Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:38, курсовая работа
Жаңажол мұнайгазконденсатты кен орны ҚР Ақтөбе облысының Мұғалджар ауданында Ақтөбе қаласының оңтүстігінен 240 км қашықтықта, Мұғалджар таулары мен Ембі өзенінің алқабында орналасқан.
Кен орны 1978 жылы жоғарғы карбонат қабатындағы тұз үстінен мұнай ағынының кәсіпшілік мәні алынған №4 ұңғымамен ашылды. 1982 жылы кен орынның жоғары карбонат қабатын барлау аяқталды және 1983 жылы пайдалануға берілді.
КІРІСПЕ ........................................................................................................
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ…………………………………………..……….
1.1 Әдеби шолу..............................................................................….....
1.2 Кен орнының геологиялық сипаттамасы....................…................
1.2.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер............................…..............
1.2.2 Стратиграфиясы.....................................................….......................
1.2.3 Тектоникасы...............................................................…...................
1.2.4 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттері........…...............
1.3 Сұйық пен газдың физикалық-химиялық сипаттамалары.…......
2 ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ………………………..
2.1 Жаңажол кен орнын игерудің ағымдағы жағдайы……..………
2.2 Өндіру ұңғыларының қоры………………………………..……...
2.3 Су айдау ұңғыларының қоры……………………………..………
2.4 Ұңғы жұмысының орташа тәуліктік көрсеткіштерінің анализі...
2.5 Қабаттың мұнайбергіштігін үшнатрийфосфаттың сулы ерітінділерін айдау арқылы арттыру……………………………..
2.6 Үшнатрийфосфаттың және оның сулы ерітінділерінің қасиеттері…………...………………………………………………
2.7 Үшнатрийфосфатты тәжірибелік-кәсіпшілік сынау……..……...
2.8 Үшнатрийфосфат ерітінділерін дайындау және айдау технологиясы.……………………………………………..……….
2.9 Қабатқа ҮНФ ерітіндісін айдаудың технологиялық есебі…..….
3 ЕҢБЕК ПЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІ…………………………………………….….….
3.1 Мұнайбергіштікті арттыру әдістерін жүзеге асыру кезіндегі еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар…………………………..….
3.2 Ұңғыларда қауіпсіз жұмыс жүргізу………………………..……..
3.3 Мұнай өндіру жүйесіндегі ластаушы көздер……………..……...
3.4 МГӨБ жұмыс аймағындағы қоршаған ортаның ластануын бақылау……………………………………………………..………
3.5 Кен орнындағы қоршаған ортаны қорғау шаралары……..……..
3.5.1 Топырақты лайланудан қорғау……………………………..…….
3.5.2 Жер асты және жер бетіндегі суларды қорғау……………..……
3.5.3 Атмосфералық ауаны қорғау………………………………..…….
3.5.4 Мұнай өнімдерінің және химиялық реагенттердің қалдықтарын пайдаға асыру………………………………………………………
3.6 Қабатқа су айдауда қауіпсіздік техникасы……………………….
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ……………………………………………
4.1 «Октябрьмұнай» МГӨБ-ның ұйымдастыру құрылымы……..….
4.2 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру……………..…….
4.3 Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру ерекшеліктері………..……
4.4 Үшнатрийфосфатпен суландыру процесіне қысқаша сипаттама…………………………………………………...………
4.5 «Октябрьмұнай» МГӨБ-ның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу…………………………………..……….
4.5.1 Шараны енгізгенге дейінгі өнімнің өзіндік құнын анықтау….....
4.5.2 Үшнатрийфосфаттың сулы ерітіндісі арқылы суландырудың экономикалық тиімділігін есептеу……………………………..…
Қорытынды ………………………….…………………………………….
Шлангалы газтұтқыштың жұмыс жасау принципі келесідей: ластанбаған ауа тыныс алу үшін таза ауа аймағынан алынады және шланга бойынша шлем-маскаға беріледі. Шлем-маскаға ауаны беру тәсіліне байланысты шлангалы газтұтқыштар өздігінен сорып алатын ПШ-1 (ТУ 6-16-2053-76) және еріксіз ПШ-2 (ТУ 6-16-2054-76) және ДПА-5 болып бөлінеді. Ауаның кез келген ластану дәрежесінде бөлмелерде, сыйымдылықтарда, құдықтарда және басқа нысандарда пайдаланылады. Оттекті оқшаулағыш тыныс алу аппараттары әдетте апаттық және құтқару жұмыстарын жүргізуде пайдаланылады. Оттекті газтұтқыштармен жұмыс жасайтын адамдар кез келген әрекетте бола алады, және процесс ластану дәрежесіне тәуелді болмайды, яғни кез келген концентрация болуы мүмкін. Оттекті оқшаулағыш газтұтқыштар шлангамен байланыспайды, және тыныс алу сығылған ауа немесе оттегі есебінен қамтамасыз етіледі [5].
3.3 Мұнай өндіру жүйесіндегі ластаушы көздер
Мұнай өндіруде химиялық реагенттерді қолдану соңғы жылдары қарқынды түрде көбейіп келе жатыр. Олардың ішінде белгілі бір «ластаушы» қасиеттері бар заттар да болады.
Өндірілетін өнім (мұнай, қабат суы, мұнай газы), сонымен қатар қабатқа айдалатын заттар, сонымен бірге қалдық су да аз дәрежеде болса да ұқсас әсер тигізуі мүмкін.
Мұнай адамның тері қабатына түсіп, тітіркендіретін әсер беруі мүмкін, өсімдіктер жабынына, сонымен қатар жануарлар әлемін жоятын әсерге ие. Ілеспе қалдық сулар дда ұқсас қасиеттерге ие. Адам және жануарлар ағзасына түскен жағдайда мұнай және қалдық су ішкі мүшелердің әртүрлі ауруларын тудырады. Мұнайдан бөлінетін газ адам ағзасына түскен жағдайда әртүрлі респираторлық ауруларды тудырады. Сонымен қатар, мұнай мен газ өртке қауіпті, олардың төгілуі отты қолайсыз қолдану жағдайында жергілікті өрттерді тудыруы мүмкін. Әртүрлі технологиялық процесстерде қолданылатын химиялық реагенттер қоршаған ортаның улылығын күшейтеді. Мұнай өндіру технологиясында улы компоненттердің түзілу көздері химиялық реагенттерді қабатқа айдауға дайындау кезінде олардың компоненттерін дайындау орындарындағы немесе технологиялық операцияларда пайдалану кезінде ағып кетулер болып табылады. Мұнай мен газдың ағып кетуі ұңғы сағасында, технологиялық аппараттарда немесе құбырлар желісінде болуы мүмкін. Мұнайдың және химиялық өнімдердің ағып кетуі немесе төгілуі ұңғыларды және жабдықтарды негізгі технологиялық операцияларды жүргізуге дайындау, жөндеу жұмыстары, ұңғыларды зерттеу кезінде, істен шыққан немесе тексерілмеген тығынды-реттеуші аппаратураларды, механизмдерді және агрегаттарды пайдалану кезінде, негізгі процессті жүргізу технологиясының бұзылуы, пайдалану тізбектерінің саңылаусыздығы кезінде болуы мүмкін.
Ұңғы пайдалы қазбалар
мен қоршаған ортаның ластаушы көзі
ретінде қарастырылуы мүмкін. Ұңғыларды
(бақылау, пьезометрлік, айдау, өндіру,
барлау) қазу кезінде әртүрлі
геологиялық кезеңдерде түзілген жыныстардың
қабаты ашылады.Әртүрлі
Технологиялық сұйықтықтардың
басқа горизонттарға енуін
Өндіру ұңғыларын айдау ұңғысына ауыстырған кезде келесідей жұмыстар жиынтығын жүргізеді:
- цемент тасының және шегендеу тізбегінің күйін анықтайды;
- шегендеу тізбегін 1,5ртүп қысымға тексереді, мұндағы ртүп – айдау режимі кезіндегі ұңғы түбінде күтілетін қысым;
- құбырсырты кеңістігінде цементтің болмауы жағдайында оны жалғайды;
- қажетті жағдайларда тізбектердің саңылаусыздығын қалпына келтіреді;
- СКҚ пакермен бірге түсіреді, қысымға тексереді, ал құбыраралық кеңістікті манометрмен жабдықтайды.
Ұңғылардың барлық категориялары оларды пайдалану процесі кезінде тізбектердің жағдайына тексерілуі қажет, себебі соңғылары коррозия мен эрозияға ұшырайды. Айдау ұңғыларының қоры жиі тексеріледі. Шегендеу тізбектерін коррозиядан қорғау үшін сонымен бірге әртүрлі пакерүстілік сұйықтықтар қолданылады. Бұндай сұйықтықтар ретінде құрамында шамамен 40 % формальдегид бар, антисептик болып табылатын формалинді қолдануға болады. Сонымен бірге гидразин гидратын қолдануға болады. Бұл түссіз, суда еритін сұйықтық, қайнау температурасы 118°С және қату температурасы –57°С. Саңылаусыздықтың жоғалуы және оны қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде ұңғы жойылуы тиіс.
Әртүрлі зиянды заттардың адам мен жануарлар ағзасына әсерінің ауырлығы мен тереңдігі зат түріне және оның физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты болады. Кейбір улы заттардың қасиеттері кесте 3.3.1-де көрсетілген. Зиянды заттарды улы және улы емес деп бөледі. Улы заттарға денсаулық жағдайының кез келген нашарлауын тудыратын және жұмысқа қабілеттілікті төмендететін заттар жатады. Улы емес заттарға адам ағзасына тікелей жанасуы кезінде денсаулық жағдайының көрінетіндей нашарлауын тудырмайтын, бірақ ұзақ уақыт бойы жанасу кезінде тыныс алу жолдарын, көзді, теріні тітіркендіретін әсері бар заттар жатады. Мысалы, газ тәрізді заттар (метан, азот) жоғары концентрацияларда оттегі мөлшерін азайтады, бұл адамның тыныс алу мүшелеріне кері әсерін тигізеді. Зиянды заттар газ тәрізді, сұйық және қатты күйде болуы мүмкін.
Газ тәрізді заттардың ішінен адам ағзасына зияны көп болып келетіні – күкіртсутегі. Күкіртсутегі (Н2S) – бұл шіріген жұмыртқа иісті, түссіз газ. мұнай және табиғи газдар аймағының көп бөлігінде кездеседі. Н2S мөлшері нольден 5% дейін және одан да жоғары мөлшерде өзгеруі мүмкін. Адамның улануы орталық жүйке жүйесі және қанға әсер ету арқылы жүреді. Орталық жүйке жүйесіне әсер ету тыныс алу және жүрек-тамыр орталықтарының сал болып қалуынан туады.
Кесте 3.3.1
Кейбір улы заттардың қасиеттері
Класы |
Зат |
Санитарлық-гигиеналық концентрациялар, мг/м³ |
Иісі |
Ауада болу уақыты |
Қатыстық тығыздығы (ауа бойынша) | |||
Тұрғын мекендеріндегі ШРЕК |
Жұмыс орнындағы ШРЕК |
Зиянды әсердің басталу уақыты |
Өлім қаупі бар | |||||
1 – ерек-ше қауіпті заттар
2 – қауіп-тілігі жоғары заттар
3 – қауіп-тілігі орташа заттар
4 – қауіп-тілігі аз заттар |
Никель карбонилі Тетраэтил қорғасын Сынап булары Фосфорлы сутек Бромды метил Күкіртсутегі
Күкірт ангидриді
Азот диоксиді
Этилмеркап-тан
Күкіртті ангидрид Пропил спирті Толуол Аммиак Метан
Этан Пропан Газды конденсат |
-
-
-
-
-
0,008
0,1
0,085
9·10-5
0,05
-
- 0,2 200
200 200 200 |
0,0005
0,005
0,01
0,1
1
10
1
5
1
10
10
50 2 300
300 300 300 |
-
-
-
-
-
230
250
480
2
290
-
- 100 180000
96000 6500 38000 |
-
-
-
-
-
1100
1100
1200
2000
1460
-
- 100 235000
125000 8600 50000 |
-
-
-
-
-
Шіріген жұмырт-қа Өткір
Өткір тұншық-тырғыш Шыдау мүмкін емес Өткір
-
- Өткір Иіссіз
» » Әлсіз байқала-тын |
-
-
-
-
-
2 тәул
Бір-неше тәул. 5 тәул
-
-
-
- 7 тәул 16 жыл » » » |
-
-
-
-
-
1,19
1,53
1,53
2,03
2,14
-
- 1,1 0,65
1,05 1,56 2,52 |
Н2S қан гемоглобиніне әсер ету арқылы қауіпті болады, оттегіні жұтуды 80-85 %-ға төмендетуі мүмкін, эритроциттер мен гемоглобиннің мөлшерін азайтады. Күкіртсутегінің иісін адам ағзасы 0,0014-0,0023 мг/м³ концентрацияларда сезе бастайды. Жоғары концентрацияларда (100 мг/м³ дейін) жеңіл уланулар байқалады, ал 150 мг/м³ және одан да жоғары болған кезде – тыныс алу мүшелерінің шырышты қабықшаларының зақымдануы байқалады.
Одан да жоғары көлемдерде (0,1-0,3 %) екі-үш рет тыныс алу кезінде өлімге алып келуі мүмкін. Концентрация өскен сайын адамға Н2S иісі әлсірегендей болып көрінеді.Бұл ағзаның қысқа мерзімдік бейімделуімен байданысты. Басқа зиянды заттармен араласқан кезде күкіртсутегінің улылығы арта түседі. Күкіртсутегінің көміртегі, азот тотығымен, бензин мен бензол буларымен, көмірқышқыл газымен, күкіртті ангидридпен қоспалары өте улы болып келеді.
Күкірткөміртегі (СS2) – түссіз сұйықтық. Жоғары концентрацияда жағымды иіске ие болады. Тыныс алу және ас қорыту мүшелеріне әсер етеді. 15-20 мг/м³ концентрацияда ағзаның қатты улануын тудыруы мүмкін, орташа концентрацияларда (15 мг/м³ дейінгі) созылмалы аурулар тудыруы мүмкін.
Көміртегі оксиді (СО) – иіссіз,
дәмсіз түссіз газ, құрамында көміртегі
бар заттардың жануы кезінде
түзіледі. Мұнай өндіру нысандарында
бұндай көздерге ұңғы сағасында әртүрлі
технологиялық операцияларға
Шекті көмірсутектер (бутан, пентан, гексан, гептан, октан) органикалық қосылыстар ішінде оқшау болып келеді. Адам ағзасына түскен кезде есірткілік әсер береді, қозғалыс координациясын жоғалтуды және ағзаның әлсіреуін тудырады. Шекті көмірсутектерде көміртегі атомдары көбейген сайын адам ағзасына керрі әсері күшейеді.
Азот оксиді (NO) – түссіз газ. Ауамен жанасуы кезінде оттегімен реакцияға түседі, нәтижесінде азот диоксиді түзіледі. Қан құрамына және орталық жүйке жүйесіне улы әсерін тигізеді.
Азот диоксиді (NO2) – сұр түсті, өткір әрі тұншықтырғыш иісті газ. Қоршаған орта температурасына байланысты әртүрлі агрегаттық күйде болуы мүмкін. 294 К температура кезінде азот диоксиді сұйыққа айналады. Сұйықтық түссіз, өткір және тұншықтырғыш иісті. Тыныс алу мүшелеріне әсер етеді, ұзақ уақыт бойы жанасу кезінде бронхит, астма және өкпе эмфиземасын тудырады. Қауіптілік класына және жұмыс орнындағы шекті рұқсат етілген концентрациясына байланысты улы заттар ерекше қауіпті, қауіптілігі жоғары, орташа және қауіптілігі аз болып бөлінеді [13].
3.4 МГӨБ жұмыс аймағындағы қоршаған ортаның ластануын бақылау
Кен орнын игеру кезінде химиялық реагенттерді қолданатын МГӨБ өндірістік іс-әрекетіндегі аймақта тұщы су қорларының, топырақтың және атмосфералық ауаның жағдайын бақылау жүйесі кеңінен қолданылады.
Судың физикалық-химиялық қасиеттерінің
өзгеруін бақылау су көзін геологиялық
және гидрогеологиялық зерттеуден басталады.
Жер бетіндегі және тереңдік су көздері
де зерттелінеді. Әдетте МГӨБ іс-әрекетіндегі
аймақта мұнай, газ, су және қоспаларды
тасымалдау коммуникацияларымен
Жерасты суларының сапасын бақылау қиманы тұщы су көздеріне дейін гидрогеологиялық зерттеуден және олардың таралу шекарасын анықтаудан тұрады. Әдетте тұщы сулардың таралу аймағы белсенді су алмасу аймағы бар тіліктің жоғарғы бөлігіне енгізіледі. Сонымен бірге жерасты суларының таралу картасы құрылады және бақылау ұңғылары белгіленеді. Олар болмаған жағдайда тереңдігі 30-100 м арнайы бақылау ұңғыларын бұрғылайды. Зерттеулерде үлгілерді алу және үлгі алу жиілігі МГӨБ геологиялық қызметімен бекітіледі.
Анализдермен жер беті
суларының сияқты, жер асты суларының
да физикалық-химиялық қасиеттері анықталады.
Сулардың сипаттамаларының жеке параметрлерінің
өзгерісін салыстыра отырып, ластану
орнын, қарқындылығын және көлемін
анықтайды, нәтижесінде ластану
көздерін жою бойынша ұйымдасқан-
Топырақ жағдайын бақылау көзбен шолу арқылы тексеру жолымен және лабораториялық тәсілмен жүргізіледі. Көзбен шолу арқылы сыртқы сипаттамалардың өзгерісі зерттеледі: түсі, тығыздығы, өсімдік жабынының болуы. Лабораториялық анализ топырақ үлгісін алудан, ұнтаудан, алдын ала зерттелген тұщы суда жуудан, тұндырудан және осы судың химиялық анализінен тұрады.