Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 19:20, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру алдында тұр. Біз өмір сүріп жатқан жаһандау және интеграциялану ғасырында, қызметтер мен тауарлардың бүкіләлемдік нарығына халықаралық стандарттарсыз кіру мүмкін емес. Стандарттардың рөлін, мәнін мұқият игермей енудің өзі күдікті мәселе. Бұның есебі қазіргі таңда тұтынушыларды қанағаттандыратын сапа параметрлерін, шығарылатын өнімдердің ережелерін ,нормаларын және деңгейлерін реттейтін стандарттаудың бүкіләлемдік мәнін жоғарлатудың қажеттілігін көрсетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе Шұжық.docx

— 116.66 Кб (Скачать документ)

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру алдында тұр. Біз өмір сүріп жатқан  жаһандау және интеграциялану ғасырында, қызметтер мен тауарлардың бүкіләлемдік нарығына халықаралық стандарттарсыз кіру мүмкін емес. Стандарттардың рөлін, мәнін мұқият игермей енудің өзі күдікті мәселе. Бұның есебі қазіргі таңда тұтынушыларды қанағаттандыратын сапа параметрлерін, шығарылатын өнімдердің ережелерін ,нормаларын және деңгейлерін реттейтін стандарттаудың бүкіләлемдік мәнін жоғарлатудың қажеттілігін көрсетеді.

       Бұйымның сапалық параметрлеріне көзімізді анық жеткізу үшін, оларды өлшейтін құрылғылар, приборлар қажет, бұлар метрология ілімінің үлесіне кіреді. Стандарттарды ұтымды және оңтайлы түрде ендірген абзал. Жыл сайын стандарттау мен сертификаттау үрдісіне метрологияның рөлі, оның қажеттілігі арта түседі. Бұл техника мен жоғарыда айтылған ғылымдардың дамуымен және нарықтың талаптарынан байқалуда.

     Өнімдер сапасы мен стандарттаудың барлық талаптарының орындалуы үшін, сапаны объективті тәуелсіз, сәйкестікке бағалау жүргізген жөн. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.

      Қазіргі таңда барлық осы үш ұғым <<техникалық реттеу>> деп аталатын жалпы терминнен біріктірілген. Техникалық реттеу тек қана тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына, қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздігіне техникалық регламенттер арқылы мемлекеттік бақылауды анықтайды, ал қалған жағдайларда тауар өндірушілер өз көзқарастарына дамыған нарықтың заңдарын жетекшілікке ала отырып әрекет етеді.

      Стандарттар және басқа да нормативтік материалдар ұсынылатын құжаттар ретінде сипатталады. Ұсынылып отырған <<Стандарттау, метрология және сертификаттау>> оқулығы оқырмандары Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың қолданылуымен, ұйымдастырушылық құрылымымен, тапсырмасымен, негізімен таныстырады;өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру, жалпы  метрология бойынша негізгі білім қорын береді;Сертификаттау саласында, халықаралық ИСО 9000 сериялы стандартты жаңа заманға сай өндіріс орындағы сапаны басқарудың негіздері және тағы сол сияқты мәліметтер ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер

    1. Кәсіпорын тарихы туралы қысқаша анықтама және оның даму перспективалары

 

       ЖШС <<Артон- KZ >> 2009 жылы ұйымдастырылған. Кәсіпорында шұжық өнімдерін, кесектелген табиғи жартылай фабрикаттар, деликатестан жасалған еттер цехта өндіріледі. Шығарылған шұжық ассортименттері, деликатес, жартылый фабрикатталған түрлері бойынша екіжүзден аса атаулары бар.

      ЖШС <<Артон- KZ >>  кәсіпорында шығаратын өнімдер таза экологиялық тағамдар болып саналады. Барлық тауарлардың сертификаттары бар. ЖШС <<Артон- KZ >>   кәсіпорында 70 астам жұмысшылар жұмыс істейді, барлығы жоғар мамандырылған жұмысшылар. Қазіргі күні жаңа жабдықтарды енгізумен, технология үдерістерінің автоматтандырылуына және жұмыс орындарын ұйымдастырудың жетілдірілуіне байланысты кәсіпорынның техникалық деңгейі көтерілді. Өндірістік цехтарда шұжықтарды қамдау, буып-түю үшін әлемдік көшбасшылар шығарған жаңа жабдықтар орнатылды. «Артон- KZ » ЖШС 200 жуық ет өнімі атауларының алуан түрімен және дәмділік қасиетімен ерекшеленеді. Бұл ет, ішек-қарын, жоғары сапалы шұжық өнімдері, деликатестер, сүрлер, ет консервілері, құрғақ мал азығы. «Мұнда ет өнімдерін шығару және өңдеу бойынша жаңа технологиялық жүйе, яғни, құны 215 млн. теңге тұратын «Шаллер» Австрия фирмасының қазіргі заманғы жабдығы орнатылды. Бұл жаңа технологиялармен комбинат әлі де биіктерге жетпек. Комбинаттың өндіріс алаңында қолайлы көлік және темір жолдары бар. Шикізат дайындайтын жерлерге көліктің тура жетуі шығынды аз жұмсауға мүмкіндік жасап отыр. Бір ауысымда 35 мың ет консерві өнімін, ал шұжық, тартылған ет, тұшпараны 10 тоннаға дейін шығарады. Бір тәулікте 24 тоннаға дейін өнім шығарып, сатуға мүмкіншілік бар. «Артон- KZ »ЖШС шығарған өнімдер еткомбинаттың меншік зертханасында технологиялық үдерістің басынан, яғни, шикізат әкелінген кезден, одан өңдеу, өндіру және сатуға дейін сараптамадан өтеді. Өндіріс зертханасының жұмысы – кәсіпорын өнімі сапасының кепілі.

       Жоғары білікті, кәсіби мамандар ет өнімдерін өндіруде мемлекеттік стандартқа сай санитарлық ережелердің орындалуын қамтамасыз етеді. Қалыптанған өндіріс айналымы, барлық бөлімшелердің үйлестірілген жұмысы, нарық үрдісін ескерген ұзақ мерзімді жоспар - осының бәрі кәсіпорында өнімдерін отандық және шетел рыногына абыроймен шығару үшін бағытталған. Бүгін біз келешекке зор сеніммен қараймыз. Алдымызға табысқа жеткізер жоспар құрып отырмыз: өнім сату көлемін көбейту, еңбек тиімділігін көтеру, жаңа қуат енгізу, ассортиментті кеңейту, жаңа аймақтар қамту, жаңа фирмалық дүкендер ашу.

      «Артон- KZ »  ЖШС өнім атауларын көбейту және сапа, сенім, қол жеткізу сияқты қағидаларды орындау арқылы нарық талаптарына сай жұмыс істеу үшін алдына бас стратегиялық мақсат қойып отыр.

    1. Кәсіпорынды басқару құрылымы. Өндірісті әкімшілік басқару сызбасын көрсетіп сипаттау қажет

 

       ЖШС <<Артон-KZ >> бас директор - көп салалы фирманың атқарушы органның лауазымды  адамы. Оның орынбасарлары жекелеген бөлімшелердің немесе қызмет бағыттарынын директорлары лауазымында қызмет етеді.

Атқарушы директор- Өндірістік саясатты және ұйымның нарықтық экономикалық жағдайда даму бағытын, қызметтегі өндірістің қайта құрылу мен техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, келешекте өндірісті жан-жақты дамыту және мамандандыру деңгейін анықтайды. Өндірістің қажетті деңгей дайындығын және оның тұрақты өсуін, шығарылатын өнімдердің қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға, өндірілетін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мен жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның бас бухгалтері - Ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын ұйымдастырады. Есептік-экономикалық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін қамтамасыз етеді және оған басшылықты жүзеге асырады. Қаржы-экономикалық қызметті қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді.

Бухгалтерия — заңды тұлғалардың күнделікті есеп-қисабын (оның ішінде жалақы есептеу де) жүргізетін арнайы құрылымдық бөлімі. Бухгалтерияны бас бухгалтер, ал штаттық кестеде мұндай лауазым қаралмаса аға бухгалтер басқарады. Бухгалтерия есептеу жұмыстарын ұйымдастыруға, жүргізуге, мерзімдік баланс әзірлеуге, барлық операциялардың заңдылығын, нысаналылығын, шаруашылық мақсатына сай болуын, сметалық және қаржылық тәртіптің сақталуын қадағалауға; белгіленген ережелер мен құжаттама нысандарын сақтай отырып, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтарды есепке алу кітаптары мен тізімдемелерін жүргізу, бухгалтерлік шоттарға тиісті мәліметтерді түсіру жолымен қаржы және материалдық ресурстардың қозғалысын дер кезінде тіркеп отыруға міндетті.

Кәсіпорын цехының бастығы - цехтың өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Өндірістік тапсырмалардың орындалуын, жоғары сападағы өнім шығару ырғақтылығын, негізгі және айналым құралдарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Өндірісті, оның технологиясын ұйымдастыруды, өндірістік процестерді механикаландыруды және автоматтандыруды жетілдіру, ақаудың алдын алу және бұйымдардың сапасын арттыру, ресурстың барлық түрін үнемдеу, еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын ендіру

Кәсіпорынның инженері - Ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыс жасай отырып өзінің міндеттерін орындайды. Өз құзыреті шеңберінде әрекет етуге, ұтқырлыққа және табыстылыққа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымның техникалық саясатын және нарықтық экономика жағдайында техникалық дамуының бағыттарын, қолданылып жүрген өндірісті қайта жабдықтау және техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, өндірістің   мамандану және перспективаға түрлендіру деңгейін анықтайды.

       Кәсіпорынның  мастері - өндірістің техникалық деңгейінің, еңбек өнімділігінің жоғарылауына, өзіндік құнның төмендеуіне, өнім сапасының артуына, еңбектің қолайлы жағдайларын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін өндірістік процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыруды енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Автоматтандыру мен механикаландыруға жатқызылатын операциялар мен негізгі және қосалқы жұмыстардың учаскесін анықтау мақсатында өндірістік процестерді зерделейді, патенттік зерттеулер жүргізеді және техника және технологияның жобаланатын объектілері техникалық деңгейінің көрсеткіштерін анықтайды.

       Бас технолог - ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің өзара байланыста өз міндеттерін орындайды. Өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) бөлімше жұмысын бағыттау және үйлестіру жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді. Ұйым шығаратын өнім өндірісінің прогрессивтік, экономикалық негізделген, ресурстық және табиғат қорғау технологиялық процестерін және режимдерін әзірлеуді және енгізуді, өндірістің технологиялық дайындығы және техникалық қайта жарақтандыру деңгейін, шикізаттардың, материалдардың шығыстарын, еңбек шығынын қысқартуды, өнімнің, жұмыстың (қызметтің) сапасын жақсартуды және еңбек өнімділігін жақсартуды қамтамасыз ететін жұмыстарды (қызметті) орындауды ұйымдастырады. Прогрессивті технологиялық процестерді, жаңа материалдарды өндірісте игеруді жеделдету, ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен енгізу жөнінде шаралар қабылдайды. Жаңа техника мен технологияны енгізу, өндірістің техникалық-экономикалық тиімділігін арттыру жоспарларын жасауға, технологиялық құжаттаманы әзірлеуге басшылық жасайды, олармен кәсіпорын цехтарының, учаскелерінің және басқа өндірістік бөлімшелерінің қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады.

Жұмысшылар - басқа бір кісіге тиесілі қандай да бір жұмысты немесе қызметті жалақымен атқаруға міндеттеме алған кісі деген мағынаны білдіреді. Басқалай айтқанда, заңмен рұқсат етілген белгілі бір жұмысты жұмыс берушімен арадағы келісім бойынша, өз еңбегін ақылы негізде жалға бере отырып атқаратын кісіні жұмысшы деп атайды.

 

 

 

 

 

 

    1. сызба  Кәсіпорынды басқару құрылымы

 

                               Кәсіпорын бас директор     

 


 

 

 

     Кәсіпорынның атқарушы                                  Кәсіпорынның бас

                директоры                                                     бухгалтері


 

 

 

     Кәсіпорын цехының                                                Бухгалтерия

               бастығы


 

 

Кәсіпорын               Кәсіпорын

  инженері                 мастері


 

 

  Бас              Жұмысшы

технолог    

 

 

                   1.3 Шығарылатын өнім ассортименті мен көлемі

 

        Тартылган ет (фарш) негізінде тұз, дәмдеуіштер және қоспалар қосып жасалынған, қабықшада немесе онсыз және тұтынуға дайын болғанша жылумен өңделген өнімдер шұжық бұйымдары деп аталады.

Шұжықтардың түрлері өте көп, бүгінгі  уақытқа дейін, олардың 200-ге жақын  атаулары белгілі.

      Шұжық өнімдері - ет турамасынан жасалған және жылулық өнделген өнімдер. Шұжық өнімдері технологиясы мен шикі затқа байланысты жіктеледі:

- пісірілген, фаршталған, жартылай  ысталған, ысталған, ливерлі, қанды,  ет нандары, паштеттер, зельцтар  және сілікпелер;

- ет түріне байланысты – сиыр, шошқа қой, жылқы, түйе, басқа  мал еті мен құс етінен жасалған  шұжықтар;

- шикізат құрамы бойынша - етті, қанды, субөнімді, емдәмдік;

- шикізат спасы бойынша- жоғары,І-ші, ІІ-ші және ІІІ-ші сұрыпқа;

- қабықша түрі бойынша – табиғи  қабықшадағы, жасанды қабықшадағы,  қабықшасыз;

- кескендегі суреті бойынша  – біртекті құрылымда және  қыртысмай қосылған, ірі майдаланған  болады.

      Шұжық – қазіргі  кезде біздің әлемде халықаралық  азық ретінде қолданылады. Әлем  бөліктерінің халықтары шұжықтардың алуан түрлерін дайындау тәсілдерін тапқан.

    Дайындау тәсілдері бойынша шұжықтың келесі түрлері бар:

1 пісірілген шұжық;

2 пісіріліп – ысталған шұжық;

3 шикілей – ысталған шұжық;

4 қаннан жасалған шұжық;

5 өкпе – бауырдан жасалатын  шұжық;

Информация о работе Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер