Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:35, реферат

Краткое описание

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР мемл. мен кұкық негіздері.doc

— 413.50 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік бюджет саласындағы басқару - бюджеттік қызмет аясында тәртіптеуші және жүйелеуші іс-әрекеттерді, ұйымдастырушы ықпал сипатындағы іс-қимылдарды немесе бюджеттерге байланысты өкілеттіліктерін жүзеге асыруға тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың осы сала бойынша құзыреттерін белгілейтін бюджеттік құқықтың институтына жатады.

Бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері -мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және болу процестерін жоспарлауды жүзеге асыруға қажетгі біліктіліктері бар уәкілетгі мемлекеттік органдар шеңберін және олардың тиісті бюджет қүзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ бюджеттік жоспарлауды (процесті) мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде заңи регламенттеп, оның негізгі қағидаларын белгілейтін бюджеттік құқықтың институты болып табылады.

Бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері — бюджетті қалыптастыру, болу және бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалану процестерінің заңды негізде, мақсатқа сай жүргізілуін бақылап, тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті, арнайы мамандандырылған мемлекетгік органдардьщ шеңбері мен дәреже-деңгейлерін және құзыреттерін айқындайтын, сондай-ақ осы бақылаудың түрлері мен әдістерін белгілейтін бюджеттік құқықтың институты Бюджеттік зандарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік — мемлекеттің бюджеттік қызметі аясындағы тиісті субъектілердің бюджеттік құқық бүзушылық жасағандары үшін оларға заңда көзделінген мемлекеттік мәжбүрлеу түрлерін қолдану қағидалары мен тәртібін және жауапкершілік шараларын белгілейтін бюджетгік қүқықтың институты болып саналады.

Бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу - әртүрлі деңгейдегі бюджетгерге салықтық және салықтық емес негізде, тұрақты бекітілген және реттеуші кірістер түріндегі ақысыз аударымдар есебінен құралатын төлемдер жүйесін, сондай-ақ оларды мәжбүрлеп алу, қабылдап алу және кірістерге енгізу тәртібін белгілейтін бюджеттік құқықтың аса маңызды институты болып табылады.

Бюджеттің шығыстарын құқықтық реттеу —Республикалық бюджетте немесе жергілікті бюджеттерде жинақталған бюджеттік ресурстарды бюджет кодексіне және бюджеттер туралы нормативтік-құқықтық шешімдерге сәйкес бөлу және пайдалану процестерін белгілейтін бюджетгік құқықтың айрықша институты болып есептелінеді.

Мемлекеттік несиелеуді құқықтық реттеу - мемлекеттік немесе жергілікті деңгейдегі бюджетке заңды және жеке тұлғалардың уақытша басы бос қаражаттарын мемлекеттік заемдарда орналастыру арқылы қайтарымды және ақылы негізде тарту және оларды өтеу - қайтару мерзімдері мен механизмдерін белгілеу барысында туындайтын қатынастарды реттейтін бюджеттік құқықтың институты ретінде сипатталады.

Мемлекеттік бюджет мына келесідей:

- материалдық мағынасында бюджет мемлекет ауқымында орталықтандырылған мемлекеттің ақшалай қоры, сондай-ақ жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде орталықтандырылған жергілікті ақшалай қорлар.

  • экономикалық мағынасында бюджет жалпы мемлекеттік және жергілікті маңызы бар міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті, мемлекеттік және жергілікгі деңгейлерде орталықтандырылатын ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

ұйымдастырылу - қаржылық мағынасында бюджет мемлекеттің және жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылымдардың негізгі қаржылық жоспарлары, яғни мемлекеттің немесе жергілікті өкілді органдардың кіріс және шығыс баланстары.

- құқықтық мағынасында бюджет мемлекеттің әр жыл сайын қабылдайтын негізгі қаржылық заңы немесе әр жыл сайын жергілікті өкілді органдар шығаратын негізгі нормативтік қаржылық-құқықтық актілері тұрғысынан қарастырылады.

Бюджеттік қызмет Республикалық және тиісті жергілікті бюджетті қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ бюджеттік ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының жоспарланған және жүйеленген экономикалық-құқықтық қызметтері болып табылады.

Бюджетті қалыптастыру әдістеріне:

  • салықтарды белгілеу;
  • алымдарды, баждарды, төлемақыларды белгілеу;
  • салыққа жатпайтын кірістерді белгілеу;
  • үлттық банктің кірістерінен қаражат алу;
  • алынған ресми трансферттерді пайдалану;
  • республикалық бюджеттен берілген ссуда үшін төлен-ген қаражаттарды пайдалану;
  • сыртқы қарыз алу негізінде ақша қаражаттарын тарту;
  • ішкі қарыз алу негізінде ақша қаражаттарын тарту;
  • бюджеттік-банкілік несиелер алу;
  • сыртқы экономикалық қызметтерден түсетін кірістерді пайдалану;

- бағалы қағаздарды шығару (әмиссиялау) жатады. Бюджетті бөлу әдістері:

  • мемлекеттік органдар мен мемелкетгік кәсіпорьщдарды бюджеттік қаржыландыру;
  • мемлекеттік мекемелерді сметалық-бюджеттік қаржыландыру;
  • бюджетаралық қаржыландыру;
  • қайтарымды (кейде ақылы) негізде бюджетаралық қар-жыландыру;
  • қайтарымды және ақылы негізде бюджетгік ссуда беру;

 

  • әлеуметтік-экономикалық аяны, ғылым мен мәдениетті, елімізді қорғау істерін қаржыландыру;
  • бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға кететін шығындарды қаржыландыру;

мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.

Бюджетті пайдалануды ұйымдастыру:

  • бюджетті артқару тәртібін белгілеу;
  • бюджеттік ресурстарды бөлу тәртібін белгілеу;
  • бюджеттік ресурстарды пайдалануды жоспарлау;
  • бюджеттік ресурстарды пайдалану тәртібін белгілеу;
  • бюджеттен бөлінген ақша қаражаттарын мақсатқа сай және тиімді пайдалану үшін оған бақылау жүргізу сипатында көрініс табады.

Бюджетгік құқықтың құқықтық реттеу аясына - пәніне мыналар:

  • бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;
  • бюджетгің шығыстарының бағьпъш (құрамын) анықтау;
  • мемлекеттік бюджеттің құрылысын анықтау;
  • республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы құзыреттерін анықтау;
  • бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу жатады.

Бюджеттік құқықтың өзіне тән құқықтық нормалары

бар.

Олар мынадай белгілермен ерекшелінеді:

  • бұл нормалар мемлекет тарапынан белгіленеді және олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;
  • бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи міндеттер жүктейді және өктем билік береді;
  • бұл нормалар әрқашанда мемлекеттік құзыретті органдардың қандай да болмасын нормативтік құқықтық актілерінде, заңдарда, жарлықтарда, өкімде, қаулыда көрініс табады;
  • бұл нормалар қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған;
  • бұл нормалардың құрамында өте сирек кездесетін норма түрлері есептеу нормалары (кірістер мен шығыстардың сандық көрсеткіштері, т. б.) ұшырасады;
  • бүл нормалар көбініесе өктем-әмірлі сипатта болады;
  • бұл нормалардың біршама бөлігі құзырет белгілеу нормаларын құрайды;
  • бұл нормалардың көбі тиісті қаржылық зандарға байланысты, тек бір жылдың көлемінде ғана заңи күшінде болады.

Осы құқықтық нормалардың жиынтығы бюджеттік құқықты құрайды. Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды құрамдас элементі ретінде көрініс тауып отырғаны белгілі. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді.

Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру, бір жағынан, бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан, айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат-салысатын болды. Бюджеттен тыс қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезенде мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық инфрақүрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі болып бөлінеді. Ал құқықтық тұрғыдан қарастырсақ, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенггің жарлықтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларының талаптары негізінде құрылатын бюджеттен тыс қорлар бар. Оларда осы қорларды қальштастыру көздері де бірден белгіленеді. Сонымен, бюджеттен тыс қорлар деп Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Республикалық және жергілікті бюджеттің қарамағына жатпайтын, сондай-ақ қатаң мақсатқа бағытталған ақша қорлары нысанында қалыптасатын ақшалай қаражаттар қорларын айтамыз.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы бірден-бір мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және Ұлттық қорды жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржы-қаражаттары негізінен бүкіләлемдік экономика аясында әлсін-әлі туындайтын кейбір жәйттерге орай шикізат секторы бойынша жоспарланған түсімдердің белгіленген көлемде алынбауына байланысты көрініс табуы мүмкін бюджет тапшылығын жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға жұмсау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерге берілетен түсімдер немесе ресми трансферттер түрінде пайдаланылады.

Негізінен ишкізат секторы ұйымдарынан алынатын мына салықтар мен міндетті төлемдердің: 1. заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығының; 2. қосылған құн салығының; 3. бонустардың; 4. роялтидің; 5. жасалған келісім-шарттарға орай өнімді бөлу бөлігіндегі ҚР үлесінің республикалық және жергілікті бюджеттерге жоспарланған мөлшер-ден артық түсірілген сомаларының 10 проценті ресми трансферттер ретінде Ұлттық қордың кірісіне аударылады.

15. 5. Бюджеттік-құқықтық қатынастар аясындағы салықтық құқық

15.5. 1. Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде.

Мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрықша аясының тоғысатын жері, көбінесе объективті қаржылық-құқықтық құбылыс ретінде жарқын көрініс табатын салық салу саласы мемлекеттің салықтық құқығының реттеуші ықпалының ауқымы болып табыяады.

Мемлекеттің салықтық құқығы әрқашанда мынадай екі негізге:

  • экономикалық салықтық тиісті іс-қимылдар мен қатынастарды регламенттейтін ҚР Конституциясьша және салықтық заңдарға;
  • салық салу жүйесінің ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының халықаралық құқықтық стандартгарына сүйенеді.

Салықтық құқық мемлекеттің салық саясатының негізін айқындай отырып жалпы саяси климатқа сай келетін фискалдық әкімшілік жүргізу мәдениетін қалыптастыруға себін тигізеді.

Салықтық құқық өзінің салықтық құқықтық реттеу әулетінің (күш-қуатының) реттеуші ықпалының ауқымындағы қоғамдық қатынастары, салықтық-құқықтық реттеу әдістері, жүйесі және дереккөздері арқылы көрініс табады.

Салықтық құқықтың пәні деп, мемлекеттің салықтық қызметінің барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Осы қоғамдық қатынастар салық салу жүйесін белгілеу, салық әкімшілігін жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесін айқындау, салықтық міндеттемелерді дау, салықтық міндетгемелерді орындауға байланысты қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану, халықаралық салықтық шарттарда көзделген мақсаттарды жүзеге асыру, салық органдары мен басқа уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдар және т.б. барысында салық салу саласында туындайтын салықтық қатынастар болып табылады.

Салық салу саласындағы қатынастар материалдық және ұйымдастыру салықтық қатынастары болып екіге бөлінеді. Материалдық салықтық қатынастар өздерінің мынадай:

  • мемлекет болмысьшың мызғымас берік ірге тасын (материалдық негізін) қалаушы қатынастар;
  • жалпы ұлттық табысты бөлу нәтижесінде салықтық кірістің біржақты ағымдарын (қаражаттарын) мемлекет пайдасына бағдарлайтын қатынастар;
  • мемлекет болмысына байланысты туындайтын айрықша экономикалық әрі базистік қатынастар;
  • мүліктік-заттай сипатта болатын және оларға қатысты меншік құқыгының алмасуын, мемлекет меншігіне айналуын көрсететін қатынастар;
  • мемлекеттік бюджет жүйесінің негізін құрайтын экономикалық қатынастар сипатындағы айрықша қаржылық қатынастар;
  • ақшалай нысандағы (кейде заттай күйіндегі) құнның біржақты қозғалысын білдіретін қатынастар;
  • салықтық міндеттемелердің нақты белгіленуіне орай жекелей-айқындалған қатынастар;
  • көбінесе тұрғылықты-тұрақты көрініс табатын қатынастар;
  • тек құқықтық нысанда болатын қатынастар түріндегі сипаттамасымен ерекшелінеді.

Информация о работе Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық