Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:47, реферат

Краткое описание

Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген, КСРО Мемеңбеккомитеті мен ВЦСПС Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдедегі № 226/125/15-88 қаулысымен бекітілген БТБА негізінде әзірленді. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

, 3 - каз. яз..doc

— 1.36 Мб (Скачать документ)

Білуге тиіс. Күрделі архитектуралық  бөлшектерді құрастыру тәсілдері;  күрделі жапсырма өрнегін композициялау ережелері.

 

91. СӘУЛЕТТІК  БӨЛШЕКТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУШІ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балшық пен пластилиннен өрнегі ерекше күрделі көлемді модельдер илеу. Өрнегі ерекше күрделі гипс модельдерін, сондай-ақ  өрнегі күрделі көлемді  модельдерді  жинау. Гипс модельдерге  аса күрделі өрнектер  ою.  Өрнегі аса күрделі  көлемді  модельдерді  тегістеу.

Білуге  тиіс.  Аса күрделі архитектуралық  бөлшектерді құрастыру   тәсілдері; аса күрделі жапсырмалы  өрнекті композициялау ережесі.

 

92. МОЗАИКАШЫ 

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алдын-ала белгіленген  рецепт бойынша цемент ерітіндісін және  мозаикалық  масса  әзірлеу. Үстіне мозаикалық масса төселетін тұғырларды керту және тегістеу.  Мозаикалық едендерді қолмен  жылтырату.

Білуге тиіс. Мозаикалық  жабындарды  салу кезінде қолданылатын  негізгі материалдардың түрлері; тұғырлар беттерін  керту мен  тегістеу  тәсілдері; мозаикалық массаны әзірлеу технологиясы;  мозаикалық  жабындарды  салу  кезінде ылғалдылық режимін қамтамасыз ету тәсілдері.

 

93. МОЗАИКАШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Еденнің мозаикалық жабындарын  салу кезінде дайын белгілер бойынша маяк тақтайшасының деңгейіне қарап төсеу. Нығыздамамен қоса астарлы қабатты төсеу. Мозаикалық едендерді беті тегістелгенше қолмен  әрлеу. Мозаикалық беттерді  цементті  ерітінді арқылы   бітеу.  Едендерді  жылтыратқыш машиналар арқылы жылтырату.  Сәулеттік әшекейлеу бөлшектерін жасауға арналған  қалыптарды  жинау,  бөлшектеу және тазарту.  Цемент ерітіндісін қолмен  төсеу,  еден бетіне  ұнтақтарды  себу,  ерітінді қабатындағы  ұнтақтарды  нығыздау.

Білуге тиіс.  Мозаикалық жұмыстарда қолданылатын  материалдардың негізгі қасиеттері; жабын беттерін өңдеу кезінде қолданылатын  абразивтердің түрлері мен қасиеттері; маяк таяқшаларын төсеу тәсілдері;  жылтырату машиналарының құрылғысы.

 

94. МОЗАИКАШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Еден бетіндегі  әрлегіш  мозаикалық  қабатты  төсеу және  нығыздау. Жабын беттерін асу және  маяктар орнату. Орналасуын белгілей отырып тік сызықты және лекалолық  жолақтар  басу. Әртүрлі  түстегі  мозаикалық құрамдарды  едендерге және сәулеттік  бөлшектерге төсеуге арналған  орындарды бөліп қою,  уақытша жақтаулар орнату. Полимерцементқұмды едендердің құрылғысы. Тік сызықты беттерді  механикаландырылған аспап арқылы  жылтырату.  Жазық архитектуралық  әшекейлеу  бөлшектерінің  (плинтустардың,  галтельдердің, тұтқалардың және т.б.) мозаикалық жабындарының құрылғысы. 

Білуге тиіс.  Мозаикалық едендер түрлерін  және  архитектуралық әшекейлеу бөлшектері түрлерін; тік сызықты беттерді бөліп қою ережесі; шыны,  мәрмір және металл жолақтарын  төсеу тәсілдері; мозаикалық едендердің  бетіне  және архитектуралық  әшекейлеу бөлшектеріне қойылатын талаптар.

95. МОЗАИКАШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қисық  сызықты беттерде  әрлегіш  мозаикалық  қабатты  төсеу және тығыздау. Мыс және жез жолақтарын  дайындау. Жуан  шыныдан  лекалолық жолақтар  кесу. Жолақтар төсей  отырып суретті бөліп қою.  Қисық сызықты мозаикалық  архитектуралық  бөлшектер құрылғысы. Қисық сызықты  беттерді   тегістеу және жылтырату.

Білуге тиіс: қисық сызықты беттерді әзірлеу және  асу тәсілдері; қажетті түстегі масса алу үшін  бояғыштарды мөлшерлеу тәртібі; отырғызылған мозаика үшін қолданылатын  тастың қасиеттері;  суретті құрастыру ережесі; ерітінді әзірлеуге қажетті жабдықтың құрылғысы.

 

96. МОЗАИКАШЫ

6-разряд  

Жұмыс сипаттамасы. Суретшінің  суреттері мен сұлбалары бойынша көркем-сәндік  мозаикалық жабындар құрылғысы. Мәрмәр  сынықтарынан, жылтыратылған граниттен, смальтадан  тікелей ерітіндіге  төселетін мозаикалық  жабындар  құрылғысы. Мозаикалық  едендер мен архитектуралық  бөлшектерді реставрациялау.

Білуге тиіс. Көркем-сәндік  жабындарға арналған  беттерді белгілеу және  бөліп қою тәсілдері; суреттер мен эскиздер  бойынша сәндік  жабындар  салу тәсілдері; көне  мозаикалық едендер  мен архитектуралық әшекейлеу  бөлшектерін  қалпына келтіру  (реставрациялау)  тәсілдері.

 

97. ГИДРОАГРЕГАТТАР   МОНТАЖШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жабдықты бумадан және  консервілерден босату. Шаблон бойынша бөлшектерді белгілеп қою. Сылдырмақ пен қол бұрғымен  саңылаулар  бұрғылау. Бұрандамалық және ернемек жалғауларын  жинақтау. Бұранданы қолмен кесу. Астарлар мен аралық төсемдер  әзірлеу. Металл құрылымдарын  түзету. Түйіспелерді  монтаждық бұрандалармен бекіту.

Білуге тиіс. Жабдықты бумадан босату  және оны  консервациядан  ағыту;  қолданылатын материалдар  сортаменті;  күрделі емес  монтаждық жұмыстарды орындау; қарапайым такелаждық  құралдардың құрылғысы және оларды қолдану ережесі.

 

98. ГИДРОАГРЕГАТТАР  МОНТАЖШЫСЫ 

3-разряд.

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орта деңгейлі  жабдықтардың  бөлшектері мен тораптарын  техникалық қарау. Фундаменттік  бұрандалар мен анкерлік  плиталар,  желдеткіш келтеқұбырларын және генератор торларын  орнату. Дренаждау құрылғыларын,  баспалдақтар,  қорғағыш қаптамалар,  турбиналар  қоршауларын  монтаждау. Ротор  білдегін  престеу. Барлық түрдегі   белгілерге  бандаждар салу. Турбинаның  бағыттаушы  аппаратының вакуумды  суыру  клапанын, қалақшаларын, подшипниктерін,   тұтқаларын және сақиналарын,  жұмысшы дөңгелекті асуға  арналған  консольдерді,  өрт сөндіру жүйесін және  генератордың  ауа ажыратқыш  қалқандарын    орнату. Статор  орамасының   түйіспе  жерлерін  қалайылау. Статор мен  роторда  қалайылаудан кейінгі  түйсіпе  орындарын  тазарту. Статордың ықтарына  оқшаулау  аратөсемдер мен қадалар  орнату. Қоздыру жүйесінің  щеткелік аппаратын  орнату. Жабдықтар  тораптарының жиектерін  дәнекерлеуге дайындау. Жабдық  беттерін  және  пісірілген жерлерді  тегістеу.  Пісірілген  жік жерлерінің ақаулықтарын  анықтау.

Білуге  тиіс. Монтаждалатын жабдықтың құрылғысы және оны монтаждау технологиясы; монтаждалатын жабдық  астына  фундаменттердің мөлшерлерін тексеру тәсілдері; жабдықты ілмектеу және  орнын ауыстыру  тәсілдері; механикаландырылған аспапты және  такелаждық  жабдықты  қолдану  ережесі.

 

99. ГИДРОАГРЕГАТТАР   МОНТАЖШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Монтаждалатын жабдықтың күрделі бөлшектері мен тораптарын  техникалық тексеру.  Реттегіш сақинаны  монтаждау. Саңылауларды  реттей отырып, бағыттаушы  аппараттың  қалақшаларын асу. Май  сорғыштары бар  реттеу  жүйесінің май қысымды  қондырғысын монтаждау. Комбинатордың  және регулятордың  кері байланыстарын  жинақтау. Генератордың, май  салқындатқыштардың  және ауа салқындатқыштардың  тежеу  жүйесін монтаждау. Подпятниктің  майлы ванналарын  жинақтау. Тік сорғылардың  жұмыс дөңгелегін  жинақтау. Орамалардың түйіспе  орындарын  оқшаулау және оларды  лакпен сырлау. Ротор  мен  статордың  фазалық   қосқыш  құрылғыларының түйіспелерін қалайылау. Қосалқы жабдықты  монтаждау.

Білуге тиіс. Монтаждық осьтерді  белгілеу, орнату және орнын ауыстыру  тәсілдері; монтаждауға арналған фундаментті және жабдықты  орнату  орындарын  тексеру және  қабылдау  ережесі; монтаждалатын  жабдықты  теңгерімдеу,  центрлеу, тексеру және реттеу  тәсілдері; майлау  жүйесінің қолданылу принципі; агрегаттарды  монтаждауға қойылатын техникалық талаптар  және белгіленген рұқсатнамалар;  күрделі жабдықты  пайдалануға қосу  ережесі.

 

100. ГИДРОАГРЕГАТТАР   МОНТАЖШЫСЫ

6-разряд 

Жұмыс сипаттамасы. Спиральді камераларды монтаждау. Подпятникті монтаждау,  подпятник дискісінің  перпендикулярлығын  және білек  осін  дұрыстау. Генератор роторын жинау. Ротор төлкесін генератордың  білдегіне тағу. Тік сорғыларды  және олардың электрқозғалтқыштарын  монтаждау. Фундаментті сақиналарды, бағыттаушы аппараттардың  сақиналарын,  подшипниктерді   монтаждау. Сервомоторларды, золотник блоктарын және  клапандар  блоктарын  монтаждау және баптау. Статор орамасын монтаждау. Капсульді агрегаттар   подпятниктерінің  тығыздамаларын  әзірлеу. Агрегаттарды  жеке сынақтарға  дайындау.

Білуге тиіс. Аса күрделі жабдықты  монтаждау; оны реттеу  және баптау ережелері.

 

101. ГИДРОАГРЕГАТТАР   МОНТАЖШЫСЫ 

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Капсулаларды монтаждау. Агрегаттар білдектерін  центрлеу  және  бір-біріне біріктіру және  олардың ортақ сызығын өлшеп тексеру. Реттеу  жүйесін монтаждау. Статорлар мен қоздыру жүйесін монтаждаушы. Турбиналар статорларын, жұмысшы дөңгелек  камераларын, жұмысшы дөңгелектерді монтаждау. Агрегаттарды жеке  сынақтан  өткізу.

Білуге тиіс. Бірегей жабдықты  монтаждау тәсілдері; пайдалануға қосу кезінде агрегаттар мен  машиналарды  пайдалануға  қосу ережесі.

Арнаулы орта (кәсіби) білім  талап етіледі.

 

102. МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ   ЖӘНЕ ТАЛШЫҚТЫ-ОПТИКАЛЫҚ  ТЕХНИКАНЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ  

7-разряд 

Жұмыс сипаттамасы. Реттегіш микропроцессорлық  контроллерлерді, процессорларды,  шығарылатын терминалдарды, модемдерді  бумалардан шығару консервациядан босату. Кабельді канализацияда  полиэтиленді қорғағыш түтіктерде, қораптарда және қабырға үстімен қапсырмалармен жабыстырып   талшық-оптикалық кабельдер өткізу.Ұштары оптикалық қосылыстармен бітелген  бірталшықты кабельді өткізу. Объектілі талшықты-оптикалық кабельдер өткізу.

Білуге тиіс. Оптикалық талшық бойынша  жарық сигналының берілуінің негізгі прициптері; жобалау құжаттамамен  жұмыс істеу  ережесі; микропроцессорлық аппаратураны және олардың блоктарын  бумасынан босату; пистолеттің  монтаждау-поршеньдерінің және  перфораторды пайдаланудың  құрылғысы мен  ережесі; талшықты-оптикалық  кабельдердің  үлгілері мен  конструкциялық ерекшеліктері; талшықты-оптикалық және электр кабельдерін өткізу технологиясы; моментті шығыршаны  және бұралуға қарсы құрылғыны  қолдану ережесі; талшықты-оптикалық  кабельдерді  таңбалау  тәсілдері; талшықтық-оптикалық кабельдерді өткізуде  және таңбалауда  қолданылатын  бұйымдар мен материалдардың  номенклатурасы.

 

103. МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ   ЖӘНЕ ТАЛШЫҚТЫ-ОПТИКАЛЫҚ  ТЕХНИКАНЫҢ МОНТАЖШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған  жүйелеріндегі басқарушы  шағынпроцессорлық  контроллердерді орнату  және іске қосу. Микропроцессорлық  техниканы  жерге қосу жүйесін монтаждау. Талшықты-оптикалық  кабельдерді  бөлшектеу және  оптикалық талшықтарды  дәнекерлеуге және өлшемдерді келтіруге дайындау. Көп модты  және бір модты  оптикалық  талшықтарды  пісіру, дәнекерленген орындарды  қорғау. Талшықты-оптикалық кабельдерде түйістіру муфталарын және  коммутациялық  құрылғыларды  монтаждау.

Білуге тиіс.  Микропроцессорлық  техниканы  орнату және  оның жүйелерінің  элементтерін  жинақтау  ережесі; сақтандырғыш жерлендіру  жүйелерін іске қосу және микропроцессорлық  техниканы  монтаждау кезінде қоректендіру фазаларын іріктеу тәсілдері; ақпарат берудің  талшықты-оптикалық жүйелерінің жұмыс істеу принциптері; жарықтың  сынуы көрсеткіші сатылы және градиентті болып келетін бір модты және көп модты жарыққұбырларының  негізгі сипаттамалары; оларды түйістіруге қажетті оптикалық талшықтарды  іріктеу  тәсілдері;  олардың жұмыс істеу принципін, құрылғыларының  конструкциясын  және оларды  талшықтарды пісіру үшін қолдану ережесі; оптикалық талшықтарды түйістіру тәсілдері мен технологиясы; коммутациялық  құрылғылардың  түйістіру муфталарының құрылғысын; талшықты-оптикалық кабельдерде  оларды монтаждау  технологиясы.

 

104. МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ   ЖӘНЕ ТАЛШЫҚТЫ-ОПТИКАЛЫҚ  ТЕХНИКАНЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

6-разряд

      Жұмыс сипаттамасы. Іске қосу және микропроцессорлық  техника  жүйесіне  кіретін  ақпарат бейнелеу құрылғыларына: видеотерминалдарға, алфавиттік-цифрлік  дисплейлерге және т.б.  сынамалау өткізу. Оптикалық кабельдерге  кірме бақылауын  жүргізу. Талшықты-оптикалық  кабельдер өткізуден  кейін  сигналдардың  бәсеңсу  өлшемдерін, сондай-ақ  түйіспе муфталарын  және  тармақтандырғыш  коммутациялық  құрылғыларды монтаждау кезінде орындау. Оптикалық модульдер  параметрлерін  бақылау.

      Білуге  тиіс. Микропроцессорлық  техника жүйелерінің  жұмыс істеу принципі; микропроцессорлық техниканы іске қосу  және оған сынамалау жүргізу ережесі; рефлекторлардың, оптикалық тестерлердің, оптикалық импульстар генераторларының, оптикалық қуаттылықты өлшегіштердің мақсаты,  олардың жұмыс істеу принципі және қолдану ережесі; кірме бақылауын және  оптикалық кабельдердің  жеке  талшықтарында  сигналдардың бәсеңсуін  монтаждау алдында өлшеу ережесі, оның бүтінділігін тексеру,  оптикалық  созбалардың  үзілген  жерлерін  анықтау;  оптикалық  модульдер параметрлеріне  бақылауды  жүргізу ережесі.

Орта  арнаулы (кәсіби) білім  талап етіледі.

 

105. СЫРТҚЫ  ҚҰБЫРЖОЛДАРДЫҢ  МОНТАЖШЫСЫ

2-разряд 

      Жұмыс сипаттамасы. Станоктарды, траншеяларды және котловандарды  тазалау. Монтаждау алдында коллекторлардың,  каналдардың,  камералардың  және құдықтардың құбырларын, фасонды бөліктерін және арматурасын  тазарту.  Тығыздамаларды  орнату  және босату. Материалдарды  траншеялар мен котловандарға  жеткізіп отыру. Түйіспе жерлерін  бітеу үшін ерітінді әзірлеу.

      Білуге тиіс: құбыржолдарының, жинақталатын темірбетон  коллекторларының, каналдарының,  камералар мен құдықтардың  негізгі бөліктері; оларды тазарту  ережесі мен  тәсілдері; ерітінді әзірлеу технологиясы.

 

106. СЫРТҚЫ  ҚҰБЫРЖОЛДАРДЫҢ МОНТАЖШЫСЫ

3-разряд

   Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдары, коллекторлар, каналдар,  камералар және құдықтар астына  әртүрлі  тұғырнамалар  жасау. Көтергіш-такелаждық  айлабұйымдар  орнату. Құбыржолдар, коллекторлар,  каналдар,  камералар және құдықтардың  бөлшектерін ілмектеу және ілмектен босату.  Болат  құбырлардың ұштарын пісіруге  жинақтау кезінде  тегістеу және жоңқалалау. Төселген құбыржолдарын  топырақпен  не  бетонмен қымталау.  Метал емес құбырларды  белгілеу, шабу, кесу. Асбестоцементті  муфталар мен  құбырлар арасындағы  саңылауларды  бітеу. Болат құбырларының  түйіспе  жерлерін  пісіру кезінде кептіру  және жылыту. Түйіспелерді  пісіру кезінде  болат құбырларын  бұрып отыру. Құбырларды  манжеталармен  бір-біріне жалғастыру  және оларды ерітіндімен бітеу (кабельдерді  өткізу кезінде). Тығындамаларды орнату және ағыту. Механикаландырылған  аспаппен  камералар мен  құдықтар қабырғасында  құбырлар енгізу үшін саңылаулар  ұрып тесу. Болат  құбырларын  гидравликалық  және  қол домкраттарымен  басып  тесу кезінде топырақты әзірлеу.

Информация о работе Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары