Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 08:09, курсовая работа
Кондитер өнеркәсібі Қазақстан экономикасында маңызды орын алады. Сондықтан кондитер өнімдерінің технологиясын жетілдіру өзекті тақырып болып табылады. Дипломдық жоба қуаттылығы тәулігіне 50 кг үгілмелі печенье өндіру технологиясы тақырыбында жазылған. Аталған жобаның басты мақсаты: үгілмелі печенье өндірісі технологиясын жобалау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей тапсырмалар қойылады:
– Астана қаласындағы кондитер өнімдерінің ассортиментін зерттеп, өндіруге тиімдірек кондитер өнімдерін таңдап алу;
– цехты жабдықтау үшін қондырғыларды зерттеп, таңдау;
– цехтың экономикалық тиімділігін есептеу.
Мүмкіндік концентрациясынан 30%-ке асатын Сыртқы және рециркуляциялық ауаның шаңдануы кезінде немесе ол өндірістің технологиясы бойынша қажет болса, кондиционерлеу жүйелерінде; ауа душында ауаны тазарту; жұмысшылардың демалу зонасына (басты немесе бетті қорғайтын шлемдерге, маскілерге, қалқандарға) тікелей ауаны беру қарастырылуы керек.
Ауаны әкелетін және шығаратын қондырғылары бар табиғи желдетусіз өндірістік бөлмелердің жалпы алмасулы вентиляция жүйесі ауаны шығаратын жүйенің резервтік вентиляторымен жобалануы керек. Ашылатын ойықтар арқылы талап етілетін ауа алмасудың 50%-тей түсетін көршілес бөлмелермен біріктірілген көрсетілген бөлмелер үшін резервтік вентиляторды жобалауға рұқсат етілмейді.
Бөлмелердегі, сонымен бірге табиғи желдетусіз бөлмелердегі жыл бойына және тәулік бойына жұмысқа тағайындалған кондиционерлеу жүйелері жылдың суық мезгілінде берілген температураны және талап етілетін ауа алмасудың 50%-ын қамтамасыз ететін резервті кондиционермен жобалануы керек.
Ауысысына 40 мин.-тан кем емес немесе бес реттен көп емес ашылатын бөлмесіз қақпаларда; сыртқы ауаның есепті температурасы минус 150С-тан және одан төмен аудандарда салынып жатқан жылытылатын ғимараттардың технологиялық ойықтарында ауалы және ауалы-жылулы бүркеулер қарастырылуы керек.
Қақпаны, есікті және технологиялық ойықтарды ашқан кезде бөлмеге түсетін ауа қоспасының температурасы жеңіл дене жұмысында плюс 140С-тан; орташа ауырлықтағы жұмыста 120С-тан; ауыр жұмыста 80С-тан төмен болмайтындай етіп ауалы және ауалы-жылулы бүркеулерді есептеу керек. Қақпаның (6 м-ге дейінгі арақашықтықта), есіктің және технологиялық ойықтардың маңында жұмыс орындары болмағанда, егер де ол технологиялық талаптарға қайшы келмесе осы зонадағы ауаның температурасын плюс 50С-қа дейін төмендетуге рұқсат етіледі.
Ауаны шығару үшін ойықтарды ашу және апаттық вентиляцияны қосу бөлменің ішінен де, сыртынан да оңай жерлерден дистанциялық басқарумен жобалануы керек.
Мерзімді жұмысқа немесе кісілердің жүруіне тағайындалған тоннелдерде, сонымен бірге техникалық қабаттардың бөлмелерінде есептік ауа алмасумен мерзімді әрекеттегі вентиляция қарастырылуы қажет.
Құрамында зиянды немесе жағымсыз иісті заттары бар өндірістік бөлмелердің жалпы алмасулы вентиляциясы мен жергілікті ауаны сорып шығаратын жүйелерінен атмосфераға шығарылатын ауа тазартылуы және нормативтік деңгейіне атмосфералық ауаға таратылуы қажет.
Жобаның құрылыс бөлімінде жылыту, вентиляция және кондиционерлеу жүйелерін жөндеуге, дайындауға және бақылауға арнайы шеберханалар мен вентиляциядан бөлінетін зиянды заттарды тазарту қондырғылары қарастырылуы қажет.
Сумен қамтамасыз етуге,
канализацияға және өндірістік қалдықтарды
жоюға қойылатын санитарлық-
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жер асты және жер беті шаруашылық ауыз суымен қамтамасыз ету көздерін, нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің №2999 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы "Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" № 506 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ішпейтін суды беретін су құбырларымен шаруашылық-ауыз су құбыр-ларының қосылуына рұқсат етілмейді. Ішу мақсатына техникалық суды пайда-лану мүмкіндігін шектейтін техникалық су құбырлары имараттарының арнайы боялуын қарастырған жөн.
Ұйымның өндірістік және қосалқы ғимараттарындағы шаруашылық ауыз суы қажеттілігіне судың шығындалу нормасы, су құбырының ішкі тармағын жобалаудың талаптарына сәйкес келуі керек. Душтардың, қол және аяқ ванна-ларының, қолжуғыштардың, сонымен бірге вентиляцияның ауаны әкелетін жүйе-лерінің, шаңды басуға суды шашу жолымен бөлменің ауасын салқындатуға арналған судың сапасы ауыз суына қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау және эксплуатациялау нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің №2999 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а 2004 жылғы 28 маусымдағы "Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" № 506 бұйрығына сай болуы қажет.
Ауыз суы жеткіліксіз болғанда өндірістік су құбырларының суын нәжісті ағызатын жабдықтың (унитаздың) жуғыш багына жалғауға рұқсат етіледі.
Ішкі су құбыры мен канализация құрылғылары, сонымен бірге сыртқы сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелері, өндірістік және шаруашылық ауыз су қажеттілігіне суды беру және ағынды суларды бұру үшін барлық өндірістік және қосалқы ғимараттарда қарастырылуы қажет.
Санитарлық-эпидемиологиялық
талаптарға оның сәйкестілігі туралы
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің
мемлекеттік органының санитарл
Өндірістік объектілердегі ағынды суларды тазарту бойынша локальды тазарту қондырғыларының қажеттілігі жобалау кезінде анықталады.
Қалалық тазарту қондырғыларына жіберілетін ағынды сулардың құрамында өндірістің лабораториясы мен бақылаушы органдардың оңай анықтау әдістері жоқ зиянды заттар болмауы керек.
Техникалық сумен қамтамасыз етудің жабық және ашық жүйелеріндегі технологияның қажеттілігіне өндірістік объектілердің тазартылған ағынды суларын пайдалану мүмкіндігі туралы мәселе, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге олардың сәйкестілігі туралы санитарлық-эпидемио-логиялық қорытындысы болғанда, әр нақтылы жағдайда шешілуі керек.
Өндірістік ағынды сулардың және руданы бұрғылау кезінде түзілетін ұсақ ұнтақталған тау жынысын сақтау орнының тоған-жинаушысының, тұндырғыш-тарының құрылысы грунт және пластаралық жер асты суларының және олармен гидравликалық байланысты беткі су объектілерінің ластану мүмкіндігін шектеуі керек.
Елді мекенді сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі және канализациясы болмағанда, жергілікті жүйелер қарастырылады.
Құрамында радиоактивті заттары бар ағынды суларды бөліп әкету жағдайы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 1999 жылдың 9 желтоқсандағы № 10 НРБ-99 туралы қаулысын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2003 жылы 13 қаңтар-да № 97 бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 2198 тіркелген, "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары" туралы санитарлық-эпидемио-логиялық ережелер мен нормаларының талаптарын басшылыққа алу керек.
Ағынды суларды беткей су қоймаларына бұрғанда зиянды заттардың түсуінің мүмкіндік шегінің (ТМШ) жобалары және оған жеткізетін шаралары жасалуы керек. ТМШ-ін басқа өндіріс ұйымдарының ағынды суларымен су қоймасына түсетін ластауыш заттарды және ағынды суларды жобалап шығаратын жерден жоғары орналасқан қақпағындағы фактілі концентрацияны ескере отырып белгіленуі керек.
Шаруашылық-фекалды және өндірістік ағынды суларды сіңіретін құдықтарға ағызуға рұқсат етілмейді. Өндірістік объектілердің сумен қамтамасыз ету және айналма сумен қамтамасыз ету жүйелерінен суды тек өндірістік канализацияға ағызуға рұқсат етіледі. Душтардан, қолжуғыштардан және санитарлық торап-тардан ағынды суларды бұруға шаруашылық-тұрмыстық канализацияның тар-мағы қарастырылуы қажет.
Газ бөлетін өндірістік ағынды суларды бөлу кезінде, бөлмеге газдың енуіне қарсы шаралар қарастырылуы керек. Улы газдарды түзе алатын химиялық заттарды канализациялық тармаққа жіберуге рұқсат етілмейді.
Зиянды булар және газдар (меркаптан, күкіртсутек, цианды сутегі, мышьякты сутегі) түзілмесе және бөлінбесе немесе ағынды суларды тазартудың барлық процестері герметизацияланған және жергілікті ауаны шығаратын вентиляция құрылғысы болса, өндірістік ғимараттарға ағынды суларды тазарту құрыл-ғыларын орналастыруға рұқсат етіледі.
Өндірістік объектілеріне ағынды суларды жіберуді жобалағанда, өндірістік ағынды суларды тазарту қондырғыларын және өндірістік бақылауды ұйым-дастыру қарастырылуы қажет.
Қалдықтарды зиянсыздандыру үшін имараттарды салуға алаңды таңдау кезінде ауылшаруашылығына құнсыз жерлер қолданылуы керек.
Утилизацияланбайтын қалдықтарды көму және қоймалау полигондары елді мекеннің және өндірістік алаңның шегінде орналасуы керек. Полигондардың жобасы объектіні салу жобасымен қатар жасалады.
Руданы бұрғылау кезінде түзілетін пайдаланылған ұсақ ұнтақталған тау жынысын жинаушының беті битумды эмульсиямен немесе майлы саз бен құмнан тұратын тау жынысымен бекітіліп, көгалдандырылуы керек. Қалдықсыз технологияны енгізудің техникалық мүмкіндігі болмағанда, улы және радиоактивті өндірістік қалдықтарды зиянсыздандыру, жою және көму бойынша кешенді шаралар қарастырылуы қажет.
Полигонның жобаларында өндірістік қалдықтар жөнінде төмендегі ақпарат болуы керек:
1) өндірістік қалдықтардың
болжанатын мөлшерінің саны
2) қоршаған ортаға
өндірістік қалдықтардың әсер
етуінің мүмкін салдарының
3) өндірістік қалдықтарды зиянсыздандыру, жою, көму мәселелерінің техно-логиялық шешімдері;
4) зиянды заттардан
топырақты қорғау және
5) қоршаған орта
5 ТЕХНИКАЛЫҚ – ХИМИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Печенье анализы
Печенье - ұннан жасалған кондитерлік тағам, құрамында ұн, қант, сары май, жұмыртқа және сүт өнімдері, хош иістендіргіштер мен химиялық қопсытқыштар болады. Печеньенің энергетикалық құныдылығы 18840 кДж/кг (4500 ккал/кг).
Печеньелер құрамына байланысты үш түрге бөлінеді: қантты, созылмалы, май қоспалы.
Қанты печенье өте жұмсақ, үгілмелі болып келеді. Созылмалы печенье қатты, созылмалы болып келеді. Майлы печенье қатты печеньенге ұқсас, бірақ құрамында майы көп болады.
Печеньелердің бір-бірінен айырмашылығы рецептурасында ғана, ал жасалу технологиясы бірдей болып келеді. Тек қамыр дайындағанда созылмалы печеньенің қамырын ісіну процесін жүргізбейді, нәтижесінде қамыр эластикалы-созылмалы болып шығады. Ал майлы мен қантты печеньелерде ісіну процессін жүргізеді, нәтижесінде қамыр үгілмелі, жұмсақ болады.
Печеньенің сапасын орташа сынама алумен бақылайды және ол барлық партия бойынша бағаланады. Печеньенің сапасын ГОСТ 5904-74 бойынша тексереді. Орташа сынаманы органолептикалық бақылау, физика-химиялық көрсеткіштері бойынща бақылайды.
Печеньенің органолептикалық бағалау
11 кесте – печеньенің органолептикалық көрсеткіштері
Дәмі мен иісі |
Өзіне тән болуы керек |
түсі |
Беті аздап қуырылған, бірақ күймеген, түсі біртегіс |
беті |
Печеньенің беті дөңес, тегіс жарылмаған, печеньенің бетіндегі сурет анық көрінеді |
көлемі |
Төртбұрыш, ұзынша 60х60 мм, 90х60 мм, d=70 мм |
қалыңдығы |
7,5 мм |
Физика-химиялық бақылау көрсеткіштері
ГОСТ 6351-69 бойынша печеньенің физика-химиялық бақылау көрсеткіштеріне жалпы қант мөлшері, майлылығы, ылғалдылығы, сілтілігі мен күлділігі, су сіңімділігі және 10%-ті тұз қышқылында ерімейтіндігі жатады.
Ылғалдылықты анықтау.
Печеньенің ылғалдылығы оның сақтау мерзіміне және энергетикалық құндылығына әсер етеді.
Технохимиялық бақылау жүргізгенде мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтік техникалық құжаттарды негізге алады. Шикізаттың, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімге қойылатын талаптар ГОСТ стандарт бойынша және басқада нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келу керек.
ГОСТ 5900-73 бойынша печеньенің ылғалдылығын екі әдіспен анықтауға болады: 130°С –та электр шкафында және 160°С – та ВНИИХП-ВЧ аппаратында кептіру.
Кептіру әдісі арқылы печеньенің ылғалдылығын анықтау.
Кептіру әдісінің мәні печеньені құрғату арқылы құрамындағы кеткен ылғал-дылықтың массасын анықтау.
130°С-та кептіру әдісі.
Анықтау жолы. Алдын-ала жуылып, кептірілген, техникалық таразыда өлшенген бюксқа 3г үгітілген печеньені өлшеп, салып кептіру шкафында 130°С температурада 30 мин ұстайды. Кептірілген өнімді шкафтан алып салқындату үшін эксикаторға бюкстың қақпағын жауып, 30 мин ұстайды. Сосын техникалық таразыда өлшейді. Ылғалдылықты келесі формуламен анықтайды:
Информация о работе Үгілмелі печенье ассортименті және оны дайындау технологиясы