Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат
Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.
56. ҚЫШҚЫЛҒА ТӨЗІМДЕГІШ-ГУММИРЛЕУШІ
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конфигурациялы аппаратураларды: арастырғышты, нутч-сүзгіні, аппараттардың алмалы қақпағын, мембаранлы вентильдерді және т.б. гуммирлеу. Құбырларды викельдердің көмегімен гуммирлеу. Аппаратураны вулкандатылған резинамен қаптау. Күрделі фигуралы қабаттарды резинамен желімдеу. Резинаға арналған шаблондар мен пішіндемелерді резинадан және полиизобутиленнен дайындау. Қазандарда қысыммен жабық тәсілмен вулкандату.
Білуге тиіс. Күрделі конфигурациялы аппараттар мен бөлшектерді гуммирлеу тәсілдері; бөлшектер мен аппаратураны қаптауға арналған резинаны белгілеу және пішу ережесі; вулкандату және қабаттарды резинамен қаптау сапасына қойылатын талаптар; гуммирлеу кезінде қолданылатын вулкандату қазаны мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы.
57. ҚЫШҚЫЛҒА ТӨЗІМДЕГІШ-ГУММИРЛЕУШІ
Жұмыс сипаттамасы. Аса күрделі әртүрлі аппаратуралар мен жабдықтардың түрлерін: мұнараларды, үздіксіз жұмыс істейтін вакуум-сүзгіні, ортадан тепкіш насостарды, желдеткіштерді және т.б. гуммирлеу. Гуммирленген аппаратуралар мен жабдықтарды ыстық ауамен вулкандату. Гуммирлеу жұмыстарының сапасын бақылау.
Білуге тиіс. Аса күрделі конфигурация қабаттарын гуммирлеу тәсілдері; гуммирленген аппаратуралар мен жабдықтарды ыстық ауамен вулкандату тәсілдері; гуммирлеу жұмыстарының сапасына қойылатын талаптар.
58. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРЫН ЖИЫНТЫҚТАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс нысандарын құрылыс материалдарымен және бұйымдарымен жиынтықтау. Материалдар мен бұйымдарды орауын ашып, іріктеп-сұрыптай отырып қабылдау. Пәтерге немесе бөлмеге линолеумді, қаптама плитаны, құлыптарды, шпингалеттер мен т.б. материалдармен және бұйымдармен жиынтықтау.
Білуге тиіс. Құрылыс материалдарының номенклатурасы мен маркировкасы; оларды бүлінуден қоймалау тәсілдері; құрылыс нысандарын жиынтықтау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар; өлшеу аспаптары мен жабдықтарын қолдану ережесі; материалдар мен бұйымдардың жарамдылығын анықтау тәсілдері.
59. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРЫН ЖИЫНТЫҚТАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс нысандарын санитарлық-техникалық өндіріске және электромонтаж жұмыстарына арналған құрылыс материалдарымен және бұйымдарымен жиынтықтау. Секциялар бойынша және нысанды орталық жылу, сумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтау және канализация құбырларымен, фасонды бөліктермен және жабу арматурасымен жиынтықтау. Секциялар бойынша және нысанды сым, кабельмен, стандартты шырағданмен, орнату жабдықтарымен, бекіту бөлшектерімен, қорғану құрылғыларымен және қоршаулармен жиынтықтау.
Білуге тиіс. Жиынтықталатын материалдарымен және бұйымдардың номенклатурасы мен маркировкасы; құбырлардың, су құбыры мен арматураның түрлері мен сортаменті; сымдар мен кабельдердің негізгі маркалары; қара және түсті метал сортаменті; бекіту бөлшектері мен құрылымдарының негізгі түрлері.
60. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРЫН ЖИЫНТЫҚТАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс нысандарын жауапты және қымбат тұратын материалдарымен, ептілікті қажет ететін бұйымдармен, әртүрлі шыны түрлерімен, фаянс бұйымдарымен, кірістірілген жиһазбен, газ және электр плиталарымен, электр жабдықтарымен жиынтықтау. Материалдар мен және бұйымдардың есебін жүргізу. Қабылдау-табыстау құжаттамасын ресімдеу.
Білуге тиіс. Жиынтықталатын материалдардың, бұйымдардың номенклатурасы мен маркировкасы; аспаптар мен жабдықтар ережесі; қабылдау-табыстау құжаттамасын ресімдеу және жиынтықтаушы ведомостарды жасау ережес.і
61. КОПРОВШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Алаңдарды қадаларды, копр бөлшектерін және басқа да материалдарды қоймалауға жоспарлау. Қадалар мен копр бөлшектерінің орнын ауыстыру. Құрылымдарды монтаждау ілгектерінен инвентарь ілмектерімен ілмектеу.
Білуге тиіс. Такелаж жабдықтары мен жүк қармау айлабұйымдарының негізгі түрлері; қада жұмыстарын жүргізу кезінде дабылдату ережесі.
62. КОПРОВШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Қадалар мен диаметрі 0,6 мм. дейінгі қабықтарды ілмектеу, тарту және ілмектен ағыту. Вибротиегішті ілмектеу. Вибротиегішті переходникке немесе қабыққа бекіту және оны одан ағыту. Қамыттар мен басұштарды бекіту және алу.
Білуге тиіс. Қадалар мен қабықтарды артудың негізгі түрлері мен тәсілдері; шығырлардың, тальдардың, домкраттар мен басқа да такелаж айлабұйым құрылымының негіздері.
63. КОПРОВШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Еркін құлайтын балғасы бар универсалды емес копрларды құрастыру, жарақтандыру және бөлшектеу. Қада мен шпунтты универсалды емес немесе еркін құлайтын балғасы бар жүзбелі копрмен қағу. Диаметрі 0,6 мм. асатын қабықтарды ілмектеу және ілмектен ағыту. Қабық тоғыспаларын болттау. Қадаларды вибратор басына апару. Копрларды жылжыту және бекіту. Винтті қадалардың орнын кран көмегімен ауыстыру. Қада мен шпунтты тальдың және шығырдың көмегімен суырып алу. Метал ұштарды қадалардың ұшталған басына отырғызу.
Білуге тиіс. Универсалды емес немесе еркін құлайтын балғасы бар копрлардың құрылымы, оларды құрастыру және бөлшектеу тәсілдері; әртүрлі қадалар мен қабықтардың түрлерін тасымалдау, көтеру, оларды қада жебе және бағыттаушылардың ұштарына орнату және бекіту тәсілдері; шпунтты суырып алу кезінде бекіту тәсілдері; винтті қадаларды кранмен тасымалдау ережесі; қадалар мен қабық сапасына қоойылатын талаптар.
64. КОПРОВШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Винтті тік және құлама қадаларды орнату және тексеру. Ұялы аралықтарды салу кезінде шаблондарды қайта орнату және тексеру. Темірбетон қадаларды булы, пневматикалық және дизельді балғасы бар копрлармен және вибробойлатқышпен жуумен және жуусыз тігінен қадау. Вибробойлатқышты орнату және алу. Универсалды копрларды құрастыру және бөлшектеу. Кранға ілінбе копр жабдығын орнату. Копрлар мен крандарды булы, пневматикалық және дизельді балғамен және вибробойлатқышпен жарақтандыру. Қос әрекетті балғаның және вибробойлатқыш көмегімен қадалар мен шпунттарды суыру.
Білуге тиіс. Универсальді копрлардың құрылымы, оларды құрастыру және бөлектеу тәсілдері; кранға ілінбе копр жабдығын орнату тәсілдері; копрлар мен крандарды булы, пневматикалық және дизельді балғамен және вибробойлатқышпен жарақтандыру тәсілдері; қадау кезінде қадалар мен қабықтарды жуу тәсілдері; бұрғы және ұрғы қадаларды орнату тәсілдері.
65. КОПРОВШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Қада негіздері мен шпунт линияларын дайын оқпандар бойынша орын бөлу. Винтті қадаларды кабестан мен қабық вибробойлатқышпен қадау. Кабестандарды құрастыру және бөлшектеу. Құлама қадаларды қадау.
Білуге тиіс. Қабықтарды, құлама және винтті қадаларды қадау тәсілдері мен ережесі; қада негіздемелері мен шпунт линияларын қойылған ескілері мен оқпандар бойынша бөлу ережесі; құлама қадаларды ұру кезінде копр тілінің еңісін тексеру ережесі; кабестандарды құрастыру, жарақтандыру және бөлшектеу тәсілдері.
66. МЕТАЛЛ ШАТЫРДЫ ШАТЫРЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Шатырдың болат парағының орауын жазу, тазалау және олифпен майлау. Парақтарды кесу. Қатарлы жабын суреттерін дайындау. Болат парақтан жасалған шатыр бөлшектеу.
Білуге тиіс. Шатырлық болат парақ түрлері; қатарлы жабын суреттерін қолмен дайындау тәсілдері; шатыр болатының олифін тазалау тәсілдері; шатыр жабындарын бөлшектеу тәртібі.
67. МЕТАЛЛ ШАТЫРДЫ ШАТЫРЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Бір-екі еңісті шатырларды болат шатырмен жабу. Карниз еңісі мен қабырғалық наушалар үшін суреттер дайындау. Дайын тік учаскелерден, бунақтардан, бұрмалар мен астаушалы шұғынағынан суағар құбырлардың тік буындарын әзірлеу. Суағар наушаларды, қалпақтар мен зонттарды түтін және желдеткіш құбырларына орнату. Еңістерді, қосындылар мен тоғыспаларды, оның ішінде рулонды шатыр кезінде, шатырлық болат парағымен әдіптеу. Шатыр жабынының парақтарын ішінара ауыстыру.
Білуге тиіс. Шатыр болатының негізгі қасиеттері; қарапайым шатыр жабындарын белгілеу, жөндеу және құрастыру тәсілдері; суреттер дайындау және жабын бөлшектерін орнату ережесі; материалдар мен шатыр жабыны сапасына қойылатын талаптар.
68. МЕТАЛЛ ШАТЫРДЫ ШАТЫРЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Үш-төрт еңісті, шатырлы, мансардалы және вальмолық, Т- және Г-үлгілік жоспардағы шатырларды шатыр болаты парақтары мен металочерепицадан еңістерін әдіптей отырып орнату. Дефлекторларды дайындау және орнату. Цинктелген болат жабындардағы жіктерді дәнекерлеу. Суағар құбырларды ілу және ауыстыру. Металчерепицадан жасалған жабындар тұсына баспалдақ, жаяу жүргіншілер көпіршелері мен қар ұстағыштарды орнату.
Білуге тиіс. Шатырды орнату және шатыр болатынан жасалған күрделілігі орташа шатырларды жөндеу тәсілдері; шаблон дайындау және бұйымдардың, бөлшектер мен жабынның фасонды бөліктерінің шаблондары бойынша құрастыру тәсілдері; шатыр болатынан жасалған жабын элементтерін дайындаудың механикаландырылған тәсілдері; болат жабындардағы жіктерді дәнекерлеу ережесі.
69. МЕТАЛЛ ШАТЫРДЫ ШАТЫРЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Күмбезді, конусүлгілі, тоғыспалы және шатыр болатынан, металчерепицадан, аллюминий парақтарынан жасалған басқа да күрделі шатырларды орнату және жөндеу. Шатырлар мен қасбеттердегі металдан жасалған декоративтік элементтерді (подзорларды, кокошниктерді, флюгерлерді және т.б.) орнату және реставрациялау. Шатыржалды, тоғыспалы, карнизді және сыртжиек элементтерін пайдалана отырып металчерепицадан жабын орнату.
Білуге тиіс. Әртүрлі белгілеу, тоғысуларды орнату тәсілдері; металдан жасалған шатырлар мен қасбеттердегі әдіптерді реставрациялау және орнату кезіндегі декоративтік-көркемдеу жұмыстарын орындау ережесі; күрделі үлгілегі шатыр жабынының сапасына қойылатын талаптар.
70. МЕТАЛЛ ШАТЫРДЫ ШАТЫРЛАУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бірегей ғимараттар мен сәулет ескерткіштерінің алтын жалатылған және мысталған шатырларын реставрациялау және орнату.
Білуге тиіс. Бірегей ғимараттар мен сәулет ескерткіштерінің жабындарын орнату, қасбеттердегі мысталған парақтарын, қаңылтырын, аллюминий қоспасы әдіптерді реставрациялау және жөндеу тәсілдері; мыс және мысталған парақтарды алтын жалату (гомогенді дәнекермен плакировкалау, сусальды алтынды жапсыру) тәсілдері; заманауи материалдардан жасалған шатыр сапасына қойылатын талаптар.
Орта арнаулы (кәсіптік) білім талап етіледі.
71. ОРАМДЫ ШАТЫР
ЖӘНЕ ДАНАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДАН
Жұмыс сипаттамасы. Орамды материалдарды себемеден тазарту. Екіжақты рубероидты және астарсыз орамды материалдарды қайта орау. Желім асты негіздерін қолмен топырақтау. Орамды кілемді катокпен жүргізу. Орамды және даналы материалдарды кесу. Парақтар мен плиткалардың жиектерін кесу. Тесіктер жасау. Парақтар мен плиткаларды, черепицаны сұрыптау. Жіктер мен тігістерді майлауға ерітінді дайындау. Черепица арасындағы жіктерді бітеу және майлау. Орамды және даналы материалдардан жасалған шатырды бөлшектеу.
Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары