Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:35, реферат
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
15. 1 Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлеңдіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын рөлі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Бүгінде, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік-экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар бөлу және қайта бөлу процестері шегінде туыңдайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Мемлекеттік қаржылардьң материалдық негізін ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
Мемлекеттік қаржылар экономикалық жөне материалдық тұрғыдан қарастырылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу жөне пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Ал материалдық мағынасында, мемлекеттік қаржылар қоғамның және мемлекеттің тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына: ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және кайта бөлу, бақылау - есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдаланылуды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржы жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік-құкықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.
Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән-жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастыру тұрғысынан қарастырылады.
Материалдық мағынасында, қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады.
Экономикалық мағынасында, қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылык-эконоимкалық институттардың жиынтығынан тұрады.
Ұйымдастырылу мағынасында, қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі мемлекетгік және жекеменшік қаржылардың аясындағы мүдделердің біршама болса да теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыттарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі деп, мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйым-дастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикальгқ инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады.
Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің мына: бюджеттік қызмет; валюталық — қаржылық қызмет; қаржылық — банктік қызмет; кредиттік қызмет, қаржылық — сақтандыру қызметі; қаржылық - шаруашылық қызметі; салықтық қызмет; мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түрлері болады.
Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру; мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу; мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы уәкілетті органдардың жүйесін айқындау және олардьщ тиісті құзыреттерін белгілеу; қаржылық заңдарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу; айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару (әмиссиялау); қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру болып саналады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына келесідей: ақшалай қорларды қалыптастыру; ақшалай қорларды бөлу; ақшалай қорлардың пайдаланылуын ұйымдастыру сияқты негізгі үш әдістің көмегімен жүзеге асырылады.
Ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне: ақша қаражаттарын олардың иелерінен қайтарымсыз және мәжбүрлі түрде алып қою; ақша қаражаттарын мәжбүрлі және қайтарымды түрде алу; ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымсыз түрде тарту; ақша қаражаттарын ерікті және қайта-рымды түрде тарту; мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша қаражаттарын тарту; мемлекеттік мүлікті сатудан және пайдаланудан түскен ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне айналдыру; эмиссия жатады.
Ақшалай қорларды бөлу әдістері: қаржыландыру, яғни ақша қаражаттарын бюджеттен біржола, ақысыз түрде беру; кредит беру, яғни ақша қаражаттарын қайтарымды, ақылы негізде және белгілі мерзімге уақытша пайдалануға беру; несие берушілері алдындағы мемлекеттің өз қаржылық міндеттемесін орындауы жолымен жүзеге асырылады.
Ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру: ақшалай қорлардың пайдалану бағыттарын белгілеу; мемлекетгің ақшалай қорларынан алынған ақша қаражаттарын пайдалану тәртібін белгілеу; акша қаражаттарын пайдалануды жоспарлау; ақша қаражаттарын берудің қаржылық нормативтері мен шекті мөлшерін белгілеу; мемлекеттік кәсіпорындардың пайдаларын бөлудің нормативтері мен тәртібін белгілеу; ақшалай қорлардың пайдалануларына бақылау жүргізу сияқты әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық құқықтың аясы болғандықтан тиісті ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі әр-қашанда қаржылық — қүқықтық нормалардың көмегімен, тек құқықтық нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары деп, қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзыреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық -құқықтық акітелерді айтамыз.
Сонымен, құқық саласы ретінде - қаржылық құқық мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып та-былады.
Демек, қаржылық құқықтың пәні деп мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың (мемлекеттік қаржылық қатынастардың) жиынтығын айтамыз.
Осы мемлекетгік қаржылық қатынастар мынадай өздеріне тән белгілерімен ерекшеленеді: бұл қатынастар ақшалай қатынастарға жатады; бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады; бұл қатынастар тауар нысанындағы құнның қарсы қозғалысына жолықпайтын ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіреді; бұл қатынастар мемлекеттің болмысына, оның өсіп - өркендеуіне байланысты пайда болады, соңдай-ақ оның қаржылық қьізмеіінің нәтижесі ретінде көрініс табады; бұл қатынастар экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистік қатынастар құрамында болады; бұл қатынастар әрқашанда баламасыз қатынастар қатарына жатады; бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтындықтан әрқашанда құқықтық нысанда болады.
Қаржылық құқықтың реттеуші әлеуеті көбінесе мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына және қаржылық қатынастардың нақты қатысушыларына әмірлі өктем ықпал ету арқылы көрініс табады.
Қаржылық құқықта пайдаланылатын құқықтық реттеу әдістеріне императивтік мемлекеттік - өктем билік әдісі мен диспозитивтік қаржылық — шартты әдіс жатады.
Императивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады: мемлекеттің әмірлі талабы нормативтік сипаттағы біржақты құқықтық акті нысанында көрініс тапқан; осы әмірлі талап екі жақтың (тараптың) жүріс — тұрыстарын мұқият айқындайды; екі жақтың өзара құқықтары мен міндеттері мемлекет тұрғысынан туындайды және олар осы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актіде белгіленген; өздері үшін міндетті болып табылатын мемлекеттің әмірлі талабын атқарудан екі жақтың да бас тартуға хақылары жоқ; мемлекеттің әмірлі талабын бұлжыт-пай орындау мемлекеттік уәкілетті органдар біржақты түрде не болмаса сот арқылы жүзеге асыратын мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз етіледі; екі жақтың да жүріп — тұру қағидаларын таңдауға, оның ішінде өзара келісім негізінде таңдауға мүмкіндіктері мүлдем болмайды, ал болған жағдайда елеусіз, болымсыз мән-жайларды қамтиды; қаржылық құқықтық қатынасқа мемлекеттің уәкілетті органы ретінде қатысатын субъект, мемлекеттің әмірлі талабын мәжбүрлеп орындатқызуға мүмкіндік беретін өктем өкілеттілікпен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында негізінен императивтік - әмірлі құқықтық реттеу әдісі жиі қолданылады. Сонымен бірге, қажетті кездерде диспозитивтік — шартты құқықтық реттеу әдісінің де жеткілікті көлемде қолданылатынын білу қажет. Осы диспозитивтік құқықтық реттеу әдістері мьшадай өздеріне тән айрықша белгілерімен көзге түседі: екі жақтың құқықтары мен міндеттерін туындатуымен қатар, ол мемлекетке немесе оның уәкілетті органына қажетті құқықты көбірек береді; диспозитивтік әдістің көмегімен реттеу кезінде қаржылық-құқықтық шарт қаржылық қатынастың заңи нысаны ретінде көрініс табады.
Қаржылық құқықтың нормалары мен институттары іштей белгілі бір қыйсындылықты ескере отырып жүйелендірілгендіктен, осыған орай қалыптасқан қаржылық құқықтың құрылымы оның жүйесін білдіреді.
Демек, қаржылық құқықтың жүйесі мемлекеттік қаржылық қатынастар жүйесімен объективті түрде негізделген қаржылық құқықтың ішкі құрылысын, сондай-ақ оны құрайтын қаржылық-құқықтық нормалардың өзара бірігуін және өздері реттейтін, негіздейтін тиісті қаржылық қатына-старға байланысты белгілі бір тәртіппен орналасуын көрсетеді.
Қаржылық құқықтың жүйесі көбінесе жалпы және ерекше бөлімдері арқылы көрініс табады.
Қаржылық құқықтың жалпы бөлімі мына: 1. Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері; 2. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері; 3. Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару; 4. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері; 5. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері; 6. Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу сияқты институттардан тұрады.
Ал ерекше бөлімі мынадай: бюджеттік құқық; қаржылық-банктік құқық (мемлекеттік-құқықтық сипаты); қаржылық-сақтандыру құқығы (мемлекеттік-құқықтық сипаты); қаржылық-шаруашылық құқығы сияқты өте ірі бөлімдерден тұрады.
Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтықнегіздері мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын және оның ұйымдастырылу құрылымын белгілейтін, қаржылық құрылымды құрайтын және тиісті қаржыларды басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың жүйесін айқындап, құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ қаржы жүйесінің институттары мен біртұтас өзін қаржылық реттеудің мақсатын, міндеттерін және әдістерін белгілейтін қаржылық құқықтың институты болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан: 1. тиісті қаржылық-экономикалық инстититтармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен; 2. мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесінен; 3. мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.
Мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын қаржылық-экономикалық институттар: 1. бюджет жүйесі (республикалық және жергілікті бюджеттер); 2. бюджеттен тыс мақсатты қорлар; 3. мемлекеттік сақтандыру қаржылары; 4. мемлекеттік банктердің қаржылары; 5. мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары түрінде көрініс табады.
Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:
І.ҚР Қаржы министрлігі; 2.ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті; З.ҚР Қаржы министрлігініңі құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар; 4.ҚР Ұлттық Банкі;
5.ҚР Ұлттық Банкісінің банктік және сақтандыру қадағалауы департаменті бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті құрайды.
Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған (қаржы жүйесіне) ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.
Қаржылық реттеудің әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорлардың түрлері мен бағдар-бағыттарын айқындау; мемлекеттік кірістерді қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; мемлекеттік шығыстарды қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; өз қарамақтарына бекітілген ақшалай қордың функциясын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; ақшалай қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлау; мемлекетгік қорлардан бөлінетін ақша қаражатгарының пайдаланылуына бақылау жүргізу; қаржылық зандарды бүзғаны үшін қаржылық-құқықтық жауапкершілік белгілеу және занда белгіленген тәртіппен осы жауапкершілікке тарту жатады.
Информация о работе Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық