Жанажол кен орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:38, курсовая работа

Краткое описание

Жаңажол мұнайгазконденсатты кен орны ҚР Ақтөбе облысының Мұғалджар ауданында Ақтөбе қаласының оңтүстігінен 240 км қашықтықта, Мұғалджар таулары мен Ембі өзенінің алқабында орналасқан.
Кен орны 1978 жылы жоғарғы карбонат қабатындағы тұз үстінен мұнай ағынының кәсіпшілік мәні алынған №4 ұңғымамен ашылды. 1982 жылы кен орынның жоғары карбонат қабатын барлау аяқталды және 1983 жылы пайдалануға берілді.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ…………………………………………..……….
1.1 Әдеби шолу..............................................................................….....
1.2 Кен орнының геологиялық сипаттамасы....................…................
1.2.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер............................…..............
1.2.2 Стратиграфиясы.....................................................….......................
1.2.3 Тектоникасы...............................................................…...................
1.2.4 Өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеттері........…...............
1.3 Сұйық пен газдың физикалық-химиялық сипаттамалары.…......
2 ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ………………………..
2.1 Жаңажол кен орнын игерудің ағымдағы жағдайы……..………
2.2 Өндіру ұңғыларының қоры………………………………..……...
2.3 Су айдау ұңғыларының қоры……………………………..………
2.4 Ұңғы жұмысының орташа тәуліктік көрсеткіштерінің анализі...
2.5 Қабаттың мұнайбергіштігін үшнатрийфосфаттың сулы ерітінділерін айдау арқылы арттыру……………………………..
2.6 Үшнатрийфосфаттың және оның сулы ерітінділерінің қасиеттері…………...………………………………………………
2.7 Үшнатрийфосфатты тәжірибелік-кәсіпшілік сынау……..……...
2.8 Үшнатрийфосфат ерітінділерін дайындау және айдау технологиясы.……………………………………………..……….
2.9 Қабатқа ҮНФ ерітіндісін айдаудың технологиялық есебі…..….
3 ЕҢБЕК ПЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІ…………………………………………….….….
3.1 Мұнайбергіштікті арттыру әдістерін жүзеге асыру кезіндегі еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар…………………………..….
3.2 Ұңғыларда қауіпсіз жұмыс жүргізу………………………..……..
3.3 Мұнай өндіру жүйесіндегі ластаушы көздер……………..……...
3.4 МГӨБ жұмыс аймағындағы қоршаған ортаның ластануын бақылау……………………………………………………..………
3.5 Кен орнындағы қоршаған ортаны қорғау шаралары……..……..
3.5.1 Топырақты лайланудан қорғау……………………………..…….
3.5.2 Жер асты және жер бетіндегі суларды қорғау……………..……
3.5.3 Атмосфералық ауаны қорғау………………………………..…….
3.5.4 Мұнай өнімдерінің және химиялық реагенттердің қалдықтарын пайдаға асыру………………………………………………………
3.6 Қабатқа су айдауда қауіпсіздік техникасы……………………….
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ……………………………………………
4.1 «Октябрьмұнай» МГӨБ-ның ұйымдастыру құрылымы……..….
4.2 Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру……………..…….
4.3 Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру ерекшеліктері………..……
4.4 Үшнатрийфосфатпен суландыру процесіне қысқаша сипаттама…………………………………………………...………
4.5 «Октябрьмұнай» МГӨБ-ның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу…………………………………..……….
4.5.1 Шараны енгізгенге дейінгі өнімнің өзіндік құнын анықтау….....
4.5.2 Үшнатрийфосфаттың сулы ерітіндісі арқылы суландырудың экономикалық тиімділігін есептеу……………………………..…
Қорытынды ………………………….…………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДипломАЛТЫНАЙ.docx

— 1,020.11 Кб (Скачать документ)

Кен орынның аумағында  құрылыс материалдары ретінде қолданылатын саз,  құм,  шебень,  мергель  бар.                                          

Сазды саз ерітіндісін  дайындауға қолдануға болады. Жаңажолды  көтеру 1960 жылы белгілі болды және бұрғылауға 1961 жылы Ақтөбе геофизикалық экспедициясының сейсмикалық жұмыстарынан кейін дайын болды, 1975 жыл  мен 1980 жылы  оның  құрылысы  МОГТ –  пен  бекітілді.

Кен орны 1978 жылы жоғарғы  карбонат қабатындағы тұз үстінен  мұнай ағынының  кәсіпшілік  мәні  алынған  №4  ұңғымамен  ашылды. 1982 жылы кен орынның жоғары карбонат қабатын барлау аяқталды. «Гурьевмұнайгазгеология» және «Ақтөбемұнайгазгеология» бірлестігімен  мұнайдың қорын есептеу жүргізілді. Мұнай қоры 06.82 жылы ГКЗ             СССР – мен бекітілді [4].

 

 

1.2.2 Стратиграфиясы

 

Бұрғыланған ұңғымаларда  сұрыптау кеніштердің геологиялық  құрылымын, олардың таралу шекараларын  және өнімділік қабаттарының кейбір сандық көрсеткіштерін нақтылауға мүмкіндік береді. Кен орны екі карбонаттық қабатта орналасқан. Бірінші, КҚ-I гжель-подоль және кашир-вневский және жоғарғы мәскеулі кабат бөлшегі интервалында, екінші КҚ-II төменгі мәскеулік, башқұрт, серпухов қабат бөлшектерінің аралығында орналасқан. Тектоникалық қатынас бойынша аудан Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан, ол Орал геосинклинальды аймағынан Ащысайлық және Сакмаро-Кокпентті жарықтармен бөлінген.

Геологиялық дамуға тән бір  құбылыс, ол аймақтың төмен түсуі  және қатты шөгінділік қабаттың қалыптасуы, оның негізгі бөлігін тұз асты кешені құрайды (7-10 км). Тұз астындағы кеніштердің қалыңдығы батысқа қарай бірқатар ерекшеленген сатылармен қиындатылған: Жаңажолдың (5,5-6 км), Кенкияқтың, Қожасайлық және Шұбарқұдық (7-7,5 км). Олардың әрқайсысы әркелкі ерекшеліктерімен мінезделеді.

Жаңажолдың басты ерекшеліктерінің бірі карбонатты массивтердің дамуы  болып табылады, ол брахиантиклинальды типті ірі асулармен күрделілендірілген.

Жаңажол кен орны карбонатты массивтің жоғарғы бөлігінде орналасқан, гжель-подоль (КҚ-I) және каширлік-вневскийлік жастағы жыныстардан құралған. Құрылым ірі брахиантиклинальды елестетеді: солтүстік және оңтүстік шағын ойпаттармен айқындалған.

Ауданды барлау ұңғыларымен  бұрғылау жұмыстарында төменгі карбонатты қалыңдықтың тілігінде тектоникалық бұзылыс бары анықталды. Олардың ішіндегі ең созылғаны ығысу амплитудасы 100-150 м болатын батыс қанат арқылы өтеді. Екі өзге ығысу 40-50 м амплитудалы, ортаңғы бөлікті қиындатып тұр. Осы бұзылудың арқасында барлық құрылым III  блокқа бөлінген: I (Оңтүстік бөлік), II (61 ұңғымалардың ауданы), III (Солтүстік бөлік). Сұйықтардың қоры негізінен I және III блоктың шегінде топтасқан.

Атап өтілгендей кен орынының өнеркәсіптік мұнайгаздылығы 2 карбонатты қалыңдықтармен байланысты: бірінші және екінші жыныстардың бумасымен бөлінген, қалыңдығы 206-417. Бірінші карбонаттық қалыңдық КҚ-I 390 м құрайды (ұңғыма-92-548 м). Негізінен литологиялық құрамы әктастан, доломиттерден және олардың арасындағы өтпелі айырмашылықтардан тұрады. Каротаждық қисықтардың жазбаларының мінезі бойынша қалыңдықтың тілігінде реперлердің сериясы көрінеді.

ГК–ның жоғарылатылған мәндерімен мінезделетін бұл материалдар келісімді түрде төрт өнімді буманы ерекшелеуге мүмкіндік берді. А, Б, В және ВІ, олар 2550 – 2900 м тереңдіктерде жатады.

Стратегиялық қатынаста  А объектісі гжельдік ярустың төменгі бөлігінде, Б объектісі – касимовтық яруста, В және ВІ мәскеулік ярустың подольскілік горизонтының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Олардың көмірсутегімен қанығу мінезі әр түрлі: А объектісімен мұнайлы шегенді газдың кеніші байланысты, шегеннің  биіктігі  203 және 90 м, Б объектісінде мұнайлы-газды кеніш орналасқан, бөлімнің қабаты 110 м, мұнайлы – 90 метр, В объектісіне газды шапкалы мұнай кеніші негізделген: ВІ объектісінде газдар ені шағын мұнайлы кеніштер бар олардың биіктігі 87 м дейін жетеді.

Барлық өнімдік текшелер өзара тұтас гидродинамикалық жүйемен  біріктірілген, бір қабатты  массивті газмұнайлы кенішті, бір мұнайгазды қатынаспен көрсетіледі, абсолютті  минус 2560 м белгісінде және ауданы бойынша өзгеретін СМЖ – абсолютті белгіден  минус 2630 – 2650 м.

СМЖ – нің биік орналасуы  батыс қанатта  және оңтүстік периклинальда (минус 2630–2640 м), ең төменгі шығыс қанаттағы және солтүстік периклинальдағы  ұңғымаларда кездеседі (минус 2640 – 2650 м).

Бұл жерде атап өтетін жайт, кейбір ұңғымаларда 182, 154, 383 секілді Б және В, В және ВІ объектілердің қабаттарында тығыз бөлуші қабаттар болмайды және бұл жерде олар тұтас күшті қабат. Бұл объектілердің ерекшелігінің тұтастығын  нақтылайды.

4, 5 ,1, 16, 17, 18, 19, 22 және 26 ұңғымаларды   тексеруден газмұнайлы қатынас  қабылданды, оларда минус 2560 метр белгіден жоғары газ ол одан төмен мұнай алынды. СМЖ ПГИС материалдары және сынақтар қорытындысы бойынша қабылданады. Осылайша 16 ұңғымада СМЖ  ПГИС – бойынша абсолютті белгіде минус 2647 м, айқын жаншылады және осы белгіде сусыз мұнай алынды.

17 және 26 ұңғымаларда ПГИС  бойынша мұнай – судың  шекарасы  минус 2643 және 2639 м белгіде белгіленеді.

6 және 14 ұңғымаларда абсолютті  минус 2637 және 2631 м белгіде қабаттан су алынды, бұл геофизикалық материалдармен нақтыланады.

Шығыс переклиналь ауданында және Солтүстік күмбездің оңтүстігінде ІІ ұңғыма және 5 ж.д.п – да абсолютті минус 2651 м белгіде белгіленеді.

Төменде өнімді қабаттардың  қысқаша сипаттамасы келтірілген.

А объектісі үстіңгі жағынан мықты қалыңдықпен жабылған, айтарлықтай дәрежеде гжель және ассель-сакмар ярустар терригендерімен және кунгурлік ярустың гидрохимиялық тұнбаларымен құрастырылған. Олар газды-конденсатты мұнайлы кеніштің  сенімді қақпағын құрайды.

Екі күмбезді құрылыстың кеніші, ауданы бойынша шектелген таралымға ие, жыныстардың литологиялық біркелкі еместігінен. Солтүстік бөліктің шығыс қанатының шамасында коллектор кеніші өткізбейтін жыныстармен – ангидриттермен толтырылады. Кеніштер-бөліктің қабаттық массивті литологиялық шектеулеріне жатады. Газға қанығушылық ауданы 7520 мың м2. Газмұнай жеткізгіштіктің жалпы қабаты 293 м, соның ішінде газға қанығушылық 90 м.

Б объектісімен үлкен өлшемді газмұнайлы кеніш байланысқан, ол А объектісінен 2 – 60 м төменде жатыр. Коллекторлары шектеулі таралыммен сипатталады: 146, 52, 117 ұңғымалар ауданында, кеніштің солтүстік бөлігі шегінде, олар өткізбейтін карбонаттармен  толтырылады. Ол 67, 103, 321 және 8 ұңғымалар ауданында ангидриттермен толтырылады.  Кеніш бөлігі қабатты массивті, литологиялық шектелген.

Кеніш биіктігі 200 м, олардың 110 м газға келеді, газ жеткізу ауданы 36515 мың м2, мұнайжеткізуі 71475 мың м2.

В объектісі, Б объектісінен 4-74 м төменде орналасқан, барлық жері дамуға не жоғарыда аталғандарға қарағандағы айырмашылығы екі кенішпен көрсетіледі: Оңтүстік және Солтүстік күмбездерге орналастырылған.

Екі кеніште мұнайлы қалыңдық биіктігі шамалы (оңтүстігі – 30 м, солтүстігі 50 м) «газды шапка» және бөліктің қабатты массивтің қатарына жатқызылады, оңтүстік литологиялық экрандалған, 60 ұңғыма ауданында оңтүстіктегі  өлшемі кіші 7,6 х 3,7, биіктігі – 129 м, солтүстіктегі – 8,5 х 4,1 км, биіктігі – 194 м. В1 объктісі жоғарыда аталғаннан  2 – 50 м төмен орналасқан және екі мұнайлы кенішпен ұсынылған, салыстырмалы үлкен өлшемді: оңтүстіктік – 4,5 х 2,1 км, биіктігі – 60 м, солтүстігі - 5,6 х 3,2 км, биіктігі – 87 м. Қорларды есептеу сәтінде ВІ объектісінде тек қана бір, солтүстіктік кеніш анықталды, бұл толық барланбаған болып қалады. Осында Оңтүстік күмбезде ұңғымалар  бойына ВІ объектісін  ашады, өнімді бөлік осы күмбездің В объектісінде ескерілген. Осы ұңғымалар жөнінде алынған қосымша мәліметтер ВІ объектісін Оңтүстік күмбезге қатысты қабатқа  бөлінуіне мүмкіндік береді.  Екі кеніште толық емес қабатты КҚ-IІ карбонатты қалыңдығы бірінші карбонатты қалыңдық КҚ-I-ден келесімен ерекшеленеді, оның тілігінде доминирленетін  жағдай әктасқа және сирек доломиттер кездеседі. Коллекторлар болып өткізу әртүрлілігі табылады. Осы текше жыныстарына ауыстырылу және  бір  топтарды өзгелермен ауыстыру тән, ауданы бойынша да, және тілігі бойынша да. Бөлгіш қалыңдық КҚ-I және КҚ-ІІ жыныстары терригенді жыныстарынан, әктас қабатшаларынан құралған (II карбонат аралық тұзасты қалыңдық) және екінші карбонатты  қалыңдықтың  көміртекті кенішіне сұйыққа төзімді қақпақ болып қызмет етеді. КҚ-ІІ қалыңдығында бөлектенген есептеуді және өңдеу нысандарын айқындауға негізделген мақсатпен екі өнімді текше келісімді ерекшеленген: Г және Д.

Стратегиялық Г объектісі өзінің тілігінің негізгі бөлігінде мәскеулік ярустың каширлік горизонтының жыныстарымен көрсетілген. Д объектісін  мәскеулік ярустың визейлік горизонтының тұнбалары құрайды, сол секілді визейлік, серпуховтік, башкирлік ярустық шөгінділері.

Бұрын аталып өткендей, КҚ-II қалыңдығы тектоникалық бұзылулармен  блоктарға бөлінген.

I, II және III блоктармен  мұнайлы  кеніштер және газконденсатты, мұнайлы даму анықталды.

Кеніштердің сумұнайлы қатынастары  құрылымның әр түрлі бөлімдеріне мардымсыз қабылданған және олардың теңселуі теңдіктер аралығын минус 3602 метрден минус 3534 метрге дейін құрады.

I блокта, оның оңтүстік – шығыс бөлігі үшін СМЖ абсолютті минус 3570 белгісінде қабылданады. Солтүстік батыс үшін абсолютті белгі минус 3581 метрде. ПГИС мәліметтері бойынша 29 ұңғымада, СМЖ аймағының аралығын сынау барысында су араласқан мұнай алынды. II блок кеніші бойынша СМЖ қабаттың мұнайлы бөлігі бойынша қабылданды. 61 ұңғымада ПГИС  бойынша абсолютті белгіде минус 3534 м сусыз мұнай алынды. Газмұнайлы кеніштің III блогінде ГМЖ абсолютті белгі 3385м анықталды, 36 ұңғыманы сынау нәтижелері бойынша, перфорация аралығынан мұнаймен газдың ағымы алынды және газдың каротаждық материалдары бойынша 14 ұңғымада осы тереңдіктен 14 м төмен мұнай алынды, ол 36 және 45 ұңғымада жоғары газконденсатпен алынды. Сумұнайлы контакт абсолютті  белгі минус 3603 метрден минус 3573 метр аралығында теңселеді. Осыған орай 72 ұңғымада күмбез маңы бөліктегі қабаттың мұнайлы бөлігі минус 3589 м  белгіге дейін белгіленеді, солтүстік периклинальда 73 ұңғымада 3597 м су алынды.

СМЖ–нің орналасуының тереңдігінің блоктар бойынша шамалы тербелістері, мұнай жеткізудің айтарлықтай қабатындағы, қабаттың барлық резервуарына арналып  тұтас қалыптасуының жалпы талаптары  жөнінде куәлік етеді. Коллекторлар қабатын бөлу мінездемесі, ауданы бойынша және оның тілігі бойынша да Г және 20 текшелері горизонттарға келісімді түрде бөлеуге мүмкіндік береді: жоғарғы  және  төменгі.

Д объектісі екі мұнайлы  кеніштің болуымен сипатталады, I және III блоктарда. В1 блокта объектінің төменгі бөлігінде коллектор – қабаттарды тығыз жыныстармен ауыстыру байқалады. Бұл жағдай оның келісімді түрде екі өнімді горизонтқа бөлінуіне әкелді: жоғарғы Дж – 1, төменгі Дт – 1.

Жоғарғы горизонттың (Дж–1) коллекторлерін метологикалық ауыстыру 44, 27, 33 және 56 ұңғымалар ауданында байқалады. Жоғарғы горизонттың кеніштерінің өлшемдері 11,5 х 7, төменгіні 6,2 х 4 [4].

 

 

1.2.3 Тектоникасы

 

Тектоникалық  жағынан  қарағанда Жаңажол кен орнының  ауданы  Ащысай және Сакмар-Көкпекті қиығынан Орал геосинклинальді аймағынан  бөлектенген Каспий маңы ойпатының  шығыс жақ бөлігінде орналасқан.

Геологиялық дамуының мінездемесінің ерекшеліктерінің бірі аумақ- тын  интенсивті  түсуі  және  қуатты  шөгінді  қабаттың  17 – 10 км  болуы. Шөгінді жыныстын  негізгі  бөлігін  тұзүсті  комплексі  құрайды.

Қабаттық кеніштер тектоникалық шектелген, литологиялық шектелген, жоғарғы горизонт үшін қабаттың – массивтік, төменгі үшін  толық емес қабатты типті.

III блокпен жоғарғы және  төменгі горизонтқа  бекітілген  мұнайлы кеніш  байланысты  және  біртұтас резервуар  ретінде қарастырылатын ДIII объектісінің 71 ұңғыма ауданындағы коллекторлары тығыз жыныстармен ауыстырылады. Кеніштердің өлшемдері: мұнайлылық ауданы 30,4 км 2 сатысы 183 м тектоникалық-экрандалған, толық емес қабатты-массивті  типті.

Жанажол кен орны үшін сумұнайлы аймақ түсінігі келісімді болып табылатынын ескере кеткен жөн. Келісімділік, біріншіден келесіде жатыр: өнімділік тіліктің  жоғарғы бөлшектелінуінде және шағын әсерлі қалыңдықтарды ауданның  жаншу бөлігі, кеніштің  сумұнайлы бөліктері  деп аталатын жанасусыз аймаққа келеді, бұл дегеніміз коллекторлар қабатындағы мұнай – су балансының  болмауы.  

Жобалау үшін саңылаулықтың  келесі мәндері ұсынылады: текше Г үшін -  I – 9,5 %, Гж – III – 10,9 %, Тт – III –12,6 %, Дж – III – 10,8% және Д – III – 9,8 %. Өнімді текшелердің өткізгіштігін негіздеу үшін керндік  материалдың берілгендері қолданылды. Гидродинамикалық және геофизикалық зерттеулердің керндік берілгендердің қатысты шектілігінде және оларды тілік бойынша тегіс емес шектілігінде және оларды тілік бойынша тегіс емес бөлу, сол секілді және кеніш ауданы бойынша текшелердің саңылаулығын каротаждық зерттеулер бойынша белгілі текшелер саңылауы арқылы анытаймыз. Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу нәтижелері бойынша өткізгіштікті анықтауды орындау В-дағы ГИС бойынша анықтауға ұқсас.

Саңылаулықтан тәуелділік  бойынша енгізілген өткізгіштікті  жобалау үшін өткізгіштіктің келесі мәндерін пайдалану ұмтылады: текше  бойынша Г – I – 0,0185 мкм2, Гж – III, Гт - III - 0,0824 мкм2, Дт – I, Дж – I – 0,0603 мкм2, Д – III – 0,0263 мкм2

Жалпы мұнайға қанығушылық 945 ұңғымаларды геофизикалық зерттеу қорытындыларымен ғана анықталады, текшелер үшін келесідей  қабылданады: Дт – I, Дж – I және Д – III осыған сай 89 %,  85 %, 73 % газ шапкілерінің газға қанығушылығы Гт – III және Гж – III оған сай: 78 % және  83 %.

Жыныстармен шөгінділер шарттарына байланысты, өнімді текшелердікі секілді  олардың  жеке қабатшаларын құрайтындардың  қалыңдықтары тұрақсыз мінезді және жеткілікті кең диапазонда өзгереді. Осылай КҚ–I өнімді қалыңдықта өнімді текшелер А, Б, В және ВІ қалыңдықтары негізінен  30–60 м құрайды, бірақ бірқатар  ұңғымаларда 5 және 2 м дейін қысқарады. Олардың үлкендеу аумақтары Б және В текшелерінде байқалады және жеке ұңғымаларда 100 – 109 м дейін жетеді. Тығыз қабатшалардың қалыңдығы текшелерді бөліп тұратын бірнеше ондаған метрге жетеді және тек жекелеген ұңғымаларда 2-5 м болады және тіпті 0-ге дейін де қысқарады. А текшелерінің жалпы қалыңдығы 2, 4 – 89,4 м дейін өзгереді, жалпы  әсерлі қалыңдықтардың максималды мәні 36 метрге дейін жетеді. Қалыңдықтың орташа мұнайға қанығушылығы 12 м құрайды, газға қанығушылық 26 м. Б текшесінде жалпы қалыңдықтар 4 – 104,8 м дейін өзгереді, әсерлі қалыңдықтар 3,4 – 64 м  дейін, мұнайға қанығушылық 1 – 47,3 м дейін өзгереді.  Орташа алынған мұнайға қанығу қалыңдығы кеніш бойынша тұтастай 12 м тең, газға қаныққан қалыңдық 14 м.

Информация о работе Жанажол кен орны