Жанажол кен орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:38, курсовая работа

Краткое описание

Жаңажол мұнайгазконденсатты кен орны ҚР Ақтөбе облысының Мұғалджар ауданында Ақтөбе қаласының оңтүстігінен 240 км қашықтықта, Мұғалджар таулары мен Ембі өзенінің алқабында орналасқан.
Кен орны 1978 жылы жоғарғы карбонат қабатындағы тұз үстінен мұнай ағынының кәсіпшілік мәні алынған №4 ұңғымамен ашылды. 1982 жылы кен орынның жоғары карбонат қабатын барлау аяқталды және 1983 жылы пайдалануға берілді.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ…………………………………………..……….
1.1 Әдеби шолу..............................................................................….....
1.2 Кен орнының геологиялық сипаттамасы....................…................
1.2.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер............................…..............
1.2.2 Стратиграфиясы.....................................................….......................
1.2.3 Тектоникасы...............................................................…...................
1.2.4 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттері........…...............
1.3 Сұйық пен газдың физикалық-химиялық сипаттамалары.…......
2 ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ………………………..
2.1 Жаңажол кен орнын игерудің ағымдағы жағдайы……..………
2.2 Өндіру ұңғыларының қоры………………………………..……...
2.3 Су айдау ұңғыларының қоры……………………………..………
2.4 Ұңғы жұмысының орташа тәуліктік көрсеткіштерінің анализі...
2.5 Қабаттың мұнайбергіштігін үшнатрийфосфаттың сулы ерітінділерін айдау арқылы арттыру……………………………..
2.6 Үшнатрийфосфаттың және оның сулы ерітінділерінің қасиеттері…………...………………………………………………
2.7 Үшнатрийфосфатты тәжірибелік-кәсіпшілік сынау……..……...
2.8 Үшнатрийфосфат ерітінділерін дайындау және айдау технологиясы.……………………………………………..……….
2.9 Қабатқа ҮНФ ерітіндісін айдаудың технологиялық есебі…..….
3 ЕҢБЕК ПЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІ…………………………………………….….….
3.1 Мұнайбергіштікті арттыру әдістерін жүзеге асыру кезіндегі еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар…………………………..….
3.2 Ұңғыларда қауіпсіз жұмыс жүргізу………………………..……..
3.3 Мұнай өндіру жүйесіндегі ластаушы көздер……………..……...
3.4 МГӨБ жұмыс аймағындағы қоршаған ортаның ластануын бақылау……………………………………………………..………
3.5 Кен орнындағы қоршаған ортаны қорғау шаралары……..……..
3.5.1 Топырақты лайланудан қорғау……………………………..…….
3.5.2 Жер асты және жер бетіндегі суларды қорғау……………..……
3.5.3 Атмосфералық ауаны қорғау………………………………..…….
3.5.4 Мұнай өнімдерінің және химиялық реагенттердің қалдықтарын пайдаға асыру………………………………………………………
3.6 Қабатқа су айдауда қауіпсіздік техникасы……………………….
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ……………………………………………
4.1 «Октябрьмұнай» МГӨБ-ның ұйымдастыру құрылымы……..….
4.2 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру……………..…….
4.3 Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру ерекшеліктері………..……
4.4 Үшнатрийфосфатпен суландыру процесіне қысқаша сипаттама…………………………………………………...………
4.5 «Октябрьмұнай» МГӨБ-ның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу…………………………………..……….
4.5.1 Шараны енгізгенге дейінгі өнімнің өзіндік құнын анықтау….....
4.5.2 Үшнатрийфосфаттың сулы ерітіндісі арқылы суландырудың экономикалық тиімділігін есептеу……………………………..…
Қорытынды ………………………….…………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДипломАЛТЫНАЙ.docx

— 1,020.11 Кб (Скачать документ)

Химиялық анализден бөлек  биологиялық анализ де жүргізілуі мүмкін, мысалы химиялық реагенттердің фотоулылығын салыстыру әдісімен.

Ауа бассейнінің ластануы мұнайды дайындау, газды немесе шламды факелде жағу орындарында СО2, Н2S бөлінуімен байланысты. Бұл кезде ауа бассейнінен бөлек, топырақ пен су қоймалары да ластануы мүмкін. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауған кезде СО2, Н2S қышқылдар түзуі мүмкін, олар тамшы және сұйық түрде болады да, жер бетінде конденсацияланып, шоғырлар түзуі мүмкін. Сондықтан уақытылы игеруді және ауа бассейнінің, топырақтың және су қоймаларының ластануының алдын алу бойынша ағымдағы ұйымдасқан-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру үшін желдің өзгеруін, жауын-шашынның түсуін ескеріп, бақылау жүргізу қажет. Алынған ауа үлгілері әдетте хромотографиялық анализ жолымен зерттеледі. Индикаторлық материалдарды пайдалануға негізделген жедел тәсілдер де қолданылады, оларды жүргізу кезінде үлгі түсін өзгертеді [13].

 

 

3.5 Кен орнындағы қоршаған ортаны қорғау шаралары

 

Жанажол кен орнының территориясы өзінің климаттық жағдайына қарай  құрғақ салыстырмалы ыстық жартылай шөлді зонаға жатады. Районның климаты  құрғақ, тез кантиненталды жылдық және тәуліктік температурасы тез  өзгермелі (-40, +40 %) және төмен ылғалдылықты болады. Территорияның жер беті тау  жынысты тектоника құрылымдарының жабуы ашық қоңырқай түсті болады. Негізінен сордың әртүрлі дәрежелерімен, саз және сор түрлерінің бірігуімен, сонымен қатар ұсақ массивті әлсіз  толқынды және ұсақ дөңесті құмдар кездеседі. Жартылай шөлді зона даланың  шөлейтті жер арасы болып табылатындықтан, даминантты сапа ретінде далалық  зонада өсетін өсімдіктер жартылай шөлді  зонада да өседі. Кен орнын орналастырумен байланысты жолды және құрылысты  құру, коммуникация және магистральді құбырлардың төсемін ұңғыманы бұрғылаумен  байланысты жұмыс нәтижесінде техногендік  микрорелеф құрылды. Көбінесе отвальдар, насыпты, канавалер кездеседі, осылардан  жасанды түрде микрорелеф құрылады. Соңғы уақытта қоршаған орнатаның  проблемасына көп назар аударады. Районда ірі мұнай өндіретін  және мұнайды қайта өңдейтін өнеркәсіптегі  барлық технологиялық процесстер (барлау, бұрғылау, мұнайлық ұңғыманы пайдалану, сонымен қатар оны сақтау, тасымалдау және мұнайды қайта өңдеу) экологияны бұзудың себептері болуы мүмкін.

Бұл бұзылыстар жердің топырақ  қабатының бұзылысы, суатқа, топыраққа  кері әсерлері бұрғылау процесінде жуатын сұйықтықтарды құю кезінде грунтты және жер асты суларының бұзылысы, сонымен қатар өнеркәсіптік ағымды айдау кезінде оның сулы горизонты қабаттың қысымды ұстап тұру үшін қолданады.

Көптеген ауыр және қауіпті  әсерлері болып жер асты және бетіндегі  су және топырақтың лайлануы болып  табылады. Оның негізгі лайландыру-шылары мұнай бұрғылау және мұнайлы шыламдар және ағын сулары болып табылады [13].

3.5.1 Топырақты лайланудан қорғау

 

Ұңғыманың құрылысы кезінде  аймақтық шектерінің топырақ бетімен  өсімдіктерінің бұзылуына жол берілмейді. Топырақтың өнімділікті қабаты 17.4.3.02-85 МЕСТ міндеттеріне сай текшеленеді және алынады. Бұл жұмыс бульдозердің көмегімен орындалады, топырақтың плодородты қабатын минералды грунтпен араластыруына жол бермейді. Өнімді қабат бұртада текшеленеді. Бұрталар арнайы шектелген аймақтарда орналасу керек.

Жобалық шешімге сай және аймақтарын қалпына келтіру бойынша  бұрғылау аяқталған соң ұңғыманы меңгеру және жабдықтарды бөлшектеу  жұмысын орындалуын жүргізу керек.

Ландшафтты-геохимиялық  және геобенотикалық сипатына, зақымдану дәрежесіне, лайланған ортаның жергілікті топырақты климаттық жағдайдың есебімен лайланған жердің рекультивациясын жүргізу керек.

Жердің рекультивациясының 2 түрі болады: техникалық және биологиялық.

Жердің рекультивациясының техникалық этапын жүргізу кезінде  келесі жұмыстар орындалуы керек:

- ауданды жоспарлау, қойманы, ұңғыманы құруды аяқтағаннан кейінгі қалған бетондық және металдық қалдықтардан ауданды тазалау;

- ауылшаруашылық және басқа да техникалардың өту жолдары мен жол жүру рекультивирленген аймақта жерасты жолын құру;

- көрінетін қабатты құру;

- жерді жоғары шамамен плодородты топырақ және плодородты жыныстық қабатпен жабу;

- уақытша жолдармен бос болмаған аудандарға жердің рекультивациясын жүргізу немесе келіскен жағдайлармен тұрақты жерді қолданатын адамға беру [13].

 

 

3.5.2 Жер асты және жер  бетіндегі суларды қорғау

 

Ұңғыманың құрылысы кезінде  жер асты және жер бетіндегі суларды  қорғауға ерекше назар аударады. Ауданды  шектен тыс бұрғылау кезінде бұрғылаудың  қалдықтарын және бұрғылау ерітіндісі техникалық судың ағу мүмкіндігін  алдын-алу мақсатында сол ауданның грунтпен опырылуы жүргізіледі.

Жер асты суларының лайланудың алдын алудың негізгі шаралары болып  мұнайлы және газды өнеркәсіптердің  қауіпсіздік ережесі негізінде  игерілген ұңғыма құрылысына сай  ұңғыманың конструкциясы болып  табылады.

Ұңғыма бағанының тереңдігіне  дейін металды құбырлармен жабылған одан әрі құбыр кеңістігінен кейін  цементпен қабаттарды айырған сайын  престелген су қабаттың лайлануынан  сақтайды. Бұрғылау ерітінділерінің  түрлері топыраққа және жер асты суларына зиянды әсерінің химиялық өңдеуі таңдамалы түрде аз болуы керек. Бұрғылау ерітіндісін дайындау үшін негізгі ұңғымада бұрғыланған суды ұңғыма сумен алады.

Жер асты су көздерін және жер  қойнауының ластануына алдын алуға  мынадай шараларды орындау керек:

  • мұнай өндіру районында тұйық жүйесіне кең енуі, бұралқы су өнеркәсіптік қабат үшін минералды пайдаланады және шектелген мөлшерде таза сумен қамтамасыз ету;
  • көмірсутектерді жоғалтуды төмендету мақсатында қабат суды және газды, мұнайды дайындау тәсілдерімен нәтижелі әдістерін енгізу;
  • жүйеге әсер етіп, суды салқындататын ауыстыратын (газокомпрессор-лық станция) – ауалы;
  • топ басу әсерінен коммуникациясы және жабдықтарды қорғаудың тиімді тәсілдерін енгізу;
  • қалдықсыз технологияны енгізу.

Газды және мұнайды қайта  өңдеу және өндіру районының атмосферасы  әртүрлі қондырғыда отынды жағу нәтижесінде  күкіртті қосылыстар мен нәжістермен  ластанады [13].

 

 

3.5.3 Атмосфералық ауаны қорғау

 

Атмосфералық ауаның ластануын  азайту мақсатында зиянды заттарды стациянарлық көздерінен бөлінетін:

- бұрғылау қондырғысының іштенжанатын қозғалтқышы, жалынды шоғырлар;

- санитарлық зонаға атмосфералық ауаны ластайтын заттарды азайту, оларды орналастырумен жүзеге асырады.

Сонымен қатар атмосфераға  зиянды әсерін төмендететіндер:

- оттық аппаратураны зерттеу;

- суды қайда құйылса,  сажды жинау және ұстау үшін, дизель үшін жинағыш коллекторды құру.

Қайта өңдеу және өндіру районында зиянды заттардың жалпы  санын технологиялық процесстерді жетілдіру мен немесе газды тазалау  және кең көлемде енген әртүрлі  әдістерді пайдаланумен төмендетуге  болады. Көбіне олардың ішіндегі эффектифтісіне мыналарды жатқызуға болады.

- мұнайлы газды пайдалануды жоғарлату және газды өңдеу заводын енгізу;

- газды жер асты табиғи қоймасын пайдалану;

- мұнайдың эмульгирленген абсобциясын принципінің негізінде мұнайды сусыздандыруды кең көлемде енгізу;

- кен орнында газдың құрамында күкірттеу тегінен тұратынына міндетті түрде ерекше  көңіл аудару керек.

Негізгі осындай шараларға  жатады: ортада жұмыс істейтін құрамындағы  қышқыл газдар, КИПиА заттары, арматулар, құбыр арқылы жабдықтар үшін материалдар  дұрыс таңдау;

Өндіру бойынша герметизация жүйесі, газды өнеркәсіптік дайындау және тасымалдау және көмірсутекті, кондинсат; автоматтық кілттеу жүйесін қолдану  және аппаттық аялдама, жабдықтардың ажырауын қамтамасыз ету және герметизация жүйесінде  технологиялық режимнің бұзылысы кезіндегі  қондырғылар;  ұңғыманы үрлеу кезінде  күкірт сутекті айдау меквидациясы үшін жабық жалынды жүйені қолдану  технологиялық қондырғыны жөндеу кезінде  келесі жалынды жағу болып табылады.

Мұнай өндіретін және мұнайды  өңдейтін мекемелерде табиғатты  қорғау шараларының комплектісін жүзеге асырады. Бірақ та олар бірінші кезекті  және негізгі қатарға жатады. Сондықтан  да нәтижелі табиғатты қорғау шараларын  игеру міндетті, мұнайлы ластанудың толық және максималды алдын алуға  мүмкіндік береді. Мысалы: жаңа бойынша  экологиялық техникалық қауіпсіздік  жүйесі бойынша, бақылау заттары  мен аспаптары және автоматизациясы, оптимизация тасы және компьютерлік технология мен қазіргі математикалық  тәсілдердің негізінде өндірісті  басқару [13].

 

 

3.5.4 Мұнай өнімдерінің және химиялық реагенттердің қалдықтарын пайдаға асыру

 

Химиялық реагенттер ерітінділерінің, шикі және дайындалған мұнайдың, жеңіл  көмірсутектердің (еріткіштер, тұрақсыз бензин, керосин) жоғары концентрациясы, әдетте, мұнай, су, көмірсутекті негіздегі  ерітінділерді дайындау мен айдау  түйіндеріне орайластырылған. Бұған  мицеллярлы ерітінділерді, полимерлерді, силикатты-сілтілі, қышқылды және беттік әрекетті заттарды дайындау мен айдау  түйіндерін жатқызуға болады. Технологияларда  қолданылатын химиялық реагенттердің  маркаларының тізімі және оларды қолдану  саны мен көлемі жағынан әртүрлі  болуы мүмкін. Осыған байланысты оларды дайындау мен айдау түйіндерде мұнай  шламы, химиялық шлам және қатты қалдықтар  түріндегі әртүрлі қалдықтар  түзіледі. Пайдаға асырылатын және қабатқа айдалатын немесе басқа  технологиялық мақсаттарда қолданылатын ағынды суларда ұқсас қалдықтар  болуы мүмкін. Пайдаға асыруда  қиыншылық тудыратын шлам қалдықтарына улы қатты заттар жатады. Олар басқа  интенсификаторлар, үшнатрийфосфат қосылатын  силикатты-сілтілі суландыру кезінде  қатты тұнбалар құрамында және күкіртқышқылды және тұзқышқылды өңдеу кезінде  механикалық қоспалар құрамында  болуы мүмкін. Қатты бөлшектер  әдетте гравитациялық әсер есебінен бөлінеді және мерзімді түрде тазартуды  қажет ететін технологиялық сыйымдылықтардың төменгі бөлігінде шөгеді. Қалдықтарды (шлам) жинау үшін канализациялық сыйымдылықтарды, қоймаларды немесе су тасығыштарды пайдаланады. Су тасығыштарды пайдалану кезінде қалдықтар оларды өңдеу пунктіне шығарылады. Химиялық реагенттер (эмульсиялық құрылым) үшін дисперсті ортан ретінде шикі мұнай мен суды пайдалану кезінде канализациялық сыйымдылықта (қойма) төрт қабат түзіледі:  

1) жоғарғы (бірінші қабат)  – тұтқырлығы жоғары және жартылай  эмульсиялы құрылымды мұнай, оны  мұнай мен суды дайындау жүйесінде  пайдаға асыру қажет;

2) екінші – механикалық  бөлшектер қоспасы бар сумұнайлы  эмульсия;

3) үшінші – өлшенген  механикалық қоспалары бар бөлінген  су;

4) төртінші – қоймалжың,  тығыз тұнба немесе ірі суспензия  түріндегі түптік қабат, оның  төменгі бөлігінде құм және  қатты шлам түріндегі механикалық  бөлшектердің қатты тұнбасы болады.

Жоғарғы үш қабатты тазарту  мен пайдаға асыру кезінде  әдетте қиыншылықтар болмайды. Мұнай  мен мұнай эмульсиясын қалқымалы  құбыршалар көмегімен мұнайды дайындау жүйесіне айдайды, ал бөлінген суды –  су дайындау жүйесіне айдайды. Төртінші қабатты тазарту кезінде, егер онда улы заттар болса, қиыншылықтар пайда  болады. Төртінші қабаттың шламын жандыруды  пайдалану арқылы тазарту және пайдаға  асыру тәсілін қолданған дұрыс. Құрамында шламы бар масса мұнай өнімдерімен және химиялық реагенттермен бірге алғашқы үш қабаттан босағаннан кейін алдын ала сұйық фазада дымқылданады, мысалы таза мұнай қосу арқылы. Кейін бұл масса арнайы сыйымдықтарға (су тасығыш) айдалады және мұнай шламын жағуға арналған қондырғыға беріледі. Жағу арқылы қалдықтарды пайдаға асыру тәсілі меңгерілген және сенімді тәсіл болып табылады. Барлық улы заттар негізінен СО2, Н2S және Н2О, сонымен бірге шлак түрінде газ тәрізді күйге өтеді деп санау қабылданған.

Жағу технологиясы әдетте көлемнің 90 %-ға, ал массаның 60 %-ға кішіреюін  қамтамасыз етеді. Қалған қатты зиянсыз  массаны (шлак) қазаншұңқырларға көмеді немесе құрылыста инертті материал немесе толтырғыш ретінде пайдаланады, не кәсіпшіліктің басқа салаларында  қолданады. Жоғарыда қарастырылғандардан  басқа, қалдықтарды пайдаға асыру  мен өңдеудің басқа да, химиялық, механикалық, сорбциялық, биологиялық  немесе комбинирленген әдістерін қолданады. Бірақ зиянды қалдықтарды пайдаға асыруда экологиялық тиімді әдіс деп, олардың, сонымен қатар аралас өндірістерде және қолдану аясында, сонымен бірге дәстүрлі емес салаларда толығымен пайдаға асырылуын қамтамасыз ететін әдісті санауға болады [13].

 

 

3.6 Қабатқа су айдауда қауіпсіздік техникасы

 

Мұнайлы қабатта суды айдау  бойынша жұмыс жүргізу кезінде  қауіпсіздік техникасын мұнай өндіретін  өнеркәсіптік  нұсқамен ережелерді қарастырып, жалпы барлық талаптарын қатаң түрде орындау керек. Жұмысқа қабылданар алдында 18 жасқа толған жеке тұлға медециналық қараудан өту керек. Содан соң қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқалардан өтеді және қорғануға жеке заттарды (газдан сақтандырғышты) қолданады. Жеке мамандар үшін МГӨБ-ның бас инженері инструктамдық көлемі мен мазмұнын бекітеді немесе орындалған жұмыстың сипатына байланысты біріктіреді.

Информация о работе Жанажол кен орны