Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 19:20, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру алдында тұр. Біз өмір сүріп жатқан жаһандау және интеграциялану ғасырында, қызметтер мен тауарлардың бүкіләлемдік нарығына халықаралық стандарттарсыз кіру мүмкін емес. Стандарттардың рөлін, мәнін мұқият игермей енудің өзі күдікті мәселе. Бұның есебі қазіргі таңда тұтынушыларды қанағаттандыратын сапа параметрлерін, шығарылатын өнімдердің ережелерін ,нормаларын және деңгейлерін реттейтін стандарттаудың бүкіләлемдік мәнін жоғарлатудың қажеттілігін көрсетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе Шұжық.docx

— 116.66 Кб (Скачать документ)

- тұрақтылық сипаттамасы – сақтау  мен қолданудың берілген шарттарын  сақтау кезінде жарамдылық мерзімінің  куәлігінде көрсетілген мәнді  сақтау үлгісі қасиеттерінің  сипаттамасы; 

- әсер ету функциялары – үлгінің  метрологиялық сипаттамаларының  берілген қолдану шарттарындағы  сыртқы әсер етуші шамалардың  өзгеруіне тәуелділігі. 

       Стандарттық үлгілерді  қолдану: өлшеу құралдарын өлшеу,  сынау, бақылау, тексеру және  градуирлеу әдістеріне арналған  нормативтік-техникалық құжаттардың;  өлшеулерді орындаудың аттестатталған  әдістемелерінің; мемлекеттік және  жергілікті тексеру сұлбаларының  талаптарына сәйкес жүзеге асырылу  керек .

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Сапаны басқару, сертификаттау және метрологиялық                          қамтамасыз ету   бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

3.1 Техникалық бақылау, бас метролог бөлімдері мен стандарттау бюро жұмысы

 

      Техникалық бақылау — өндірістік процесс барысында іске асырылатын, нормативті-техникалық құжаттардың талабына сай бұйымдардың, материалдардың немесе процестердің техникалық сипаттамаларының сәйкестігін тексеру. Өндірістік процестің қай сатысында іске асырылғанына байланысты "кірістік", "операциялық" және "шығыстық бақылау" деп бөлінеді. Кірістік бақылауға "әрі қарай" өңдеу немесе ЭТБ өндірісінде пайдалану үшін кәсіпорынға келіп түскен материалдар мен жинақтаушы бұйымдар жіберіледі. Операциялық бақылау кез келген технологиялық операцияның орындалу барысында немесе оның аяқталуынан кейін іске асырылады. Дайын ЭТБ мен материалдарды, шығыстық бақылауға келмейтін немесе потенциалы жарамсыз өнімді анықтау үшін технологиялық процестің соңғы операциясынан кейін жүргізіледі.

       Бас метролог-  лауазымдық міндеттері. Ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыста орындайды. Өз құзыреті шеңберінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау мен үйлестіруге, қолданыстағы стандарттардың сақталуына және реттелуіне, жаңасын әзірлеуге басшылықты жүзеге асырады және бөлімше қызметінің оң нәтижелерін қамтамасыз етеді, әкімшілік мәселелерді шешеді. Стандарттау, сертификаттау және метрология аясында, стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша халықаралық ұйымдардың рәсімін, стандарттары мен ережелерінің алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеп біледі және жүйелейді. Стандарттау объектілерін анықтайды, жаңа стандарттардың әзірленуін және қолданыстағылардың қайта қаралуын ұйымдастырады, нормативтік және техникалық құжаттаманың сараптамасын жүргізеді. Ұйым шығаратын өнімнің әзірленуін, өндірілуін, сыналуын және пайдалануын метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жаңа өлшеу техникасы бойынша жобаларды және жоспарлы тапсырмаларды, өндірістің тиімділігін арттыру, метрологиялық қамтамасыз етуді, өлшеу құралдары мен әдістерін, бақылау мен сынақты жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды дайындауға басшылық жасайды. Жергілікті тексеру схемаларын құрастыруды, оңтайлы мерзімділігін орнатуды және өлшеу құралдарын тексерудің күнтізбелік кестесін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Ұйымда әзірленетін конструкторлық және басқа да техникалық, сонымен қатар басқа ұйымдардан келіп түсетін құжаттаманың метрологиялық сараптамасын жүргізу бойынша жұмысты басқарады. Өлшеу құралдарын қолданумен байланысты өндірістік процестерді автоматтандыру жөнінде жүргізілетін зерттеулерге, ұйымның бұл құралдарға қажеттілігін анықтау бойынша жұмыстарға қатысады.

 Заманауи өлшеу әдістері мен құралдарының енгізілуін, сонымен қатар өлшем қателіктерін бағалау бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді. Метрологиялық қамтамасыз ету жағдайларын талдау бойынша, стандартталмаған өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау жүргізу бойынша жұмыстарды, оларды тексеру бойынша әдістемелерді, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді, келісуді және бекітуді, сонымен қатар өлшеу құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және тексеруден кейін аттестаттауды ұйымдастырады. Өлшеу құралдарының барлық қарастырылған регламенттермен технологиялық процестердің жабдықталуы үшін, ұйым бөлімшелерінде қолданылатын өлшеу құралдары мен әдістерінің өндірістің белгіленген режимі мен өнім сапасының сақталуы бойынша талаптарға сәйкес келуі үшін бақылауды жүзеге асырады. Арнайы мақсаттағы өлшеу құралдарын жобалау мен әзірлеуге техникалық тапсырманы дайындауды ұйымдастырады. Өлшеу құралдары, сынақ пен бақылаудың айырбас қорының жинақталуын, орнатылған тәртіпте жұмыс эталондарының сақталуын, өлшеу құралдарының үлгілерін тиісті жағдайда күтіп ұстау мен жөндеуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік стандарттарды, ұйымның стандарттарын және өлшеудің нақтылығын, тексеру құралдарының әдістері мен құралдарын регламенттейтін нормалары бар басқа да нормативті-техникалық құжаттаманы ендіруге жәрдемдеседі. Белгіленген есепті жасау мен оны мемлекеттік метрологиялық қызмет органына ұсыну бойынша жұмысқа басшылық етеді. Метрологиялық бақылау мен өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын ұйым қызметкерлеріне басшылық жасайды. Метрологиялық қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Стандарттау бюро жұмысы:

       Стандарттау әдісімен қызмет көрсету және оның өнімінің бәсекелестігі мен сапасын жоғарылатудың жұмысын өткізуді қамтамасыз етеді, сертификаттау мен стандарттаудың басқа да құжаттарын және техникалық шарттарын ұйымға енгізуді, қазіргі стандартты қарау және жаңасын дайындауға басшылық етеді. Стандарттау, нормалау және бірыңғайландыру бойынша жұмыстардың жоспарлауын, шығарылатын өнімге жаңа прогрессивті стандарттарды енгізу бойынша және ұйымдар әзірленетін жобаларын стандарттау мен бірыңғайландыру деңгейі бойынша тапсырмаларды стандарттау, нормалау және бірыңғайландыру жоспарына қосу үшін дайындықты ұйымдастырады. Ұйыммен шығарылатын өнімнің техникалық деңгейінің және стандартталған мен бірыңғайландырылған бөлшектерді және жеке элементтерді пайдалану нәтижелерінің зерттеуін, стандарттау мен бірыңғайландыру деңгейін бағалау бойынша бұйымдар жобаларының сараптамаларының жүргізуін басқарады. Ұйымда қолданылатын стандарттардың, техникалық шарттардың және стандарттау мен сертификаттау бойынша құжаттардың, олардың көрсеткіштерінің ғылым мен техниканың осы заманғы даму деңгейіне, ішкі нарықтың талаптарына, экспорттық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен жүйелі тексеруін ұйымдастырады. Ұйымдарда бекітілетін стандарттар мен техникалық шарттарына өзгертулердің, техникалық құжаттамаға енгізілетін өзгертулердің қажеттілігі туралы ұсыныстарды, сонымен қатар тиісті бас ұйымға жіберілетін стандарттау, прогрессивті формаларын, стандарттау әдістерінің жүйелерді енгізу бойынша ескі құжаттарды қайта қарау немесе болдырмау бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады. Стандарттар жобасын, сертификаттауды жүргізуге өтініштерді дайындауға техникалық тапсырмалардың құрылуын басқарады.

 

 

    1. Сапа, метрология және стандарттау жөніндегі мамандардың құқықтары мен міндеттері

 

       Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.

    Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы:

    Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар: қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, эстетикалылығы.   Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымы, сыйысымдылығы және өзара алмасымдылығы. Эргономикалық талаптар - қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін бұйым конструкциясын адам организмінің ерекшеліктерімен келістіру. Ресурстарды үнемдеу талабы - шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. Қауіпсіздік талаптары - зиян келтіруі мүмкін қауіп- қатерді болдырмау. Сенімділік талаптары - белгіленген функцияларды берілген режимде және қолдану жағдайында, техника- лық қызмет көрсетуде, сақтауда және тасымалдауда орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау. Экологиялық талаптар - өнімді өндіру, пайдалану және көдеге жарату кездерінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау. Технологиялылыққа қатысты талаптар - енімге сапа көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда оны дайындауды, қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге бейімділігі. Эстетикаға қатысты талаптар - өнім мен қызмет көрсетудің көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері арқылы қалыптасатын форма белгілері негізінде (түсі, көлемдік конфигурациясы, бұйымды әрлеу сапасы) әлеуметтік-мәдениеттік құндылығын көрсете алуына қойылатын талаптар. Міндетті талаптардың құрамын анықтағанда мына жағдайларды ескеру қажет:

      Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.

Кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік талабымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол  көлігінің толассыз жұмыс істеуі).Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері нормалар деп аталады. Егер норманың сандық сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.

   Метрология мамандарының құқықтары мен міндеттері:

  Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және өндірісті стандарттау, сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша әдістемелік материалдар, ұйымның ұйымдық-технологиялық құрылымының бағыты, саласы мен ерекшеліктерін, оның даму перспективасы, метрологиялық бақылау мен өндірісті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоспарлау тәртібі мен әдістері, ұйымда және экономикалық қызмет түрінде өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, жабдықтың жұмыс режимі мен өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, оларды пайдалану ережелері, ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері, техникалық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу бойынша ережелер, нұсқаулар және өзге басқарушы материалдар, өлшеу құралдарының құрылысы және пайдалану ережелері, оларды жөндеуді ұйымдастыру, метрологиялық қамтамасыз етуді және өлшеу құралдарын жетілдіру саласында зерттеулер мен әзірлеуді жүргізу әдістері, бөтен ұйымдармен шарт жасасу тәртібі, өндірісті қамтамасыз ету мен метрологиялық бақылау, сертификаттау, стандарттау саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе, экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек пен басқару негіздері, еңбек заңнамасын.

       Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандығы бойынша өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

     Стандарттау мен сертификаттау бойынша ұйымдарға бекітілген стандарттарды, техникалық шарттарды және стандарттау мен сертификаттау бойынша басқа құжаттарды енгізу бойынша шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Өнімді мемлекеттік аттестаттау мен сертификаттауға дайындау бойынша шараларды әзірлеуге, стандарттарды әзірлеу үшін қажетті тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік жұмыстарға, стандарттау мен сертификаттау бойынша халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын іске асыруға бөлімнің қатысуын қамтамасыз етеді. Стандартталған және бірыңғайландырылған бұйымдардың, бөлшектердің тәжірибелік үлгілерін дайындауын және сынауын, ұйымның бөлімшелерімен стандарттаумен өнімдер мен қызметтерді сертификаттауды жүргізуге дайындау бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылайды, стандарттарды, техникалық шарттарды және стандарттау мен сертификаттау бойынша басқа құжаттарды әзірлеу және қолдану бойынша қажетті әдістемелік көмек көрсетеді. Стандарттарды әзірлеу мен қолдану тәжірибесімен алмасуды, көрмелерді, семинарларды, стандарттау мен сертификаттау мәселелері бойынша конференцияларды, ғылыми-техникалық ақпараттар органына ұйымда әзірленген стандарттар туралы экономикалық әрекеттер түрінде ақпараттық материалдарды, сонымен қатар басқа ұйымдардан мінез жазбаға түскен нормативті-техникалық құжаттаманың жобаларына қорытындыларды ұсыну үшін дайындауды ұйымдастырады. Стандарттарды есепке алу, сонымен қатар стандартталған және бірыңғайландырылған бөлшектерді және жеке элементтердің пайдалануын талдау бойынша, ұйым бөлімшелері стандарттардың болуы, олардың өзгеруі және жойылуы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды басқарады. Стандарттар кітапханасын жүргізу, стандарттау бойынша құжаттардың бақылау даналарын сақтау дұрыстығын, стандарттарға өзгерістерді уақытында енгізуін және күші жойылған құжаттаманың алып тастауын бақылайды. Ұйым мамандарына стандарттау мен сертификаттау мәселелері бойынша кеңес береді. Ұйымда стандарттау бойынша есеп пен есептіліктің уақытында жүргізілуін қамтамасыз етеді. Бөлім жұмысшыларын басқарады.Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, қзге де нормативті құқықтық актілері, күші бар халықаралық құжаттары, стандарттау мен сертификаттау мәселелері бойынша әдістемелік материалдары, ұйымның техникалық даму перспективалары, өндірістің құрылымдық пен технологиялық дайындығын ұйымдастыру, ұйым шығаратын өнімнің техникалық сипаттамасы және оны өндіру технологиясы, өнімдер мен қызметтерді стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі, стандарттау және өнімнің сертификаттауын жүргізуге дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, стандарттар мен техникалық шарттар, стандарттау мен сертификаттау бойынша басқа құжаттарды әзірлеу, рәсімдеу, бекіту және енгізу, нормалау бақылауын жүргізу, техникалық құжаттаманың стандарттау және бірыңғайландыру деңгейінің есептеу тәртібі, стандарттарды және стандарттау мен сертификаттау бойынша басқа құжаттарды әзірлеуге техникалық тапсырмаларды құру тәртібі, стандарттар мен техникалық шарттарды енгізудің экономикалық тиімділігін есептеу, сертификаттау бойынша шараларды жүргізу әдістері, стандарттау мен сертификаттау саласында отандық және шетелдік озық тәжірибесі, экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары. 
      Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және стандарттау бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс. 

 

 

    1. Ақауларды (жарамсыз өнімді) талдау бойынша жұмыстарды

 

        Етті сақтағанда, құрамында жүретін өзгерістер. Еттің құрамында жүретін өзгерістер, оған енген микрофролардың өмір сүруіне байланысты. Етке микрорганизмдердің тұқым шашуы, ауру және тым шаршаған малдың тірідей кезінде, ия болмаса сояр алдында дем алдырмаудан болуы мүмкін. Негізінен бұл үдеріс малды сойғаннан кейін, ұшаны мүшелеу, сақтау және тасымалдау жұмыстарын жүргізу барысында болады.

Етте кездесетін негізгі ақаулар: еттің кілегейленуі (ослизнение), зеңделінуі, көгеруі (плесневение), ашуы (закисание) және т. б.

Еттің кілегейленуі. Бұл ақаудың пайда болуы еттің дұрыс сақталмауы, температураның және ылғалдылықтың ауытқи беруі, ұшаны толық салқындатпаудың себептерінен байланысты. Еттің кілегейленуін, төмен температураға қарсы тұра алатын кілейлі микроорганизмдер (сүт қышқылды бактериялар, ашытқы, микрококтар және т.б.) жүргізеді. Олар 0о температурада жақсы өніп-өседі. Адамға онша қиянаты жоқ кілегейлену көбінесе ұшаның түгелдей бойында болады, ия болмаса қанмен ластанған мүшелерде, еттің майысқан учаскелерінде (мойын еті, жауырын, кеуде және бауыр қуыстары, шап) кездеседі. Еттің тұла бойы қолға жұққыш кілегейлі, қоңырқай-ақшыл түсті, кейде қышқылдау – жағымсыз иісті келеді. Кілегей түзейтін микроорганизмдер бұлшық еттің терең қабаттарына енбейді, сол себептен ақау тек еттің сыртқы  қабатында ғана болады. Мұндай ақаулы етті сақтауға болмайды, оны сумен жуу керек, ия болмаса 15-20 % тұз ерітіндісімен жуып, кептіреді және желдетеді. Тым кілегейленген жерлерді жақсылап пышақпен тазалайды, етті жақын арада пайдалану керек, ең ондысы бірінші табақтық тамаққа, ия болмаса ет өнімін дайындауға жібереді, яғни жоғары температуралы үдеріс қолданылатын өндірісте. Кілегейлену үдерісін, еттің жаңа ғана шіри бастағанда кілегейленуінен айыра білу керек. Бұл үдеріс басқа микрофлолардың әрекетінен пайда болады және ұлпалардың ыдырауына жол береді. Сол себептен кілегейленумен қатар, еттің  иісі сасық – шіріген, ия болмаса ашыған-қышқыл болады.

Еттің зеңделінуі (көгеруі). Еттің бойында зең саңырауқұлақ пайда болғанда жүретін үдеріс. Зеңнің дамуына еттің тым ылғалдылығы және сақтау орнында ауа алмасуының дұрыс жүрмеуі жол береді. Бұл ақау ақырындап дамиды. Бұл ақауда, еттің үскі қабатында әртүрлі формалы және түсті колониялар пайда болады: ақшыл, сұр-жасыл, қошқыл-жасыл, қара, домалақ және т.б. Зеңделінуүдерісінде ақуыз ыдырап, негізді – сілтілі заттар түзіледі, осы себептен шіріту  микрофлолары дамуға жағдай жасалынады. Майдың ыдырауынан, етің сырт пішіні өзгеріп, сасық иіс пайда болады. Егерде еттің сырты ғана зеңмен дерттенсе, оны 20-25% ас тұзының ерітіндісімен, ия болмаса 3-5 % сірке қышқылымен жуып, желдетеді және аздап кептіреді. Зең терең енбегенде (0,5-1 см), дерттенген мүше бөлшектерін тазалап, концентратты тұз ерітіндісімен жуады. Зеңмен тым дерттенген, ия болмаса сасық иісті, желдеткенде кетпеген етті тамақ дайындауға жібермейді.

Информация о работе Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер