтығы ретінде бағаланады.
Яғни, әдіс деген ұғым күрделі және оның көп тыстары бар. Алайда реттеудің құқықтық әдісі құқықтық сала нормалары әсер етуінің ең маңызды өлшемдерін анықтайды деп айтуға болады. Біздің ойымызша онды мағынада азаматтық-құқықтық реттеу әдісінің ең маңызды бағыттары мыналар болып келеді: 1) түлғалар еріктерінің дербестілігін қамтамасыз ету; 2) тұлғалардың құқықтарын өз мүдделерінде жүзеге асыруын қамтамасыз ету. Егер құқықты бұзу орын алып түрса, онда азаматтық-құқықтық реттеу бұзылған құқықтарды қорғаудың тиімді тетіктері іске асуына мүмкіншілік береді.
Әдіс құрамына кіретін бөлек тәсілдер өз ара тығыз байланысты және бір-бірін толықтырады. Азаматтық құқықтың реттеу әдісін жүзеге асыруда маңызды рөлді заң шығарушы оның нормалары эсер етуінің мінезіне бөледі. Азаматтық-құқықтық нормалардың көбісі диспозитивті. Басқаша айтқанда олар құқықтық қатынастарға кірісетін тұлғалар үшін міндетті емес, ұсынбалы. Тұлғалар оларды басшылыққа ала отырып жүріс-тұрысының субъективті нормаларын қалыптастыра алады. Басым көпшілік жағдайларда азаматтық-құқықтық қатынастарға кіріседі ме, әлде кіріспейді ме, тұлға өзі шешеді. Тек заңнамада тікелей көрсетілген жағдайларда тұлғаның еркі осыған қатысты шектеледі (төменде біз осы жағдайға қатысты жария шарт конструкциясын қарап өтеміз). Осындай жағдайларда императивті, яғни қатысушылар үшін міндетті нормалар қолданылады.
Азаматгық құқықтың аталған қасиеттерін байқаған соң құқықпен өте жақын таныс емес адамдар да азаматтык құқықтың елеулі міндеттейтін мәні жоқ деген қате пікір қалыптасуы мүмкін (азаматтық құқық заң емес деген сияқты). Бірақ бұл олай емес. Егер азаматтық-құқықтық қатынас қалыптасьш үлгерсе, одан пайда болатын міндеттер ықтиярсыз орындалуға жатады.
Әдіске қатысты тағы да бір нәрсені айтып кету керек. Азаматтық құқықта оның көмегімен азаматтық-құқықтық қатынастар қатысушылардың бір-біріне қатысты тенділігі қамтамасыз етіледі.
Азаматтық-құқықтық реттеуді жүзеге асыруда оның қағидаттарының рөлі жоғары. Қағидаттар бүл осы құқықтық саланың негізгі бастаулары, құқықтық идеялары. Олардың көмегімен азаматтық-құқықтық реттеудің әдісі жүзеге асады. Басқаша айтсақ қағидаттар әдіске қатысты оның құқықтық нысаны ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қағидаттар тікелей қолданыла алатын нормалар болып келеді. Қағидаттар жалпы мәні бар құқықтық нормалар және заңнамада орын алатын идеологияға сай олар басқа салалық нормалар алдында үстемділікке ие болуы тиіс. Егер бөлек норманың мазмұны қағидатқа қайшы келіп тұрса, онда қағидат ескерілуі тиіс. Әрине, заң шығарушы қағидатты арнайы норма арқылы әдейі шектуі мүмкін, осы орын алса қағидат басшылықка алынбайды.
Азаматтық құқықтың қағидаттарының қатары ҚР Азаматтык Кодексінің (жалпы бөлім) 2 бабын талдау негізінде анықталады. Бұл оқулықта қағидаттарды атап, оларға қысқаша сипаттама беру азаматтық құқықты жеке құқық саласы ретінде бағалауға мүмкіншілік береді.
Ең бірінші қағидат бүл азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі. Біз жоғарыда осыны әдіс ерекшелігі жөнінде атағанбыз және әдіспен қағидаттардың өзара тығыз байланыстығы жөнінде де айттық. Енді мазмүнын ашайық. Теңдік дегеніміз бұл қатынастарға қатысушылардың өзара әкімшілік бағыныштылығының болмайтындығы. Олардың жалпы құқықтық жағдайлары бір бірінен ерекшеленуі мүмкін.
Тағы да бір қағидатқа меншікке қол сұғылмаушылық қағидаты жатады. Бүл қағидатқа сәйкес қандай да болсын адамдар меншік иесінің құқықтарын жүзеге асыруына араласпауы керек. Осы қағидат бойынша меншік құқығы тек заңнамада (Азаматтық Кодексте) көрсетілген негіздер бойынша және тиісті тәртіпте тоқтатылады. Меншік құқығын мәжбүрлі тоқтату туралы айтсақ, басым көпшілік жағдай ларда меншік құқығы сот тәртібінде тоқтатылады. Меншік иесі меншік құқығын қорғаудың көптеген құқықтық тәсіддерін пайдалана алады.
Келесі қағидат шарт еркіндігінің қағидаты. Оған сәйкес тұлға қандай да болсын азаматтық құқықпен қарастырылған және онымен қарастырылмаса да оның негізгі бастауларына қайшы келмейтін шартты жасай алады. Шарттың жағдайларын еркін анықтауға мүмкіншілік берілген және шартты кіммен жасасады, осыны да тұлға еркін тандайды.
Информация о работе Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық