Үгілмелі печенье ассортименті және оны дайындау технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 08:09, курсовая работа

Краткое описание

Кондитер өнеркәсібі Қазақстан экономикасында маңызды орын алады. Сондықтан кондитер өнімдерінің технологиясын жетілдіру өзекті тақырып болып табылады. Дипломдық жоба қуаттылығы тәулігіне 50 кг үгілмелі печенье өндіру технологиясы тақырыбында жазылған. Аталған жобаның басты мақсаты: үгілмелі печенье өндірісі технологиясын жобалау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей тапсырмалар қойылады:
– Астана қаласындағы кондитер өнімдерінің ассортиментін зерттеп, өндіруге тиімдірек кондитер өнімдерін таңдап алу;
– цехты жабдықтау үшін қондырғыларды зерттеп, таңдау;
– цехтың экономикалық тиімділігін есептеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдык жумыс готовый.doc

— 1.17 Мб (Скачать документ)

Өндірісті жарықпен қамту  нормамен шектелген. Түнгі уақытта  қосымша жарық үшін кәсіпорын  аумағының периметріне шырақтарды орналастыру ескертілген.

Өндіріс ғимаратының  алдында негізгі кіру есігі орналасады. Ал ғимараттың артқы жағына автотранспорттарды өткізу және кіргізу (дайын өнімдерде  сауда орынына жіберу, шикізаттарды қабылдау) пункті болады.

Қоқыс тастайтын орын кәсіпорын ғимаратынан 25 метр жерде, автотранспорт пункті қасында орналасады. Кондитер цехы ғимаратының жан-жағын өрт сөн-діруші машиналардың өтуіне ыңғайлы етіп жасалған және өрт сөндіруге арналған су резервуары ескертілген.

Кәсіпорын аумағында  автокөлік тұрағы мен демалыс аймағы орналастырылады.

Құрылысты жобалау

Кондитер цехы Астана қаласында жобаланады.

Каркас типті ғимарат; жылумен қамтылған; жарылыс және өрт қауіп-қатерлер бойынша –  Б, В, Д категориясы; капитал бойынша  – 1 класс; ұзақ төзуі бойынша – 1 класс; өртке тұрақтылығы бойынша – II [7].

Кондитерлік цех қуаттылығы орташа, технологиялық процессі аралас.


Негізгі өндірістік ғимараты аралық түрде жасалынады. Өндіріс  ғимараты мен көмекші - қосалқы бөлмелер биіктігі 6 м [7].

Негізгі өндіріс ғимараты алдына әкімшілдік-тұрмыстық ғимараты орналасады. Кондитер цехы әкімшілдік-тұрмыстық корпусымен өндіріс орны дәліз арқылы жалғасады.

Ғимараттың жүк көтергіш бағаналары, жабындысы, мәткесі мен  плиткасы темірбетоннан дайындалады.

Үстінгі бөлігін жабу үшін темірбетонды аралық мәткелер қолданылады. Шатырдың негізін темірбетонды өлшемі 1,5 Х 6 м плиткалар құрайды. Жоба бойынша өндіріс ғимаратының құрылымы бір ағынды және бөлінген бөлмелер арасын бір-біріне өту жолын ыңғайлы етіп жасауды есепке алады.

Ғимаратта қалыпты еңбек жағдайын жасау үшін табиғи, жасанды және аралас жарық беру ойластырылған. Өндірістегі терезелер ені 1800 мм. Терезелер табиғи желтету үшін де пайдаланылады. Кәсіпорында есіктердің келесідей түр-лері қойылады: екі жаққа кең ашылатын, қарапайым есіктер, металды және ағаш есіктер.

Қоршалатын бөліктер құрамына кіреді:

– Бу айырғыш, жылулықты өткізбейтін қабатты ауа буынан ылғалданбас үшін арналған;

– Жылулықты өткізбейтін қабат, жазғы күндері ғимаратқа жылу өткізбеу үшін арналған;

– Тегістеуші қабат, цемент ерітіндісін тегістеу үшін арналған;

– Жабын (бума материалдардан жасалынған су өткізбейтін қабат ), ғимаратты жауын-шашындардан сақтау үшін арналған;

– Қорғаушы қабат (мастикаға батырылған қиыршық тас), ғимарат шатыр күн сәулесінің әсерінен сақтау үшін арналған;

Өндірістегі едендер  әр корпуста әртүрлі материалдардан жасалады. Қоймайларда едендер бетоннан, негізгі өндіріс орнында едендер  керамикалық плитадан, ал әкімшілдік-тұрмыстық  бөлімшесінде – линолеумнен. Жұмыс тәртібі 1 аусымды, үздіксіз жұмыс аптасымен, бір жылда 250 күннен тұрады,

Өндіріске түскен және кеткен шикізаттың мөлшерін тензометрлік құрылғы  арқылы есептелінеді. Жоба бойынша  ұн үшін өндіріс ішінде аэрозольтранспорт  ескерілген. Ұнды қоймаларда ыдыссыз  сатқтауда және өндірісте қолдану  процессі автоматтандырылған.

 

3.7 Өнім өндіруге қажет адам санын анықтау

 

Жоба бойынша өндірісте қызмет көрсету мен басқа да технологиялық операцияларға қатысатын жұмыскерлер саны есептеледі. Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін жұмыскерлер санын анықтау үшін алдынғы кәсіпорындардың штаттарында жұмыс істейтін жұмыскерлер санына байланысты есептеуге болады. Ал кондитерлік цехтың технологиялық операцияларына қажет жұмыскерлер санын алдыңғы кәсіпорындардың күнделікті өндіретін өнім көлеміне байланысты норма бойынша қажетті жұмысшылар санымен анықтауға болады.


Өнім өндіруге қажет  адам санын анықтау үшін өнімділігі аз кондитер цехтарының жұмыскерлер  санына байланысты есептелінеді.

Жұмыс күшін келесі кесте  бойынша есептеуге болады.

 

10 кесте – Өндіріске қажет жұмыскерлер

 

Мамандық атауы

Тарифтік 

разряд

Қажетті

жұмыскерлер саны

Тәулікке

1

2

3

Үгілмелі печенье дайындау үшін қажет жұмыскерлер штаты

Басқарушы

6

1

Оператор линии (технолог)

4

1

Кондитер

3

3

Химик

1

1

Буып-түюші 

2

1

Жүк тасушы

2

1

Жүргізуші

2

1

Барлығы:

18

8


 

Жоба бойынша тәулігіне 50 кг үгілмелі печенье өндіретін кондитер цехында барлығы 8 жұмысшы болады. Өнімділігі аз болғадықтан 1 аусымда жұмыс жасайды. Және 3 кондитер, зертханада жұмыс жасайтын 1 химик пен өнімді буып-түюші, жүк тасушы, жүргізуші 1 болады. Және 1 басқарушы мен технолог жеткілікті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4 ӨНДІРІСТІК САНИТАРЛЫ БАҚЫЛАУ

 

Санитарлық-техниқалық бөлімге: жылыту, желтеду (вентиляция), сумен  қамтамасыз ету, канализация.

Жылуға, вентиляцияға және ауаны кондиционерлеуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Бөлменің көлемінде  зиянды заттардың, жылудың және ылғалдылықтың  біркелкі емес таралуын ескере отырып ауа шығыны есептеумен анықталады. Ауа алмасудың еселігі бойынша  вентиляцияға кететін ауа шығынын  анықтауға болмайды.

Бірнеше зиянды зат бір  мезгілде жұмысшы зонасына бөлінетін  болса, жалпы алмасулы вентиляцияға есептелген ауа шығыны ауаның ең көп  шығынын қажет ететін зиянды зат  бойынша есептелуі керек.

Бірқатар заттардың  организмге бір бағытта әсер етуі туралы мәліметтер болғанда, жалпы алмасулы вентиляцияның есептеуін ауаның ластануын ескере отырып, әрбір затты жеке-жеке, оның концентрациясының мүмкіндік шегіне дейін ерітуге қажет ауа шығынын қосу жолымен есептеп шығарылуы керек.

Өндіріс бөлмелерінде табиғи немесе механикалық вентиляцияны жобалағанда, бір жұмысшыға сыртқы ауаның келуі осы санитарлық ережелердің 4 қосымшаға сәйкес қамтамасыз ету керек.

Вентиляция мен ауаны  кондиционерлеу жүйелерінің қабылдағыш саңылаулары және табиғи ауа келетін  вентиляция арқылы ғимараттар мен имараттардың ішіне түсетін ауадағы зиянды заттардың концентрациясы жұмыс зонасындағы ауаның деңгейінің мүмкіндік  шегінен 30%-ке аспауы керек.

Қауіптілік кластары әртүрлі зиянды заттар бөлінетін  өндірістік немесе көршілес бөлмелерді бір ғимаратқа біріктіру кезінде, ең улы зиянды заттарды бөлетін бөлме үшін ұйымдастырылған ауа әкелетін сорғыштың басым болуы қарастырылуы керек.

Көп қабатты өндірістік ғимараттардың алаңының төбесіне жабылған монтаждың ойықтары жекеленген баспанамен қамтамасыз етілуі керек, ал ауа алмасуы әр қабатқа жеке есептеледі.

Жылдың салқын мезгілінде шығаратын ауаның орнын толтыру  үшін биіктігі 6 м және одан аласа  бөлмелерде сағатына бір рет ауа  алмасудан артық емес көлемінде, ал биіктігі 6 м-ден жоғары бөлмелерде - еден алаңының әр 1 м2-на сағатына 6 м3 көлемінде сыртқы ауаны ұйымдастырмай әкелуге (вентиляцияның теріс дисбалансы) рұқсат етіледі.

Көршілес бөлмелерде жағымсыз иісі бар заттар болса және жұмыс ауасындағы зиянды заттар концентрациясының  деңгейі мүмкіндік шегінен 30%-тен аспаса, осы бөлмелерге ұйымдастырылмаған ауаның келуі рұқсат етіледі.

Вентиляция, ауаны кондиционерлеу және ауаны жылыту жүйелерінің шашыратқыштарындағы  температурасы мен ауаны шығару жылдамдығын, осы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес метеорологиялық жағдай жұмысшы зонасында қамтамасыз ететіндей есеппен анықтау керек.

Келетін ауаны бергенде, бөлменің таза және аз ластанатын бөлігіне келетін  ауа, бөлменің лас аймағынан келмеуін қарастыру қажет.


Зиянды заттарды (газдарды, шаңды, жылуды) бөлетін көздер технологиялық жабдықтарға бекітілген, болмаса бөлу көзіне мейлінше жақын орналастырылған меншікті сорғышы бар, жергілікті ауа шығаратын вентиляция құралымен жаб-дықталуы қажет.

Бөлмеде бөлінетін немесе жергілікті сорғышпен шығарылатын  зиянды зат-тардың, жылудың және ылғалдың саны жобаның технологиялық бөлімі бойынша қабылдануы керек. Қажетті мәліметтер болмағанда сәйкес объектілерде жүргі-зілген табиғи зерттеулердің нәтижелері пайдаланылады.

Технологиялық жабдықтардан қауіптілігі І-ші және ІІ-ші кластағы зиянды заттарды шығаратын жергілікті сорғыштар жергілікті ауа шығаратын вентиляция жұмыс істемеген жағдайда, бұл жабдықтан іске қосылмайтындай етіп қоршалуы керек.

Егер ауа шығаратын  вентиляция жұмыс істемей қалғанда өндірістік процесті тоқтату мүмкін болмаса немесе жабдықты (процесті) тоқтатқанда жұмысшы зонасының ауасындағы КМШ-нен асатын концентрациядағы зиянды зат бөлменің ауасына бөлініп жатса, жұмыс тәртібі автоматты өшірілетін резервтік вентиляторларымен жергілікті сорғыш қарастырылуы керек.

Вентиляцияға, ауамен жылытуға және ауаны кондиционерлеуге арналған ауаның рециркуляциясы, ауасында қауіпті концентрацияда ауру қоздырғыш бактериялары, вирустары немесе саңырауқұлақтары бар бөлмелерге, сонымен қатар жағымсыз иісі бар немесе қауіптілігі І-ші және ІІ-ші кластағы зиянды заттары бар бөлмелерге қарастыруға рұқсат етілмейді.

Қауіптілігі ІІІ-ші және ІV-ші кластағы бір зиянды заттан артық  бөлмейтін бөлмелерге ауаның рециркуляциясы рұқсат етілмейді.

Технологиялық жабдықтардың қыздырылған беттерімен және ауамен жылытудың ауа қыздырғыштарымен жанасуы кезінде, жанғыш зиянды заттарды бөлмейтін болса ғана, вентиляциямен қатар қолданылған ауамен жылытудағы рециркуляцияны қарастыруға болады.

Жылытудың, вентиляцияның  және ауаны кондиционирлеудің қондырғылары тұрақты жұмыс орындары мен жұмыс атқарылатын зонаның қосалқы бөлмелерінде деңгейінің мүмкіндік шегінен асатын шу және діріл шығармауы керек.

Ғимараттар мен имараттарды  жылыту үшін зиянды факторларды және жағымсыз иістерді шығармайтын жүйелер, приборлар және жылу апарғыштары қарастырылуы керек.

Шаң бөлетін өндірістік бөлмелердегі қыздырғыш приборлар  жеңіл тазаланатын, беті тегіс болуы  керек. Сыртындағы газды қыздырғыштардан  тікелей жану өнімдерін шығарғанда ғана инфрақызыл газды сәулеленетін жылуды қарастыруға рұқсат етіледі.

Қыздырғыш элементтерінің құрылыс  конструкцияларына жапсырылған  сулы жылыту жүйелерінің және тұрақтың жылытатын бетіндегі орташа температурасы  тұрақты жұмыс орнындағы еден үшін плюс 260С-тан; кісілер уақытша  болатын еденнен плюс 30С-тан; төбелер үшін: бөлменің биіктігі 2,5-нан 2,8-ге дейін болса плюс 280С-тан; 2,8-ден 3,0-ге дейін болса плюс 300С-тан; 3,0-тен 3,5-ға дейін болса плюс 330С-тан; 3,5-нан 4,0-ке дейін болса плюс 360С-тан; 4,0-тен 6,0-ға дейін болса плюс 380С-тан аспауы керек.


Жылу көздерінің температурасы төмен жылыту жүйелеріндегі радиациялық кедергі еденнен 1,5-2,0 м биіктіктегі жұмыс орнында метр квадратына (әрі қарай - м2) 35 Вт-тан (сағатына 27 ккал/м2-тан) аспауы керек.

Жылуды бөлетін жабдықтар  вентиляция жолының мүмкіндігін  ескере отырып орналасуы керек. Бөлменің көлеміне келетін аэрациялық ауа ағысының таралуы үшін, жабдықтар арасындағы қашықтық ағыстың бағыты бойынша, оның өлшемінен көп болуы керек.

Жоғары жылу бөлетін  цехтар мен учаскелерді табиғи вентиляциямен (аэрациямен) жабдықтағанда, шатырда дистанциядан басқарылатын механизацияланған фрамугамен жабдықталған тұтанбайтын шахталар немесе аэрациялық күн тартарлар қарастырылуы керек. Табиғи вентиляция кезінде желденетін бөлмелерге ауаның келуі жылдың жылы мезгілінде еденнен 1,8 м-ден артық емес, ал жылдың суық мезгілінде вентиляциялық ойықтың түбіне дейін 4 м-ден төмен емес деңгейде қарастыру керек. Осы мақсатпен жобаның құрылыс бөлімінде көрсетілген деңгейлерге ауа беретін терезеде ашылатын ойықтар, аэрациялық қақпалар, көтерілетін қозғалтқыш қабырғалар қарастырылуы керек. Ашылатын ойықтардың алаңы терезенің жалпы алаңынан 20%-тен кем болмауы керек.

Шаңды және жеңіл конденсацияланатын буларды, сонымен қатар араластырған кезде зиянды немесе өрт қауіпті  қоспалар шығаратын немесе көрсетілген қасиеттермен жаңа химиялық қосылыстар түзе алатын заттарды жергілікті сорғыштың жалпы шығаратын қондырғысына біріктіруге болмайды. Жергілікті сорғыштың мұндай жүйелерін жалпыалмасулы ауа шығаратын вентиляцияның жүйелерімен біріктіруге рұқсат етілмейді.

Егер де, зиянды заттардың  мөлшері жұмысшы зонасындағы  КМШ-нен аспайтын, ал микроклиматтың параметрлері нормаланатын көрсеткіштерге сәйкес келетін болса, онда қозғалатын крандардың кабиналарында қоршаған өндірістік бөлменің ауасын қосымша  өңдеусіз қолдануға рұқсат етіледі. Қайшы болған жағдайда, крандардың кабинасын кондиционерлермен жабдықтау керек.

Информация о работе Үгілмелі печенье ассортименті және оны дайындау технологиясы