Жанажол кен орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:38, курсовая работа

Краткое описание

Жаңажол мұнайгазконденсатты кен орны ҚР Ақтөбе облысының Мұғалджар ауданында Ақтөбе қаласының оңтүстігінен 240 км қашықтықта, Мұғалджар таулары мен Ембі өзенінің алқабында орналасқан.
Кен орны 1978 жылы жоғарғы карбонат қабатындағы тұз үстінен мұнай ағынының кәсіпшілік мәні алынған №4 ұңғымамен ашылды. 1982 жылы кен орынның жоғары карбонат қабатын барлау аяқталды және 1983 жылы пайдалануға берілді.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ…………………………………………..……….
1.1 Әдеби шолу..............................................................................….....
1.2 Кен орнының геологиялық сипаттамасы....................…................
1.2.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер............................…..............
1.2.2 Стратиграфиясы.....................................................….......................
1.2.3 Тектоникасы...............................................................…...................
1.2.4 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттері........…...............
1.3 Сұйық пен газдың физикалық-химиялық сипаттамалары.…......
2 ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ………………………..
2.1 Жаңажол кен орнын игерудің ағымдағы жағдайы……..………
2.2 Өндіру ұңғыларының қоры………………………………..……...
2.3 Су айдау ұңғыларының қоры……………………………..………
2.4 Ұңғы жұмысының орташа тәуліктік көрсеткіштерінің анализі...
2.5 Қабаттың мұнайбергіштігін үшнатрийфосфаттың сулы ерітінділерін айдау арқылы арттыру……………………………..
2.6 Үшнатрийфосфаттың және оның сулы ерітінділерінің қасиеттері…………...………………………………………………
2.7 Үшнатрийфосфатты тәжірибелік-кәсіпшілік сынау……..……...
2.8 Үшнатрийфосфат ерітінділерін дайындау және айдау технологиясы.……………………………………………..……….
2.9 Қабатқа ҮНФ ерітіндісін айдаудың технологиялық есебі…..….
3 ЕҢБЕК ПЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІ…………………………………………….….….
3.1 Мұнайбергіштікті арттыру әдістерін жүзеге асыру кезіндегі еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар…………………………..….
3.2 Ұңғыларда қауіпсіз жұмыс жүргізу………………………..……..
3.3 Мұнай өндіру жүйесіндегі ластаушы көздер……………..……...
3.4 МГӨБ жұмыс аймағындағы қоршаған ортаның ластануын бақылау……………………………………………………..………
3.5 Кен орнындағы қоршаған ортаны қорғау шаралары……..……..
3.5.1 Топырақты лайланудан қорғау……………………………..…….
3.5.2 Жер асты және жер бетіндегі суларды қорғау……………..……
3.5.3 Атмосфералық ауаны қорғау………………………………..…….
3.5.4 Мұнай өнімдерінің және химиялық реагенттердің қалдықтарын пайдаға асыру………………………………………………………
3.6 Қабатқа су айдауда қауіпсіздік техникасы……………………….
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ……………………………………………
4.1 «Октябрьмұнай» МГӨБ-ның ұйымдастыру құрылымы……..….
4.2 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру……………..…….
4.3 Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру ерекшеліктері………..……
4.4 Үшнатрийфосфатпен суландыру процесіне қысқаша сипаттама…………………………………………………...………
4.5 «Октябрьмұнай» МГӨБ-ның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу…………………………………..……….
4.5.1 Шараны енгізгенге дейінгі өнімнің өзіндік құнын анықтау….....
4.5.2 Үшнатрийфосфаттың сулы ерітіндісі арқылы суландырудың экономикалық тиімділігін есептеу……………………………..…
Қорытынды ………………………….…………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДипломАЛТЫНАЙ.docx

— 1,020.11 Кб (Скачать документ)

 

«Октябрьмұнай» МГӨБ төрт ұйымдық бөлімшеден тұрады:

- басқару аппараты;

- инженерлі-техникалық қызмет;

- өндірістік қамтамасыз ету базалары;

- цехтар және мекемелер базалары.

Соңғылары мұнай-газ өндіру басқармасының басшысына тікелей  бағынады.

Кәсіпорындағы біртұтас өндірістік процесс негізгі және көмекші  процестерге бөлінеді.

МГӨБ-ның негізгі өндірістік процесі – мұнай және газ өндіру, газды кептіру, айыру және әр қарай  тасымалдауға дайындау болып табылады.

Көмекші процестердің мақсаты  негізгі процестер үшін қолайлы  өндіріс жағдайларын туғызу болып  табылады.

Көмекші өндірістің негізгі  қызметтеріне келесілер жатады:

- өндіріс құрал-жабдықтарын  күту және жөндеу;

- сумен қамтамасыз ету;

- энергиямен қамтамасыз ету;

- материалды-техникалық жабдықтау.

МГӨБ-ның көмекші өндірісі – ұңғыларды жерасты жөндеу алаңы, мұнайды дайындау және айдау цехы және жылумен жабдықтау алаңы  болып табылады.

Көмекші процестерді (алаңдарды  және қызметтерді) жасау, техникалық процестерге  қолайлы жағдай туғызады. Ол жұмысшыларды біртекті және қиын жұмыстардан босатуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, келесідей көмекші  процестерді бөліп көрсетуге  болады:

- Тиеу және түсіру жұмыстарында  еңбек құралдарын жылжыту бойынша;

- Бақылау – дайындалған  еңбек құралдарының негізгі талаптарына  сәйкестігін тексеру және сынау  бойынша; 

- Зерттеу – өндірістік  процестердің параметрлеріне қажетті  зерттеу бойынша;

- Геологиялық барлау –  пайдалы қазбаларды барлау бойынша.

 

 

4.3 Еңбек пен жалақыны  ұйымдастыру ерекшеліктері

 

Кез келген кәсіпорында, соның  ішінде мұнай газ өндіру кәсіпорнында,  еңбекті ұйымдастыру ұйымының өзіндік  бір бөлімі болып табылады. Ол тиімді таңдауды, орналасуды және жұмысшы  кадрларды қолдануды қарастырады, жұмыс уақытын және өндіріс құралдарын максималды нәтижелі қолдануды қамтамассыз  етеді.

Еңбек ұйымдастыру бөліміне мыналар кіреді:

  • жұмыс орнын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
  • жұмыс режимі;
  • жұмысшы кадрларды орналастыру;
  • еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету;
  • жұмысшылардың кәсіби мамандық дәрежесін таңдау, дайындау және

жоғарылату;

  • жарыстарды ұйымдастыру;

Мұнай газ өндіру басқармасының  қызметкерлерінің жалақысы белгіленген тарифті қойылым және дәреже-лауазымдық ақы төлеу жолымен төленеді.

Инженерлік техникалық қызметкерлермен  қызметкерлердің (санын есептеу  үшін жеке) штатты кестесін құру және еңбек  ақы көлемін анықтау үшін, мына жағдайларды білу керек:

- инженерлік – техникалық  қызметкерлер және қызметкерлердің  санын есептеу үшін жеке бөлімшелер  құрылымы басқару қызметінің  көлемдік көрсеткішін білу;

- штат бойынша белгіленген орташа жалақы қоры еңбек туралы анықтама, бөлімшелер құрылымы мен басқару қызметінің еңбек ақы топтарын анықтау;

- лауазымды еңбек ақының  минималды және максималды түрлерінен  лауазымды ақы нобайын құру.

      «Октябрьмұнай» мұнай және газ өндіру басқармасының шеберлері мен басқа да инженерлік-техникалық қызметкерлеріне 30% қосымша ақы төленеді.

      Жұмысшы бригадалары келісімді – сыйақылы жүйе бойынша жалақы алады. «Октябрьмұнай» мұнай және газ өндіру басқарманың кейбір жұмысшылары кәсібі үшін 4-12 % аралығында қосымша ақы белгіленеді. Бұл қосымша ақыны 67 жұмысшы, соның ішінде 28 жұмысшы 53% қосымша ақы алады.

2010 жылдың 1-ші қаңтардағы  есепті тізім бойынша мұнай  өндіру басқармасында 1425 адам  жұмыс жасайды. Оның ішінде 1064 адам қарапайым жұмысшы, ал  инженерлік техникалық қызметкерлер  саны 359 адам. Жұмысшылармен инженерлік  техникалық қызметкерлердің 932 адам  вахталық әдіспен жұмыс істейді.

«Октябрьмұнай» мұнай  газ өндіру басқармасында бір  жұмысшының орташа айлық жалақысы 68543 тенге, яғни өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің 62459 тенге, әлеуметтік ортада 42625 тенге құрайды.

Мұнай және газ өндіру басқармасындағы  жалпы орта тізімдік саны 1204 адам. Жұмысшылармен 214540 адам/сағат жасалды. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда күнтізбелік уақытының  коэффициенті 0,01-ден 0,630-ға өсті тең  болды. Бір жұмысшымен 230 адам/сағат  жұмысы жасалды, бұл 2009 жылға қарағанда 0,5 күнге кем. Дегенмен бұл орынды да, себебі экологиялық апатты аймақтарда және Чернобыль атом электр станциясы  жарылысының салдарынан жоюға қатысқан адамдардың демалыс уақытының созылғанынан болып табылады.

Жұмысшылардың жалақысы жүйелі-сыйақылы және жанамалы-істелу жүйелері бойынша есептеледі. Жұмысшылардың орташа дәрежесі 2010 жылы 3,9 болды. Жұмысшылардың орташа жалақысы 1 адамға шаққанда 66471 теңге, соның ішінде өндірістік-кәсіптік қызметкерлер 68447 теңге, ал, шаруашылық құрылыс басқармасы бойынша 42894 теңге болды. Жалақының келісімді жүйесі бойынша 2010 жылы 214 адам жұмыс істеді. Олардың жұмысты орындаудағы орташа үлесі - 104,5%.

2011 жылғы  қазан айында  Жаңажол кен орны бойынша –  2896 мың.т мұнай, 1866,1млн.м3 мөлшерде ілеспе мұнай газы өндірілді.

«Октябрьмұнай» МГӨБ-ның 2011 жылғы балансының жағдайы келесідей:

  01.07.2011 жыл бойынша өндіру ұңғыларының қоры 562 (167 фонтанды ұңғы, 4 ұңғы штангілі тереңдік сораппен жабдықталған және 361 газлифтілі ұңғы), оның ішінде 532-сі пайдаланылуда, 6 ұңғы тұрып қалған, 18 әрекетсіз және 6 ұңғы бұрғылаудан кейін пайдаланылуға дайын.

2000 жылға көрсеткіш бойынша  ұңғылар қоры айтарлықтай өскен.  Бұл әсіресе Г және Д бумалары  үшін сипатты келеді.

01.07.2011 жылдың статискасы  бойынша екі өнімді горизонтты, негізінен Аоңт және Гн.оңт,  игеруді жүргізіп келеді. Бұл  горизонттар аз қуатты мұнайға  қаныққан қалыңдықтармен сипатталады  және бұл ұңғылардың бір өнімділік  горизонтында бөлек пайдалану  пайдасыз болып келеді.

КҚ-I карбонатты қалыңдығындағы өндіру ұңғыларының қоры 237 құрайды (131 фонтанды ұңғы, 3 штангілі тереңдік сораппен жабдықталған, 89 газлифтілі ұңғы). Оның ішінде 223-і пайдаланылуда, 1 ұңғы тұрып қалған, 13-і әрекетсіз ұңғылар. КҚ-I карбонатты қалыңдығындағы фонтанды ұңғылар барлық өндіру ұңғылары қорының 59%-ын құрайды [4]. 

 

                                                                                    

4.4 Үшнатрийфосфатпен суландыру процесіне қысқаша сипаттама

Мұнай-газ өндіру өнеркәсібінде  техникалық прогрестің басты мақсаты  өндіріс көлемінің жылдам өсуіне және мұнай кен орындарын игерудің сапалық көрсеткіштеріні жақсаруына ықпал ететін өндіру технологиясын  жақсарту болып табылады.

Жаңажол кен орнында қабаттардың  мұнай бергіштігін арттырудың бір  әдісі – ұңғымаларды үшнатрийфосфат ерітіндісімен суландыру болып  табылады.

Үшнатрийфосфаттың жерасты және айдалатын  сулардың кальций тұздарымен химиялық әсерлесуі кезінде ығыстыру аймағында  мүлде ерімейтін жоғары дисперсті  кальций ортофосфаты түзілуі  мүмкін. Бұл заттың кристаллдары сумен  шайылған қуыстарды жартылай бітеп  тастайды да, гидравликалық кедергіні  арттырады және судың тиімді тұтқырлығын  арттырады, бұл қабатты суландырумен қамтуды арттырады.

 

4.5 «Октябрьмұнай» МГӨБ-ның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу

 

Өнім шығыны және өнімнің  өзіндік құны және өнімнің іске асырылуы, бұл кәсіпорын қызметінің маңызды  қаржылық көрсеткіші. Олар басқада  қаржылық көрсеткіштерді есептеу негізі ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорынның өзіндік құнының шамасына және өнімнің  іске асырылуына кәсіпорын кірісі байланысты болады. Өнімнің   көлемі   ассортименті   және   сапасы   экономикалық   талдауда   ерекше   орын   алады,   өйткені   олар   келесі   бөлімдердің   көрсеткіштерінің   деңгейін   анықтайды.

Талдау және өндірістік бағдарламаны орындаудың мәні таза өнім көлемі және оның негізгі көрсеткіш түрлерінің номенклатурасымен күшейтіледі.

Өндірістік бағдарламаны талдаудың үрдісінде жеткен көрсеткіштерді бағалау, олардың өзгерісінің деңгейін және факторын анықтау, өткен жылғы  жобамен салыстырып, олардың жақсарғандығының жеке бөлікшелерін   анықтау, сонымен  бірге оларды жақсартудың кейінгі  жолдарын ашу.

Талдау көзі болып кәсіпорынның кезеңдік есеп беруі, оның түсіндіру  жазбалары сонымен бірге жедел  есепшот материалдары болып табылады. Кейбір жағдайларда өндірістің сақталған  қорын шығару жағдайында технологиялық  қондырғылардың арнайы зерттелген жұмыстары, сапа және қолданылған шикізат қажет  етіледі [16].

 

 

4.5.1 Шараны енгізгенге  дейінгі өнімнің өзіндік құнын  анықтау

 

Жабдықтың қажетті бірлігін есептеу келесі формуламен жүргізіледі:

 

О=(Пг · Тед)/(Фд · 60),                                (4.5.1)

 

мұндағы Пг – өнімді шығару немесе қызмет көрсету бойынша жылдық өндірістік бағдарлама (жылдық мұнай мен газды өндіру, мұнай немесе газдың қайтаөндеу өнімдерінің жылдық шығарылуы, ұнғыны бұрғылаудың жылдық көлемі және т.б.); Тед – өнімнің бір бірлігін шығару немесе қызметін бір бірлігін көрсету үшін қажетті уақыт (бір м3 мұнай немесе газ өндіруге жұмсалған уақыт, бір м3мұнай немесе газдың қайтаөндеу өнімдерін алу үшін қажетті уақыт, бір м бұрғылау уақытыжәне т.б.); Фд – жабдықтардың жұмыс жасау уақытының шынайы қоры, сағат.

Жұмыс жасау уақытының  шынайы қоры анықтау формуласы:

 

Фд=(Дквыхпрсм·Ксм·(100-Кр)/100,                (4.5.2)

 

мұндағы Дк – бір жылдағы  күнтізбелік күндер саны; Двых – бір жылдағы демалыс күндер саны; Дпр – бір жылдағы мейрам күндерінің саны; Тсм – ауысым ұзақтылығы, сағат; Ксм – күніне жұмыс жасау ауысымының саны; Кр-жабдықтардың жоспарлы – ескертуші жөңдеуді жүргізуге уақыт шығынының коэффициенті; Кр – әдетте 2% -ден 12% дейінгі шекарада болады.

Бұл жабдықтардың сапалығына және қнғының жұмыс жасауының  геологиялық шарттарына тәуелді.

 

Фд=(366-118-15)12·2·(100-12)/100 = 248x12x2x0,88 = 5237,77   

 

О=(8669·24)/(5237,76·60)= 208056/314265,6 = 0,66

 

Өндіріс шығындарын анықтау 

 

Амортизациялық аударымдар. Негізгі өндірістік қорлардың тозу мөлшерін көрсететін ақшалай түрі амортизациядеп аталынады. Тозудың екі түрі бар: физикалық тозу, моральдық тозу.

Жабдықтардың амортизациясы  жабдықтардың баланстық құны мен  жылдық амортизациялау нормасын негізінде  есептеледі:

 

А=На · Фп/100,                                     (4.5.3)

 

мұндағы Фп – баланстық құн, тн.; На – амортизациялық аударым нормасы, %.

Ұңғы сұйықтығын мұнайға  ауыстыру жағдайындағы амортизациялық аударым сомасы төменде көрсетілген.

 

Кесте 4.5.1

 

Жабдықтардың амортизациялық аударымдар нормасы

 

Жабдықтар түрі

Баланстық құны,

тг.

Жылдық амортизациялау

нормасы ,%

Жылдық амортизациялық аударымдар соммасы, тг.

Мұнай ұңғысы

120000000

6,7

8040000

Сорапты компрессорлы құбыр

1400000

12

168000

Сорапты агрегат

400000

12

48000

Фонтанды арматура

1989000

10

198900

Сыйымдылық

2000000

14

280000

Ұңғы өніміне арналған сыйымдылық

850000

13

 

110500

Басқа да құрал-жабдықтар

300000

16

48000

Барлығы

   

8893400


 

Электр энергиясына шығындар

 

Технологиялық электр энергиясына  кететін шығындар келесі формуламен анықталады:

 

Шээ · Мжаб · Фд·Ко/ПӘК · Кп,                            (4.5.4)

 

мұндағы Тэ - 1 кВт/сағ. электрэнергияға  тариф, тг.; Мжаб – жабдықтар қуаты, кВт; Фд – жабдықтардың жұмыс жасау уақытының нақты қоры, сағат; Ко – жабдықтардың бірмезгілде жұмыс жасау коэффициенті, 0,7; ПӘК – жабдықтың пайдалы әсер коэффициенті, 0,9; Кп – желідегі шығын коэффициенті, 0,95.

1кВт /сағ. электроэнергия  тарифі 15 теңгеге тең.

                            

     Кесте 4.5.2

 

Жабдықтардың технико-экономикалық сипаттамалары

Информация о работе Жанажол кен орны