Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:35, реферат

Краткое описание

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР мемл. мен кұкық негіздері.doc

— 413.50 Кб (Скачать документ)

Ал ұйымдастыру салықтық қатынастары:

  • салық салу саласында жүргізілетін фискалдық мониторингке қатысты;
  • мемлекеттің салықтық құрылымы мен салық жүйесін қалыптастыруға және олардың тиісінше қызмет атқаруларын қамтамасыз етуге байланысты;
  • материалдық салықтық қатынастардың ойдағыдай қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуге байланысты;

 

  • салықтық қызмет процедураларын белгілеуге және қолдануға байланысты;

мемлекет пен салық органдарының, салық органдары мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының арасындағы вертикалдық және горизонталдық байланыстарға қатысты;

- мемлекеттік стратегиялық салықтық жоспарлау мен болжамдау процестеріне қатысты және т.б. материалдық салықтық қатынастардың тиімділігін көздейтін қатынастарға байланысты туындайды.

Сонымен, салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фискалдық нысандарын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан негіздей отырып белгілеуге атсалысады.

Салықтық құқықтың маңызы мен мән-жайларын мына келесідей жәйттерден байқауға болады:

  • мемлекеттің болмысы мен өзіне тән функцияларын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етудің заңи негізі болып табылады;
  • мемлекеттің салықтық саясатын іске асырудың негізгі құралы болып табылады;

 

  • салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер мемлекеттің салықтық құқығының негізінде бөлінеді;
  • халықтың өмір сүру ортасына және әлеуметтік ахуалдарының деңгейіне тікелей ықпал етеді;
  • салықтардың болмысының негізі болып табылады;
  • қоғам болмысының әлеуметтік-экономикалық әл ауқатьш арттырудың берік ірге тасы және қоғам өркениеттілігі мен мәдениетінің елеулі элементі болып саналады;
  • материалдық бюджеттік құқықтық қатынастардағы мемлекеттің салық жүйесінің трансферттік қабілетін белгілі бір дәрежеге көтеруі арқылы салықтық кірістерді қамтамасыз етеді.

Салықтық - құқықтық реттеу әдістері салық салу саласы мен тиісті салықтық қатынастар аясындағы салықтық іс-қимылдар мен оқиғаларға қатысты, сондай-ақ белгіленген тәртіптер мен негіздерге байланысты мемлекеттік өктем билік-императивтік әдіс және келісім, шартты-диспозитивтік әдіс түрінде қолданылады.

Мемлекеттің салық жүйесінің ұйымдастырылу қүрылымы императивтік сипатта болғандықтан салықтық құқық аясында көбінесе әмірлі билік әдісі-императивтік әдіс пайдаланылады.

Осы императивтік салықтық-құқықтық реттеу әдістері мына:

а) салық салу саласындағы салық төлеушілер мен өзге де 
қатысушылардьщ жүріс—тұрыстары мен қажетті іс-әрекеттері 
мемлекет тарапынан (әдетте уәкілетті мемлекеттік органдар) 
қабылданған нормативтік және жекелей салықтық-құқықтық 
актілердің әмірлі-талапты нұсқамаларымен шартталынған;

ә) салық төлеушілер мен салық органдарының және өзге де қатысушылардың нормативтік-құқықтық актілерде көрініс тапқан мемлекеттің әмірлі-талабын орындаудан бас тартуға хақылары жоқ;

б) салықтық қатынасқа қатысушы салық төлеушілер мен 
салық органдарының өзара құқықтары мен міндеттері 
мемлекеттің әмірлі-талабының және тиісті нормативтік- 
құқықтық актінің негізінде нақты әрі мұқият белгіленген;

в) мемлекеттің әмірлі-талабы мен өзге де салықтық 
міндеттерін орындау мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз 
етілуіне орай тиісті салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп 
орындату уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан біржақты 
әмірлі түрде не болмаса сот арқылы жүзеге асырылады.

Міне, мемлекет тарапынан салықтарды белгілеу және оларды мәжбүрлеу арқылы қайтарымсыз-баламасыз алу барысында қолданылатын императивтік (әмірлі билікші) әдіс осы салықтық құқық аясында таза түрінде көрініс табады. Салықтарды келісімсіз, қайтарымсыз-баламасыз, мәжбүрлеп алу салық төлеушілердің материалдық жай-күйлері мен мүдделеріне нұқсан келтіргенімен бүл жерде императивтік әдістен басқа әдісті қолдану мүмкіндігі болмайды. Алайда, мемлекеттің салықтық қызметінің аясында әлсін-әлі пайдаланылатын диспозитивтік әдістің бар екенін жоққа шығара алмаймыз.

Осы диспозитивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады:

- салықтық қатынастағы тараптардың құқықтары мен міндеттері осы қатынастарды реттейтін салықтық заң актілерінің және жазбаша шарт нысанында ресімделген екі жақтың келісімінің негізінде қалыптасады;

  • осыған орай салықтық қатынастар шартты сипатта болады және тараптардың екіжақтық міндетгемелерін білдіреді;

мемлекеттің салық төлеушіге тигізетін реттеуші ықпалы тек біржақты - өктем мәжбүрлеу нысанында ғана емес, сонымен қатар экономикалық стимулдар мен материалдық мүдделеу арқылы қызықтыру нысанында көрініс табады;

  • диспозитивтік құқықтық реттеу әдісінің көмегімен реттелінетін салықтық қатынастардың заңи нысаны болып табылатын салықтық шарт екі тараптың өзара құқықтары мен міндеттерін туындатады;
  • салық органдары мен салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері аздап болса да теңестірілген және шарт сипатындағы жауапкершілікпен толықтырылуы мүмкін.

Мәселен, осы айтқандарымызға байланысты жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекетке төлейтін бонустарын алсақ. Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы болып бөлінетін бұл арнаулы төлемдердің ставкалары мен түпкілікті мөлшерлері және төлеу мерзімдері мен тәртібі тек келісім-шарт негізінде айқындалып, белгіленеді.

Диспозитивтік әдіске қатысты тағы бір жәйтті мысал ретінде айтуға болады. Белгілі бір салық төлеуші мен салық органдарының (басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуы мүмкін) арасында жасалған инвестициялық салықтық келісім-шарттың талаптарына сай және инвестициялық жобалар (бағдарламалар) шеңберінде жаңа өндірістер құрған, жүмыс істеп тұрғандарын ұлғайтып, жаңартқан және басқа да негізгі қүралдарды жаңадан пайдалануға енгізген салық төлеушілерге сол келісімшартқа сәйкес инвестициялық салық преференциялары (әдетте корпорациялық табыс салығы мен мүлік салығы бойынша) беріледі.

Сонымен, салықтық қатынастарды құқьщтық ретгеу салықтық құқық субъектілерінің құқықтық мәртебелерін айқындауды, салықтық заңи фактілерге байланысты салықтық құқықтық қатынастардың туындауын, сондай-ақ салықтық қатынастарды құқықтық реттеу негізінде жатқан салық заңдарының императивтік, ұйымдастыру-құрылыстық және диспозитивтік нормаларын қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының ұйымдастыру қызметтері болып табылады.

Осы диспозитивтік және императивтік салықтық құқықтық нормалар мемлекеттің кірісін (бюджеттерін) қалыптастыратын салықтар мен өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдерді белгілеу және алу, сондай-ақ салықтық міндеттемелердің тиісінше орындалуына мемлекеттік салық-тық бақылау жүргізуге атсалысады.

Бүл жердегі басты көрініс салықтық құқықтық қатынастардың материалдық объектісі тиісті бюджеттің салықтық кірісін қалыптастыратын ақшалай нысандағы салық төлемінің сомасы екеніне көзіміз жетіп отыр. Демек, материалдық салықтық қатынастар ауқымындағы салықтық нысандардың ақша қаражаттары транзиттік сипатта мемлекеттік бюджет кірісіне келіп түседі. Сондықтан, салықтық құқықты бюджеттік құқықтың, оның ішінде ерекше бөлімінің айтулы "Бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу" атты институтына баға жетпес қызмет көрсететін бюджеттік құқықтың ерекшеленген институты деп түжырымдауға болады.

Салықтық құқықтың жүйесі - мемлекеттің салықтық қызметі барысында туындайтьш салықтық қатьшастарды реттеуге атсалысатын салықтық құқықтық нормалардың өзара қарым-қатынаста бола отырып жүйеленуін және бірігуін, сондай-ақ қыйсынды түрде белгіленген тәртіппен орналасуын көрсетеді. Біздің ұстанған көзқарасымыз бойынша салықтық құқық жүйесінің құрылымы бюджеттік құқық жүйесінің құрылымынан алшақтап кетпеуі тиіс. Сонымен, құқықтық құрылым ретінде салықтық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.

Жалпы бөлімге мемлекеттің салық жүйесінің ұйымдастыру қүрылысын және оның құрылу принциптерін, салықтар жүйесінің топтастырылуын, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін, салық органдарының өкілеттіліктерін, салық заңдарын бүзғаны үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын, салық салу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың қызмет бағыты мен құзыреттерін, салық әкімшілігін жүргізудің тәртібін, мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын салықтық жоспарлауды, мемлекеттік салықтық бақылауды жүзеге асыратын құзыретті органдарды, салықтық бақылау нысандары мен түрлерін белгілейтін және салықтық тексерулерді жүргізу тәртібі мен тәсілдерін айқындайтын салықтық құқықтық нормалар жатады.

Сонда жалпы бөлім мына институттардан құралады деп айта аламыз:

І.Мемлекеттің салықтық құрылысы;

2.Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару;

  1. Мемлекеттік салықты жоспарлау;
  2. Мемлекеттік салықтық бақылау.

Ал ерекше бөлімнің құрылымы әдетте 2008 ж. 10 жел тоқсанда қабылданған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы-ның салық кодексінде (Салық кодексі)1 белгіленген және айқындалған салықтар жүйесі арқылы көрініс табады. Реті келгенде айта кету қажет, осы салықтар жүйесі мемлекеттің салық жүйесінің ең негізгі құрылымдық элементі болып табылады. Бұл жерде тағы бір ескеретін жәйт, салықтық құқық жүйесінің ерекше бөлімін қалыптастыру 2008 ж. 4 желтоқ-санда қабылданған "Қазақстан" Республикасының Бюджет кодексіне2 тікелей байланысты болады.

Сонымен ерекше бөлімнің мына институттары келесідей тәртіппен орналасады:

  1. Мемлекеттік деңгейде бюджетке алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу;
  2. Жергілікті деңгейде бюджетке алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу.

Бүл жерде салықтық құқық жүйесінің институттары-ның белгілі қыйсындылық тұрғысынан орналасуы оның бюджеттік құқықтың айрықша институты деген тұжырымды дәлелдейді. Салықтық құқықтың дереккөздеріне құзыретгі мемлекеттік органдардың салық салуға байланысты және құрамында салықтық құқық нормалары бар заң актілері жатады.

Осы айтқанымызды нақтыландырсақ салықтық құқықтың дереккөздері иерархияны сақтай отырып мынадай: ҚР Конституциясы, ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі (Салық Кодексі), ҚР Президенте Парламенті және Үкіметі қабылдайтын салық салу мәселелері жөніндегі нормативтік - құқықтық актілер, Қаржы министрлігінің Салық комитетінің нұсқаулық және нормативтік - құқықтық актілері, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жергілікті салық салуға қатысты нормативтік-құқықтық актілері, халықаралық салық салуға байланысты келісім шар-ттар - салық конвенциялары түрінде көрініс табады. Бұлар белгілі бір тәртіпті сақтай отырып құрылымданған жиынтығында салықтық зандарды құрайды. Сонда салықтық заңдар мемлекеттің салық салу саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады. Ал Салық кодексі салық салу саласында туындайтын біртектес, бірақ өздеріне тән мән-жайларына қарай өзгешеленетін қоғамдық қатьшастарды айтарлықтай толық әрі жүйелі түрде реттеуді қамтамасыз ететін бірыңғай, жинақталған және қыйсындылық түрғысынан іштей үйлестірілген нормативтік-құқықтық акт ретіңде ҚР салық жүйесінің толыққанды қызмет атқаруының бірден-бір құқықтық негізі ретінде аса маңызды және ұтымды көрініс тапқан.

15.5. 2. Мемлекеттің салық жүйесі

Бүгінде, ҚР-ның салық жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бүл процестердің өтпелі кезең талаптары мен өмір тынысына, сондай-ақ мем-лекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық салу базаларын тандау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Салық жүйесі мемлекеттік билік органдары мен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыратын императивтік құрылым больш табылады және ол мемлекетгің экономикалық саясатының заңи күші бар құралы ретінде пайдаланылады.

Мемлекеттің салық жүйесі салық салу стратегиясын айқындауға ат салысады және осыған орай мына келесідей жағдайларды:

  1. салық салу принциптерін;
  2. салықтарды белгілеу және аумақта заңи күшіне енгізу тәртібін;
  3. салықтар жүйесін (жекелеген салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің түрлері мен тізбесін);
  4. салықтан түсетін түсімдерді әр деңгейдегі бюдасеттер арасында бөлу тәртібін;
  5. салықтық қатьшастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін;
  6. мемлекеттік салықтық бақылаудың нысандары мен әдістерін;

7. салықтық қатынасқа қатысушылардың жауапкершіліктерін;

8. салықтық қатынасқа қатысушылардьщ құқықтары мен тиісті мүдделерін қорғау тәсілдерін қамтиды.

Мемлекеттің салық жүйесінің қызмет атқаруының және салық салудың негізінде мына келесідей:

  1. салық салу аясындағы тұрақтылық пен орнықтылықты сақтау мақсатында белгілі бір баланстарды бүзатын салық заңдарын қолдануға тыйым салу;
  2. салық әкімшілігін жүргізу жөніндегі іс-әрекеттердің жазалау сипатында болуына жол бермеу;
  3. экономикалық-қаржылық мүдделердің біршама теңділігін қамтамасыз етуге талпыныс жасау;
  4. табыстарды тек салықтық нысандар арқылы қайта бөлу:
  5. салық функпңяларьшьщ арасындағы біршама теңділікке қол жеткізу;
  6. салық салудың бейтараптылығын, ашықтығын және әмбебаптығын қамтамасыз ету;
  7. салықтардың (өзге де тиісті міндетті төлемдердің) са-лық жылына бірнеше мәрте алынуына және салықтық тең құқықтылықтың болмауына (дискриминациясына) жол бермеу сияқты және т.б. принциптердің жатқаны дұрыс болар деп ойлаймыз.

Информация о работе Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық