Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:35, реферат

Краткое описание

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР мемл. мен кұкық негіздері.doc

— 413.50 Кб (Скачать документ)

 

  1. елтаңбалық алым;
  2. жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
  3. телевизия және радиохабарларын тарату ұйымдары-на радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынады.

Баждар.

Баж - арнайы мамандырылған уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінуші — келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама — эквивалент, міндетті ақшалай төлемдер.

Мемлекеттегі баждар мемлекеттік және кедендік болып бөлінетіндіктен, бірақ жалпы сипаттамасы көптеген белгілері бойынша сәйкес келетіндіктен бажға тән қасиеттер ретінде мына келесідей белгілерін көрсетеміз:

Баж:

  1. міндетті төлем;
  2. мәжбүрлі төлем;
  3. арнаулы пайданы мақсаттайтын төлем;
  4. ақшалай төлем;
  5. заңи маңызы бар іс-әрекетті жасауға орай жүзеге асырылатын төлем;
  6. белгілі бір құжаттарды беруге байланысты жүзеге асырылатын төлем;
  7. мемлекеттік ішкі және сыртқы кедендік шекараны әрі-бері кесіп өтіп тауарлар мен өнімдерді әкетіп, әкелуші тұлғалар жүзеге асыратын төлем;
  8. мемлекет кірісі болып табылатын төлем;
  9. біршама-эквивалентті төлем;

10. көрсетілген қызмет құнына қарамастан (есепке ал- 
май) жүзеге асырылатын төлем.

Бүлардан басқа мемлекеттік баждар: маусымдық; демпингке қарсы; өтемдік, арнаулы баждар ретінде алынады.

Төлемақы.

Төлемақы - мелекеттік уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келуші тұлғаларға көбінесе материалдық көрініс табатын, кейде басқаша сипатта пайдаланылатын белгілі бір объектілерді, не болмаса соларға байланысты рұқсаттарды және құқықтарды бергені үшін сол заңды және жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.

Төлемақының өзіне тән белгілер:

ол міндетті ақшалай;

біршама - эквивалент;

   ол Салық кодексімен және дербес заң актілерімен негізделетін төлем.

Қазақстан Республикасындағы төлемақылар:

жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін;

қоршаған ортаны ластағаны үшін;

жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожиілік спектрін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін, сыртқы (көрнекті) жарнама-ны орналастырғаны үшін алынады.

15.5. 3. Салықтық міндеттемелер

Қазақстан Республикасының заң ғылымының құрамдас бөлігі болып табылатын салықтық құқық ғылымының өзекті мәселесіне айналуына орай көптеген жылдар бойы зерделеніліп-зерттеліп салықтық міндеттеме институтының бүгінде осы бойынша жасалынған ғылыми қорытындылар мен тұжырымдамалардың нәтижесінде Салық кодексінің жалпы бөліміңде орын алуы салық салу аясы мен қоғам үшін аса маңызды және айтарлықтай оқиға болып отыр.

Салықтық міндеттеменің түсінігін заң шығарушы мына келесідей жолдар бойынша айқындаған:

  1. тиісті салық заңдарына сәйкес салық төлеушінің мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салықтық міндеттеме болып танылады;
  2. салықтық міндеттеме талаптарына сай салық төлеуші: салық органында тіркеу есебіне тұруға; салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектіні айқындауға; салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеп шығаруға, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті;
  3. мемлекет өзінің салық органдары арқылы салық төлеушіден салықтық міңдеттемелерді толық көлемде орындалуын талап етуге құқылы;
  4. салықтық міңдеттемелер орындалмаған немесе айтарлықтай орындалмаған жағдайда мемлекет салық кодексінің тиісті баптарында көзделген тәртіп негізінде салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.

Салықтық міндеттемені орындау мақсатыңда салық төлеуші мынадай іс-әрекетгерді міндетгі түрде жүзеге асырады:

  1. салық органында тіркеу есебіне тұрады;
  2. салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізеді;
  3. салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып, бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есептеп шығарады;
  4. салық есебін жасайды және оны белгіленген тәртіп пен мерзімде салық органдарына табыс етеді;

5.салықтық зандарды белгіленген тәртіп негізінде және қатаң айқындалған мерзімдерде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелінген сомаларын, сондай-ақ міндеттемені орындамаған жағдайда айыппұл мен өсімпұлдарды төлейді.

Салықтық міндеттемелердің орындалатын уақыты, орны, тәртібі мен тәсілдері күні бұрын әрі нақты белгіленетінін білуіміз қажет.

Салықтық міндеттемені орындау уақытына жекелеген салықтар мен басқа да төлемдерге қатысты салық салу объектілерін айқындау, тиісті бюджетке аударылатын салық сомасын есептеп шығару және салық сомасын төлеу үшін салық заңында белгіленген уақыт кезеңі немесе шекті мерзім жатады.

Салықтық міндеттемені орьщдау орны салық төлеушінің салық төлемінің тиесілі сомасын мемлекетке тапсырған жері болып табылады. Салық төлеушінің бюджетке тиісті соманы аудару жөніндегі төлемдік тапсырманы банк мекемесіне тапсырған күні салықтық міндеттемені орындау күні болып есептелінеді.

Салықтық міндеттемені орындау тәртібі салық төлеушінің мемлекет алдындағы өзінің салықтық міндеттемесін орындауға бағытталған, белгілі бір тәртіптеу механизмдері мен кезектіліктерді ұстана отырып жүзеге асыратын іс-қимылдары болып саналады.

Салық төлеушінің салық (фискалдық) агенті атқаратын салық төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесі сол салық төлемінің сомасын ұстап қалған күннен бастап орындалған болып табылады.

Салықтық міндеттемені орындау тәсілдеріне салық заңдарында белгіленген салықтарды төлеуге және мәжбүрлеп төлетуге байланысты жолдар мен әдістер жатады. Осы тәсілдердің заң жүзінде қатаң көрініс табуы тиісті салықтық төлем сомаларының мемлекет кірісіне уақтылы және толы-ғымен түсуін ерікті түрде немесе мәжбүрлеу арқылы қамта-масыз етуге негіз болып табылады әрі кепілдендіреді.

Салықтық міндеттемелерді тиісінше, өз бетімен және ерікті орындау мына тәсілдер:

  1. салықтарды декларация негізінде төлеу;
  2. салықты патент алу жолымен төлеу;
  3. салықты біржолғы талон негізінде төлеу;
  4. салық төлемінің сомасын енгізу жолымен төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Салықты табыс төлеу көзінде ұстап қалу, салықтық міндеттемені орындау жөніңдегі салық хабарламасы негізіңде салықты төлету, салық төлеуден жалтарушы тұлғалардан салықты мәжбүрлеп алу салықтық міндеттемені мәжбүрлеп орындату тәсілдеріне жатады.

Салық органының салықтық міндеттемені орындау қажеттілігі жөнінде салық төлеушіге жіберген жазбаша хабары салық хабарламасы деп аталады.

Салық хабарламасында салық төлеушінің аты-жөні немесе толық аталуы; салық төлеушінің тіркеу нөмірі; салықтық міндеттеменің сомасы; салықтық міндеттеме орындау жөніндегі талап; хабарламаны жіберуге орай негіздеме; шағымдану тәртібі көрсетіледі. Салық хабарламасының нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Салық төлеушінің бюджет алдындағы тиісті салықтары бойынша берешектерін өтеу кезектілігі:

  1. Салықтардың бересі сомасын төлеу;
  2. есептелген өсімпұлдарды төлеу;
  3. есептелген айьппұлдарды төлеу-тәртібі негізінде жүзеге асырылады.

15.5. 4. Мемлекеттің салықтық қызметі

Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай да болмасын мемлекеттің өсіп-өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттің салықтық қызметі:

  1. мемлекет аумағындағы салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық қүрылымдарды қалыптастыру және олардың ойдағыдай қызмет атқаруларьш қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу жөніндегі мемлекеттің біртүтас озінің немесе озі айрықша уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарының қызметі ретінде;

барлық салық толеушілердің оздеріне тиесілі салықтық міндеггемелерін дұрыс атқаруларына жағдай жасау және салық әкімшілігін толыққанды жүргізу, оның ішінде салықтық тексерулердің жемісті жүзеге асырылуына басты назар аудару, сондай-ақ занда көзделген сәттердің орын алуына байланысты салықтарды мәжбүрлеп алу жөніндегі арнайы уәкілетті салық органдарының іс-қимылдары мағынасында сипатталынады.

Салықтық қызмет негізінде өзара тығыз байланысқан қүқықтық және экономикалық қатынастардың жүйесінен тұрады. Жоғарыда айтқандай, мемлекет тиісті заңдар мен басқа нормативтік - құқықтық актілерді қабылдауы арқылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақтылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жүргізеді.

Осы салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салықтық қызметіне байланысты болады.

Салықтық қызметті өздерінің құзыреттеріне орай жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды тұлға мен уәкілетті органдарға:

ҚР Президенті, Парламенті, Үкіметі, Жергілікті маслихаттар мен әкімдіктер,

ҚР қаржы полициясы агенттігі, ҚР Қаржы министрлігі,

Қаржы министрлігінің Салық комитеті және Кедендік бақылау комитеті, Астана, Алматы қалалары және облыстар мен аудандардагы және қалалардағы аудандар бойынша салық органдары жатады.

Салықтық қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын жолдар мен тәсілдер:

  1. салықтарды белгілеу;
  2. салықтарды алу;
  3. салықтардың толығымен және уақытылы төленуіне салықтық бақылау жүргізу;
  4. салық төлеушілердің есебін жүргізу;
  5. табысты төлеу кезінде салықтарды үстап қалуды үйымдастыру;

     6. мемлекеттің салық органдарының жүйесі мен 
қызметтерін ұйымдастыру;

  1. салық заңдарын бүзган кінәлі тұлғаларға белгіленген заңи жауапкершілік шараларын қолдану;
  2. салық салу жүйесін, әлеуметгік — экономикалық қатынастарды салықтық — құқықтық реттеуге атсалысу;

9. салықтық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қадағалау және қамтамасыз ету сипатында көрініс табады.

Мемлекет аумағындағы салықтарды белгілеу мына нысандағы құқықтық актілер:

а) Парламент қабылдаған ҚР заңы; 
ә) Президент шығарған ҚР заңы;

     б) ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы арқылы 
жүзеге асырылады.

Салықтарды белгілеу элементтеріне белгілеу субъектісі, белгілеу нысаны және белгілеу тәртібі жатады. Салықтарды белгілеудің конституциялық қағидаттары мыналар: салықтарды белгілеу және жою кезіндегі өкімет билігінің заң шығару тармағының үстемділігі; салықтарды белгілеу кезінде заңдылықты сақтау; салықтық зандардың конституцияға сә-кес болуы; салықтарды төлеу міндеттілігі; мемлекеттің салықтық қызметінің бұқаралылығы және жариялылығы болып табылады.

Салық органдарының негізгі міндеттері:

  1. өз құзыретінің шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  2. салықтардың, алымдардың, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің тиісті бюджеттерге түсуін қамтамасыз ету;
  3. мемлекеттің фискалдық саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты іске асыруға атсалысуға;
  4. халықаралық салық салу мәселелерін тиісінше шешуге байланысты халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың белсенді қатысушы мәртебесіне ие болу болып саналады.

Салықтар белгілі кезеңде, яғни салық жылы ішінде салық салу объектісінен бір мәрте ғана алынады. Салықтарды белгілеу кезінде жеңілдіктер беру мәселелері қоса қарастырылады. Кейде, заңда көзделген жағдайда жергілікті міндетті төлемдерді алыну тәртібін, мөлшерін белгілеу жергілікті өкілді органдарға жүктеледі. Айта кететін тағы бір жәйт, салық салу объектілерін заңға негіздеп айқындау тек шаруашылық, кәсіпкерлік қызметаен айналысатын, табыстары мен мүліктері және көрсететін қызметтері бар субъектілерге ғана қатысты болады.

Информация о работе Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық